Жүк және багаж бөліктері төменде келтірілген сыныптамаларға сәйкес өрттен қорғалуы тиіс.
А сыныбы - ұшуда экипаж үшін қол жетімді, өртті экипаж мүшелері олардың жұмыс орындарынан өрт сигнал беру жүйелерін қолданбастан оңай табатын бөлік.
Осы сыныптың бөліктерінде туындағын өртті 1015-тармақ талаптарын қанағаттандыратын қолмен басқарылатын от сөндіргіштердің көмегімен тез жою мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Б сыныбы - ұшуда экипаж үшін қол жетімді, бірақ өртті экипаж мүшелері олардың жұмыс орындарынан өрт сигнал беру жүйелерін қолданбастан табуы қиын бөліктер. Осы сыныптың бөліктері түтін, жалын пайда болған кезде немесе температура көтерілген кезде жұмыс істейтін және 985-тармақтың талаптарын қанағаттандыратын өрт сигнал берулермен жабдықталуы тиіс.
Б сыныбының бөліктерінде экипаж мүшелері бөліктің ең алыс орнында қолмен басқарылатын отсөндіргіштердің көмегімен өртті жою жөнінде шаралар қабылдауға қажетті уақыт ішінде бөлік конструкция элементтерінің отқа аса шыдамдылығын қамтамасыз ететін шаралар қабылдауы тиіс. Туындаған өртті өшіру үшін экипаж мүшесінің от сөндіргішпен бөлікке кіру мүмкіндігін көрсетуге тиіс.
В сыныбы - ұшуда экипаж үшін қол жетімді емес бөліктер. Осы сыныптың бөліктері түтін, жалын пайда болған кезде немесе температура көтерілген кезде жұмыс істейтін және 985-тармақтың талаптарын қанағаттандыратын өрт дабылдарымен жабдықталуы тиіс.
В сыныбының бөліктері 997-тармақтың талаптарын қанағаттандыратын және өртті жоюды немесе жүктің немесе багаж материалдарының қалдықты бықсуы кезінде жалындап жануды жоюды және ӘК жақын әуеайлаққа (ұшуды пайдалану бойынша басшылық сәйкес) қондыру мен жолаушыларды эвакуациялауды аяқтауға қажетті уақыт ішінде жалындап жанудың қайтадан туындауын болдырмауын қамтамасыз ететін өрт сөндіргіш жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс.
В сыныбы бөліктерінің ұйымдасқан желдеткіші болған кезде ұшудағы өрт жағдайында оны қашықтықтан жабу немесе желдеткіштегі ауа шығынын азайту көзделуі тиіс.
998. Қозғалтқыштардың бөліктерімен, энергетикалық немесе жылытқыш қондырғылардың бөліктерімен қатар орналасқан отын бактары мен олардың агрегаттары от өткізбейтін өрт қалқандарымен немесе отын экрандарымен қоса олардан бөлек болуы тиіс. Бак пен қалқан (экран) арасындағы қашықтық 15 мм-ден кем болмауы тиіс.
Отын бактары немесе бактар тобы мүмкіндігінше, оқшауланған бөліктерде орнатылуы тиіс. Отын бактары зақымданған жағдайда отынның басқа бөлікке ағуынан қорғау шаралары қолданылуы тиіс.
999. Жылытқыш, қосалқы қуатты қондырғылардың бөліктері мен ӘК басқа аймақтары бар отынның жануымен жұмыс істейтін жылытқыш және қосалқы қуатты қондырғылар орналастырылған бөліктер қуатты қондырғылардың қозғалтқыш бөліктеріне ұсынылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Қондырғылардың жұтқыш құрылғыларының көрсетілген конструкциясы ӘК бортының сыртына қызып кеткен газдарды немесе жану бұйымдарын шығару кезінде; сонымен бірге осы қондырғылар іске сәтсіз қосылған жағдайларда отынның тасталу мүмкіндігі ескерілуі тиісті кезінде ең жоғары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Қондырғылардың ауа жинайтын көрсетілген құрылғылары мұндай қондырғылардың бөліктерінде немесе қуатты қондырғы қозғалтқыштарының бөліктерінде пайдаланудың күтілетін жағдайларында оған отын мен оның буларының, сондай-ақ түтін мен жалынның түсуін болдырмайтындай етіп орналастырылуы тиіс.
Көрсетілген қондырғыларды экипаждың немесе жолаушылардың кабиналарында, сондай-ақ осы кабиналармен тікелей байланыс жасайтын бөліктерде орналастыруға болмайды.
Қалыпты пайдалану жағдайларда өрттің шығуы мүмкін емес, бірақ жалын немесе түтін ӘК (қанаттарының тұмсықты ағызғыштары және т.б.) тез тарайтын бөліктер оларды өрт қаупі бар бөліктерден, сондай-ақ экипаж бен жолаушылардың кабиналарынан бөліп тұратын қорғаныш экраны немесе қалқаны болуға тиіс. Мұз қатуға қарсы жүйелердің труба құбырлары ауаның келуін жабуға мүмкіндік беретін шүмектермен жабдықталуы тиіс.
151. Өрттен қорғау құралдарының сынақтары
1000. Қуатты, қосалқы, энергетикалық және жылытқыш қондырғылардың өрттен қорғау құралдары нақты текшелерде:
1) өрт дабылының тиімділігін;
2) өрт сөндіргіш жүйелерінің тиімділігін;
3) өрттен қорғаудың конструктивтік шараларының тиімділігін тексеру кезінде арнайы от сынақтарынан өтуі қажет.
1001. Өрт сөндіру жүйесі бар ӘК барлық бөліктерінде жердегі жағдайларда отты және «суық» сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленетін өртті сөндіруге талап етілетін олардың концентрация шамаларына сәйкестілігін тексеру үшін оның «суық» төгіндісі кезінде жазғы жағдайларда отсөндіргіш заттың нақты концентрациясы айқындалуы тиіс. Ұшудағы сынақтар кезінде отсөндіргіш заттың экипаж бен жолаушылар кабиналарына түспегендігін тексеру қажет.
1002. Жерде және ұшуда пайдаланудың күтілетін жағдайларында өрт дабылының жүйесі жалған істелетін жұмыстарға қарсы тұрақтылыққа сыналуы тиіс.
1003. Жерде және ұшуда өрт сөндіру жүйесі агрегаттарының жұмыс жағдайы олар орналасқан орындарда оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігіне тексерілуі тиіс.
1004. ӘК кабиналары мен бағамды бөліктерінде орнатылған өрттен қорғау құралдарына сынақтар жүргізілуі тиіс.
1005. Интерьерде және кабиналарды бөлуде, сондай-ақ багаж бөліктерінде қолданылатын конструкциялық және бөлетін полимерлік материалдардың сынақтарын осы Норманың 158-тарауында баяндалған әдістер бойынша жүргізген жөн.
152. Ауа жинағыштар
1006. Пайдаланудың күтілетін жағдайларында және ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық барлық қол жетімді режимдері кезінде қозғалтқыштардың жұмысы және олардың үйлесімділіктерінде ауажинағыштар мен қозғалтқыштардың газды серпінді орнықты бірлескен жұмысы қамтамасыз етілуі тиіс.
1007. Пайдаланудың күтілетін жағдайларында және ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық барлық қол жетімді режимдері кезінде қозғалтқыштардың жұмысы және олардың үйлесімділіктерінде ӘК қозғалтқыштардың құрамдастары тудыратын компрессордың қалақтарында тербеліс кернеулерінің деңгейі рұқсат етілген мәннен аспауы тиіс.
1008. Ауажинағыш ӘК (арнадағы торлар, ағыс қорғанышы, шасси дөңгелектеріндегі қалқанша және т.б.), осылайша, ӘК рульдеу, ұшып көтеру және қондыру кезінде ауажинағыш құрылғының ішіне аэроайлақтың үстінен бөгде заттардың түсуі шамасы 604-тармақ бойынша белгіленгеннен асып түсетін қозғалтқыш бөлшектерінің механикалық зақымдарын тудырмайтындай шоғырлануға немесе арнайы құрылғылармен қорғалуы тиіс. Кері қимылдайтын тартымды пайдалану кезінде реактивті ағыстың әуеайлақтың үстімен ағуы әуеайлақтың үстінен бөгде заттардың түсуін, механикалық зақымның тууын болдырмайтындай етіп ұйымдастыру қажет.
1009. Ауажинағыш мұз қату жағдайларындағы ұшу кезінде мұздың пайда болуын болдырмау үшін автоматты және қолмен басқарылатын мұз қатуға қарсы жүйемен жабдықталуы тиіс. Ауажинағыш мұз қатуға қарсы жүйенің жарамдылығын жерде тексеру, сондай-ақ оның жұмысын ұшуда бақылау мүмкіндігі болуы тиіс.
1010. Қосымша қуатты қондырғы ауажинағыш талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Қосымша қуатты қондырғы ауажинағыштағы мұз қатуға қарсы жүйені белгілемеуге болады, егер, ӘК қосымша қуатты қондырғы таңдап алынған жиынтығы кезінде мұз қатуға қарсы жүйеге қажеті жоқ болса.
1011. Қосымша газ турбиналық қозғалтқыш ауа жинағышының және қосымша қуатты қондырғы жұғу құрылғыларының конструкциясы мен шоғыры қосымша газ турбиналық қозғалтқыш роторының кері айналуын болдырмау үшін, авторотация режимдеріндегі қалыпты іске қосу мен қысымның оң күрт төмендеуі, егер бұл қажет болса, осы режимде ротор айналымының ең жоғары жиілігін шектеу қамтамасыз етілетіндей етіп орындалуы тиіс.
153. Шығып тұратын құрылғылар
1012. Қуатты қондырғы және қосымша қуатты қондырғы қозғалтқыштарының шығып тұратын құрылғылары ӘК конструкциясының жанаспалы элементтерінің қызып кетуіне жол бермейтіндей болып жинақталуы тиіс.
1013. Шығып тұратын құрылғыларды жинақтау газдардың өздігінен ағуын, сондай-ақ олардың ӘК кабинасына түсуін болдырмауы тиіс.
1014. Қозғалтқыштардың шыға берісіне жақын тұрған ӘК конструкциясы мен қаптамасының элементтері немесе оған жұтылған газдардың түсу мүмкіндігі отқа шыдамды материалдардан жасалуы тиіс.
1015. Шығып тұратын құрылғының элементтері қуатты қондырғыда да, ҚҚҚ-да да салыстырмалы орындарын ауыстыруға жол беруге және олардың бұзылуын немесе барлық пайдалану режимдеріндегі қозғалтқыштардың жұмыс жағдайларында жылытылғаннан кеңейген кездегі жол берілмейтін бұзылуын болдырмауы тиіс.
1016. Кері қимылдайтын тартымы бар қуатты қондырғының шығып тұратын құрылғылары үшін, шығарылатын арналардың орналасқан орны және кері қимылдайтын құрылғыдан шығатын газ (ауа) ағысының бағыты, ұшуды пайдалану бойынша басшылық рұқсат берген оның барлық жұмыс режимдері кезінде:
1) қозғалтқыштың, қуатты қондырғы мен ӘК конструкциясының элементтерін шамадан тыс қыздыру мен тербелісін;
2) кері қимылдайтын ағыстардың ықпалымен әуеайлақтың үстінен бөгде заттарды ауа жинағышқа соруды;
3) жұтылған газдардың түсуінің салдарынан қозғалтқыш компрессорының орнықты жұмысының қорын шамадан тыс төмендетуді және ауажинағыштың кіре берісінде ағыс конструкциясын өзгертуді;
4) қозғалтқыш пен ӘК элементтеріне теңестірілмеген шамадан тыс сатылас немесе бүйірлік жүктемелердің туындауын;
5) ӘК кері қимылдайтын ағыстардың басқару органына тигізетін әсерінен орнықтылығы мен басқарулығын шамадан тыс төмендетуді болдырмайтындай етіп таңдауы тиіс.
1017. Қосымша қуатты қондырғының шығып тұратын құрылғылары талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
154. Капоттар
1018. Қозғалтқыш гондолының капоттарын (қаптамаларын) оларды пайдалану жағдайында оларға әсер етуі мүмкін ауа ағысынан болатын тербеліске, екпінге және басқа жүктемелерге шыдайтындай болып құрастырылуы және орнатылуы тиіс.
1019. Капотта мотогондолдардан алынатын жанатын сұйықтықтарды дренаждау жүйесі болуы тиіс.
1020. Капоттар дюралюминийден гөрі ыстыққа аса төзімді материалдан жасалуы тиіс. Капоттың олардың қозғалтқыштың аса қатты қыздырылған үстіңгі беттеріне немесе жұту жүйелерінің элементтеріне жақын болғандықтан қатты қыздырылған пайдалану процесінде расталған бөлігі отқа төзімді материалдардан, егер осы ықпал конструкцияның беріктігін азайтуды немесе зақымдауды тудырса, жасалуы тиіс.
1021. Капот астындағы кеңістік суыту (желдеткіш) жүйесінің ауа жинағыштары мен шығып тұратын келте құбырлары (жалюздер), сондай-ақ басқа жүйелердің шығып тұратын келте құбырлары ауаның, газдардың және т.б. қауіпсіз орналасуын қамтамасыз ететіндей орналасуы тиіс. Олардың капотқа орналасуы талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
1022. Әрбір қозғалтқыш капоттарының сыртқы жағында жердегі әуеайлақтық отсөндіргіш құралдарынан капот астындағы кеңістікке от сөндіргіш затты беруге арналған шағын люлька болуы тиіс. Шағын люлька ондағы раструбты басқан кезде немесе жердегі от сөндіргіш құралдарды шашқанда тез ашылуы тиіс. Шағын люльканың контур бойынша қызыл түсті және «Жерде сөндіруге арналған» деген жазуы бар белгісі болуы тиіс.
Ескертпе: шағын люльканың көлемі тең болуы тиіс:
1) дөңгелек шағын люлька үшін - диаметр кем дегенде 127 мм;
2) төрт бұрышты шағын люлька үшін - жақтары кем дегенде 127 мм.
155. Ауажинағыштар, шығып тұратын құрылғылардың және капоттардың сынақтары
1023. Ауажинағыштардың сынақтары.
Ауажинағыштардың 1027-тармақтың талаптарына сәйкестігін бағалау үшін жерде және ұшуда сынақтар өткізілуі тиіс. Сынақтар кезінде:
1) ауажинағыштар мен қозғалтқыштарды пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы, оның ішінде қол жетімді жел жағдайларында бірлескен жұмысының орнықтылығы;
2) ауажинағыштың осы Норманың 466-тармаққа сәйкес табиғи мұз қатудың бақыланатын жағдайларындағы мұз қатуға қарсы жүйенің жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігі;
3) ӘК рульдеу, ұшып көтеру және қондыру кезінде ұшып-қону жолағынан қозғалтқышқа бөгде заттардың түсуінен қорғаудың қамтамасыз етілгендігі;
4) Қосымша қуатты қондырғы ауажинағыштың оларға жерде және ұшуда пайдаланудың барлық жағдайларында Ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықта бар нұсқауларды ескере отырып қосымша газ турбиналық қозғалтқыш қалыпты жұмысын қамтамасыз еткендегі жұмыс қабілеттілігі;
5) қозғалтқыштардың біреуіндегі помпаждық ысырылуының жақын орналастырылған қозғалтқыштардың жұмысына әсері тексеріледі.
1024. Шығып тұратын құрылғылардың талаптарға сәйкестігін бағалау үшін жерде және ұшуда сынақтар өткізілуі тиіс. Сынақтар кезінде:
1) шығып тұратын құрылғының жылу жағдайы;
2) Ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық сәйкес кері қимылдайтын тартымды қолдану кезінде рұқсат берілген ұшу мен қозғалтқыштар жұмысының барлық режимдерінде кері қимылдайтын құрылғыдағы қуатты элементтердің жылу жағдайы;
3) тікелей тартым режимдерінде де, кері қимылдайтын тартым режимдерінде де жұтылған газдардың түсуі мүмкін ӘК конструкциясы элементтерінің температурасы анықталуы тиіс.
1025. Кіші бөлімнің талаптарға сәйкестігін бағалау үшін капоттардың беріктігіне есеп ұсынылуға және мотогондолдан жанар сұйықтықтарды алып тастау жөнінде дренаждардың тиімділігін анықтау бойынша жерде сынақтар жүргізуге, сондай-ақ барлық режимдердегі, оның ішінде кері қимылдайтын режимдердегі, егер қуатты қондырғы кері қимылдайтын құрылғымен жабдықталса, қозғалтқыштың жұмысы кезінде шығып тұратын құрылғылардың маңындағы капот элементтерінің температурасы өлшенген болуы тиіс. Өрт кезінде ашатын қақпақтарды ашу мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс.
156. Әуе кемесінің жабдығы
1026. 156-193-тарауларының талаптары мынадай борт жабдықтарына таралады:
- ұшу-навигациялық жабдыққа;
- навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық жабдығына;
- радиобайланыс жабдығына;
- электртехникалық жабдыққа;
- жарық беру техникалық жабдығына;
- күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдарына.
Ескертпе: 156-193-тараулардағы талаптар ұшу-навигациялық өлшемдер және/немесе күш-қуат қондырғысы жұмысының өлшемдері туралы ақпаратты бейнелеу үшін экран индикаторларын пайдаланатын жабдықтарға таралмайды.
1027. 156-193-тарауларының ережелері ӘК жабдығының құрамына, техникалық сипаттамаларға, конструкцияларға және жабдықты ӘК жайғастыруға жалпы талаптарды, сондай-ақ экипаж кабинасын жайластырып, онда ақпарат пен сигнал беруді бейнелейтін құралдардың орналастырылуына қойылатын талаптарды айқындайды.
1028. Борт жабдығы ӘК:
1) күтіліп отырған пайдалану жағдайларында Ұшуды пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес ұшуды жүргізу үшін барлық қажетті функциялардың орындалуын қамтамасыз ететіндей;
2) ұшу кезінде және жерде ӘК нақты бір түрін пайдалану процесі барысында қажетті функцияларды сыртқы әсерлер жағдайында қамтамасыз ететіндей;
3) күтіліп отырған пайдалану жағдайларында ұшуларды орындау кезінде қолданыстағы эшелондау және ұшақты жүргізу мен басқару жөніндегі талаптарды қамтамасыз ететіндей құрастырылып, жасалып және орнатылған болуы қажет.
Егер борт жабдығы 1026-тармақтың талаптарына сәйкес келсе, ал осы жабдықтың орнату орындарындағы ӘК орын алуы мүмкін сыртқы әсер өлшемдері 1026-1027-тармақтарда баяндалған тиісті Нормалардан аспаса, онда қосымша дәлелдерсіз-ақ бұл тармақтың орындалуы қамтамасыз етіледі.
1029. Жарылу қаупі бар аймақта орнатылған борттық жабдық жабдықтың жарылу қаупі жөніндегі талаптарды қанағаттандыруы қажет.
1030. ӘК орнатылған борттық жабдықтың қалыпты жұмыс істеуі барысында да, мүмкін болатын істен шығу жағдайларында да өрттің, улы газдардың қауіпті ошағы болып табылмайтындығы шын мәнісінде дәлелденуі қажет.
1031. Борттық жабдық ӘК нақты үлгісінде орын алатын электр қуаты ретінде жұмысқа қабілетті болуы қажет. Электр қуаты бойынша 1026-тармақ қосымшасының талаптарын орындау осы тармақтың ӘК электр энергиясын қабылдағыштар мен электртехникалық жабдық жүйесіне қатысты талаптарын қосымша дәлелдерсіз-ақ орындалуын қамтамасыз етеді.
1032. Бірінші санатты электр энергиясын қабылдағыштардың құрамы мынадай:
1) көмекші күш-қуат қондырғысында орнатылып генераторлармен жабдықталған, қадамдық қозғалтқыштарда орнатылып барлық генераторлары өшкен (істен шыққан) және көмекші күш-қуат қондырғысы іске қосылмаған жағдайда, тек осы қабылдағыштардың жұмысы барысында ғана Ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық нұсқауларына сәйкес, ең болмаса көмекші күш-қуат қондырғыны іске қосу аяқталып оның генераторы электр энергиясын тарату жүйесіне қосылғанға дейін ӘК ұшуды аяқтауға және олардың қауіпсіз қонуына немесе ұшуына мүмкіндікті қамтамасыз ететін электр энергиясын қабылдағыштар;
2) көмекші күш-қуат қондырғысында орнатылып генераторлармен жабдықталмаған, барлық генераторлары өшкен (істен шыққан) жағдайда, тек осы қабылдағыштардың жұмысы барысында ғана Ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық нұсқауларына сәйкес ӘК ұшуды аяқтауға және олардың қауіпсіз қонуына мүмкіндікті қамтамасыз ететін электр энергиясын қабылдағыштар талаптар бойынша таңдап алынуы қажет.
1033. Электрмен жабдықтау жүйесіндегі және/немесе оның арналарының біріндегі істен шығулар кезінде кез келген шина немесе арна қабылдағыштарының қуатын жоғалтуға немесе қабылдағыштардың электр қуаты сапасының төмендеуіне әкелетін жағдай күрделіден ауыр болмауы қажет.
1034. Қандай да болмасын қабылдағыштардың істен шығуы немесе ақауы басқа І немесе II санатты қабылдағыштарды электрмен жабдықтаудың тоқтатылуына әкелмеуі қажет.
Ұшуды (көтерілгеннен қонғанға дейін) орындаудың мүмкіндігі инженерлік талдау және/немесе сынақтар арқылы III санатты электр қабылдағыштар өшкен кезде бұрындары белгіленген ұшу жоспарына сәйкес дәлелденуі қажет.
1035. Электр энергиясын тұтынатын және ұшу барысында тікелей қызмет көрсетуді талап ететін функционалдық жүйенің барлық элементтері қызмет көрсету кезінде немесе кездейсоқ жанасқанда электр тогына түсу қаупін болдырмайтындай етіп жасалған және (немесе) орнатылған болуы қажет.
1036. Жұмыс істеу барысында реттеуді қажет ететін құрылғылардың кез келген бөлігінің температурасы қоршаған ортаның температурасынан 200С-тан аспауы қажет. ӘК жолаушыларға және экипажға қол жетімді жерде немесе олардың заттарымен жанасатын жерде орналасқан құрылғылардың сыртқы бетінің температурасы (ас үй жабдығының ыстық бетін айтпағанда) +200С қоршаған ауаның температурасы кезінде +700-тан аспауы қажет.
1037. Борттық жабдық оның басқару органдарын пайдалану барысындағы мүмкін болатын барлық жағдайларда, сондай-ақ жұмыс операцияларының қажетті бірізділігі бұзылған жағдайда осы жабдықтың және аталмыш жабдыққа қандай да бір қатысы бар басқа бір жабдықтың бұзылуына әкелмейтіндей құрастырылып жасалған және орнатылуы қажет. Ұшу барысында пайдаланылмайтын басқару және реттеу органдарына экипажына қол жетімді болмауы қажет.
1038. Ұшу жағдайының күрделенуінен ауырлау ерекше жағдайдың туындауына тікелей себепші болатын функционалдық жабдықтың істен шығуы жұмыс барысында тұрып қалатын функционалдық жабдық үшін олардың істен шығу күйіне бақылау құралдары көзделіп, экипажға индикация үшін істен шығу туралы сигнал берудің және (немесе) оқшаулауды қамтамасыз ету үшін өзара әрекет ететін жүйелермен оны қолданудың мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет (тиісті басқару режимі үшін істен шыққан жүйені қосудың мүмкін еместігі).
1039. Жабдықтың конструкциясында оның дұрыс жұмыс істеуін тексеру үшін жұмыс істеу қабілеттілігіне бақылау жасайтын кірістірілген бақылаудың немесе жұмыс істеу қабілеттілігіне бақылау жасаудың сыртқы құрылғыларымен ұштасқан мүмкіндіктердің болуы көзделуі қажет.
1040. Борттық жабдық экипаждың тиісті мүшелері ұшу барысында онымен жұмыс істеуі үшін оларға қажетті жағдайларды қамтамасыз ететіндей талаптарға сәйкес ӘК орнатылуы қажет.
1041. Электр энергиясын немесе электр сигналдарын (электр қуаттандыру, басқару, ақпарат тізбектерін және антенна-фидер құрылғыларын қоса алғанда) тұтынатын, туындататын, түрлендіретін немесе тарататын барлық функционалдық жүйелер пайдалану барысындағы олардың мүмкін болатын бір мезгілде жұмыс істеуі кезінде навигация қонудың басқарудың радиотехникалық жабдығы, радиобайланыс жабдығының немесе электрондық құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін бұзуға немесе ерекше жағдайлардың туындауына әкелетін электр магниттік кедергілер пайда болмайтындай құрастырылып жасалып, ӘК-те орнатылуы қажет.
1-ескертпе: функционалдық жүйенің барлық элементтері 1045-тармақтың талаптарына сәйкес құрастырылуы қажет.
2-ескертпе: егер қуат көзі мен кедергі қабылдағышының жұмыстарын уақыт бойынша қоюға мүмкіндік қамтамасыз етілген болса, онда ұшу жағдайларының күрделенуімен салыстырғанда одан да күрделі ерекше жағдайдың туындауына әкелмейтін электр магниттік кедергілердің болуына жол беріледі.
1042. ӘК пен жабдыққа берілетін техникалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны жабдықтың дұрыс пайдаланылуын, оған дұрыс қызмет көрсетілуін, дұрыс сақталуын және дұрыс тасымалдануын қамтамасыз етуі қажет. Жабдықта бұйымның нақты идентификациясын қамтамасыз ететін таңба болуы қажет.
1043. Жабдықтың мүмкін болатын ауытқуларын ескере отырып, өлшемдердің өлшеу және индикациялау диапазоны күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайларда ұшулардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
1044. Борттық жабдық қажетті есептеулерді, стендтік және/немесе жердегі, ұшу барысындағы сынақтарды растай отырып 147-тармақтың талаптарына сәйкес болуы қажет.
157. Сымдардың бұрауларын төсеуге және қорғауға қойылатын талаптар
1045. Сымдардың бұраулары оларды шешпестен аппаратураны және ӘК тексеріп отыруға, қызмет көрсетуге және реттеуге қиындық туғызбайтындай етіп төселуі қажет және элементтердің таңбасы жабылып қалмауы қажет.
1046. ӘК қолданылатын сымдар ӘК барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайда олар төселетін орындарда пайда болуы мүмкін барлық жағдайларда қолдануға есептелген болуы қажет.
1047. Механикалық әсерлер немесе сұйықтықтардың, булардың және ыстық ауаның әсерлері болуы мүмкін жерлерде орналасқан сым бұрауларының жекелеген учаскелерінің осыған тиісті қорғанысы болуы қажет. Бұраулардың өте майысатын жерлерінде арнайы және икемді сымдарды қолдану қажет.
1048. Сымдарды өздігінен сөнетіндей етіп оқшаулау қажет. Сымдардың өздігінен сөну қабілеттілігін анықтау бойынша сынақ әдістемесі.
1049. Сымдардың бұраулары гидравликалық, отын және май жүйелері құбырларынан жоғары төселуі қажет. Аталған жүйелерді тиісті түрде қорғай отырып, олардың агрегаттары маңында сымдар мен бұраулар учаскелерін құбырлардан төмен төсеуге жол беріледі. Бұрауларды төсеу барысында сымдардың оқшаулануын бұзуға жол бермейтін сымдардың бұраулары мен конструкция элементтері, түрлі жүйелердің блоктары, құбырлары арасы қажетті саңылаулармен қамтамасыз етілуі қажет.
1050. Жекелеген жүйелер мен тарату құрылғыларының резервтік элементтерін қуаттандыратын сымдардың бір мезгілде бұзылуын азайту үшін олардың аралары бөліну қажет.
Ұштық болып бітелген қимасы 4,0 мм2 және одан да кем сымдар үшін ұзындығы бойынша оның әрбір ұшынан кем дегенде үш рет қайтадан бітеп отыруға мүмкіндік беретін пайдаланушылық қор көзделуі қажет. Аталған қорды бұраулар бекітілген 3-4 нүктенің учаскесінде сымдар бітелген жерден бастап біркелкі етіп бөледі.
1051. Бұраулардың жылжымалы учаскелері бұрауларға зақым келтірмей жөндеуаралық ресурс шегінде ӘК конструкциясы бөліктерінің еркін жылжуын қамтамасыз етуі қажет.