«2. Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылуға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы құзыретті шетелдiк және қазақстандық сарапшылар жүргiзедi.».
10. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 74-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Республикалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi.
Коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) жергiлiктi атқарушы орган (коммуналдық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi.
Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiк осы Заңның 135, 145, 153 және 161-баптарында айқындалған тәртiппен мүлiктiк жалдау (жалға алу) шарты бойынша берiлуi мүмкiн.
Мемлекеттiң ақшасы, бағалы қағаздары және мүлiктiк құқықтары мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартының объектiсi (нысанасы) бола алмайды.»;
2) 75-баптың 2, 3 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерi, мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестерi, жылжымайтын мүлік, ақша мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының объектiсi болады.
Өзге мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда сенiмгерлiк басқару шартының объектiсi болады.
3. Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы) бередi.
Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға жергiлiктi атқарушы орган (коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы) бередi.
Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.»;
«8. Сенiмгерлiк басқарушының мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару кезiнде өзi шығарған қажеттi шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында белгіленген тәртіппен өтетуге құқығы бар.
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару туралы шартта көзделсе, сенiмгерлiк басқарушының сыйақы алуға құқығы бар.».
11. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк», «Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк» деген сөздер тиісінше «газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік», «Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы шілденің 4-і.
№ 131-V