130. Отын жүйесінің труба құбырлары мен арматурасы
905. Жүйенің труба құбырлары мен оларды қосу элементтері:
1) герметикалықты және белгіленген қормен беріктікті ысырап етпестен отын қысымының жүйесіндегі жасалатын пайдаланудың күтілетін жағдайларында ӘК труба құбырлары мен оларды қосу элементтері тартымды мүмкін тербеліске, екпінді күшке, сұйықтықтың ықпалына, конструкциялық және температуралық жүктемелерге тағайындалған ресурстың шегінде көтере алуға;
2) ӘК және қозғалтқыштарды басқару жүйелерінің каркаспен, жабдықпен және жылжымалы бөлшектермен кепілдендірілген саңылаулары болуға;
3) отынның ағуын табу үшін және отын мен оның буларының жинақталуының алдын алу үшін дренаждық немесе желдету тесіктерімен жарақталған ӘК бөліктерінде, қаптарында және басқа бөлімдерінде орналасуға;
4) техникалық қызмет көрсету кезінде олардың жағдайын қарап тексеру тиіс, құралмен ыңғайлы қол жетімділігінің болуы тиіс.
906. Салыстырмалы түрде орын ауыстыры мүмкін ӘК әртүрлі бөлігі арқылы өтетін труба құбырлары учаскелерінің мүмкін болатын деформацияның орнын толтыратын элементтері болуы тиіс.
907. Отын жүйесінің жұмысын бұзуды тудыруға қабілетті сандарда ауа мен тұнба жинақталуы мүмкін труба құбырларының баулығы мен «ілгегі» (V кері нысандағы) болмауы тиіс.
908. Барлық өрт қауіпті аймақтардағы труба құбырларының төсемі өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Отын беру магистралінде бактар мен қозғалтқыш бөлігінің өрт қалқанының арасындағы әрбір қозғалтқышқа ұшуда экипаждың кабинасынан басқарылатын және талаптарды қанағаттандыратын өртке қарсы кран орнатылуы тиіс.
Шүмекпен электрлік басқару жағдайында шүмекпен басқару жүйесі 1-санаттағы қабылдағыштарға жатқызылуы тиіс.
Кез келген қозғалтқыштың өртке қарсы шүмегін жабу отынды ӘК басқа қозғалтқыштарына беруді тоқтатуға алып келмеуі тиіс.
909. Егер отын магистральдарында тұйық көлемдер бар болса, онда олар ӘК ұшуында және тұрған кездегі отын температурасы өзгерген жағдайда қысымның мөлшердегіден жоғары артуының алдын алу үшін түсіру клапандарымен немесе басқа құралдармен жабдықталуы тиіс.
910. Экипаждар, жолаушылар мен жүктер орналастырылған ӘК бөліктері арқылы өткен отын труба құбырлары кенеттен болатын зақымдардан қорғалуы және мүмкіндігінше ажырамалары болмауы тиіс. Егер көрсетілген бөліктерде ажырамалар болса, онда герметикалық ажырама бұзылған жағдайда бөліктерге отынның түсуін болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс.
911. Труба құбырлары мен олардың қосылыстары олардың қате монтажының мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
912. Кері бағытта жұмыс істейтін жағдайда кері клапандарды орнату мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
913. Жылу жүйесінің шүмектерін, клапандары мен басқа агрегаттарын орнату мен бекіту жалғастырылған труба құбырларына осы агрегаттардан рұқсат етілмеген жүктемелер беруді болдырмауы тиіс.
131. Отын сүзгіштері
914. Әрбір қозғалтқыштың негізгі сорғысының алдында Техникалық пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес тазалайтын жұқа сүзгіш көзделуі тиіс. Қосымша тазалау жұқалығы 100 мк сүзгіш орталықтанбаған үлгінің айдап әкелетін магистральдық сораптарының алдында орнатылуы тиіс. Сүзетін элементтерді қарау және алмастыру бактардан отынды құйып алуды талап етпеуі тиіс.
915. Сүзгіштерге немесе жүйеге сүзетін элемент қатып қалған және қоқыстармен бітеліп қалған жағдайларда отынның шығынын сақтайтын қайта босату клапаны орнатылуы тиіс. Жай тазалау сүзгіштері қысымды барынша түсуден сақтайтын белгі бергіштермен жабдықталуы тиіс.
916. Сүзілетіннің үстіңгі беті сүзгіштерді қарау мен тазалау үшін техникалық қызмет көрсету регламентінде көзделген мерзімдер ішінде сүзгіштердің жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін жеткілікті көлемдері болуы тиіс.
132. Отын бактарын дренаждау жүйесі
917. Бактарды дренаждау жүйесі:
1) отын жүйесінің қалыпты жұмысы үшін қажетті және беріктік жағдайлары бойынша рұқсат берілген, ұшудың барлық режимдері мен жағдайлары кезінде (оның ішінде отынды апатты құйып алу кезінде және резервтік қорға тең келетін отынның қалдығымен ӘК кенет төмендеуі кезінде), сондай-ақ жерде май құю және отынды құйып алу кезінде ондағы қысымды ұстап тұруды;
2) ұшуда да, жерде де дренаждау арқылы отынды шығарындыларының болмауын (отынның аздаған шайқалуы белгі ауыстыратын тездеткіштердің қолданысы кезінде ғана рұқсат беріледі) қамтамасыз етуі тиіс.
918. Труба құбырларының төсемі мен сорғытқышты атмосфераға шығару отын бактарына атмосферадан шаң, мұз немесе қар түсе алмайтындай, жиналмайтындай және хабарды тоқтатпайтындай етіп орындалуы тиіс.
133. Отынды авариялық құйып алу жүйесі
919. Егер ӘК есептік шарықтау массасы ұсынымдарға сәйкес белгіленген қол жетімді есептік қону массасынан асып түссе, онда ӘК-те қол жетімді оның қонуға дейінгі салмағын азайтуды қамтамасыз ететін ұшуда отынды авариялық құйып алу жүйесі болуы тиіс. Отынның талап етілген мөлшерін авариялық құйып алу мынадай уақыттың ішінде қамтамасыз етілуі тиіс:
1) 10000 л-ге дейін құйып алу кезінде 7 минуттан аспауға;
2) 20000 л-ге дейін құйып алу кезінде 12 минуттан аспауға;
3) 30000 л-ге дейін құйып алу кезінде 15 минуттан аспауға;
4) 30000 л-ден жоғары отынды құйып алу кезінде құйып алу жылдамдығы 2000 л/мин көп болуы тиіс.
920. Авариялық құйып алу жүйесін конструктивтік орындау:
1) кез келген жағдайда ӘК қондыру кезінде қозғалтқыштарды қоректендіру үшін пайдаланылатын отынның анықталған резервтік қалдықтан деңгейі төмен бактардан отынды құйып алуға болмайтындай;
2) кез келген сәтте авариялық құйып алуды тоқтатуға болатындай;
3) отынды құйып алуды орындау ӘК басқаруға теріс әсер етпейтіндей болуы тиіс.
921. Егер отынды апатты құйып алу шығып тұратын жапқыштарда немесе шасси кезінде рұқсат етілмесе, авариялық құйып алуды басқарумен қатар экипажды ескертуге арналған тиісті көрсеткіш орналастырылуы тиіс.
134. Қосымша қуатты қондырғы қозғалтқышына отын беру жүйесіне қойылатын қосымша талаптар
922. Қосымша қуатты қондырғы қозғалтқышына отын беру, егер басқа бактан ұшудың соңына дейін отын беруді қамтамасыз ететін арнаулы құралдар көзделмесе, отынның резервтік қалдығы орналастырылған бактан жүзеге асырылуы тиіс.
923. Бактан отын беру, әдеттегідей, ӘК негізгі электр тізбектерін сөндіру кезінде электрмен жабдықтаудың авариялық көздеріне қайта қосылуға тиісті жекелеген бактік электр жетегі сорабының көмегімен жүргізілуі тиіс.
924. Отын беру магистралінде бак пен қосалқы қуатты қондырғы бөлігінің өрттік қалқасының арасындағы талаптарға жауап беретін өртке қарсы шүмек орнатылуы тиіс.
925. Отынның жоғары қысымы сорабының алдында орнатылған сүзгіш осы Нормалардың талаптарына жауап беруі тиіс.
135. Отын жүйесінің жұмысын бақылау
926. ӘК-те бактардағы (бактардың топтарындағы) отынның мөлшерімен және әрбір қозғалтқышқа (қозғалтқыш тобына) жиынтықты мөлшермен шығару кезектілігі үшін сенімді, ыңғайлы және үздіксіз бақылау жасауды қамтамасыз ететін немесе ӘК отын шығарудың автоматты түрі кезінде де, қолмен басқару кезінде де көрсетілген құралдардың көмегімен өлшеу және бақылау жүйесі орнатылуы тиіс. Өніммен автоматты басқарудың істен шығу сигнал беруі болуы тиіс.
927. ӘК-те орнатылған отынның мөлшерін өлшеу жүйесі отынның белгіленген резервтік қалдық шамасынан ±2% аспайтын қателікпен, ал қалған көлемі - белгі берілген отынның резервтік қалдығының өлшеу жүйесі индикаторларының (индикаторының) межеліктерінің атаулы мәндерінен ±4% аспайтын қателікпен белгі берілген резервтік отын қалдығын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Ескертпе: осы тармақта белгіленген арттыру қателіктері болған жағдайда резервтік отынның қалдық шамасы қателік Нормаларын арттыруды ескеретін қосымша отын қоры қамтылуы тиіс.
928. Егер отынның магистральдық шығысын өлшегіш орнатылса, онда рұқсат етілген шаманың қысымынан төмен жүйеде азайтуға алып келетін гидравликалық қарсылықты көбейтпестен істен шыққан шығыс өлшегіш арқылы отынның ағу мүмкіндігі көзделуі тиіс.
929. Отынды айдап әкелу және қайта айдау сораптарының жұмысын белгі берушілермен бақылаған жөн. Қосымша бактардан отын шығаруды бактарды босату кезінде жұмыс істейтін белгі бергішпен бақылауға болады.
136. Май жүйесінің сынақтары
930. ӘК-те отын жүйесінің техникалық және пайдалану сипаттамаларының осы Норманың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында текшелік, сондай-ақ жердегі және ұшудағы сынақтары өткізілуі тиіс.
Сынақтар кезінде:
1) отын жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі жағдайында қозғалтқыштардың отынмен қоректенуінің қамтамасыз етілгендігі;
2) берілген бірізділік пен бактардан отын шығару толықтығының қамтамасыз етілгендігі;
3) қозғалтқыштардың отынмен қоректенуінің қамтамасыз етілгендігі:
тоғыспалы қоректің магистраль арқылы отын беру кезінде;
айдап әкелу мен қайта айдаудың жұмыс істемейтін бактық сораптары кезінде;
4) белгі беру және отын жүйесінің жұмысын бақылау жүйесі элементтерінің жұмыс қабілеттілігі;
5) қозғалтқыштардың біреуінің отын беру жүйесінде істен шығуының немесе жарамдылығының қалған қозғалтқыштардың отынмен қоректенуінің қамтамасыз етілгендігіне әсері;
6) отын бактарының сыйымдылығы, отын өлшегіштер мен шығысты өлшегіштердің жұмыс қабілеттілігі мен дәлдігі;
7) отын буларының температурасы мен қаттылығының шекті мәндері кезіндегі жүйенің жұмысқа қабілеттілігі;
8) отынды бактардан басқа бакқа қайта айдау немесе қайта ағызу сипаттамалары;
9) отынды бактарға орталықтандырылған құю жүйесінің сипаттамалары;
10) ұшуда отынды авариялық құйып алу жүйесінің сипаттамалары;
11) отын бактарын дренаждау жүйесінің сипаттамалары;
12) отын бактарынан тұнбаны құйып алудың қамтамасыз етілгендігі;
13) пайдаланудың барлық күтілетін жағдайлары үшін отын бактарының, труба құбырлары мен арматуралардың беріктік сипаттамалары (герметикалығы, статикалық және динамикалық беріктігі, шыдамдылығы, циклдық ӘК төзімділігі);
14) ұшуда отыннан бөлінген судың отын жүйесінің жұмысына әсері және отын сүзгіштерін мұз қатудан қорғау құралдарының жеткіліктілігі анықталады.
137. Май жүйесі
931. Қуатты қондырғының май жүйесі майды қозғалтқышқа және оның сорғысына рұқсат етілген қысымдармен және температуралармен берудің ӘК жерде де, ұшуда да пайдаланудың күтілетін режимдерінде қозғалтқыш жұмысының барлық режимдеріне сенімді беруді қамтамасыз етуі тиіс.
932. Май багын ӘК орнату кезінде қуатты қондырғының әрбір қозғалтқышының талаптарын қанағаттандыратын өзінің багы бар дербес май жүйесі болуы тиіс.
933. Жүйе қозғалтқышты қалыпты іске қосуды қамтамасыз етуі тиіс.
934. Май багы талаптарға, ал оны өртке қауіпті бөлікке орнату кезінде - техникалық пайдалану жөніндегі басшылықтың талаптарына жауап беруі тиіс.
935. Бактың құятын аузы жерде қызмет көрсету кезінде оңай қол жететіндей, май құйғаннан кейін онда майдың қалдықтары жиналмайтындай болуы тиіс, ӘК (мотогондолдар капотының) қабының сыртына шығып тұрмауы тиіс.
936. ӘК-те орнатылған труба құбырлары мен арматура жазылған талаптарды, ал қозғалтқышта орнатылғандар техникалық пайдалану жөніндегі басшылық талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
937. Май багынан және қозғалтқышты суфлирлейтін труба құбырынан дренаждалған труба құбырын шығару орны өртке қатысты қауіпсіз болуы тиіс.
938. Құйып алу шүмектері жүйенің төменгі нүктелеріне орналасуы, кіру қол жетімді болуы болуға тиіс және құйып алу кезінде ӘК (гондолдардың) үстіңгі беттері маймен былғануын болдырмауы қажет.
939. Жылу алмастырғыштар бекіту элементтерімен герметикалық өлшемдердің бірге зақымдарысыз және тербеліс пен екпін жүктемелерінің, сондай-ақ пайдаланудың күтілетін жағдайларда туындауы мүмкін жұмыс сұйықтықтарының температурасы мен қысымын өзгертпестен төзуі тиіс.
940. Ауалық-майлық жылу алмастырғыштар туннельдерде орналасуы тиіс. Жылу алмастырғышпен түйісу және үрлеу жапқышын басқару элементтері өтетін орындардағы туннельдер герметизацияланған болуы тиіс. Ауаның кіруіне жақын жылу алмастырғыш туннелінде өрт болған жағдайда олардан шығатын жалын жылу алмастырғыш туннелінде тікелей кіре беріс болуы мүмкін мотогондолдардың суытатын ауа шығарғышы орналаспауы тиіс.
941. Қозғалтқышқа түсетін майды тазартуға арналған белгіленген сүзгіштер мотогондолдардың капотында жеңіл алынатын шағын люлькалары болуы тиіс немесе оны қарау мен сүзгіш элементін ауыстыру үшін сүзгішке қол жеткізудің басқа жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс.
942. Қосымша қуатты қондырғы май жүйесі техникалық пайдалану жөніндегі басшылықтың талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
138. Май жүйесінің сынақтары
943. Май жүйесінің Техникалық пайдалану жөніндегі басшылықтың талаптарына және техникалық пайдалану сипаттамаларының май жүйесі талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ӘК-те жерде және ұшуда сынақтар өткізілуі тиіс.
Сынақтарда мынадай тексерулер қамтылуы тиіс:
1) майды қозғалтқышқа және оның сорғысына рұқсат етілген қысымдармен және температуралармен берудің, оның ішінде Техникалық пайдалану жөніндегі басшылық бойынша бактағы ең аз және ең жоғары көлемдері кезінде, ӘК жерде де және ұшуда да пайдаланудың күтілетін барлық режимдерінде ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық сәйкес барлық биіктіктерде (май жүйесінің биіктігі) қамтамасыз етілгендігі;
2) май багы көлемінің және техникалық жағдай қозғалтқышына май шығыстарына сәйкес ең жоғары ұзақтықта және қашықтықта ұшуды орындау үшін онда май қорының жеткіліктілігі;
3) суфлирлену жүйесі арқылы майдың тастамаларының немесе артық шығыстың болмауы;
4) теріс температуралар жағдайында қозғалтқышты іске қосу кезіндегі жұмыстың қамтамасыз етілгендігі;
5) майдың бактан қозғалтқышқа ағуы;
6) бактағы майдың ең жоғары рұқсат етілген көлемдегі кезінде дренаждау жүйесінің жұмыс қабілеттілігі;
7) белгі беру және май жүйесінің жұмысын бақылау элементтерінің жұмыс қабілеттілігі;
8) әуе винтінің қалақтарын флюгирлеу үшін бактағы жұмсалмайтын май қорының жеткіліктілігі;
9) май жүйесінде ауаның болуы әуе винтінің басқару жүйесінің жұмысына әсері.
139. Суыту және желдету жүйесі
944. Суыту және желдету жүйесі ӘК пайдаланудың барлық күтілетін жағдайларына арналған шектерде пайдалану құжаттамасында белгіленген қуатты қондырғы және қосымша қуатты қондырғы элементтерінің температурасын ұстап тұруын қамтамасыз етуі тиіс.
945. Суыту және желдету жүйелерінің арналарындағы ауаның температурасы мотогондол конструкциясының, қозғалтқыштың сыртқы корпустары мен агрегаттарының элементтерін қозғалтқыш пен агрегаттарды әзірлеушінің техникалық талаптарына сәйкес суытуды қамтамасыз ететін шамасын арттыруға тиіс емес. Қуатты қондырғының жүйелерін суытуды жобалау кезінде өртке қарсы қорғану талаптары ескерілуі тиіс.
946. Қосымша қуатты қондырғы суыту және желдету жүйесінің ұшуда қосымша газ турбиналық қозғалтқышты іске қосу үшін қажетті температуралық жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін құрылғысы болуы тиіс.
947. ӘК қуатты қондырғы мен қосымша қуатты қондырғы аса қыздырылған аймақтарында орналасқан арналардан шығатын суытатын ауаның температурасын немесе тораптардың, агрегаттар мен т.б. (тән нүктелердегі) температураны бақылау ұсынылады.
140. Суыту және желдету жүйесінің сынақтары
948. Суыту және желдету жүйесінің оған қойылған талаптарға сәйкестігі барлық пайдалану режимдерінде ӘК жердегі және ұшудағы сынақтармен тексерілуі тиіс. Сынақтардың нәтижесінде қуатты қондырғының конструкциясының элементтері мен агрегаттары үшін барынша жылу кернеулі режимдер жасалатын қуатты қондырғы мен қосымша қуатты қондырғы ӘК ұшу режимі анықталуы тиіс.
949. Сынақтар кезінде оны іске қосу жүзеге асырылатын ұшу режимдері мен биіктіктеріндегі қосымша газ турбиналық қозғалтқыш жұмыс істемеген жағдайда қосымша қуатты қондырғы температуралық жағдайлары тексерілуі және олардың Техникалық пайдалану жөніндегі басшылықтағы қосымша газ турбиналық қозғалтқышқа сәйкестігі бағалануы тиіс.
Қажетті температуралық жағдайды қамтамасыз ететін жүйе істен шыққан жағдайда қосымша газ турбиналық қозғалтқыш қалыпты іске қосу үшін қосымша қуатты қондырғыда температуралық жағдайлар сақталатын уақыт анықталуы тиіс.
141. Қуатты қондырғы мен қосымша қуатты қондырғы қозғалтқыштарын басқару жүйесі
950. Қуатты қондырғы мен қосымша қуатты қондырғы қозғалтқыштарын басқару жүйесі пайдалануды күтілетін жағдайларында жұмысқа қабілетті болуы тиіс.
951. ӘК-те орнатылған кез келген қозғалтқышты жерде және ұшуда жеке-жеке іске қосу мен ажыратып тастау үшін тиісті құрылғы көзделуі тиіс. Егер қозғалтқышта роторды қозғалтқыштармен (тежегішпен) тоқтату көзделсе, онда ол тежелгеннен кейін қозғалтқышқа отын беру мүмкіндігі болмауы тиіс.
952. Жүйені басқару органдары сыртқы жүктемелердің іс-әрекеттерінен немесе тербелістен өздігінен орнын ауыстыруына болмайды және кез келген белгіленген ережені сақтауы тиіс.
953. Басқару жүйесінің икемді элементтері стандартты үлгіде болуы тиіс немесе ӘК осы нақты пайдалану үшін олардың жарамдылығы расталуы тиіс.
954. Басқару жүйесі конструкциясы элементтерінің жұмыс жүктемелерін тағайындалған ресурс шектерінде бұзылмастан және қалдық түрленулерінсіз шыдайтындай тиісті беріктігі мен қаттылығы болуы тиіс.
955. Егер қозғалтқышта сұйықтықты компрессорға бүрку жүйесі көзделген болса, онда оны ӘК қосу қолмен жүргізілуі тиіс, сонымен қатар оны симметриялық орналастырылған қозғалтқыштарға үйлесімді қосуға және ажыратып тастауы тиіс.
956. Қозғалтқышпен басқару рычагының және қозғалтқышты тоқтату рычагының орнын ауыстыруына арналған ең жоғары күш абсолютты шама бойынша 5 кгс-тен аспауы тиіс. Қозғалтқышты басқару иінтірегі тікелей және кері орнын ауыстыру кезінде басқару жүйесіндегі үйкеліс күшінің жартылай айырмашылығы абсолюттік шама бойынша 3 кгс аспауы тиіс.
957. Жүк және багаж бөліктерінде орналастырылған қуатты қондырғы және қосымша қуатты қондырғы қозғалтқыштармен басқару элементтері бөліктеріндегі жүктердің орнын ауыстыру кезінде зақымдардан қорғалуы тиіс.
142. Қуатты қондырғы қозғалтқыштарын басқару жүйесі
958. ӘК қуатты қондырғы әрбір қозғалтқышты басқарудың жекелеген жүйесімен жабдықталуы тиіс. Басқару газы аз жердегі режимдерден ең жоғары және кері режимдеріне дейінгі барлық диапазондағы тартқышты (қуатты) өзгертуге, сондай-ақ кері қимылдайтын тартым құрылғысын қосуға және ажыратып тастауға мүмкіндік беретін қозғалтқышты басқару иінтірегімен жүзеге асырылуы тиіс.
Қозғалтқышты ажыратып тастау үшін жеке жүйе орнатуға рұқсат беріледі. Қозғалтқышты басқару рычагы барлық қозғалтқыштарды бір мезгілде және әрбір қозғалтқышты жеке-жеке басқаруға рұқсат берілетіндей етіп орындауға және орналастыруы тиіс.
959. Қуатты қондырғы қозғалтқышын басқару жүйесі жерде де және ұшуда да:
1) ӘК пен қозғалтқыштың нақты үлгісі үшін Техникалық пайдалану жөніндегі басшылық анықтаған дәлдікпен пайдаланудың күтілетін жағдайларында қозғалтқышты басқару иінтірегінің өзгермеген жай-күйі кезінде қозғалтқыштың берілген жұмыс режимін ұстап тұру;
2) ӘК пен қозғалтқыштың нақты үлгісі үшін техникалық пайдалану жөніндегі басшылық анықтаған жердегі және газы аз ұшу режиміндегі тартқыш (қуат) шамасын немесе оған сәйкес келетін қозғалтқыш өлшемін қолдау;
3) қозғалтқышты іске қосу және ажыратып тастау;
4) өртке қарсы шүмекпен басқару қамтамасыз етілуі тиіс.
960. Әрбір қозғалтқышты басқару жүйесінде «газы аз ұшу» жай-күй үшін қозғалтқышты басқару иінтірегі ұшудағы ниеттенбеген ауысуды болдырмайтын құрылғы көзделуі тиіс.
143. Әуе винті қалақтарының қадамын басқару
961. Өзгерген қадамның әрбір әуе винті айналу жиілігінің (қадамының) жекелеген реттегішімен жабдықталуы тиіс. Әуе винті қалақтарының қадамы қолмен басқарылған жағдайда басқару рычагы топпен орнын ауыстыруға және әрбір бұрамды жеке-жеке басқаруға, сондай-ақ барлық бұрамдарды бір мезгілде басқаруға жол берілуі тиіс.
962. Флюгерлік жай-күйдегі әуе винті қалақтарын ауыстыру флюгирлеудің жекелеген жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Әуе винті қалақтарын флюгирлеу жүйесі ӘК басқа жүйелеріне байланысы жоқ жергілікті сұйықтықты (май, отын) немесе пневматикалық қорегі және жалпы желіден электрмен жабдықтаудың авариялық көздеріне автоматты түрде қосудың электр қорегі болуы тиіс.
Жүйе қуатты қондырғының қалыпты жұмысы уақытында әуе винті қалақтарын әдейі емес флюгирлеуді болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
963. Автоматты түрді қамтитын әуе винті қалақтарын флюгирлеу жүйесінен басқа, қолмен істелетін флюгирлеуді қамтитын әуе винті қалақтарын мәжбүрлі флюгирлеу құралдары болуы тиіс.
964. Флюгирлеу жүйесі әуе винттерінің қалыпты жұмысын бұзбауы тиіс және майдың кез келген температуралары, пайдаланудың күтілетін жағдайлары кезінде мүмкін болатын жүктелімдер мен тербелістер жағдайында ұшудың барлық биіктіктерінде және жылдамдықтарында дұрыс жұмыс істеуі тиіс.
965. Автоматты құрылғы әуе винті қалақтарын флюгирлеу жүйесін қосуға алып келмейтін автоматты құрылғының оның жүйені қамтуға тиістілерден айырмашылығының барлық жағдайларында расталуы тиіс, мысалы автоматты құрылғы:
1) қол жетімді шектерде қуатты қысқа мерзімді азайту;
2) төмендетілген режимдегі қозғалтқыштың жұмысымен ӘК-ке қондыру;
3) қол жетімді теріс және нөлдің маңындағы жүктелімдердің ұшу кезінде ӘК тигізетін ықпалы жағдайларында флюгирлеуді болдырмауы тиіс.
966. Флюгирлеу жүйесі, егер қозғалтқышты басқару иінтірегі қозғалтқыш істен шыққан жағдайда автоматты қосылуға тиісті режимдерге сәйкес жағдайда болса, іс-қимылға әрқашан дайын болуы тиіс және экипаж мүшелерінің арнайы іс-әрекеттерінсіз қалақтардың винттерін флюгирлеуді қамтамасыз етуі тиіс.
967. Флюгирлеу жүйесі флюгерлік жағдайдан винт қалақтарын шығаруды қамтамасыз етуге, қозғалтқыштың одан арғы қалыпты жұмысы үшін қайталап іске қосуға жол беруі тиіс.
968. ӘК қуатты қондырғы кері қимылдайтын тартқыш режиміне көшудің кері қимылдайтын винтті пайдалану кезінде қозғалтқыштарды «өзіне» қарай басқару рычагының қозғалысы жағдайында жүзеге асырылуы тиіс. Қуатты қондырғыны қозғалтқышта симметриялы орналасқан винттің кері қимылдау жүйесі істен шыққан жағдайда, егер мұндай істен шығу жағдайға әкелетін болса, кері қимылдайтын тартым режиміне көшіруді болдырмайтын қорғау құралдары көзделуі тиіс.
969. Винт қалақтарын аралық тіректермен басқару, оларды симметриялық орналасқан қозғалтқыштарға қосу және ажырату бір мезгілде жүргізілуі тиіс және бір қозғалыспен жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа винт қалақтарын аралық тіректермен басқару мүмкіндігі әрбір винтке жеке-жеке көзделуі тиіс. Флюгирлеу жүйесін әдейі қосуды болдырмайтын құралдар көзделуі тиіс.
970. ӘК-те бұрамның кері қимылдайтын тартымын басқару жүйесін қосу туралы сигнал беру орындалуы тиіс.
971. Әуе винттерінің қалақтарының флюгирлеу жүйесінде қолданылатын май сораптарының қозғалтқыштары олардың жұмыстарына берілген уақыт кезеңі аяқталғаннан кейін автоматты түрде тоқтатылуы тиіс. Сондай-ақ флюгирлеу процесі орындалғаннан кейін оларды қолмен тоқтату мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Сорап қозғалтқышы қорегінің электр тізбектерінде қозғалтқыш істеп тұрған кезде жанып тұруға тиісті белгі беретін шам орнатылуы тиіс.
144. Қозғалтқышты ажыратып тастау құрылғысы
972. ӘК-те әрбір қозғалтқыш үшін ажыратып тастау құрылғысы көзделуі тиіс. Егер қозғалтқышта электрмен басқарылатын қозғалтқышты ажыратып тастау құралдары орнатылса, онда оларды электрмен жабдықтау пайдаланудың күтілетін жағдайларында, электрмен жабдықтаудың авариялық көздеріндегі ерекше жағдайды қоса алғанда, қамтамасыз етуі тиіс, ал өрттен қауіпті бөліктерде орналастырылған, ажыратып тастау құрылғыларымен басқарылатын электр өткізгіші отқа төзімді сымдармен орындалуы тиіс немесе отқа төзімді оқшауламасы болуы тиіс.