4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары үшін - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкімет туралы заң актісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен;
5) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері үшін - Үкімет пен осы органдар туралы заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы органдардың қызметін реттейтін қаулыларымен;
6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары үшін - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы заң актілерімен;
7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары үшін - Қазақстан Республикасының соттары туралы заңдармен;
8) Орталық сайлау комиссиясының (Референдум өткізу жөніндегі комиссияның) нормативтік қаулылары үшін - сайлау және референдум туралы заң актілерімен;
8-1) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік шешімдері үшін - осы органдар туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен айқындалады.
3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөніндегі құзыретi Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол берiледi.
26-бап. Нормативтік құқықтық актіні күшіне енгізу тәртібі
1. Нормативтік құқықтық актіні күшіне енгізу тәртібі нормативтік құқықтық актінің өзінде белгіленуі мүмкін.
2. Заңдарды, оның ішінде кодекстерді күшіне енгізу тәртібі заңдардың (кодекстердің) өзіне немесе жеке заңдармен белгіленеді.
Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қаулысы 1999 жылғы 29 қазандағы № 20/2 Қаулысын қара
16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен 27-бап толықтырылды (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 06.03.02 ж. № 298-II Заңымен ; 2005.21.10. № 81-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 28-бап өзгертілді
28-бап. 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 06.03.02 ж. № 298-II Заңымен; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілдік берілген адамдар
1. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндеріне мынадай лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық заңдарына, кодекстеріне, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, оның ішінде Конституциялық заң немесе Заң күші бар Жарлықтарына - Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулыларына Мәжілістің төрағасы;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
4) мәслихаттың шешімдеріне - мәслихат сессиясының төрағасы;
5) әкімдіктің қаулыларына, әкімнің шешімдеріне - әкім;
6) өзге де нормативтік құқықтық актілерге - оны қабылдаған (шығарған) органның басшысы қол қояды.
2. Негізгі түрдегі нормативтік құқықтық акт арқылы нормативтік құқықтық актінің туынды түрін қабылдаған жағдайда (осы Заңның 3-бабының 4-тармағы) уәкілдік берілген адам негізгі түрдегі нормативтік құқықтық актіге ғана қол қояды.
2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Қабылданған нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мирасқорлық
Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы берілген мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мирасқорға өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығымен бірге нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктер ауысады.
6-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жариялау
ҚР 06.03.02 ж. № 298-II Заңымен 30-бап жаңа редакцияда; 2005.21.10. № 81-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30-бап өзгертілді
30-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялаудың міндеттілігі
1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, Қазақстан Республикасының орталық атқару шы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы ресми басылымдар болып табылады.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспа басылымдары да жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткізілген жағдайда жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің кейіннен ресми жариялануының белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды әділет органдары жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде аталған, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттілігі туралы өз бетінше шешім қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды.
2-1. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау олар күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.
3. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуы тиіс.
4. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.
ҚР 06.03.02 ж. № 298-II Заңымен 31-бап жаңа редакцияда
31-бап. Заң актілерін ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасының заң актілері Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Заң актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
ҚР 06.03.02 ж. № 298-II Заңымен 32-бап жаңа редакцияда;
32-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» ҚР 1995 ж. 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық Заңын қара
ҚР 06.03.02 ж. № 298-II Заңымен 33-бап жаңа редакцияда ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау
1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, сондай-ақ басқа да мерзімді баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
3. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануға жіберіледі.
4. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде жарияланады.
ҚР 06.03.02 ж. № 298-II Заңымен 34-бап жаңа редакцияда; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
34-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау
1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
3. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануға жіберіледі.
4. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде жарияланады.
35-бап. Нормативтік құқықтық актілердің мазмұны толық жарияламауға жол бермеу
Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар бар нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын ресми түрде толық жарияламауға жол бермейді.
ҚР 06.03.02 ж. № 298-II Заңымен 35-1-баппен толықтырылды
35-1-бап. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылау
1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік жағынан және
тұлғалар бойынша қолданылуы
06.03.02 ж. № 298-II ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді; 16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36-бап өзгертілді
36-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi күшiне енгізу және қолданысқа енгізу уақыты
1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
Осы Заңның 38-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:
1) Қазақстан Республикасының заң актілері, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгізу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашқы ресми жарияланған күннен бастап;
3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары оларды қабылдаған күннен бастап;
4) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе олар қабылданған күннен бастап;
5) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиісті, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгізу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, тарауларын, баптарын, бөлiктерiн, тармақтарын, тармақшаларын және баптарының абзацтарын қолданысқа енгізудiң тұтас алғанда бүкiл акт үшiн белгiленгеннен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.
4. Бұрын жауапкершiлiкке әкеп соқпаған iс-әрекеттер үшiн заңдық жауапкершiлiк көзделетiн не бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершiлiк белгіленетiн нормативтiк құқықтық актiнi, бұл акт ресми жарияланғаннан кейiн он күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгізуге болмайды.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1. Қызметтің жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ экспорты мен импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбелерiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер осы актiлер ресми жарияланғанынан кейiн жиырма бiр күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзiлмейді.
5. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң едәуiр көлемдi болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күн болып есептеледi.
Нормативтiк құқықтық актiлер мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттік тiлде және орыс тілінде бiр мезгiлде жариялануға тиiс.
6. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгізудiң мiндеттi шарты болып табылады.
7. Республиканың мемлекеттік құпияларын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген мерзiмдерде қолданысқа енгiзiледi.
8. Барлық нормативтік құқықтық актілерде осы баптың нормалары ескеріле отырып, оларды қолданысқа енгізу мерзімі көрсетілуге тиіс.
37-бап. Нормативтік құқықтық актінің кері күші
1. Нормативтік құқықтық актінің күші оны күшіне енгізгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылмайды.
2. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның бір бөлігінің кері күші оның өзінде немесе нормативтік құқықтық актіні күшіне енгізу туралы актіде көзделген, сондай-ақ кейінгісі бұрын көзделген құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын немесе жұмсартатын жағдайлар осы баптың 1-тармағының ережелеріне кірмейді.
3. Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтік құқықтық актілердің кері күші болмайды.
06.03.02 ж. № 298-II Заңымен; 16.06.04 ж. № 566-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 38-бап өзгертілді
38-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енгізілу шарты ретінде мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады. Мұндай тiркелу олардың күшiне енуінің қажеттi шарты болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу оларға мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Егер әдiлет органдарының шешiмiне белгiленген тәртiппен шағым жасалмаса, тiркелмеген нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдық күшi болмайды және оларды шығарған орган олардың күшін жоюға тиiс.
Нормативтiк құқықтық актiнiң осы тармақта белгiленген критерийлерге сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары айқындайды.
2. Егер мемлекеттік тіркелуге тиісті нормативтік құқықтық акт:
1) азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;
2) жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе;
3) нормативтік құқықтық актіні шығарған органның құзыретіне шегінен шығып кетсе;
4) егер келісу қажет болып, келісілмесе;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түрінде қосымшалары болмаса;
5) мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті, сондай-ақ мемле кеттік тіркеуге жататын нормативтік құқық тық актілердің жобаларын ресімдеу мен келісу тәртібін бұза отырып қабыл данса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
3. Мүдделі мемлекеттік орган мемлекеттік тіркелуге тиісті нормативтік құқықтық актіні тіркеуден бас тартылуына сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
4. Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу және мемлекеттік тіркеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
39-бап. Нормативтік құқықтық актінің қолданылу мерзімі
1. Егер актінің өзінде немесе оны күшіне енгізу туралы актіде өзгеше көзделмесе, нормативтік құқықтық акт мерзімсіз қолданылады.
2. Бүкіл нормативтік құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлігі (жекелеген бөліктері) үшін уақытша қолданылу мерзімі белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайда нормативтік құқықтық акт немесе оның бөлігі қандай мерзімде күшін сақтайтыны көрсетілуге тиіс. Актіні шығарған орган бұл мерзім өткенге дейін актінің қолданылуын жаңа мерзімге ұзарта алады немесе оған мерзімсіз сипат бере алады.
06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
1. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгілі бір мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.
2. Нормативтік құқықтық акт (оның бөлігі немесе бөліктері) мынадай жағдайларда:
1) акт немесе оның бөлігі (бөліктері) қабылданған мерзім біткенде;
2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актінің, оның бөліктерінің (бөлігінің) ережелері қайшы келетін немесе бұрын шығарылған актіні немесе оның бөлігін (бөліктерін) қамтитын жаңа нормативтік құқықтық акт қабылдағанда;
3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген тәртіппен конституциялық емес деп танылғанда;
4) сол актіні қабылдаған орган немесе оны қабылдауға уәкілдік берілген өзге де орган актінің немесе оның бөлігінің (бөліктерінің) күші жойылды деп танығанда өзінің қолданылуын тоқтатады.
3. Басқа нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актіні жариялау осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
41-бап. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістік жағынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкілетті органдар қабылдаған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің қолданылу күші, егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады.
2. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер тиісті аумақтарда қолданылады.
42-бап. Нормативтік құқықтық актілердің тұлғалар бойынша қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актілерінде және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкілдері мен мемлекеттік органдарының басқа да кейбір қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері халықаралық шарттарда және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларында көзделген шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет).
2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ету шаралары
1. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығы мынадай шаралар арқылы:
1) нормативтік құқықтық актіні Конституция мен заңға сәйкес келтіру;
2) нормативтік құқықтық актінің қолданылуын белгіленген тәртіппен тоқтата тұру;
2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу;