«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 Қаулысы
(2012.21.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 532 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 532 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 317 қаулысымен
Бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 532 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау
ережесі мен мөлшері
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 532 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 532 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Ереже мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі - грант) - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - мектеп) дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;
білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
3) грантты тағайындау жөніндегі республикалық комиссия - грантты тағайындау үшін уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - комиссия);
4) жұмыс органы - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы.
2. Грантты тағайындау тәртібі
3. Грантты конкурстық негізде комиссия тағайындайды.
4. Комиссия құрамы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері, орта білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып табылады.
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы, бірақ кемінде жеті адам болуы тиіс. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2012.21.02. № 246 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Конкурсқа қатысуға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 (12) сыныптарында оқуға үміткер және Жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттарын ұсынған, білім беру ұйымдарының оқушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - үміткерлер) жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 719 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.01. № 129 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. ҚР Үкіметінің 2012.21.02. № 246 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ конкурстың бірінші кезеңі өткізілетін мерзімді жұмыс органы айқындайды және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Конкурс екі кезеңнен тұрады және жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі.
Бірінші кезеңде мектептердің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша үміткерлерді кешенді тестілеу жүргізіледі. Кешенді тестілеу екінші кезеңге іріктеу болып табылады. Екінші кезеңге жалпы сұрақтар санынан дұрыс жауаптардың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлер жіберіледі.
Екінші кезеңде мектептердің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 719 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.02. № 246 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ жаңа редакцияда
10. Конкурстың екінші кезеңінің қорытындылары бойынша әр пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын алған үміткерлердің материалдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен комиссияның қарауына енгізіледі.
11. Үміткерлердің материалдарын қарау қорытындылары бойынша комиссия грантты тағайындау туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
12. Грант конкурс нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары бал жинаған үміткерлерге нақты мектептер бойынша бөлінген гранттар шегінде тағайындалады.
13. Конкурс қорытындылары бойынша шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Грант отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің дауыс санының кемінде төрттен үш дауысын жинаған үміткерге беріледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға берген дауыс шешуші болып табылады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 129 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Конкурстың қорытындылары комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 719 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Грант иегері мектептің ішкі тәртібін бұзғаны, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, қылмыстық жазаланатын қылмыс жасағаны, оқу жылын бейінді және бейінді емес пәндердің бірінен «қанағаттанарлықсыз», оқу жылын бейінді пәндердің бірінен «қанағаттанарлықпен», оқу жылын бейінді емес екі пәннен «қанағаттанарлықпен» аяқтағаны, оқудан 10 күннен артық себепсіз қалғаны үшін, басқа мектепке ауысуды қоспағанда, басқа оқу орнына ауысқан жағдайда гранттан айырылады. Білім алушыны оқудан шығару Педагогикалық кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 719 Қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды; 2012.21.02. № 246 Қаулысымен 15-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1. Конкурстың екінші кезеңінде ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орынның болмауына байланысты мектепке қабылданбаған үміткерлер оқу жылы ішінде орын босаған жағдайда оларды оқуға шақыру мақсатында комиссия бекітетін резервтік тізімге енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 719 Қаулысымен 15-2-тармақпен толықтырылды
15-2. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлерге оқу жылы ішінде қосымша конкурссыз грант тағайындалады.
16. Осы ереженің 15-тармағында көрсетілген жағдайда босаған гранттар Осы ережеде көзделген тәртіппен конкурстық негізде тағайындалады.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 719 Қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды
16-1. Резервтік тізімнен грант тағайындау туралы шешім комиссия хаттамаға қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 719 Қаулысымен 16-2-тармақпен толықтырылды
16-2. Конкурстық іріктеуді өткізу немесе резервтік тізімнен үміткерді айқындау кезінде оқушыларды мектепке қабылдау балл саны тең болған кезде:
1) соңғы оқу жылындағы үлгерім табелінің орташа балы жоғары болған;
2) бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша балы ең жоғары үміткерлер басымдыққа ие болады.
Ескертпе: дәлелді себептерге сырқаттану, жақын туыстарының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор) жатады.
3. Гранттың мөлшері
19. Грантты қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
20. Бір гранттың мөлшері жылына 728000 (жеті жүз жиырма сегіз мың) теңгені құрайды және индекстеуді ескере отырып өзгеруі мүмкін.