«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі № 951 қаулысы
(2004.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 29.03.00 ж. № 456 қаулысымен 1 тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) «Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы» (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
ҚР Үкіметінің 29.03.00 ж. № 456 қаулысымен 2 тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер енгізуді;
2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
9 шілдедегі
№ 951 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
реттік нөмірі 25-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«25-2. «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру
орталығы (ҚЖАО) республикалық
мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық
жүргізу құқығында) Астана қаласы»;
бөлім, реттік нөмірі 474-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті
474. «Қазақстан инвестициялық компаниясы»
(KAZIC) республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқықғында) Алматы қаласы»;
2. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 61-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, мемлекет үлестік қатысатын шаруашылық серіктестіктерінің тізілімі туралы ережеде:
5-тармақтың күші жойылды деп танылсын.
4. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1129 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)