"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі
N 951 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) "Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы" (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
Ескерту: 1 тармақ ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456 қаулысымен жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер енгізуді;
2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін.
Ескерту: 2 тармақ ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456 қаулысымен өзгерді
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
9 шілдедегі
N 951 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
реттік нөмірі 25-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"25-2. "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру
орталығы (ҚЖАО) республикалық
мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық
жүргізу құқығында) Астана қаласы";
бөлім, реттік нөмірі 474-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті
474. "Қазақстан инвестициялық компаниясы"
(KAZIC) республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқықғында) Алматы қаласы";
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелрі" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 8, 59-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық Қазақстан Республикасы
мемлекеттік Қаржы министрлігінің
кәсіпорын Бас есептеу орталығы" деген жол
мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық Қаржы жүйелерін
мемлекеттік ақпараттандыру орталығы
кәсіпорын (ҚЖАО)"
3. "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, мемлекет үлестік қатысатын шаруашылық серіктестіктерінің тізілімі туралы ережеде:
5-тармақтың күші жойылды деп танылсын.
4. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазынашылық мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету";
11-тармақтың 23) және 24) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің құрылымында:
"Ақпараттық технологиялар басқармасы" деген жолдың күші жойылды деп танылсын.