"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Бiлiктiлiк арттыру
институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын
қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылғы 18 тамыздағы N 1278 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Бiлiктілiк арттыру институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институты" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк комитетi мен Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғылық капиталына қайта ұйымдастырылатын "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Бiлiктiлiк арттыру институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының теңгерiмiндегi мүлiктi берсiн;
2) жарғыны бекiту кезiнде Қоғамның негiзгi мiндетi судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру деп белгiлесiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 18 тамыздағы N 1278
қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр
шешiмдеріне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 392-жол алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Біліктiлiк арттыру институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру институты" ашық акционерлiк қоғамы".
3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-3-жолмен толықтырылсын:
"21-3 "Судьялар мен әділет қызметкерлерінің
бiлiктiлiгiн арттыру институты" ААҚ"
4. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерінің және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесінде:
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 218-1-жолмен толықтырылсын:
"218-1 "Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң
бiлiктiлiгiн арттыру институты" ААҚ".