Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 Қаулысы
(2013.01.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Арнайы полиция» (шаруашылық жүргізу құқығында) және «Ақпараттық-өндірістік орталық» (шаруашылық жүргізу құқығында) республикалық мемлекеттік кәсіпорындары құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2013.01.08. № 759 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін дайындау;
2) құжаттарды дайындау жүйесінің ықпалдастырылған деректер банкін жинақтау және жүргізу;
3) көші-қон процестерін есепке алу бойынша жұмыстарды автоматтандыру;
4) ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді (компьютерлік бағдарламаларды, жабдықтарды, байланыс құралдарын, ақпараттық жүйелерді) әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу жөніндегі қызмет болып табылады.
2. Мыналар:
1) «Сақшы-На страже» апталық республикалық газеттерінің біріккен редакциясы» мекемесі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік күзет қызметі департаменті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан санаторийі» мемлекеттік мекемесі (Алматы қаласы);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Арман» санаторийі» мекемесі (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Көктерек поселкесі);
«Жеке батыр» санаторийі» мекесі (Солтүстік Қазақстан облысы Шучье ауданының Шучье қаласы) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 2013.01.08. № 759 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес құрылатын және қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындарға (бұдан әрі - кәсіпорындар) қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заң күші бар Жарлығының 18-бабының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және оларды тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) Кәсіпорындардың жарғылық капиталдарын қалыптастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж. № 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесінің «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген тарауы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 461-3 - 461-10 жолдармен толықтырылсын:
«461-3 «Арнайы полиция» республикалық Астана қаласы
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында)
461-4 «Ақпараттық-өндірістік орталық» Астана қаласы
республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (шаруашылық жүргізу
құқығында)
461-5 «Сақшы-На страже» апталық Астана қаласы
республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (шаруашылық
жүргізу құқығында)
461-6 «Күзет» республикалық мемлекеттік Астана қаласы
кәсіпорны (шаруашылық жүргізу
құқығында)
461-7 «Қазақстан санаторийі» Алматы қаласы
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны
461-8 «Арман» санаторийі» Оңтүстік Қазақстан
республикалық мемлекеттік облысы Сарыағаш
қазыналық кәсіпорны ауданының Көктерек
поселкесі
461-9 «Жеке батыр» санаторийі» Солтүстік Қазақстан
республикалық мемлекеттік облысы Шучье ауданының
қазыналық кәсіпорны Шучье қаласы
461-10 «Шалқар су санаторийі» Солтүстік Қазақстан
республикалық мемлекеттік облысы Айыртау ауданының
қазыналық кәсіпорны Айыртау селосы».
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі