«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 1039 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)»республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілсін.
2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленсін.
3. Қосымшаға сәйкес Кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруына рұқсат етілсін.
4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Мыналардың күшін жойылды деп танылсын:
1) «Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы № 278 қаулысы 9-тармағының 2) тармақшасы;
2) «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысы 1-тармағының 3) тармақшасы;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 345 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 10 шілдедегі
№ 1039 қаулысына
қосымша
«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)»республикалық мемлекеттік
кәсіпорны еншілес кәсіпорындарының
тізбесі
1. «Қолдау» еншілес кәсіпорны Алматы қаласы
2. «Военвтормет» еншілес кәсіпорны Алматы қаласы