Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы
(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
I-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мұрағат ісі - мемлекеттік ұйымдар мен заңды және жеке тұлғалар қызметінің Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын құру, олардың сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастыруға байланысты саласы;
2) мұрағаттық құжат - қоғам үшін маңыздылығына қарай, сондай-ақ меншік иесіне құнды, сақталынатын немесе сақталуға жататын құжат;
3) мұрағат - мұрағат құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ мұрағат мекемесі немесе мекеменің, ұйымның немесе кәсіпорынның пайдаланушылар мүдделері үшін мұрағат құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
4) мұрағат қорлары - бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттардың жиынтығы;
5) мұрағат коллекциясы - қор құрушылар қызметінде құрылған және бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы;
6) ведомстволық мұрағат - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кірмеген құжаттарды жинақтауды, уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі;
7) мемлекеттік мұрағат - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық берілген мемлекеттік мекеме;
8) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры - Ұлттық мұрағат қорының мемлекет үшін бірден-бір маңызы бар және жойылған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшірмелерінің жиынтығы;
9) құжат - материал көзінде дәлме-дәл жазып алынған, бір ізге түсіруге мүмкіндік беретін ақпарат;
10) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
11) Ұлттық мұрағат қоры - заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған барлық мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының, деректі ескерткіштердің, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы;
12) ресми құжат - жеке немесе заңды тұлға жасаған, белгіленген тәртіппен ресімделіп, куәландырылған құжат;
13) уәкiлеттi орган - мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттік органы;
14) жеке мұрағат - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кірмеген құжаттарды жинақтауды, сақтауды, пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі немесе жеке адамның қызметі, құжаттарды жинақтауы (сатып алуы) нәтижесінде пайда болған мұрағаты;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) арнайы мемлекеттік мұрағат - мұрағат мекемесі немесе осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының бөлімшесі;
16) адам құрамы жөніндегі құжаттар - қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар кешенi және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның аударылуы туралы мәлiметтер;
17) мұрағат құжаттарын пайдаланушы - пайдалану мақсатында ақпарат алу үшiн мұрағат құжаттарына жүгінетін жеке немесе заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағат ісі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры (бұдан әрі - Ұлттық мұрағат қоры) Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды.
2. Ұлттық мұрағат қорына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сақтаулы және халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстанға қайтарылуға тиісті мұрағат құжаттары да жатады.
3. Ұлттық мұрағат қоры қоғам мен мемлекеттің қажеттерін қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қызмет етеді.
4. Мұрағат ісін дамыту мен жетілдіруге қамқорлық жасауды мемлекет өз мойнына алады. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау барлық жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңдары
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
ҚР ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені қараңыз
2-тарау. Ұлттық мұрағат қоры
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Ұлттық мұрағат қорының құрамы
1. Ұлттық мұрағат қорының құрамына:
1) заң актілері және басқа да ресми құжаттар;
2) басқару, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, технологиялық, патенттік-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнаулы құжаттама;
3) электрондық ақпараттық ресурстар, машинамен оқуға бағдарланған және дыбыстық-бейне құжаттама;
4) тарих пен мәдениетті деректі ескерткіштері;
5) жеке адам тегінің құжаттары және ұлттық құндылық болып табылатын өзге де құжаттама;
6) Қазақстан Республикасының меншігіне түскен өзге де құжаттар;
7) құжаттардың сақтандыру көшірмелері кіреді.
2. Құжаттарды Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу тәртібі, олардың есебін жүргізіп, сақталуын ұйымдастыру осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ұлттық мұрағат қоры, Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережелермен белгіленеді.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру негіздері, толықтыру көздері
1. Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағаттарының, Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасы мемлекеттік мұрағаттарының, облыстар, қалалар, аудандар мемлекеттік мұрағаттарының және олардың филиалдарының, арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың, кiтапханалардың, мұражайлардың құжаттары Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру негізі болып табылады.
2. Ұлттық мұрағат қорын толықтырудың көздері:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың, Конституциялық Кеңестің, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік заңды тұлғаларының, оның ішінде шет елдегілердің де ведомстволық мұрағаттары;
2) жеке мұрағаттар болып табылады.
3. Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының меншігіндегі мұрағат құжаттарын сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру, сатып алу жолымен де толықтырылуы мүмкін.
4. Мемлекет Қазақстан аумағынан тыс жерлерде табылған Қазақстан Республикасының тарихи мұра құжаттарын қайтаруға шаралар қолданады, жинақталған және Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты құжаттарды іздестіру мен Отанына қайтаруды көтермелеп, қаржыландырып отырады.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ҚР Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу тәртібі
1. Құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастау құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау негізінде жүргізіледі. Құжаттардың жасалған жері, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері олардың құндылығының өлшемдері болып табылады.
2. Құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптаманы уәкілетті орган құратын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және (немесе) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын сараптау-тексеру комиссиялары жүргізеді.
3. Уәкілетті орган сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде:
1) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тиісті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекітеді;
2) құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешімдер қабылдайды. Саяси және идеологиялық пікірлер бойынша Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастауға тыйым салынады;
3) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібiн белгілейдi.
4. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру және толықтыру көздерi болып табылатын:
1) республикалық меншiктегi ұйымдардың құжаттарын уәкiлеттi органның келісімiнсiз;
2) коммуналдық меншiктегi ұйымдардың құжаттарын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының келісімінсіз;
3) жеке меншіктегі ұйымдардың құжаттарын мұрағаттың орналасқан жеріне қарай уәкілетті органның не облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жоюға рұқсат етілмейді.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын меншіктену құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау
1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мемлекеттік және жеке меншікте болады.
2. Мемлекеттік меншіктегі құжаттарға:
1) Қазақстан Республикасының орталық мемлекетті мұрағаттарындағы және олардың филиалдарында сақтаулы тұрған, соның ішінде 1917 жылға дейін жасалған, арнаулы мемлекеттік мұрағаттардағы, мемлекеттік кiтапханалардағы және мұражайлардағы республикалық меншіктегі құжаттар, Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының, Ұлттық Банкінің және басқа да республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар;
2) коммуналдық меншіктегі, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), қалалық, аудандық мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдарында сақтаулы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, соттардың, прокуратураның, коммуналдық кәсіпорындар мен басқа да мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар жатады.
3. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің қызметі немесе жинауы (сатып алуы) нәтижесінде жасалған құжаттары жеке меншікке жатады.
4. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын иелену және пайдалану құқықтары беріледі.
5. Мұрағат құжаты меншік иесінің келісімінсіз сот шешімі негізінде ғана алып қойылуы мүмкін. Мұрағат құжаттарының түпнұсқалары сот-тергеу істері үшін алып қойылған жағдайда құжат иесіне олардың дубликаттары немесе көшірмелері қалдырылады. Сот (тергеу) процесі біткеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары меншік иелеріне қайтарылады.
6. Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, яғни меншік құқығын беруге байланысты мәмілелер жасау объектісі бола алмайды, сондай-ақ оларды тұрақты сақтау үшін басқа мемлекеттерге әкетуге болмайды.
7. Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттары, меншік иесінің уәкілетті органмен алдын ала жазбаша келісімімен кейін ғана және аталған құжаттардың дубликаттарын немесе көшірмелерін мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсырған жағдайда сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектісі бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тыс жерлерге әкетуге болады.
8. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құжаттарын меншіктену құқығын мемлекетке беру тараптардың келісімі бойынша жасалады. Жеке адамдар құжаттарын пайдалануға шектеу мерзімін мұрағатқа берілген кезден бастап 70 жылдан аспайтын уақытқа белгілей алады.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда мұрағат құжаттарына меншік құқығы
1. Мемлекеттік ұйымдар жекешелендірілгенде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жекешелендірілгенге дейін жасалған Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады.
2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың шетел компаниясының немесе жеке адамның басқаруына берілген мұрағаттары мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады және мемлекетке қайтарылуға тиіс.
3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы жөніндегі құжаттар өңделген күйде құқық мұрагерлерiне берiледi.
4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы жөніндегі құжаттардың одан әрi сақталатын орны туралы шешiмдi, уәкiлеттi органмен келiсе отырып, тарату комиссиясы немесе конкурстық басқарушы қабылдайды.
3-тарау. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік
есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу
1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттары, олардың меншік нысандарына қарамастан, орталықтандырылған мемлекеттік есепке алынуға тиіс.
2. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар құжаттардың құрамы туралы деректер есебiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi және осы деректердi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
10-бап. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиыны (каталогы)
1. Уәкілетті орган Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиынын (каталогын) жүргізіп отырады.
2. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сауалдарын қанағаттандыру үшін Ұлттық мұрағат қоры Құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы деректер жиынының (Каталогының) ақпаратына қол жеткізілуін және пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті, бұған осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайлар қосылмайды.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау
1. Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық мұрағаттарда уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын тұрақты сақтауға ерекше құқық берілетін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік мұрағаттары мен олардың филиалдарына беріледі.
2. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын тұрақты сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдары желісін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдар бекітеді.
3. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, сақтау мен пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалар ведомстволық және жеке мұрағаттар құрады.
4. Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері мен уәкілетті орган қол қоятын шарттарда көрсетіледі.
5. Мемлекет меншігі болып табылатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының ресми түпнұсқаларымен жеке мұрағаттарды толықтыруға тыйым салынады.
6. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету
1. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының меншік иелері олардың сақталуын қамтамасыз етуге және құжаттардың сақтандыру көшірмелерін жасауға міндетті.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық мұрағат қорының құжаттары (мемлекеттік меншіктегі), сондай-ақ мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдарының үйлері, үй-жайлары мен жабдықтары иеліктен шығаруға жатпайды.
3. Мұрағат қорлары, мұрағат коллекциялары, олардың бөлiктерi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының объектiлерiне жатқызылуы және тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiне енгiзiлуi мүмкiн.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру
1. Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық мұрағаттарда сақтау мерзімі өткен соң мемлекеттік мұрағаттарға тұрақты сақтауға берілуге тиіс.
1-1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын өңдеу мен беру құжаттарды мұрағаттарға беретiн заңды тұлғалардың күшi мен қаражаты есебiнен, уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
2. алып тасталды
3. Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беруді ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізеді.
4-тарау. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдалану
14-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдалану тәртібі
1. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Ведомстволық және жеке мұрағаттарда сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын пайдалану тәртібін уәкілетті органмен келісе отырып, жеке және заңды тұлғалар белгілейді.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдіктер
1. Мемлекеттік меншік болып табылатын мұрағат құжаттарындағы ақпараттар мемлекеттік интеллектуалдық меншігі ретінде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттары мен олардың филиалдарындағы құжаттар, сондай-ақ оларға арналған ақпарат жүйесі олар мемлекеттік мұрағаттар мен филиалдарға келіп түскен соң бір жыл өткеннен кейін жұртшылықтың пайдалануы үшін ашылады.
3. Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттарын пайдалану меншік иесінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар мен олардың филиалдарында сақталатын, пайдалану үшін ашылған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын тегін пайдалануға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына құжаттарды пайдалануды шектеу осы Заңның 16-бабында белгіленіп отыр.
5. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке мұрағаттар жеке және заңды тұлғаларға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құжаттар негізінде тиісті мұрағаттық анықтамалар беріп отыруға міндетті. Заңды және жеке тұлғалардың мұрағаттық құжаттан куәландырылған мұрағаттық көшірмелер мен үзінділер алуға құқығы бар. Мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдары, ведомстволық және жеке меншік мұрағаттар берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
16-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер
1. Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік және мемлекеттік емес құпиялары бар құжаттарын пайдаланудағы шектеулер, оларды құпиясыздандыру және жалпы пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
2. Құжаттарды кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың пайдалануына тыйым салынады.
3. Пайдалануға шектеу қоюға құқығы бар меншік иелерінің мұрағат құжаттарын олардың өздері немесе құқық мұрагерлері (мұрагерлері) келісім бергенде ғана пайдалануға болады.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланушылар:
1) пайдаланылатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2) пайдаланылған құжаттар мәтiнiнiң өңiн айналдыруға және оны бұрмалауға жол бермеуге;
3) құжаттарды жариялаған кезде олардың сақталу орнын және оның иесін көрсетуге міндетті.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2007.05.05 № 247-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын коммерциялық мақсатта пайдалану
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Бюджет қаражаты есебінен қамтылатын мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге құқылы, оларға төленетін ақы міндетті сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалады.
2. Құжаттарды коммерциялық жолмен пайдалану кезінде оларға меншік құқығы олардың меншік иесінде сақталады.
5-тарау. Мұрағат ісін мемлекеттік реттеу мен басқару
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)