Қаулы тергелiп жатқан iс бойынша адамды күдікті деп тану туралы шешiмдi қамтуға тиiс. Адамды күдікті деп тану туралы қаулы сол адамға ұсынылады. Тергеушi күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамға күдiктiнiң құқықтарын түсiндiруге және осы қаулының көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi.
Адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн оның көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi.
3. Қылмыстық iзге түсу органының:
1) ұсталған адамды - жетпiс екi сағаттан артық;
2) жолын кесу шарасы қолданылған адамды - сезiктiге бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы жарияланған сәттен бастап он тәулiктен артық сезiктi адам жағдайында ұстауға құқығы жоқ.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмдер аяқталған сәтте қылмыстық iзге түсу органы сезiктiнi қамаудан босатуға, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының күшiн жоюға не оны айыпталушы ретiнде тарту туралы қаулы шығаруға мiндеттi.
5. Күдiк жеткiлiктi негiзделмеген деп тапқан қылмыстық iзге түсу органы осы баптың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмдер аяқталғанға дейiн сезiктiнi қамаудан босатуға, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының күшiн жоюға мiндеттi.
6. Адам оған қатысты қудалау тоқтатылған сәттен бастап, не қылмыстық қудалау органы оны айыпталушы ретiнде тарту туралы қаулы шығарған сәттен бастап сезiктi жағдайында болуын тоқтатады.
7. Күдікті:
1) ұстауды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетінше немесе өзінің туысқандары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы, егер күдікті, оның туысқандары немесе сенім білдірген адамдары қорғаушыны шақырмаған жағдайда тергеуші, анықтаушы осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен оның қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия жолығуға;
5) күдікті одан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана түсініктеме мен айғақ беруге;
6) өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы қаулының, оны күдікті деп тану туралы қаулының ұстау хаттамасының және бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмелерін алуға;
7) түсініктеме мен айғақ беруден бас тартуға;
8) дәлелдер ұсынуға;
9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;
10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге;
11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
12) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;
12-1) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;
13) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертпелер беруге;
14) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге;
15) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға құқылы.
8. Сезiктiнiң қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң болуы сезiктiнiң қандай да болсын құқығын жою немесе шектеу үшiн негiз бола алмайды.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 69-бап өзгертілді
69-бап. Айыпталушы
1. Өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған және бекіткен не тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған адам айыпталушы болып танылады. Сотқа берілген, ал жеке айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы, - сотталушы, өзiне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы, сотталған адам, өзiне қатысты ақтау үкімі шығарылған айыпталушы, ақталушы деп аталады.
2. Айыпталушы:
1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігінің болуына;
2) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және қылмыстық іс қозғалғандығы туралы, өзінің айыпталушы ретінде тартылғаны туралы қаулылардың көшірмелерін алуға;
3) қылмыстық қудалау органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;
4) қылмыстық процесті жүргізуші органның өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылданғаны туралы хабардар етуіне;
5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға;
6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге;
7) айғақ беруден бас тартуға;
8) дәлелдер ұсынуға;
9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;
10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге;
11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
12) қорғаушысының болуына;
13) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушысымен оңаша және құпия жолығуға;
14) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;
14-1) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;
15) өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
16) сараптама тағайындалған, жүргізілген кезде, сондай-ақ оған сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 244, 254, 354 және 355-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;
17) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;
18) айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытындысының және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға;
19) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге;
20) ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге;
21) жария сот талқылауын талап етуге құқылы.
2-1. Сотталушының:
1) бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі соттың қарауына қатысуға;
2) қорғау тарапының барлық құқықтарын, сондай-ақ ақырғы сөз құқығын пайдалануға құқығы бар.
2-2. Сотталған адамның немесе ақталған адамның:
1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;
2) соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағым жасауға және шағымдалған шешімдердің көшірмелерін алуға;
3) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге;
4) келтірілген шағымдар мен наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.
3. Iске айыпталушының қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң қатысуы айыпталушының қандай да болмасын құқығын жою немесе шектеу үшiн негiз бола алмайды.
2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен 70-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 70-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
70-бап. Қорғаушы
1. Қорғаушы - заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.
2. Қорғаушы ретінде адвокат қатысады. Қорғаушы ретінде қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы кезінде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғауды одан басқа оның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы не қамқоршысы, қорғаншысы не күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдік адвокаттардың іске қорғаушылар ретінде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада белгіленген тәртіппен жол беріледі.
3. Қорғаушы айып тағылған не адам осы Кодекстiң 68-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес сезiктi деп танылған кезден бастап, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің кез келген келесі сәтінде iске қатысуға жiберiледi.
4. Бiр адам, егер сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.
5. Адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен; 2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 71-бап өзгертілді
71-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы
1. Қорғаушының қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы, егер:
1) ол туралы күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтiнiш жасаса;
2) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелетке толмаса;
3) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
4) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;
5) адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса;
6) айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе ол мәжбүр етіліп стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға жiберiлсе;
7) күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталған адамдардың, ақталған адамдардың мүдделерi арасында қайшылық болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса;
8) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге жәбiрленушiнiң (жеке айыпталушының) немесе азаматтық талапкердiң өкiлi қатысса;
9) iс сотта қаралған кезде прокурор (мемлекеттік айыптаушы) қатысса;
10) айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса міндетті.
2. Қорғаушының қатысуы осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1-6, 10-тармақтарында көзделген жағдайларда адам күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам болып танылған кезден бастап, 7-тармағында көзделген жағдайларда - күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталған адамдардың, ақталған адамдардың мүдделерiнiң арасындағы қайшылық анықталған кезден бастап, 8-9-тармақтарда көзделген жағдайларда - айыпталушыны сотқа берген сәттен бастап қамтамасыз етiледi.
3. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, орган ол туралы адвокаттардың кәсiптiк ұйымы үшiн мiндеттi қаулы шығарады.
2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 72-бап өзгертілді
72-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу
1. Қорғаушыны күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсырмасы бойынша немесе келісімiмен басқа да адамдар шақырады. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы, сотталған адам, ақталған адам қорғану үшiн бiрнеше қорғаушыларды шақыруға құқылы.
2. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның сұрауы бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.
3. Таңдалып алынған немесе тағайындалған қорғаушының ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк) iшiнде қатысуы мүмкiн болмайтын жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс жасауға құқығы жоқ.
4. Ұстау немесе күзетпен ұстау жағдайында, егер күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушының келуi жиырма төрт сағаттың iшiнде мүмкiн болмаса, қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда қорғаушыны адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы тағайындауға шаралар қолданады.
5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган оған негiз болған кезде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды заңгерлiк көмекке ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу мемлекеттiң есебiнен жүргiзiледi.
6. Адвокат анықтау, алдын ала тергеу жүргiзуде немесе сотта осы Кодекстiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген, клиентпен келісім жасаспастан тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығындар мемлекеттiң есебiнен жатқызылуы мүмкiн.
7. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге бiрнеше қорғаушы қатысқан жағдайда қорғаушының қатысуы қажеттi iс жүргiзу әрекетi тиiстi күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғаушыларының түгел қатыспауынан заңсыз деп таныла алмайды.
8. Адвокат қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсетуі бойынша қылмыстық іске қатысуға жіберіледі. Осы Кодекстің 70-бабының екінші бөлігінде аталған басқа адамдар қорғаушы ретінде қылмыстық іске қатысуға олардың құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлігін, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) тапсырады.
05.05.00 ж. № 47-II; 2006.16.01. № 122-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 175 IV (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 73-бап өзгертілді
73-бап. Қорғаушыдан бас тарту
1. Сезiктi, айыпталушы iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы. Осындай бас тартуға іске қатысушы қорғаушының не осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаушының қатысуымен күдіктінің, айыпталушының бастамасы бойынша ғана жол беріледі. Заңгерлiк көмекке ақы төлеу үшiн қаражаттың жоқтығы себептi қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресiмделедi немесе тиiстi тергеу не сот әрекетiнiң хаттамасында көрсетiледi.
2. Осы Кодекстiң 71-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) - 4), 5) (жазалау шарасы ретінде өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмыстарды жасаған адамды айыптау кезінде), 6) тармақтарында (айыпталушыны тұрақты сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберу кезiнде) көзделген жағдайларда айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық процестi жүргiзушi органның қабылдауына болмайды.
3. Қорғаушыдан бас тарту айыпталушыны немесе сезiктiнi кейiн қорғаушының iске қатысуына рұқсат ету туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске қатысуы осы уақытқа дейiн тергеу немесе сот талқылауының барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды.
2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 74-бап өзгертілді
74-бап. Қорғаушының өкiлеттiгi
1. Қорғаушы сезiктiнiң, айыпталушының айыбын жоққа шығаратын немесе жауаптылығын жеңiлдететiн жағдайларды анықтау мақсатында барлық заңды құралдар мен қорғау тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажеттi заңгерлiк көмек көрсетуге мiндеттi.
2. Қорғаушы іске қатысуға рұқсат етілген сәттен бастап:
1) күдіктімен немесе айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша және құпия жолығуға;
2) заң көмегін көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттарды және мәліметтерді жинауға және ұсынуға;
3) айып тағылған кезде қатысуға, күдіктіден және (немесе) айыпталушыдан жауап алу кезінде, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтініші не қорғаушының өзінің өтініші бойынша жүргізілетін өзге де тергеу және іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға;
4) қарсылықтар білдіруге;
5) айыптау тізімін қоспағанда, ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен, күдіктінің, айыпталушының немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, күдіктіге және (немесе) айыпталушыға ұсынылған не ұсынылуға тиіс болатын құжаттармен, ал анықтау, оңайлатылған сотқа дейінгі іс жүргізу немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін - істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;
6) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге;
7) кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тыңдауға, соттың талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жаңарту кезінде соттың отырысына қатысуға;
8) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпе енгізуге;
9) іс жүргізу құжаттарының көшірмелерін алуға;
10) қылмыстық процесті жүргізуші адамның және қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды іс жүргізу құжаттарына енгізуді талап етуге;
11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттері мен шешімдеріне шағым енгізуге және оларды қарауға қатысуға;
12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға құқылы.
3. Тергеуші немесе анықтаушы жауап алып болғаннан кейін тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысушы қорғаушы жауап алынып отырған адамдарға сұрақтар қоюға құқылы. Тергеушi, анықтаушы қорғаушының сұрақтарын қабылдамауына болады, бiрақ берiлген сұрақтардың бәрiн хаттамаға енгізуге мiндеттi. Қорғаушы тергеу әрекетiнiң хаттамасына оның жазбаларының дұрыстығы мен толықтығына орай жазбаша ескертпе жасауға құқылы.
4. Қорғаушының: өзiнiң қорғауындағы адамның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасауға және оған тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруына кедергi жасауға; қорғауындағы адамның айқындамасына қарамастан оның қылмысқа қатысын және оны жасағанына кiнәлiлiгiн мойындауға, қорғауындағы адамның жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; азаматтық талапты мойындауға; қорғауындағы адам берген шағымдар мен өтiнiштердi керi қайтарып алуға; заңгерлiк көмек көрсетуге өтiнiш бiлдiруге және оны жүзеге асыруына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жариялауға құқығы жоқ.
5. Қорғаушының осы Кодексте көзделген басқа да құқықтары бар және ол басқа да мiндеттердi мойнына алады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 75-бап өзгертілді
75-бап. Жәбiрленушi
1. Қылмыстық процесте оған тiкелей қылмыспен моральдық, дене және мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғаруға ол жөнiнде негiз бар адам жәбiрленушi болып танылады.
2. Адам есi кiресiлi-шығасылы адам жасаған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған әрекетпен оған зиян келтiрiлген жағдайларда да жәбiрленушi болып таныла алады.
3. Адам қылмыстық процесте қылмыстық іс қозғалған кезден бастап тиісті қаулы шығысымен жәбірленуші болып танылады. Егер адамды жәбiрленушi деп танығаннан кейiн оның бұл жағдайда болуы үшiн негiздер жоқ екенi белгiленсе, қылмыстық процестi жүргiзушi орган өзiнiң қаулысымен ол адамның iске жәбiрленушi ретiнде қатысуын тоқтатады.
4. Жәбiрленушiге қылмыспен келтiрiлген мүлiктiк зиянды, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген ережелер бойынша өкiлге арналған шығындарды қоса есептегендегi оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты келтiрiлген шығындарды өтеу қамтамасыз етiледi.
5. Жәбiрленушiнiң өзiне келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер мұндай талап қылмыстық iсте қойылмаса не қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен қоюға құқылы.
6. Жәбірленушінің:
1) айыпталушыға тағылған айып туралы білуге;
2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
3) дәлелдер ұсынуға;
4) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;
5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
6) өкілінің болуына;
7) одан дәлелдеу құралы ретінде қылмыстық қудалау органы алып қойған немесе өзі берген мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамнан алып қойылған өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың түпнұсқаларын алуға;
8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға;
9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге;
10) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;
11) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде және кез келген мәліметті көшіріп алуға;
12) оған және оның отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын беру туралы өтінішті мәлімдеуге;
13) қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, қылмыстық істі тоқтата тұру туралы, істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ бірінші және апелляциялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға;
14) бірінші және апелляциялық сатылардағы сотта істі сот талқылауына қатысуға;
15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;
16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;