9) белгiленген ақысын төлеп, багажын тасымалдауға тапсыруға құқығы бар.
2. Жолаушы:
1) қала маңындағы қатынас поездарын қоспағанда, жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде, поезға отырғызу кезiнде жол бойында жол жүру құжатын (билеттi) тексерген кезде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;
2) поезға отырғызған кезде және жол үстiнде сапар аяқталғанға дейiн оның жол жүру құжаты (билетi) болуы;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қоғамдық тәртiптi, жолаушы вагондарын және жолаушылар тасымалдауына қызмет көрсетуге арналған объектілерді пайдалану қағидасын сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға және жол жүру барысында да, күту орындарында да өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтауға мiндеттi.
68-бап. Багажды және жүк-багажды тасымалдау
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тасымалдаушы жолаушыдан немесе жөнелтушiден багажды және жүк-багажды қабылдап алуға және осы операциялар үшiн ашық кез келген темір жол станциясына дейiн жөнелтуге мiндеттi.
Жөнелтушінің жүк-багажы жол жүру құжатын (билетті) ұсынбай тасымалдау құжаты (жүк-багаждың түбіртегі) бойынша қабылданады.
Жөнелтушiнiң багажы, жүк-багажы таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiледi. Бұл орайда тасымалдаушы жолаушының багажын, жүк-багажын бірiншi кезекте жөнелтудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Жолаушының жол жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген маршрут бойынша жеткiзiлетiн багаж, жүк-багаж жолаушы отырған поезбен немесе таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiлуге тиiс.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Жолаушы (жөнелтушi) багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға құқылы, ал жүк-багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға мiндеттi.
3. Багажбен, жүк-багажбен тасымалдауға өзiнiң мөлшерiне, буып-түйiлуiне және қасиеттерiне қарай багаж вагонына қиындықсыз тиелiп, орналастырылатын және тасымалдаушының мүлкiне және басқа жолаушылардың (жөнелтушiлердiң) багажына, жүк-багажына зиян келтiрмейтiн заттар мен нәрселер қабылданады.
69-бап. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi поездардың жүру кестесiне сәйкес тасымалдау жүзеге асырылатын жолаушы поезының межелі темір жол станциясына дейiн жүру уақытымен айқындалады.
Егер багажды, жүк-багажды тасымалдау жол жүру барысында ауыстырып тиеу арқылы жүзеге асырылса, онда жеткiзiп беру мерзiмi әрбір ауыстырып тиеу үшiн бір тәулiкке арттырылады.
2. Жолаушыға, алушыға багаж, жүк-багаж баратын станцияда багаж, жүк-багаж квитанциясын және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн берiледi.
3. Багажды, жүк-багажды беру жолаушылар тасымалы жөніндегі операциялар үшiн станция ашық болған уақыт iшiнде жүргiзiледi.
70-бап. Сақтаудың шектi мерзiмi аяқталуының салдары
1. Жолаушы, алушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды, жүк-багажды алмаған жағдайда, тасымалдаушы оны баратын станцияда, келген күнiнен бастап - отыз күн бойы, ал кедендiк бақылаудағы багаж бен жүк-багажды он бес күн бойы сақтауға мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған сақтаудың шектi мерзiмi аяқталысымен, тасымалдаушы багаж бен жүк-багажды уәкiлеттi мемлекеттік органдардың (салық, кеден және өзге де) билiгiне бередi. Осы кезден бастап жолаушы, жөнелтушi, алушы оларға құнын өтеу немесе багажды, жүк-багажды алу мәселесi бойынша өтiнiш жасауға құқылы.
3. Багаж, жүк-багаж (алып қойылған, тәркiленген, иесiз деп танылған) соттардың және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша сатылған жағдайда тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты шеккен шығыстары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешімдерін орындауға құзыретті тұлғалардың атқарушылық іс-әрекеттерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстары ретінде өтеледі.
71-бап. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
72-бап. Почта жөнелтілімдерiн тасымалдау
Почта жөнелтілімдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен почта вагондарымен жүзеге асырылады.
10-тарау. Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік
73-бап. Тасымалдау жөніндегі мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ толықтырылды
1. Тасымалдаудан туындайтын мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және темір жол көлiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалған шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауапты болады.
Мiндеттеменi бұзған тарапты жауапқа тарту, құқығы бұзылған тараптың талап етуi бойынша ғана жүргiзiледi.
2. Тараптардың осы Заңда белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою мақсатындағы келісімдерi жарамсыз болып табылады.
Тараптар өзара келісім бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн ұлғайта алады, сондай-ақ тасымалдау шарты бойынша қосымша жауапкершiлiк көздей алады.
3. Тасымалдау жөніндегі мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершiлiктерi осы Заңда, жүктердi, жолаушыларды тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ тасымалдаушылар арасындағы шарттарда белгiленедi.
4. Тасымалды бірнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда олар жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) алдында багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жоғалғаны, жетiспеушiлiгi, бұзылғаны (бүлiнгенi), жеткiзiп беру мерзiмiн өткiзiп жiбергенi үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады.
5. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жауапқа тартылса, оның кiнәлiлерге керi талап қоюға құқығы бар.
74-бап. Тұрақсыздық айыбы
1. Жүк тасымалы бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн кiнәлi тарап Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда немесе шартта белгiленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
2. Тасымалдаушыға тиiстi төлемдi мерзiмiн өткiзiп төлегенi үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде бөтен адамдардың ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны үшiн белгiленген жауапкершiлiк мөлшерiнде тұрақсыздық айыбы алынады.
3. Тараптардың өзге шарттары болмаған ретте төлем жасалған сомадан, ең алдымен - тұрақсыздық айыбының сомасы, ал қалған бөлiгiнен борыштың негiзгi сомасы өтеледi.
75-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
Тасымалдаушы жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жауапты болады.
Жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi жолаушының поезда отырған және вокзал аумағында поезға отырғызу (одан түсiру) кезiнде туындайды.
76-бап. Тасымалдаушының багажды, жүктi, жүк-багажды жоғалтқаны, олардың жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) үшiн жауапкершiлiгi
1. Тасымалдаушы жүктi, багажды, жүк-багажды тасымалдауға алған кезден бастап жүк алушыға, алушыға берген кезге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Багажды, жүктi, жүк-багажды жоғалтқаны, оның жетiспеуi, бұзылуы (бүлiнуi) үшiн мүлiктiк жауапкершiлiк оларды қабылдаған - тапсырған кезден бастап ауысады.
3. Тасымалдауға құндылығы жарияланбай қабылданған жүктi жоғалтқаны, оның жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) үшiн тасымалдаушы мына мөлшерде:
1) жоғалтқан немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген жүктiң құны мөлшерiнде;
2) бұзылған (бүлiнген) жағдайда - жүктiң құны төмендеген сома мөлшерiнде жауапты болады.
Жүктiң құны сатушының шотында, шартта көрсетiлген баға негiзге алынып, ал ол болмаған кезде салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас тауарлар үшiн алынатын баға негiзге алынып анықталады.
4. Тасымалдауға құндылығы жарияланып тапсырылған багаж бен жүк-багажды, сондай-ақ жүктi жоғалтқаны, олардың жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) үшiн тасымалдаушы жарияланған құндылығы мөлшерiнде жауапты болады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тасымалдаушы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген зиянның орнын толтырумен бірге, егер тасымал ақысы олардың құнына кiрмейтiн болса, жоғалтқан, жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) багажды, жүктi, жүк-багажды тасымалдау үшiн алған тасымал ақысын қайтарады.
6. Багаж, жүк, жүк-багаж жеткiзiп беру мерзiмiнен жетi күн өткеннен кейiн жоғалды деп есептеледi.
Багаж, жүк, жүк-багаж аталған мерзiм өткеннен кейiн келген жағдайда, алушы оларды қабылдай алады және тасымалдаушының жоғалтқаны үшiн төлеген сомасын қайтара алады.
7. Егер тасымалдаушы жүктiң немесе багаждың жоғалуы, жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүктiң немесе багаждың жоғалуына жауап бередi.
8. Темір жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмейтiн жүктi берген жағдайда, мұндай жүктi тасымалдаушы тиеген болса, ол жүк алушы алдында жүктiң темір жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген құны мөлшерiнде, оны жоғалтқанмен бірдей жауапкершiлiкте болады.
77-бап. Жүк тасымалдау жоспары бойынша өтiнiмдердi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдаушы қабылданған өтiнiмге сәйкес көлiк құралдарын бермегенi, ал жүк жөнелтушi жүктi ұсынбағаны, сондай-ақ берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн, айлық есептiк көрсеткiш шамасынан мынадай мөлшерде процентпен есептелетін айыппұл түрінде өзара мүлiктiк жауапкершiлiкте болады:
1) жүктi контейнерлермен тасымалдағанда:
брутто салмағы қоса алғанда бес тоннаға дейiн әр контейнер үшiн он бес процент;
брутто салмағы қоса алғанда бес тоннадан он тоннаға дейiн әр контейнер үшiн отыз процент;
брутто салмағы он тоннадан артық әр контейнер үшiн алпыс процент;
2) жүктi рефрижератор вагондардан, транспортерлардан басқа вагондарда тасымалдаған кезде - әр вагон үшiн бір жүз елу процент;
3) рефрижератор вагондарда, транспортерларда тасымалдаған кезде - әр вагон, транспортер үшiн екi жүз тоқсан процент.
2. Жүктi (вагондармен ғана тасымалдау белгiленген) тар табанды теміржол желiлерiмен тасымалдаған кезде - осы баптың 1-тармағында көзделген айыппұлдардың елу процентi мөлшерiнде мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
3. Жүк тасымалдау өтiнiмiн орындамағаны үшiн айыппұл вагондарды, контейнерлерді пайдаланғаны үшiн төлемге қарамастан алынады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Жүк жөнелтуші тасымалдаушыны вагондардың (контейнерлердің) пайдаланылмағаны туралы тиеуге дейін кемінде үш тәулік бұрын ескерткен жағдайда айыппұл сомасы үштен бір бөлігіне азайтылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Тасымалдаушының қабылданған өтiнiмге сәйкес жылжымалы құрамның берiлмегенi үшiн айыппұл төлеуi оны жылжымалы құрамды беру жөніндегі одан әрi атқаратын мiндеттемелерден босатпайды. Жылжымалы құрам жүк жөнелтушiмен келісілген ұзартылған мерзiмде берiлмеген жағдайда, егер тасымалдаушы жылжымалы құрамның берiлмеуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, тасымалдаушы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 5 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жүк алушы, сондай-ақ басқа да тұлғалар өздерiне тиесiлi емес вагондарды, контейнерлердi өздерiнiң тасымалдары, жүктерiн сақтауы үшiн пайдалануға, сондай-ақ олардың иелерiнiң рұқсатынсыз, егер бұл тиiстi шарттарда көзделмесе, тиеу үшiн пайдалануға құқығы жоқ.
2. Мұндай талапты сақтамағаны үшiн кiнәлi тарап вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы төлеумен қатар көлiк құралдары иесiнiң алдында вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы мөлшеріндегі айыппұл түрiнде мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген айыппұлды төлеу кiнәлi тарапты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленген иеленушi алдындағы мүлiктiк жауапкершiлiктен босатпайды.
79-бап. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әр тәулiгi үшiн, соның iшiнде тiкелей аралас қатынаста тасымалдаған кезде жолдың темір жол бөлiгi үшiн, егер тасымалдаушы мерзiмнiң өтiп кеткенi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүк алушыға темір жол көлiгiмен тасымалдағаны үшiн тасымал төлемiнiң бес процентi мөлшерiнде, бірақ тасымал төлемiнiң елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
Тасымалдаушыға тиесiлi емес бос вагондарды жеткiзiп беру мерзiмiн өткiзiп жiбергенi үшiн де тасымалдаушыдан осы мөлшерде айыппұл алынады.
2. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор Қазақстан Республикасы заңдарының тауарлар экспортына, импортына, транзитiне арналған құжаттарды ресiмдеу жөніндегі талаптарын бұзғаны, оның салдары кеден, шекара немесе бақылау жасау түрлерiнiң басқа да органдарының вагондар мен контейнерлердi кiдiртiп қоюына әкеп соққаны үшiн тасымалдаушының пайдасына вагондарды, контейнерлердi пайдалану ақысы мөлшерiнде айыппұл алынады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 79-1-баппен толықтырылды
79-1-бап. Жүктi уақтылы түсiрмегені (босатпағаны) үшін жауапкершілік
Жүк алушылар жүктердi уақтылы түсірмеген (босатпаған) кезде тасымалдаушы жүктерді тиеу (түсіру) технологиялық уақытынан тыс жиырма төрт сағаттан артық кідіртілген вагондарды және контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемді он еседен аспайтын көлемде арттырады.
Осы төлемді алу кезінде 49-баптың 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
80-бап. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдаушы багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әр тәулiгi үшiн жолаушыға, алушыға, егер мерзiмнiң өтiп кетуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жол жүру ақысының он процентi мөлшерiнде, бірақ жол жүру ақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
Жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кетуi багаж, жүк-багаж жеткiзiлуге тиiс тәулiктегi сағат жиырма төрттен бастап есептеледi.
2. Багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмдерiн бұзғаны үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының, алушының өтiнiшi бойынша жалпы нысандағы актiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
3. Жолаушылар тасымалдайтын жолаушы поезының жөнелтiлуiн кiдiрткенi, сондай-ақ баратын темір жол станциясына кешiгiп келгенi үшiн тасымалдаушы, егер кiдiру немесе кешiгу тежеусiз күштiң салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жолаушының шеккен залалын өтей отырып, оған кешiккен әр сағат үшiн жол жүру құжаты (билетi) құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Өндiрiп алынған айыппұлдың сомасы жол жүру құжатының (билеттiң) құнынан аспауға тиiс.
Жолаушы поезының кешiккенi үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
81-бап. Багажды, жүктi, жүк-багажды тасымалдау шарттарын бұзып тасымалдауға ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Темір жол көлiгi жүкқұжатында жүктiң атауын, оның ерекше қасиеттерiн немесе қажеттi алдын ала сақтық шараларын дұрыс көрсетпегенi, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған жүктi жөнелткенi үшiн жүк жөнелтушiден тасымалдаушының пайдасына осы жағдай салдарынан келтірілген шығындарды өтеумен қатар, тасымалдау құнының бес есе мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
2. Багажды, жүк-багажды жөнелтушi тасымалдауға тыйым салынған багажды, жүк-багажды тасымалдағаны үшiн тасымалдаушы алдында тасымалдау құнының бес есе мөлшеріндегі айыппұл түрiнде жауапты болады, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 82-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
82-бап. Вагонға, контейнерге артық жүк тиегенi үшiн жауапкершiлiк
Вагонға, контейнерге жүк көтерiмдiлiгiнен (сыйымдылығынан) артық жүк тиегенi үшiн жүк жөнелтушiден тасымалдаушының пайдасына келтiрiлген залалдарды өтеумен қатар, тасымал ақысының елу процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
83-бап. Вагондарды, контейнерлердi жүктi түсiргеннен кейiн тазаламағаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдаушының тазаланбаған вагонды, контейнердi қабылдаудан бас тартуға құқығы бар. Вагонның, контейнердiң тазалауда тұрған уақытына жүк алушы тасымалдаушыға пайдаланғаны үшiн ақы төлейдi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Вагонды, контейнерді тазалаудан бас тартқаны үшін жүк алушыдан тасымалдаушының пайдасына тазалау жөніндегі жұмыстардың екі еселеген құны мөлшерінде айыппұл және тасымалдаушының вагонды, контейнерді тазалау орнына жеткізу жөніндегі шығыстары өндіріп алынады.
84-бап. Жылжымалы құрамды, контейнерлердi, түсiретiн тасымалдау құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк
Жылжымалы құрамды, контейнерлердi, түсiретiн тасымалдау және пакеттеу құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн кiнәлi тараптан меншiк иесiнiң (иеленушiнiң) пайдасына жоғалған мүлiктiң немесе қажеттi жөндеудiң құны, сондай-ақ жоғалған мүлiк немесе қажеттi жөндеу құнының елу процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
85-бап. Вагондарды кiрме жолдарға берудi, олардан алып кетудi кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiк
1. Вагондарды кiрме жолдарға беру және олардан алып кету, кiрме жолдарды пайдалану шарттары бойынша тасымалдаушы темір жолдардың кiрме жолдарындағы тиеу және түсiру (жүктен босату) орындарына (орындарынан) вагондарды берудi, алып кетудi, қабылдауды кешiктiргенi үшiн әр вагонға сағатына айлық есептiк көрсеткiш шамасының 1,7 процентi мөлшерiнде айыппұл төлеу түрiнде жауаптылықта болады.
Айыппұл аталған шарттарда көзделген вагондарды беру, алып кету мерзiмiн бұзған кезден бастап кешiктiрiлген бүкiл уақытқа есептеледi.
2. Вагондарды отыз минуттан аз уақытқа кешiктiру есепке алынбайды. Вагондарды отыз минуттан бір сағатқа дейiнгi мерзiмге кешiктiру толық бір сағатқа есептеледi.
86-бап. Жауапкершiлiктен босату
1. Тараптар тасымалдау шартынан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн.
2. Егер мiндеттемелердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау:
1) тежеусiз күштiң, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;
2) әскери iс-қимылдың, төтенше жағдай енгізудiң;
3) осы Заңда белгiленген тәртiппен жарияланған жүк тасымалын, поездардың жүруiн тоқтатудың немесе шектеудiң салдарынан болса, тараптар жауапкершiлiктен босатылады.
87-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату
1. Тасымалдаушы осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа мынадай:
1) жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының), экспедитордың кiнәсiнен мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған;
2) онкүндiктiң жекелеген күндерiнде вагондарды, контейнерлердi бермеудiң орнын осы күнтiзбелiк онкүндiк iшiнде жүк жiберушiнiң келісімi бойынша толтырған;
3) вагондар мен контейнерлердi беру осы Заңның 47-бабының 3-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған немесе жүктердiң жөнелтiлуi кiдiртiлген;
4) жүк алушының жүктi дер кезiнде түсiрмеуi және алып кетпеуi салдарынан жүк бұзылған (бүлiнген);
5) багаж, жүк, жүк-багаж жөнелтушi (жүк жөнелтушi) бекiткен ақаусыз бекіту-пломбалау құрылғылары бар ақаусыз вагонда, контейнерде не ақаусыз жылжымалы құрамда жолшыбай ауыстырып тиелмей, ақаусыз қорғаныш таңбамен немесе дұрыс байламмен келген, сондай-ақ багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сақталғандығын куәландыратын басқа да белгiлерi болған;
6) жүк ерекше табиғи қасиеттерiне байланысты, сондай-ақ оны тасымалдау құжаттарында тасымалдау немесе сақтау кезiнде ерекше жағдайды немесе алдын ала сақтандыру шараларын қажет ететiн ерекше қасиеттерiн көрсетпей тапсыру салдарынан сақталмаған;
7) егер тиеу немесе түсiру (жүктен босату) жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының құралдарымен жүргiзiлiп, жүк жабық вагонға, контейнерге тиелген, түсiрiлген (жүктен босатылған);
8) жүк ашық жылжымалы құраммен тасымалдануына байланысты табиғи себептердiң салдарынан сақталмаған;
9) жүк жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жолсерiгiнiң жолбасшылығымен тасымалданған;
10) жүк жөнелтушi темір жол көлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтер қате, дәл емес немесе толық емес болған;
11) жүк салмағындағы табиғи азаю, ылғалдылықтың төмендеу нормалары шегіндегі айырмашылық және таразылар көрсетуіндегі нормалардың алшақтауы, сондай-ақ жүк тасымалдаушының қатысуынсыз жүк жөнелтушi белгiлеген салмақ бойынша тасымалдауға қабылданған жүк салмағында айырмашылық болған;
12) тез бүлiнетiн жүк тасымалдаудың шектi мерзiмi және температуралық режим сақталған кезде бүлiнген;
13) көлiк ыдысының немесе олардың қасиеттерiнiң көзге көрiнбейтiн кемшiлiктерiнен багаж, жүк, жүк-багаж сақталмаған жағдайларда жауапкершiлiктен босатылады.
2. Тасымалдаушының кiнәсiнен багаждың бүлiну жағдайларын қоспағанда, жолаушы қол жүгi ретiнде өзiмен бірге алып жүретiн багаждың сақталуына тасымалдаушы жауапты болмайды.
88-бап. Жүк жөнелтушiнi, жүк алушыны жауапкершiлiктен босату
Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа мынадай:
1) өзiнiң алдын ала келісімiнсiз берiлген вагондар, контейнерлер пайдаланылмаған;
2) онкүндiктiң жекелеген күндерiнде жүктiң жол берiлген кем тиелуiн осы күнтiзбелiк онкүндiк iшiнде тасымалдаушының келісімiмен толтырған;
3) тығыздап тиеу нәтижесiнде вагондарды, контейнерлердi өтiнiмде көзделген мөлшерден аз пайдаланған;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) тасымалдаушыны вагондарды, контейнерлердi пайдаланбайтындығы туралы жүк тиейтiн күннен кем дегенде жеті тәулiк бұрын ескерткен жағдайларда жауапкершiлiктен босатылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-1-тараумен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10-1-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-1-тарау.
Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 88-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
88-1-бап. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - көлiктiк бақылау) темір жол көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына жүргiзiледi.
2. Көліктік бақылауды жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасының темір жол көлігін қауіпсіз пайдалану және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын сақтау болып табылады.
3. Уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасады, бірлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темір жол көлігі саласында қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне көліктік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдемдесуге міндетті.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 88-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 88-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
88-2-бап. Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
88-3-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
88-4-бап. Уәкілетті органның құқықтары
Уәкілетті орган алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
1) жеке және заңды тұлғалардан уәкілетті органның құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша қажетті ақпараттар, материалдар, анықтамалық деректер сұратуға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) темір жол көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін олардың:
темір жол желісінің станциялық және магистралдық жолдар мен темір жолдағы кірме жолдарды күтіп-ұстауды;
жылжымалы құрамды күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеуді;