«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 Қаулысы
(2009.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 317 қаулысымен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі - грант) - «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» (бұдан әрі - мектеп) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың 7-11 (12) сыныптарда орта білім алуы үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда білім алушыларға берілетін нысаналы ақша сомасы;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
3) грантты тағайындау жөніндегі республикалық комиссия - грантты тағайындау үшін уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - комиссия).
2. Грантты тағайындау тәртібі
3. Грантты конкурстық негізде комиссия тағайындайды.
4. Комиссия құрамы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері, орта білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып табылады.
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы, бірақ кемінде жеті адам болуы тиіс. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.
6. Конкурсқа қатысуға осы Ереженің талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынған білім беру ұйымдарының 7-11 (12) сынып оқушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - үміткерлер) жіберіледі.
7. Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері мектепке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
2) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша толтырылған сауалнама;
3) үміткердің туу туралы куәлігінің немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатының көшірмесі;
4) тиісті білім беру ұйымының мөрімен расталған өткен екі оқу жылының үлгерім табельдерінің көшірмесі;
5) денсаулық жағдайы туралы медициналық картадан үзінді;
6) бар болған жағдайда, марапаттау қағаздарының, дипломдардың, сертификаттардың және басқа да тиісті құжаттардың тиісті білім беру ұйымының мөрімен расталған көшірмелері.
8. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны, сондай-ақ конкурстың бірінші кезеңі өткізілетін мерзім Қазақстан Республикасының барлық аумақтарына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Құжаттарды қабылдау отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі және конкурстың бірінші кезеңін өткізу күніне дейін екі жұмыс күні қалғанда аяқталады.
Конкурс қысқы және жазғы каникул кезеңінде өткізіледі.
9. Конкурс екі кезеңнен тұрады және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Бірінші кезеңде мектептер бағытына сәйкес келетін бейінді пәндер, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша үміткерлерді кешенді тестілеу өткізіледі. Кешенді тестілеу екінші кезеңге іріктеу болып табылады. Екінші кезеңге сұрақтардың жалпы санының қырық және одан да көп пайыз дұрыс жауаптарын жинаған үміткерлер жіберіледі.
Екінші кезеңде мектептер бағытына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі.
10. Конкурстың екінші кезеңінің қорытындылары бойынша ең көп ықтимал балдың отыздан жоғары пайызын жинаған үміткерлердің материалдары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен комиссияның қарауына ұсынылады.
11. Үміткерлердің материалдарын қарау қорытындылары бойынша комиссия грантты тағайындау туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
12. Грант конкурс нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары бал жинаған үміткерлерге нақты мектептер бойынша бөлінген гранттар шегінде тағайындалады.
13. Конкурс қорытындылары бойынша шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Грант отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің дауыс санының кемінде төрттен үш дауысын жинаған үміткерге беріледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға берген дауыс шешуші болып табылады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Конкурстың қорытындылары комиссия хаттамасына қол қойылған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
15. Грант иегері құқық бұзушылық әрекеттер жасағаны, мектептің оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелері мен жарғысын өрескел және бірнеше қайтара бұзғаны, академиялық үлгермегені үшін, сондай-ақ оқушының өз қалауы бойынша мектептен шығарылған жағдайда және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің басқа интеллектуалды мектебіне ауысуды қоспағанда, басқа оқу орнына ауысқан жағдайда гранттан айырылады.
16. Осы ереженің 15-тармағында көрсетілген жағдайда босаған гранттар Осы ережеде көзделген тәртіппен конкурстық негізде тағайындалады.
3. Гранттың мөлшері
19. Грантты қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
20. Бір гранттың мөлшері жылына 728000 (жеті жүз жиырма сегіз мың) теңгені құрайды және индекстеуді ескере отырып өзгеруі мүмкін.