Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 Қаулысы
(2024.12.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Арнайы полиция» (шаруашылық жүргізу құқығында) және «Ақпараттық-өндірістік орталық» (шаруашылық жүргізу құқығында) республикалық мемлекеттік кәсіпорындары құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2013.01.08. № 759 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2023.27.12. № 1208 Қаулысымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.27.09. № 790 Қаулысымен (2024 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, жол жүру құжатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, ұлттық жүргізуші куәлігін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін дайындау;
2) құжаттарды дайындау жүйесінің ықпалдастырылған деректер банкін жинақтау және жүргізу;
3) процестерді есепке алу жұмыстарын автоматтандыру;
4) ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді (компьютерлік бағдарламаларды, жабдықтарды, байланыс құралдарын, ақпараттық жүйелерді), сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеген кезде пайдаланатын бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жөніндегі қызмет болып табылады.
2. Мыналар:
1) «Сақшы-На страже» апталық республикалық газеттерінің біріккен редакциясы» мекемесі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік күзет қызметі департаменті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан санаторийі» мемлекеттік мекемесі (Алматы қаласы);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Арман» санаторийі» мекемесі (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Көктерек поселкесі);
«Жеке батыр» санаторийі» мекесі (Солтүстік Қазақстан облысы Шучье ауданының Шучье қаласы) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 2013.01.08. № 759 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес құрылатын және қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындарға (бұдан әрі - кәсіпорындар) қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заң күші бар Жарлығының 18-бабының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және оларды тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) Кәсіпорындардың жарғылық капиталдарын қалыптастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі