12. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «ауылдың (селоның)», «ауылдық (селолық)», «ауылдарда (селоларда)», деген сөздер тиісінше «ауылдың», «ауылдық», «ауылдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін пайдаланылады.»;
3) 42-баптың 3-тармағындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы» деген сөздер «әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 53-баптың 1-тармағында:
2) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;»;
5) тармақшаның төртінші абзацындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы» деген сөздер «әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Ресубликасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16,128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)», «Селолар (ауылдар)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолар, ауылдар» деген сөздер тиісінше «ауылдардың, ауылдық», «Ауылдар», «ауыл, ауылдық», «ауылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 456-баптың кестесінің 2.2. жолы алып тасталсын;
3) 557-баптың 3-тармағының 9) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді. Ұсынылатын салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және оларды беру тәртібін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;»;
«11) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік органдарға береді.
Ұсынылатын салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдармен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;»;
13-тармақтың 4) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 598-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтініш беруге құқылы.».
14. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) апаттар медицинасы - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі - төтенше жағдайлар) медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған, халық ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуді қамтитын медицина және денсаулық сақтау саласы;»;
2) 6-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсетудің тәртібін, түрлері мен көлемін айқындайды;»;
3) 9-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;»;
4) 51-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде апаттар медицинасы қызметінің медициналық көмек көрсету нысаны.».
15. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті»;
мынадай мазмұндағы 221-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«221-1-бап. Кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау»;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
3) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттіктерін айқындайды;
4) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;
5) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;
6) кедендік әкімшілік етуді жүзеге асырады;
7) тауарлар мен көлік құралдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;
8) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы хабардар етуді, оның ішінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар етуді тұрақты негізде қамтамасыз етеді;
9) кедендік статистиканы жүргізеді;
10) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 4-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган - кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
50-1) тармақша мындай редакцияда жазылсын:
«50-1) уәкілетті заңды тұлға - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы заңды тұлға;»;
4) 221-баптың 18 - 28-тармақтары алып тасталсын;
5) мынадай мазмұндағы 221-1-баппен толықтырылсын:
«221-1-бап. Кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау
1. Кедендік тексеру аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамдары:
1) тексеру жүргізу орнын, акт жасау күнін;
2) кеден органының тексеру жүргізген лауазымды адамдарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);
3) тексерілетін адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) не тұлғаның толық атауын;
4) тексерілетін тұлғаның тұрған жерін, банктік деректемелерін, сәйкестендіру нөмірін;
5) тексерілетін тұлғаның басшысы мен кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);
6) алдыңғы тексеру және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
7) тексерілетін тұлға ұсынған құжаттар туралы мәліметтерді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, кеден ісі саласында анықталған құқық бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасын;
9) тексеру нәтижелері, кедендік тексеру жүргізу кезінде қабылданған шешімдер туралы мәліметтерді;
10) кедендік тексеру жүргізген кеден органын;
11) кедендік тексеру нысанын көрсете отырып, кедендік тексеру актісін жасайды.
2. Кедендік тексерудің нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын кедендік тексеру актісі жасалған күн кедендік тексеру аяқталған күн болып есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеру актісін кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.
Кедендік тексеру актісінің бірінші данасы кедендік тексерудің материалдарына қоса тігіледі, екінші данасы кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілетін тұлғаға табыс етіледі немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтілімімен жіберіледі.
3. Егер кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған болса, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
4. Кедендік тексеру актісіне кеден органының лауазымды адамы жүргізген құжаттардың көшірмелері, есеп айырысулар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.
5. Тексеру актісі тексеру актілерін арнайы тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекітілуге тиіс.
6. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тексеру актісіне тиісті жазба жазылады.
7. Кедендік тексеруді жүргізу кезінде оның нәтижелері бойынша Кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектерді өтеу туралы хабарлама шығарылады және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы талап қойылады.
Хабарлама кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайларда шығарылады.
Кедендік тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпейтін бұзушылықтар анықталған жағдайларда қойылады.
8. Хабарлама осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіпке сәйкес тексерілетін адамға жіберіледі.
9. Бұзушылықтарды жою туралы талап тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру актісімен бір мезгілде табыс етіледі немесе жолданады.
Бұзушылықтарды жою туралы талапты орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға талап табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.
10. Тексерілетін тұлғаның тексеру нәтижелеріне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға құқығы бар.»;
6) 240-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден органдары ұстаған және осы Кодекстің 238-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімдерде осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген тұлғалар талап етпеген тауарлар уәкілетті заңды тұлғаның өткізуіне жатады, ал осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда, мұндай тауарлар жойылуға немесе өзгеше пайдалануға жатады.»;
7) 479-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиісті лауазымдарды атқару үшін денсаулық жағдайына қойылатын арнайы талаптар біліктілік талаптарында белгіленген жағдайларда, лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін аурулардың жоқ екені туралы медициналық мекеме қорытындысының болуы;».
16. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Ресубликасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат):
179-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «Ауыл (село)», «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауыл, «ауылдық», «Ауыл», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 2, 8-құжат):
1) 12-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары мен мекемелерi әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдайды енгізу кездерінде Ішкi әскерлердің әскери бөлiмдері мен бөлiмшелері өз мiндеттерiн орындаған кезде оларды басқару үшiн байланыс желілерi мен арналарын тегiн бередi.»;
2) 26-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жаппай тәртiпсiздiктің жолын кесу кезінде, оның ішінде түзеу мекемелерiнде, тергеу изоляторларында, түрмелерде жолын кесу кезінде, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдайды енгізу кезінде.».
18. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 5-баптың екінші бөлігіндегі «ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 6-баптың екінші бөлігіндегі «ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
19. «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат):
3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Қалалар мен басқа да елдi мекендердiң санаттары
Қалалар мен басқа да елдi мекендер мыналарға бөлінеді:
1) республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады;
2) облыстық маңызы бар қалалар, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады;
3) аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсiп орындары, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын, халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамын жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер жатады;
4) кенттер, оларға өнеркәсiп орындарының, құрылыстардың, темiр жол стансаларының және басқа да экономикалық тұрғыдан маңызды объектiлердiң жанындағы, халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын, олардың кемiнде үштен екiсiн жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер жатады;
кемiнде 2 мың халқы бар, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi; оларға қала тұрғындарының жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;
5) ауыл - халқының саны кемінде 50 адам болатын, олардың кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығымен, бал ара шаруашылығымен, балық аулау мен балық өсіру шаруашылығымен айналысатын қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен;
6) халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елдi мекеннiң құрамына енгiзiледi.».
20. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
1) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Төтенше жағдайлар кезінде көлiк жұмысын ұйымдастыру
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізген кезде төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою үшiн көлiк кәсiпорындарының шарттық қатынастары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның, жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Көлiк кәсiпорындары әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі кезінде көлік жұмысын ұйымдастыру үшін көлiк құралдарының иелеріне бірінші кезекте қызмет көрсету жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай енгізілген кезде көлiк кәсiпорындарының жұмылдыру дайындығы іс-шараларын, азаматтық қорғаныс және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етумен байланысты тасымалдарды жүзеге асыру бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражатынан өтеледi.
Көлiк кәсiпорындары дүлей зілзалалар мен авариялардың, сондай-ақ төтенше сипатқа ие өзге де мән-жайлардың зардаптарын жою жөнiнде дереу шаралар қолдануға мiндеттi.»;
2) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
«22-1-бап. Құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға көлік беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін көлікті пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
Осы бапта көзделген жағдайларда көлік құралдары иелеріне олардың көлігін пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.».
21. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 г., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж.,№ 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат):
1) 5-баптың 4-тармағындағы «олардың әскери қызметшiлерiнiң және қызметкерлерінің» деген сөздер «олардың қызметкерлерінің, әскери қызметшiлерiнiң және жұмыскерлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.