жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
417-1-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу
Осы Кодекстің 414 және 434-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
24) 421-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«421-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерге әкетпеу не осы аумаққа қайтармау»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бұрын әкелiнген және (немесе) аяқталған кезiнде белгiленген мерзiмдерде әкету көзделетiн белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ, егер мұндай әкету мiндеттi болған жағдайларда, Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерлерге әкетпеу, не бұрын әкетiлген және (немесе) аяқталған кезiнде белгiленген мерзiмдерде керi әкелу көзделетiн белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ, егер мұндай әкелу мiндеттi болған жағдайларда, белгiленген мерзiмдерде Кеден одағының кедендiк аумағына қайтармау - »;
25) 423, 424, 425, 426, 427 және 428-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«423-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге орналастырылған тауарлармен және көлiк құралдарымен заңсыз операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсiмiне сәйкес келмейтiн операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету, сол сияқты есеп жүргiзу және есептiлiктi ұсыну тәртiбiн және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген өзге де шектеулердi, кедендiк рәсiм талаптары мен шарттарын сақтамау -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
424-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн сақтамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн тыйым салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн бұза отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
425-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуi
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуi, оның iшiнде «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлiк құралдарын мiндеттi жазбаша декларациялау жөнiндегi талаптарын, сондай-ақ тауарларды иесімен жөнелтілмейтін багажбен өткiзу тәртiбiн сақтамау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«426-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу, яғни, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткізудің Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындаған орындарынан тыс жерлерден немесе көрсетiлген орындарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан жүз пайыз мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан екі жүз пайыз мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
427-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендік бақылаудан жасыру
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендік бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа тәсiлдердi пайдалану арқылы жасыру немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылған тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен заттарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындарымен бірге тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
428-бап. Құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды, анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсыну арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ жасанды сәйкестендiру құралдарын не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты түпнұсқалық сәйкестендіру құралдарын пайдалану, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
26) 429-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жүз, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
27) 430-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«430-бап. Кеден одағының кеден аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден одағының кеден аумағына кедендік бақылауға соқпай не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалана отырып әкелiнген не декларацияланбаған немесе анық декларацияланбаған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты кедендік төлемдер және салықтар бөлiгiнде кедендік жеңiлдiктер берiлген, осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және сатып алу -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
28) 431, 434, 434-1 және 438-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«431-бап. Пайдалануға және (немесе) билік етуге шек қойылған тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билiк ету тәртiбiн бұзу
Пайдалануға және (немесе) билік етуге шек қойылған тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен өзге, оның ішінде оларға байланысты осындай жеңілдіктер берілген мақсаттарда пайдалану және (немесе) оларға билiк ету -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«434-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімдерін бұзу
Төлеушілердің, оның ішінде кеден өкілі, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар адамдардың кедендік төлемдерді және салықтарды белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды негізгі кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босатудың берілуіне байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдерді және салықтарды кезең-кезеңмен төлеуді көздейтін кедендік рәсімдерді жүргізуге тауарларды мәлімдеу кезінде кедендік декларацияны беру мерзімдері бұзылған жағдайда төлемеуі, қылмыс белгілері болмаған кезде -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - кеден өкілдерінің немесе уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастай отырып, кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайыз мөлшерінде, бірақ барлық жағдайларда кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
434-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талаптарын орындамау
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері қолданылған кезде төлеуші кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайларда банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талабын орындамауы -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан қырық пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайыз мөлшерінде, бірақ, барлық жағдайларда кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«438-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын орындамау
Адамдардың Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сол сияқты кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы талаптарын Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мерзімдерде орындамауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
29) 532-бап алып тасталсын;
30) 541-баптың бірінші бөлігінде:
«95 - 110-1,» деген цифрлар «95 - 110-1, 122,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«147-11,» деген цифрлар «147-11 (жетiншi және тоғызыншы бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«203,» деген цифрлардан кейін «206-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«218-1 (жетінші бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
«336 (үшiншi бөлiгiнде),» деген сөздер «336 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 543-бапта:
бірінші бөлік «131,» деген цифрлардан кейін «131-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
2) және 4) тармақшалар «131,» деген цифрлардан кейін «131-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осы Кодекстің 394-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - көші-қон полициясының арнаулы атақтары бар қызметкерлері.»;
32) 554-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 123 (екінші бөлігінде), 175 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық тұрғыдан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 220 (бірінші бөлігінде), 240, 240-1, 241 - 246 (бірінші бөлігінде), 247 - 250, 261, 264, 265, 270 - 272, 275 (екінші бөлігінде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 304 (бірінші бөлігінде), 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 306-1 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 306-3 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
33) мынадай мазмұндағы 554-2-баппен толықтырылсын:
«554-2-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган
1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 147-11 (бірінші - алтыншы, сегізінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;
34) 570-баптың бірінші бөлігіндегі «205 - 208,» деген цифрлар «205 - 206-1, 207, 208,» деген цифрлармен, «218-1 (бірінші - алтыншы, сегізінші бөліктерінде),» деген сөздер «218-1,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
35) 570-1-баптың бірінші бөлігіндегі «206-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
36) 580-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн немесе әрекеттi әкiмшiлiк құқық бұзушылық ретiнде саралау соған байланысты болатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы iсте қолданылуға жататын өзге де нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің конституциялық емес деп тануы;»;
37) 584-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Он сегіз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік шығарып жіберу немесе адамға берілген арнайы құқықтан (көлік құралдарын басқару құқығын қоспағанда) айыру түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соқтыратын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік жауапқа тартылып отырған адамның қатысуы міндетті.»;
38) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзацтағы «336,» деген цифрлар «336 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (122, 240-2, 246 (екiншi бөлiгi), 283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-1 (үшiншi бөлiгi), 306-3 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 317-1 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 356-баптар);»;
жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (231 (екінші бөлігі), 232, 233, 235 (екінші бөлігі), 235-1 (төртінші бөлігі), 237, 278 (бірінші бөлігі), 356, 357-1-баптар);»;
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органның (356-бап);»;
отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері), 213 (төртінші - алтыншы бөліктері), 214, 357-1, 357-2-баптар);
қаржы полициясы органдарының (140 (екінші бөлігі), 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 151, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 158-4, 159 (үшінші және төртінші бөліктері), 162, 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 176 (бірінші бөлігі), 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 200, 203, 211, 213 (бесінші және алтыншы бөліктері), 214, 217, 275-1, 306-2, 355, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 514 - 519, 521, 522, 529, 533 - 535, 537-1-баптар);
салық қызметi органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері), 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртінші - алтыншы бөліктері), 214, 357-1, 357-2, 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 533 - 535-баптар);
кеден органдарының (140 (екінші бөлігі), 400-1, 400-2, 405 (бірінші бөлігі), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433-баптар), сондай-ақ осы Кодекстің 323 (екінші бөлігі), 357-1, 461 (3-1-бөлігі) - баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);»;
қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның (147-11 (жетінші және тоғызыншы бөліктері), 147-12 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын асырып жіберу бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі)-баптар);»;
елу бірінші абзацтағы «336,» деген цифрлар «336 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 650-бап мынадай мазмұндағы 1-2-бөлікпен толықтырылсын:
«1-2. Өзіне қатысты іс қаралған адамның іс-әрекеттерінде осы Кодекстің басқа бабында немесе 2-бөлімі ерекше бөлімінің бабының бөлігінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, сот құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көздейтiн бабына немесе бабының бөлігіне өзгертуге құқылы.»;
40) 654-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған кезде, сондай-ақ әкімшілік заңнаманы бұзушылық болған кезде судья жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгізеді.».
8. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдар (селолар)», «ауылдардың (селолардың)», «ауылдың (селоның)», «ауылда (селода)»,» «Селодағы», «ауылдарды, селолар», «село», «селолық» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдық», «ауылдар», «ауылдардың», «ауылдың», «ауылда»,«Ауылдағы», «ауылдар», «ауыл», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
90-баптың 7-тармағындағы «ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдарда, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
154-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдардың, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 18-баптың 2) тармақшасындағы «ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 238-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «Ауылдық (селолық)» деген сөздер «Ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын.