Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның ведомстволары, ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық және өзге де органдары өздері тұрған жерден тыс жерлерде уәкілетті органда есептік тіркелуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құра алады.
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ұлттық қауіпсіздік органдары функцияларының бір бөлігін орындайды.»;
3) 17-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 г., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат):
29-баптың 2-тармағындағы «, селода» деген сөз алып тастылсын.
23. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 г., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
19-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы «ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
24. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж, № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 2-баптың 44-1) тармақшасындағы «оны» деген сөз «арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан оны» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 101-1-бапта:
4-тармақтағы «не қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын жаймен» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы «Әскери қызмет өтілі» деген сөздер «Әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет өтілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 101-3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 101-4-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері орындамаған жағдайларды қоспағанда, олар тұрғын үйге мұқтаждар мәртебесінен айырылған;»;
4) 101-6-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған, сондай-ақ осы Заңның 101-4-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде бұл туралы қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органды тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде хабардар етуге;»;
5) 101-8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қаза табуы (қайтыс болуы):
1) өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзетін жағдайларды қоспағанда, өзiне-өзi қол жұмсауы салдарынан;
2) қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;
3) алкогольдік, есiрткiлік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйде болуын туындататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) тұтыну салдарынан;
4) бiржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзiне қасақана қандай да бiр дене зақымын келтіру (дене мүшесiн зақымдау) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтiру салдарынан;
5) қызмет өткеру туралы келісімшарт талабын бұзған қызметкердің іс-әрекеттері салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.».
25. «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 87-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 15, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат):
78, 79 және 80-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«78-бап
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы - Қазақстан Республикасының аумағында жай және аударым коммерциялық вексельдерiн шығаруға, вексельдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылғандары бойынша талап ету құқығын басқаға беруге, осындай вексельдер мен оларға байланысты операциялар жөнiндегi мiндеттемелерді орындауға, оларды есеп кеңселерiнiң есепке алуына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта есепке алуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының жай және аударым вексельдерiн шығаруына байланысты қалыптасатын қатынастар жиынтығы.
Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі негізінде жай және аударым вексельдерiн шығарады.
79-бап
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы жөнiндегi қатынастар Женева вексель конвенцияларымен, сондай-ақ осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң соларға сәйкес шығарылған нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұратын Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
80-бап
Вексельдiк мiндеттеме вексель берушiнiң тиiстi дәрежеде ресiмделген вексельдi берген кезінен бастап пайда болады. Коммерциялық вексель сатып алу-сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (қаржылық қызметтер көрсетудi қоспағанда) шарттары бойынша төлемдi кейiнге қалдыру үшiн берiледi.
Егер вексель осы Заңның 1 - 9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес жасалса, вексельдiк мiндеттеменiң күшi болады.».
26. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
1) 1-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмылдыру резервi - мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қолдану, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын қолдану, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;»;
2) 9-баптың тақырыбы мен 3-тармағындағы «ауыл (село), ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауыл, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайда және тәртіппен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қолдану, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын қолдану, гуманитарлық көмек көрсету үшін бейбіт уақытта пайдаланылуы мүмкін.».
27. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «ауылдардың (селолардың)», «ауылдық (селолық)» «ауылдың (селоның)», «ауылдар (селолар)» деген сөздер тиісінше «ауылдардың», «ауылдық», «ауылдың», «ауылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус талап еткен кезден бастап күнтізбелік он күн мерзiмнен кешiктiрмей оларды нотариусқа ұсынуға мiндеттi.»;
3) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның қолданылуы мұндай шешiм нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайларды жойғаны туралы мәліметтерді назарға жеткізген күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзімде лицензиар лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.»;
4) 24-баптың 2-тармағындағы «жауапқа тартуы мүмкiн» деген сөздер «жауапқа тартады» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 32-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) нотариустың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін белгілейді;»;
6) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 37-бабында санамаланған лауазымды адамдар өсиет куәландырылған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, осындай мүмкiндiк пайда болған кезде куәландырылған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерiндегi нотариусқа сақтауға дереу беруге мiндеттi.»;
7) 41-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Басқа бiр мүдделi адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактінi сотта даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi бойынша нотариаттық iс-әрекет жасау күнтізбелік он күннен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылады. Егер осы мерзiм iшiнде соттан өтiнiштiң келіп түскенi туралы хабар алынбаса, нотариаттық iс-әрекет жасалуға тиiс.»;
8) 48-бапта:
1-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылған кезде, нотариус нотариаттық iс-әрекет жасауға ол өтiнiш берген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде жазбаша түрде бас тартудың себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi.»;
9) 95-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде баяндалған мән-жайды растау ретінде кеме капитаны сауда мақсатында теңiзде жүзуді реттейтiн заңнамаға сәйкес нотариусқа қарап шығу үшiн кеме журналын және кеме журналынан капитан куәландырған үзiндiнi мәлiмдемемен бiр мезгілде не портқа кiрген кезден немесе, егер оқиға портта орын алса, ол болған кезден бастап күнтізбелік жетi күннен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.».
28. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат):
1) 5-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шарт жасасу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен заң көмегіне ақы төлеу қағидаларында белгіленеді.»;
2) 8-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы адвокаттың тағылымдамадан өтушісі болып табылады.»;
3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Лицензия беруден бас тарту
Лицензия беруден «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негiздер бойынша бас тартылады.»;
4) 17-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттiк қызметшiлер және мемлекеттiк емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге мiндеттi.»;
5) 20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуге тиіс, ол басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы емес.»;
6) 33-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасын жазбаша хабардар етуге және адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын оның иелігіне ұсынуға мiндеттi.».
29. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат):
1) 1-баптың 8), 11) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
29-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«8) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, баспа және электрондық-цифрлық нысандағы нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерімен және толықтыруларымен бірге) жиынтығы, олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледі;»;
«11) нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат, сондай-ақ жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;»;
«14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаларға толық сәйкес келетін графикалық форматта жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;»;
2) 2-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген нормативтік актілер құқық нормаларын қамтымауға тиіс.»;
3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Мерзімдерді есептеу
1. Заңнамада белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен немесе басталуы сөзсіз болатын оқиға көрсетіле отырып айқындалады. Мерзім жылдармен, тоқсандармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт кезеңі ретінде де белгіленуі мүмкін.
2. Жылдармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
Айлармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
Апталармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және және мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде аяқталады.
Күндермен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және және белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады.
Сағаттармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған оқиға басталған минуттан басталады және белгіленген кезеңнің соңғы минутында аяқталады.»;
4) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ, жақша ішінде - «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» жинағында олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не егер нормативтік құқықтық акт көрсетілген жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланған жылы, күні, айы және ресми жарияланымның өзге де дереккөзінің атауы көрсетіледі.»;
5) 21-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ, жақша ішінде - «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» жинағында олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не егер нормативтік құқықтық акт көрсетілген жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланған жылы, күні, айы және ресми жарияланымның өзге де дереккөзінің атауы көрсетіледі.»;
6) 30, 33 және 34-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялаудың міндеттілігі
1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, сондай-ақ, қазақ тілінде - «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және орыс тілінде - «Вестник Национального Банка Республики Казахстан» ресми басылымдар болып табылады.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарында және осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты ресми жариялау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын инитернет-ресурста жүзеге асырылады.
3. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау олар күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.
4. Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкес келуіне сараптамадан өткізілген жағдайда жүзеге асырады.
Нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң кейiннен ресми жариялануының белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауды әдiлет органдары жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттігі туралы шешімді дербес қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды.
5. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуға тиіс.
6. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.»;
«33-бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау
1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында айқындалатын тәртіппен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаға толық сәйкес келетін графикалық форматта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оларды осындай тіркеуге ұсынған органдар күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жібереді.
34-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау
1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында айқындалған тәртіппен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаға толық сәйкес келетін графикалық форматта, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
2. Мәслихаттардың тіркелген нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің тіркелген нормативтік құқықтық қаулыларының және әкімдердің тіркелген нормативтік құқықтық шешімдерінің елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оларды осындай тіркеуге ұсынған органдар күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жібереді.»;