4) ең жоғары ұзақтық режиміндегі майдың қысымы;
5) майды (циркуляциялық шығыс) айдау. Егер май багы қозғалтқыштың бөлінбес бөлігі болып табылмаса, онда айдауды бақылау сынақтарының 4-бөлігін орындаған кезде өлшеген жөн;
6) майдың орташа сағаттық шығысы;
7) қолдану мүмкіндігі уақыты.
852. Егер қозғалтқыш сериялық ӘК орнату үшін тағайындалса, онда осы сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар:
1) сынақтар бағдарламасында келісілген (С А бойынша ауа өлшемдерімен текшедегі жұмыс кезінде) ауаны іріктеп алу және қосалқы және ӘК-қ агрегаттардың жетектеріне жұмсалған қуат шығыны ескерілмеген қозғалтқыштың өлшемдері. Бақылау сынақтары барысында да, кезекті күрделі жөндеуге дейінгі ресурстың соңында да (сериядан таңдап алынған қаралып отырған қозғалтқыштардың жеткілікті санына арналған сипаттамаларды тексеру материалдары бойынша) алынған өлшемдердің мәндерін шашыратып тастау көрсетілуі тиіс;
2) қысым шамаларының, қоршаған ауаның температурасы мен ылғалдылығының, ұшудың жылдамдығының, ауаны іріктеп алудың коэффициентінің мәлімделген өлшемдеріне әсерін қамтуы тиіс.
853. Берілетін және бақыланатын сынақтарды бірлестіру кезіндегі сынақтардың қысқартылған бағдарламасы:
1) қозғалтқыштың істейтін жұмысын;
2) қозғалтқышты реттеуді техникалық талаптар бойынша берілген оның өлшемдері мен сипаттамаларына сәйкестігін баптау мен тексеруді;
3) техникалық шарттарда берілген қозғалтқыштың негізгі деректерінің сәйкестігін растауды;
4) қозғалтқыштың қабылдауды қамтуы тиіс.
123. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың берілетін сынақтары
854. Берілетін сынақтардың бағдарламасы 15-кестеде көрсетілген тексерулердің түрлерін көздеуі тиіс.
Ескертпе: сынақтардың ұзақтығын 4 бөлікке қысқарту, егер бұл орынды деп танылған болса, рұқсат етілуі мүмкін.
15-кесте
Бөлік | Жұмыс ұзақтығы сағ-мин. | Қозғалтқыш жұмысының режимі |
1 | - | Екі іске қосу (оның бірі суықтай) |
2 | - | Қозғалтқыштың бағдарламада нұсқалуына сәйкес жұмыс істеуі қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін растауға қажетті тексеру (мысалы, отынның және т. б. шығуының болмауын тексеру) |
3 | - |
4 | 0-05 | Жердегі аз газ |
5 | 0-30 | Ең жоғары ұзақтық |
6 | 0-05 | Шарықтау |
7 | - | Аралық (пайдаланылған) Жердегі аз газдан шарықтау режиміне дейінгі мүмкіндіктің үш сынамы және шарықтау режимінен аз газ режиміне дейінгі газдың үш тасталымы. |
8 | - | Мүмкіндік сынамдары мен газдың тастамалары кезіндегі РУД бір секундтан аспайтын уақыт ішінде орны ауыстырылуға тиіс. |
125. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың қосымша сынақтары
858. Кезеңдік (комиссиялық) және технологиялық сынақтарды қамтитын қосымша текшелік сынақтарға сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар тартылуы тиіс. Комиссиялық сынақтар шығарылатын өнім сапасының тұрақтылығын тексеруі тиіс.
Технологиялық сынақтар:
1) сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар үшін енгізілген конструкциялық және технологиялық өзгерістерді;
2) жөнделетін қозғалтқыштардың шекті тозулары мен саңылауларының кестесін;
3) қозғалтқышты жөндеу үшін топтық жинақты ұстауда тексеруі тиіс.
859. Қозғалтқыштардың сериялық өндірісі үшін газдинамикалық орнықтылық қорының тұрақтылығын бақылау әдістемесі жасалды және қозғалтқышты тексерудің кезеңділігі белгіленді.
860. Техникалық құжаттамада белгіленген белгілі бір уақыт кезеңінде шығарылған партиядан еркін таңдалған бір қозғалтқыш 150 сағаттық сынақтар бағдарламасы бойынша комиссиялық сынақтардан өтуге тиіс.
126. Ресурстарды ұлғайту
861. Сериялық қозғалтқыштың бірінші күрделі жөндеуге дейінгі ресурсын және жөндеу аралық ресурсын көбейту осы жаңғырту қозғалтқыштарының барлық паркі үшін немесе осы жаңғыртудың сериялары үшін жүргізілуге тиіс.
Көбейтілген ресурстарды растау үшін (бірінші күрделі жөндеуге дейін тағайындалған, жөндеу аралық) сынақтар цикліне қажет болған жағдайда қозғалтқыштар паркін пайдаланудың нақты жағдайлары туралы жинақталған деректерге сәйкес нақтылаулар енгізілуге тиіс.
Сериялық қозғалтқыштың ресурстарын пайдаланудың үшінші жылынан бастап көбейту кезінде қозғалтқышты ұшуда ажыратып тастауға алып келетін істен шығудағы расталған істелген жұмыс 5 сағаттан аспайтын ұшу ұзақтығы бар ӘК-ң қозғалтқыштары үшін кем дегенде 14000 сағат және 5 сағаттан аспайтын ұшу ұзақтығы бар ӘК-тің қозғалтқыштары үшін кем дегенде 20000 сағат болуға тиіс.
Көрсетілген істен шығуға істелген жұмыс пайдаланудағы және пайдаланудың алдыңғы екі жылы үшін қозғалтқышты ұшуда ажыратып тастауға алып келетін істен шығу санындағы қозғалтқыштың жиынтықты істелген жұмысы бойынша анықталады.
862. Негізгі бөлшектер мен тораптардың уақытша тағайындалған ресурсын көбейту олардың баламалы циклді сынақ негізінде жүргізіледі. Осы сынақтарды жүргізу кезінде пайдалануда алдын-ала істелген жұмысы бар негізгі бөлшектер мен тораптарды пайдалану ұсынылады.
863. Ресурсты алғашқы күрделі жөндеуге дейін ұлғайту екі қозғалтқыштың баламалы-циклдық сынақтарымен расталады.
Ресурсты ұлғайту кезінде қозғалтқыштар паркін пайдалану нәтижелері туралы және бұрын қолданыстағы ресурстардың шектерінде оларды жөндеу кезінде қозғалтқыштардың ақауларын табу туралы деректер ескерілуге тиіс. Қосымша диагностикалық ақпарат алу үшін әрбір 500-100 сағат істелген жұмыстан кейін істелген жұмысы барынша көп қозғалтқыштардың ішінен 1-2 қозғалтқышты бөлшектеу және ақауын табуды жүргізу ұсынылады. Көрсетілген қозғалтқыштардың есебіне басқа себептер бойынша пайдаланудан алынған қозғалтқышты пайдалануға рұқсат етіледі.
Баламалы-циклдық сынақтар ресурсын ұлғайтуға қатысы бойынша сынақтар циклдарының санына қарай қормен жүргізіледі. Ресурстар кезінде 2500 сағатқа дейінгі қор 20%-бен қабылданады, ал үлкен ресурстар кезінде қор сынақтар циклдарының саны бойынша 500 сағатқа белгіленген ресурсқа қатынасы бойынша істелген жұмысты арттыруға сәйкес келуі тиіс.
Сынақтар циклдарының санын қажетті санға дейін пысықтау жолымен бұрын белгіленген ресурсты немесе оның сағаттарда және ұшу циклдарінде қозғалтқыштың нақты істелген жұмысы толық есепке алынған бөлігін пайдалануда сынақтар жұмысты тындырған қозғалтқыштарда жүргізілуге тиіс.
Сынақтардан табысты өткен қозғалтқыштар ресурсты одан әрі ұлғайту мақсатында сынақтарды жалғастыру үшін бөлшектеусіз пайдаланылуы мүмкін.
Қозғалтқыштардың көрсетілген біреуінің сынақтары пайдалану бағдарламасына қарай, бірақ қормен жүргізілуі мүмкін.
864. Жөндеуаралық ресурстарды белгілеу.
Жөндеуаралық ресурстар қозғалтқыштың тағайындалған ресурсының шегінде белгіленеді.
Әрбір жөндеуаралық ресурсты белгілеу үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1) бір жөнделетін қозғалтқышқа жасаушы зауытта баламалы-циклдық сынақтар өткізу;
2) бір жөнделетін қозғалтқышқа келісілген бағдарлама бойынша жөндеу зауытында сынақтар өткізу;
3) қозғалтқыштар паркін пайдалану тәжірибесін қорыту.
127. Қуатты және қосалқы қондырғылар жүйесі және ӘК өрттен қорғау
865. ӘК қуатты қондырғысындағы қозғалтқыштар мен олардың жүйелері әрбір қозғалтқыш тиісті жүйелермен басқа қозғалтқыштарға тәуелсіз басқарылатындай және жұмыс істейтіндей жағдайда бір бірінен алыс орналастырылуға және оқшауландырылуы тиіс.
Қуатты қондырғы жүйелерінің кез келген біреуі істен шықса (отын, май, басқару және т.б.) біреуден көп қозғалтқыштың істен шығуға әкелуіне тиіс емес.
866. Қуатты қондырғы мен қуатты және қосалқы қондырғылар жүйелерінің және олардың элементтері мен агрегаттарының қалыпты жұмысы қамтамасыз етілуге тиісті атмосфералық ауаның температураларының, қысымдары мен ылғалдылығының шекті мәндерінің жиынтығы.
867. Қуатты қондырғы мен қуатты және қосалқы қондырғылар жүйесі барлық қозғалтқыштардың жұмысын пайдаланудың барлық күтілетін жағдайларындағы (мысалы, қозғалтқыш жұмысының барлық режимдері, ӘК ережелері мен жүктемелері, атмосфералық жағдайлары, отын температуралары кезінде) жүйенің жұмысын анықтайтын белгіленген талаптарға сәйкес барлық қозғалтқыштардың жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
868. ӘК қозғалтқышты іске қосу жүйесі қозғалтқыштардың біреуін (кез келгенін) іске қосу мен жұмыс істейтіндердің энергиясын пайдаланып кейіннен іске қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
869. Қуатты және қосалқы қондырғылардың элементтері технологиялылығы, қызмет көрсетуді жүргізу және қолданылатын материалдар бойынша сәйкес келуі тиіс.
870. Қуатты қондырғының негізгі элементтері мен ӘК конструкциясының арасындағы әлеуеттер айырмашылығының туындау мүмкіндігін болдырмау үшін олардың арасында талаптарды қанағаттандыратын электрлік байланыстар (металдандыру) қамтамасыз етілуге тиіс.
871. Қуатты қондырғының отын, май, өрт және басқа жүйелерінің труба құбырлары қолданыстағы Нормаларға сәйкес таңбалануы және тоттанудан қорғалуы тиіс.
872. Әуе винті бар ӘК:
1) әуе винті қалақтарының ұштары мен шарықтау-қону жолағы үстіңгі бетінің арасындағы қашықтық, ӘК ең жоғары рұқсат етілген ұшу массасына дейін Gmax д.в жүктемеленген кезде топырақты әуе айлақтарда пайдалануды қоса алғанда, пайдаланудың қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс. Амортизаторлар толық жаншылған жағдайда жерге дейінгі қашықтық 180 мм кем болмауы тиіс және сонымен қатар әуе винті қалақтарының ұшы мен жердің арасындағы дөңгелектің үрленген қабы кезіндегі саңылау қамтамасыз етілуі тиіс;
2) ӘК қалақтарының ұшы мен басқа бөліктерінің арасындағы қашықтық (фюзеляж, басқа әуе винті қалақтарының ұштары және т.б.) 250 мм-ден кем болмауға тиіс. Егер онымен бірге ӘК винтінің немесе бөліктерінің тербелісі байқалған болса, онда бұл қашықтық көбейтілуі тиіс;
3) флюгер жағдайындағы винт қалақтарының артқы жиегі мен ӘК жылжымайтын бөліктерінің арасындағы саңылау кем дегенде 25 мм болуы тиіс;
4) 458 және 459-тармақтарда көрсетілген жағдайларда кокты мұздың пайда болуынан сақтайтын кок винтінің мұз қатуға қарсы жүйеде көзделуі тиіс.
873. ӘК қуатты қондырғы мен қуатты және қосалқы қондырғылар жұмысын бақылау үшін бақылау құралдары орнатылуы тиіс.
874. Қуатты қондырғы жүйелерінің конструкциясында стандартталған және біріздендірілген агрегаттар барынша пайдаланылуы тиіс.
875. Қуатты қондырғы мен қуатты және қосалқы қондырғылар жүйелерінің электр тізбектерінде, сондай-ақ өрттен қорғау жүйелерінде арнайы талаптар көзделген жағдайлардан басқа, қолданылатын сымдар қанағаттандырылуы тиіс.
876. Қуатты қондырғы және қуатты және қосалқы қондырғылар жүйелері ұшуға жарамдылығының жалпы талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.
877. Электр энергиясын тұтынатын қуатты қондырғы және қуатты және қосалқы қондырғылар агрегаттары мен жүйелері талаптарына сәйкес келуі тиіс.
128. Отын жүйесі
878. Отын жүйесі және оның агрегаттары:
1) пайдаланудың барлық күтілетін жағдайларында осы ӘК пайдалану үшін қабылданған отынның және олардың қосылыстарының маркаларымен жұмыс істеген кезде қозғалтқыштарға отынды үздіксіз беруді;
2) ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықта көзделген ӘК барлық ұшу режимдерінде бактарға отын құюдың мүмкін болатын пайдаланудың барлық нұсқалары кезінде берілген бірізділікте отынды автоматты түрде шығаруды;
3) автоматтың ақаулық жағдайында және жұмыс істейтін және істемейтін қозғалтқыштар санының ұшуда мүмкін болатын барлық үйлесімдері кезінде қажетті бірізділікті;
4) отынды айдап әкелу және қайта айдаудың әрбір бактік электр жетекті сорғыны жеке-жеке қосу мен ажыратып тастау мүмкіндігін;
5) бактардың кез келген топтарынан кез келген қозғалтқышқа қиылыс керегінің магистральдары бойынша отынды қиылыс беру мүмкіндігін;
6) қуатты қондырғы қозғалтқыштарын ажыратып тасталған айдау сораптары кезінде отынмен қоректендіру (ерекше жағдайларда) қозғалтқыш жұмысының мынадай режимдерінде:
газы аз ұшу режимінен 0-ден 2000 м-ге дейін ұшудың шарықтау биіктігіне дейін;
газы аз ұшу режимінен 0-ден кем дегенде 6000-8000 м-ге дейін ұшу биіктіктеріндегі пайдалану шектеулерінің шектеріндегі ӘК орталықтандыру мен көлденең теңгерімін сақтай отырып, ең жоғары ұзақтыққа дейін. ӘК олардың қорегі өзі ағатын отынмен қамтамасыз етілген биіктікке дейін қозғалтқыштарын тоқтатпастан төмендету мүмкіндігі үшін электр энергиясының жарамды көзінің желісіне айдап әкелу сораптарының қажетті санын автоматты түрде қосу көзделуі тиіс. Осы талаптар орындалмаған жағдайда ажыратып тасталған сораптар кезінде қозғалтқыштардың көрсетілуі тиісті сенімді қорегі басқа құралдармен қамтамасыз етіледі;
7) генераторлардың (қоректену көздері) істен шығуының салдарынан айдап әкелу мен қайта айдаудың бактық сораптарын ажыратып тастағаннан кейін осы ерекше жағдай үшін ұзақтығы ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықта көзделген режимдерде ұшуды жалғастыру мүмкіндігін;
8) жағымсыз және оқтық жанындағы сатылас жүктелімдер кезінде ұшуда қозғалтқыштардың отынмен қорегі кем дегенде 5 с ішінде, оның ішінде ұшуда үздіксіз жағымсыз жүктеліммен кем дегенде минус 0,5 бірлік, қозғалтқыштардың қорегінің труба құбырларындағы отын қысымы ерекше жағдайлар үшін пайдалану шектеуінің шамасынан кем болмауы тиіс;
9) мүмкін болатын барлық шығыстар кезінде пайдалану құжаттамасында көрсетілген шамадан төмен жүйедегі қысымды азайтуға алып келетін гидравликалық қарсыласуды көбейтпестен айдап әкелудің істен шыққан сорабы арқылы отынның ағу мүмкіндігі; олай болмаған жағдайда отын берудің айналдырылған - шунттау сызығы көзделу тиіс;
10) ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықта көзделген жағдайлар да жерде және ұшуда қозғалтқыштарды іске қосу үшін отынның қажетті қысымы мен шығысын жасауды;
11) отынның бір маркасынан екіншісіне көшу немесе олардың қосылыстарын (осы ӘК пайдалану үшін қабылданған отындардың ішінен) отын жүйесінің элементтерін қосымша қайтадан реттеместен қолдануды;
12) жүйелердің жарамдылығын жерде ұшар алдында және ұшуда бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
879. Қозғалтқыштың негізгі сорабына кірер жерінде отынның қысымы мен температурасы барлық белгіленген және ауыспалы режимдердегі жұмыс кезінде қозғалтқыштың осы үлгісінің пайдалану құжаттамасында көрсетілген шектерде болуы тиіс.
880. Отынды кез келген қозғалтқыштан беру жүйесіндегі, оның ішінде қосалқы жүйедегі істен шығу немесе жарамдылығы:
1) басқа қозғалтқышқа отын беруді бұрмалаушылыққа әкелуі;
2) басқа қозғалтқыштардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін экипаж мүшелерінің дереу араласуын талап етуге тиіс емес.
881. Егер отынды қозғалтқыштарға беру бірнеше бактардан (бактардың топтарынан) бірізділікпен жүргізілсе, онда бір бактан отынды шығару аяқталған және имитациясы бактан қорекке көшу сәтінде қозғалтқыштың негізгі сораптарына кіре берістегі қысым пайдалану шектеулерінде көрсетілген мәннен төмен кемітілмеуі тиіс.
882. Бактардың сыйымдылығы ӘК осы үлгісін пайдалану үшін рұқсат берілген барлық отын маркілерін пайдалану кезінде отынның тығыздығы, температурасы мен басқа өлшемдері ескерілген талаптарын ескеріп, берілген ең жоғары қашықтықпен және ұзақтықпен ұшуға арналған отынды орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
883. ӘК отынның белгі берілген резервтік қалдығының шамасы - ӘК экипажына бактардағы отынның қалған қоры туралы немесе ұшудың шектелген уақыты туралы автоматты түрде ақпарат (дабыл) берілетін бактардағы отынның саны (көлемі) крейсерлік режимде және ұшудағы рейстік биіктіктерде қозғалтқыштардың сенімді жұмысын кем дегенде 45 минут ішінде қамтамасыз етуі тиіс.
Жергілікті әуе желілерінің ӘК үшін белгі берілген резервтік отын қалдығының шамасы бактарға ең жоғары көзделген отын құю кем дегенде 15%-ды құрауы тиіс.
884. Жүйе ұшар алдында ӘК бактарындағы отынның температурасы минус 500С-тан плюс 450С-қа дейінгі шектердегі кезде және ӘК пайдаланылуы мүмкін отын буларының ең жоғары мүмкін болатын серпінділігі кезінде ұшудың барлық режимдерінде және биіктіктерінде қозғалтқыштардың отынмен сенімді қоректенуін қамтамасыз етуі тиіс.
885. Отында ерітілген және бактар мен отын жүйесінің элементтерінде одан бөлінген су жүйе жұмысын бұзуды тудыруы тиіс емес.
886. ӘК орнатылатын отын сораптары пайдалану процесінде тораптың тозатындығын ескере отырып, өндіргіштігі бойынша барынша аз қажетті артық өлшемді болуы тиіс.
887. Жүйеде және оның агрегаттарында жүйені отынмен толтыру, бактардағы отын сораптары мен жинағыштарынан ұшуда оны қысқа мерзімді құйып алу кезінде және бактарды босату процесінде қозғалтқыштар жұмысында бұрмалаушылықтар туғызуға қабілетті әуе тығындары түзілуге тиіс; толық босатылған жүйеге отын құйылғаннан кейін ауаны шығару қамтамасыз етілуі тиіс.
888. Егер жүйеде ауаны шығаруға немесе басқа мақсаттарға арналған тұрақты қолданыстағы отынды қайта босату бар болса, онда осы отынды құйып алу жүйенің шығыс багына немесе, егер бірнеше шығыс бактары бар болса, ондай жағдайда, бактарды пайдаланылмаған қалдықтарды елеулі көбейтуді немесе олардың асып төгілуі туындамайтындай етіп, сондай-ақ берілген бірізділікте отынды автоматты түрде шығарудың бұзылуына әкелмейтіндей етіп жүргізілуі тиіс.
889. Егер жүйеде отынды бір бактан екіншісіне қайта айдау немесе қайта ағызу көзделген болса, онда осы бактан, ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықта көзделген қиыспа қоректену магистралі арқылы бірнеше қозғалтқыштарға отын беру жағдайларын қоса, барлық мүмкін болатын шығыстар кезінде толтырылатын бактағы отынның берілген деңгейін қолдау, сондай-ақ отын және басқа жүйелердің агрегаттарын қолданысқа әкелу үшін отынды жұмыс сұйықтығы ретінде пайдалану қамтамасыз етілуі тиіс. Отынды бір бактан екіншісіне қайта айдау немесе қайта ағызу кезінде олардың асып-төгілу нәтижесінде бактардың ақаулық мүмкіндігі болмауы тиіс.
890. Қол жетімді және ыңғайлы пайдалануда құйып алу шүмегі арқылы отынды толық құйып алу қамтамасыз етілуі тиіс. ӘК-тегі сораптармен жабдықталған отын бактары осы сораптарды отынды құйып алуды жеделдету және құйып алу нүктелерін азайту үшін пайдалану ұсынылады.
891. Негізгі отынды құйып алуға, отынды апаттық құйып алуға арналған штуцерлер, отын бактарын дренаждау және отынның ағуы мүмкін басқа элементтерінің штуцерлері бұл орайда отынның ӘК үстіңгі бетіне қуатты қондырғы мен қуатты және қосалқы қондырғылар қозғалтқыштарының ауа жинағыштарына өрт жағдайында қауіпті және қозғалтқыштардың қалыпты жұмысын бұзушылыққа алып келетін мөлшерде түсуін болдырмайтындай етіп орналастырылуға тиіс. Құйып алынған отын мен оның буы экипаж бен жолаушылардың кабиналарына тап болмауы тиіс.
892. Жүйе шассиі жиналған ӘК апаттық қондыруды орындаған жағдайда өрт тудыруға қабілетті бұзылушылықтар мүмкіндігі болмайтындай етіп орындалуға тиіс.
129. Отын бактары және ӘК отын құю
893. Әрбір бак пайдаланудың күтілетін жағдайларында ӘК отын бактарының ұшырауы мүмкін тербеліске, екпінді күшке, сұйықтықтың ықпалына, конструкциялық және температуралық жүктемелерге шыдауы тиіс.
894. Әрбір бакта жылытқан кезде отынның көбеюіне байланысты бактың жалпы сыйымдылығының кем дегенде 2% бос көлемінің болуы ұсынылады. Құятын аузының немесе орталықтан май құятын жүйе автоматикасының орналасуы бос көлемді толтыру мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Егер бос кеңістік көлемі 2%-дан аз көзделсе, бактардың асып-төгілуі мен жылытылғаннан кейін оның мөлшерінің көбеюі кезінде отынның төгілуін болдырмайтын басқа шаралар қабылдауы тиіс.
895. Жүйедегі бактардың төменгі нүктелерінен немесе тұндырғыштардан тұндырғыны құйып алу қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен бірге құйып алу крандарының саны мүмкіндігінше ең аз болуы тиіс. Бактың тұндырғышының жеткілікті көлемі (бактың кем дегенде 0,1% көлемі ұсынылады) болуға және бактың барлық бөліктерінен су жинау қамтамасыз етілуге тиіс. Құйып алу шүмегі жабық жағдайда сенімді тіркелуі тиіс.
896. ӘК жұмсақ (салынатын) бактарды орналастыру кезінде мыналарды орындау қажет:
1) бакті бекіту анықталған олар орналасқан жерлерде ӘК конструкциясының элементтерінде қолданылатын жүктемелерге шыдауы тиіс;
2) олардың бекітілуі бактары мен элементтердің арасында жұмсақ төсемдер орнатылуы тиіс, төсем материалдары отынды сіңіріп алмауы тиіс;
3) бак орналастырылған бөліктердің ішкі беттері тегіс болуға және бактардың қабырғаларына зақым келтіруге қабілетті шығып тұратын бөліктері болмауы тиіс, немесе соңғысының арнайы қорғанышы көзделуі тиіс;
4) бактар орналастырылған бөліктерде аздап ағу пайда болған жағдайда және оны табу үшін отынның және оның буларының жинақталуының алдын алатын дренаждау немесе желдету тесіктер көзделуге тиіс;
5) бактарды фюзеляжға орналастыру кезінде отынның және оның буларының экипаж бен жолаушылардың кабиналарына түсу мүмкіндігін болдырмауы тиіс;
6) отын бактарының ішіндегі ақаулы болған кезде отын буларының жалындауын тудыруға қабілетті электр сымдары мен олардың қосылыстары металл трубаға (қапқа) орналастырылуы тиіс;
7) ӘК бактар талаптарына сәйкес келуі тиіс.
897. Бактар-кессондардың бактың ішкі қуыстарын қарау мен жөндеуге және агрегаттар мен труба құбырларын айырбастауға арналған люктары болуға тиіс.
898. Бактар отынның шайқалуын азайтатын және бактардың қабырғаларына отынның екпінді ықпалын төмендететін құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
899. Бактардың оларға арматуралармен және агрегаттармен (жылу өлшегіштерінің датчиктері, айдау сораптары, қалқымалы клапандар және т.б.) ӘК бекітілетін элементтермен толық монтаждалған үлгілері:
1) отын багының, осы ӘК үшін ең жоғары рұқсат етілген қосынды жүктемелер кезінде, бактарға толық май құйылған кезде 125% ең жоғары үрлеу қысымына тең қысыммен тексерілуі тиіс; сынақтар кезінде нәтижеленген қысым кем дегенде 0,25 кг/см2 болуы тиіс;
2) бактар-кессондар үлгілерін тиісті тербелісті жүктемелер кезінде және бос бактар мен 0,75 сыйымдылыққа отын толтырылған кезде осы тармақтың талаптарына сәйкес бактарды бір мезгілде үрлеумен жасалатын сынақтарға тап болуы тиіс.
900. Бактардың жалпы сыйымдылығы 3000 л-ден асатын ӘК-тің отынды орталықтан құятын жүйесі болуы тиіс. Аз сыйымдылық кезінде құю аузы арқылы үстінен май құюға рұқсат беріледі.
901. Егер ӘК отынды орталықтан құятын жүйе көзделген болса, ол:
1) бактардың барлық топтарын отынмен бір мезгілде және жеке-жеке толтыруды;
2) бактардағы отынның ең жоғары деңгейін автоматты түрде және қосарлана шектеуді және ӘК бактары мен труба құбырларын олардың қысымының мөлшерден тыс артуынан сақтауды;
3) май құю барысында ӘК ауырлық орталығының рұқсат берілген шектерінде сақтауды;
4) штуцерді немесе шланганы май құю штуцерінен ажыратып тастау кезінде оның төгілуін болдырмау үшін труба құбырларын отыннан босату;
5) күндізгі және түнгі жағдайларда, әдеттегідей, май құю орнынан құйылатын майдың санын бақылауды;
6) халықаралық стандарттардың май құятын штуцерлерін пайдалану жолымен ӘК май құюды қамтамасыз етуі тиіс.
902. ӘК осы үлгісі үшін ең жоғары мүмкін болатын май құю кезінде бактарға отынның қарқынмен түсуінен отын алдындағы кеңістікте соңғысы статистикалық электрлендірудің қауіпті разряды түзілмеуі тиіс.
903. Отын немесе су жинағыштар бактардағы айдап шығару сорабында көлемі 2,5-4,0 мм қорғайтын ұяшық тормен немесе бакқа кездейсоқ түскен отын труба құбырларына бөгде заттардың түсу мүмкіндігін болдырмау үшін басқа құралдармен жабдықталуы тиіс. Қорғау торы отын труба құбырының шығу қиылысының аумағын 5 есе арттыратыннан кем емес тіршіліктік қиылысы болуы тиіс. Егер тор қатып қалуға ұшыраса, онда отынның талап етілген санын қозғалтқышқа үздіксіз беруді қамтамасыз ететін құралдар көзделуі тиіс.
904. Бактардағы шығарылмаған отын қалдықтары бактың жалпы көлемінің 1%-нан (ерекше жағдайлардағы айдап әкелу мен қайта айдау сораптарының сөндіру жағдайынан басқа) аспауы тиіс.