«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Бiлiктiлiк арттыру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын
қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1278 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Бiлiктілiк арттыру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен «Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру институты» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк комитетi мен Әдiлет министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғылық капиталына қайта ұйымдастырылатын «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Бiлiктiлiк арттыру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының теңгерiмiндегi мүлiктi берсiн;
2) жарғыны бекіту кезiнде Қоғамның негiзгi мiндетi судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн көтеру деп белгiлесiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 18 тамыздағы № 1278
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдеріне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 392-жол алынып тасталсын.
2. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген, Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Астана қаласы» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-3-жолмен толықтырылсын:
«21-3 «Судьялар мен әділет қызметкерлерінің
біліктiлiгiн арттыру институты» ААҚ»
4. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесінде:
«Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 218-1-жолмен толықтырылсын:
«218-1 «Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң
біліктiлiгiн арттыру институты» ААҚ».