3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Техникалық-экономикалық негіздеме пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін концессиялық жобаның жүзеге асырылуын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Концессиялық жобаның техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын, белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгертілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды кейіннен жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жасайды.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Техникалық-экономикалық негіздеме бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде концессиялық шарт жасалмаса, оның сараптамалары қорытындыларының күші жойылды деп есептеледі.»;
14) 16-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тiзбе мынадай екi бөлiмнен тұрады:
1) реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi;
2) құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер.
3. Тiзбенi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган концессиялық ұсыныстардың негізінде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге қалыптастырады.»;
15) 17-бапта:
1-тармақта:
2), 3-1) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 15-2-бабының 2-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, концессияға беруге ұсынылатын объектiнiң техникалық-экономикалық негiздемесін, бар ауыртпалықтар мен шектеулерді, техникалық ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, ал қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, оның сипатталуы мен жалпы техникалық және сапалық сипаттамаларын;»;
«3-1) осы концессиялық жоба үшiн мемлекеттiк қолдаудың ықтимал түрлерi мен көлемдерiн;»;
«12) конкурстық өтiнiмдi енгiзудiң шарттарын және оның мазмұнын, оның ішінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізудің шарттарын;»;
14) тармақшадағы «рәсімдерді қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық құжаттаманы табыс етуге міндетті.» деген сөздер «рәсімдерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) осы Заңның 15-2-бабының 2-1-тармағында көрсетілген жағдайларда концессиялық жобаны іске асыру жөніндегі техникалық шешімдерді сипаттайтын құжаттарға қойылатын талаптарды қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық құжаттаманы ұсынуға міндетті.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал конкурсты қайта өткізу кезінде - күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде береді. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық өтiнiмдерде ескеруі үшiн конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн мерзімге, ал конкурсты қайта өткізу кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.»;
16) 18-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) iске асыруға ұсынылатын концессия объектiсiнiң құнына қатысты кемiнде он пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы немесе iске асыруға ұсынылатын концессия объектiсiнiң құнына қатысты кемiнде он пайызды құрайтын сомаға банк кепілдігін ұсынуға;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазалсын:
«3. Әлеуетті концессионер бiлiктiлiк талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, ол осындай факт анықталған кезден бастап үш жыл бойы концессионердi таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Әлеуетті концессионердің біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынуы фактісін анықтаған комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, бұл туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
3-2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жай серіктестік нысанындағы бірлестіктері қатысқан жағдайда, көрсетілген тұлғалардың әрқайсысы жай серіктестіктің барлық қатысушыларының қаржылық және материалдық ресурстарының жиынтығы бойынша осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.»;
17) мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-баптармен толықтырылсын:
«18-1-бап. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті концессионер:
1) өзінің конкурстық өтінімін осындай конкурстық өтінімдер ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не оны өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;
2) өзін конкурсқа қатысушы деп таныған жағдайда өзінің концессиялық ұсынысын конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде ұсынатынына, ал кейіннен оны кері қайтарып алмайтынына;
3) өзін конкурстың жеңімпазы деп анықтаған жағдайда концессия шартын жасасатынына кепілдік ретінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
2. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету іске асыруға ұсынылып отырған концессия объектісі құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
3. Әлеуетті концессионер екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысып отырған болса, ол конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
4. Әлеуетті концессионер конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) мемлекеттік органдар болып табылатын конкурсты ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақша жарнасын;
2) банк кепілдігін таңдауға құқылы.
Әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін оның енгізілген кепілдік ақша жарнасына толықтай не оның бір бөлігіне үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті концессионер енгізген кепілдік ақша жарнасын конкурсты ұйымдастырушының пайдалануына жол берілмейді.
5. Конкурсты ұйымдастырушы мынадай:
1) әлеуетті концессионер конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;
2) конкурстың жеңімпазы болып анықталған әлеуетті концессионер концессия шартын жасасудан жалтарған жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жазылады.
7. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионер енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) осы әлеуетті концессионер конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысушы болып танылған әлеуетті концессионерлерге қолданылмайды;
3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурстың жеңімпазы болып анықталған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) концессия шарты күшіне енген;
5) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімі қолданысының мерзімі өтіп кеткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
18-2-бап. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті концессионер, егер:
1) осы әлеуетті концессионер басшыларының және (немесе) осы әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары концессионерді таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті концессионер және (немесе) оның қызметкері конкурсты ұйымдастырушыға өткізілетін конкурстарды дайындау бойынша сарапшылық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, оның ішінде конкурстың нысанасы болып табылатын объектіні құруға арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
3) әлеуетті концессионердің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;
4) әлеуетті концессионердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган оны борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізсе;
5) әлеуетті концессионердің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті концессионер мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткізілетін конкурсқа қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті концессионердің және әлеуетті концессионердің үлестес тұлғасының бір конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.»;
18) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзу туралы ақпаратты конкурс өткiзілетін күнге дейiн кемінде күнтiзбелiк алпыс күн бұрын, ал конкурсты қайта өткiзу кезiнде - кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерінде мiндеттi түрде жариялайды. Конкурс өткiзу туралы ақпарат концессия объектiлерi, конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi туралы мәлiметтердi, конкурс жарияланған объектiнiң сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптарды; конкурсты өткiзу орны, уақыты мен күнi туралы мәлiметтi қамтуға тиiс.»;
19) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуін, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сай келуін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып, қарайды.
Егер конкурс үшiншi рет өткiзiліп отырса және конкурсқа қатысуға тек бір конкурстық өтiнiм ұсынылса, комиссия осы конкурстық өтiнiмді оның iске асырылуы мүмкiн екендігі тұрғысынан қарайды.»;
20) 3-тарау мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ерекшеліктері
1. Мынадай:
1) концессиялық жобаны іске асыру үшін әртүрлі инновациялық, шығармашылық, сәулеттік-жоспарлау, ұйымдастырушылық-технологиялық шешімдерді, өнертабыстарды жинау мен зерделеу және туындаған мәселелер бойынша әлеуетті концессионерлермен келіссөздер жүргізу қажет болған;
2) эксперименттер, ізденістер немесе әзірлемелер жүргізу қажет болған жағдайларда екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізіледі.
2. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс мынадай реттіліктегі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
конкурсты ұйымдастырушының концессиялық ұсынысқа сараптаманың негізінде техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу туралы ақпарат жариялау;
конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма мен конкурстық құжаттаманы ұсынуы;
әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді өткізу;
әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылау;
біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарымен бірге конкурстық өтінімдерді ұсынуы;
конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарының мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адамның тыныс-тіршілігінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын, жобаланатын объектілердің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қала құрылысы мен техникалық регламенттерге, мемлекеттік нормативтердің шарттары мен талаптарына сәйкес келетінін не сәйкес келмейтінін, сондай-ақ техникалық ұсыныстың құнын айқындау мақсатында оларды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының және Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыруға уәкілеттік берген заңды тұлғаның сараптауы;
техникалық ұсыныстары конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырмасына сәйкес келетін кемінде конкурсқа екі қатысушыны таңдау;
техникалық ұсыныстары бірінші кезеңде техникалық тапсырмаға сәйкес келеді деп танылған конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі;
2) екінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
техникалық ұсыныстары бірінші кезеңде техникалық тапсырмаға сәйкес келеді деп танылған конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелерімен бірге конкурстық өтінімдерді ұсынуы;
конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемелеріне сараптама жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберуі;
комиссияның осы Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізілген концессиялық өтінім бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып, конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді қарауы;
осы Заңның 20-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру.»;
21) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Концессия шартының мазмұны
1. Концессия шартында:
1) концессия объектiсi туралы мәлiметтер, оның сипатталуы, оның ішінде мүліктің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет мерзімі, берілетін концессия объектісінің бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны туралы мәліметтер;
2) концессионердiң концессия объектiсiне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға құқықтары туралы талаптар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтар туралы талаптар;
3) концессионердің көрсетілетін қызметтердi қажеттi мөлшерде және сапада ұсынуы мақсатында объектiге реконструкция жүргiзудiң шарттары мен көлемi;
4) концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi;
5) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі;
6) инвестициялардың, оның iшiнде негiзгi қорларға инвестициялардың мөлшерi туралы шартты, әзiрленген бизнес-жоспарға (жұмыс бағдарламасына) сәйкес концессиялық жобаны қаржыландырудың мерзiмдерi, көздерi мен шарттары;
7) қызмет түрлерi (концессия шартының талаптары бойынша орындалатын (ұсынылатын) жұмыстар (көрсетілетін қызметтер);
8) концессия шарты бойынша концессионер ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) сапа стандарттары;
9) концессия шартының қолданылу мерзiмi;
10) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
11) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгі жөніндегі талаптар;
12) объектіні қабылдауға уәкілеттік берілген тұлғаларды қоса алғанда, тараптардың концессия объектісін беру тәртібі мен шарттары және оның сапасына қойылатын талаптар, сондай-ақ концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге де мүлікті беруге негіз болатын құқықты көрсете отырып, көрсетілген мүлікті берудің тәртібі мен шарттары;
13) тараптардың жауапкершiлiгi;
14) концессия шартын өзгерту және тоқтату талаптары;
15) тараптардың орналасқан жерi (заңды мекенжайы) және банктiк деректемелерi;
16) концеденттiң концессия шартының орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi;
17) концессионердiң қабылданған мiндеттемелердi орындауын бағалау критерийлері, олар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыппұлын төлеу және мемлекеттік концессиялық міндеттемелер көлемін азайту тәртiбi;
18) осы Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттiк қолдау ұсынылған жағдайда оның түрлерi, ұсынылу көлемi, мерзiмдерi мен шарттары;
19) жергілікті қамту жөнiндегi мiндеттемелер;
20) концессионердiң жыл сайын, сатып алуды жүргiзу үшiн жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органға ол белгiлеген нысан бойынша және мерзiмдерде беру жөнiндегi мiндеттемелерi;
21) тәуекелдердің тараптар арасында бөлінуі;
22) концессия шарты бойынша берілетін мүлікті күтіп-ұстау ауыртпалығының, сондай-ақ көрсетілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелдерінің өту шарттары мен мерзімдері;
23) концеденттің мүдделерін білдіретін уәкілетті мемлекеттік органдар туралы мәліметтер;
24) концессия объектісін құру (реконструкциялау) жөніндегі жұмыстарды орындау, оны пайдалануға беру мерзімі, сондай-ақ осы мерзімді ұзарту тәртібі;
25) концессия шартын орындау, атап айтқанда, концессия шарты шеңберінде белгілі бір іс-қимылды орындауға, ақшаны жинауға және бөлуге, өзге төлемдерді концессия шартына сәйкес көлемде және тәртіппен жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де құқықтар мен міндеттерді орындауға келісім беру үшін тартылатын өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері;
26) концессия шартының талаптарын біржақты өзгертудің және (немесе) оны орындаудан біржақты бас тартудың айрықша жағдайлары;
27) концессия шарты бойынша дауларды шешу тәртібі;
28) концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, тараптар шығыстарының орнын толтыру тәртібі қамтылуға тиіс.
2. Концессия шартында, сондай-ақ:
1) концессия шарты тараптары міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері;
2) концессия шартында көзделген қызметті жүзеге асыруға байланысты табыстардың концедент пен концессионер арасында бөлінуі;
3) концессия объектісін пайдалануды жүзеге асыру үшін концессионер тартатын ұйымды және онымен жасалатын шарттың елеулі талаптарын келісу;
4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) үшін концессионер тартатын мердігерді (бас мердігерді) және онымен жасалатын шарттың елеулі талаптарын келісу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.
3. Концессия шартына тараптардың келісуі бойынша өзгерістер енгізілетін жағдайларды қоспағанда, концессия шартының талаптары ол қолданылатын бүкіл мерзімде күшін сақтайды.
4. Концессия шартында концеденттің қоғам мен мемлекет мүдделерінде концессия шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту немесе концессия шартын бұзу жағдайы көзделуге тиіс, бұл ретте концессия шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, оның ішінде мұндай іс-әрекеттер ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және имандылықты қамтамасыз ету мақсатында жасалатын осындай жағдайлардың толық тізбесі қамтылуға тиіс.
5. Концедент осы баптың 4-тармағында көрсетілген құқықты іске асырған жағдайда, концедент концессионерге концессия шарты талаптарының өзгеруіне байланысты қосымша шығындарды өтеуге, сондай-ақ концессия шартының бұзылуына байланысты концессионер шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
6. Концессионер концессия шарты бойынша өз құқықтарын концеденттің жазбаша келісімімен ғана кепілге беруге құқылы.
Концессия шарты бойынша концессионердің талаптарын басқаға беруге немесе борышын ауыстыруға, өзіне (өздеріне) концессионердің құқықтары мен міндеттері өтетін тұлға (тұлғалар) осы Заңның 18-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, концеденттің келісімімен жол беріледі.»;
22) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Концессия шартының түрлері
1. Концессия шарты мынадай түрлерде жасалады:
1) концессия объектісін кейіннен мемлекет меншігіне бере отырып, концессионердің концессия объектісін құруын көздейтін концессия шарты;
2) концессионер мен концеденттің концессия объектісін құру (реконструкциялау) және пайдалану бойынша бірлескен қызметін көздейтін концессия шарты;
3) мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін реконструкциялау және пайдалану мақсатында концессионерге сенімгерлік басқаруға не мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді көздейтін концессия шарты;
4) концессионердің меншігіндегі концессия объектісін концедентке не ол уәкілеттік берген тұлғаға мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді, оның ішінде концессия объектісін концеденттің сатып алу құқығымен беруді көздейтін концессия шарты.
2. Концессия шарты осы баптың 1-тармағында көзделген шарттардың бір немесе бірнеше түрінің элементтерін қамтуы, сондай-ақ концессия объектісін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де шарттардың элементтерін қамтуы мүмкін.
3. Концессия шартында мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін жеке меншікке иеліктен шығаруға бағытталған талаптар қамтылмауға тиіс.»;
23) 25-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) концессия объектiлерiн үшiншi тұлғалардың құқықтарынан босатып немесе әлеуетті концессионерлерге осы Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылатын конкурстық құжаттамада көрсетілген ауыртпалықтарымен және шектеулерімен беруге;»;
24) 26-баптың 2-тармағының 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) концессия шарты жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн концессия объектісін концессия шартын жасасқан кезде болған ауыртпалықтар мен шектеулерді ескере отырып және концессия шартының талаптарына сәйкес тиісті техникалық жай-күйде концедентке беруге;»;
«7) концессия шарты шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі берілген жағдайларда концессиялық жобаны қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы шот ашуға;»;
25) 4-тарау мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
«26-1-бап. Жекешелік концессиялық міндеттемелер
1. Жекешелік концессиялық міндеттемелерді концессионер концессия шартында көрсетілген талаптармен қабылдайды.
2. Концедент жекешелік концессиялық міндеттемелердің сақталуын бақылауды концессия шартында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.».
9. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттiк-жеке әрiптестiк», «мемлекеттiк-жеке әрiптестiкті» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік-жекешелік әріптестік», «мемлекеттік-жекешелік әріптестікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;»;
3) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: