Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан
Республикасының 1998 ж. 24 наурыздағы N 213-1
Заңы
(ҚР 17.10.01 ж. N 248-11; 06.03.02 ж. N 298-11;
12.03.04 ж. N 536-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 16 маусымдағы N 566-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
I-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң (7 - 12 баптар)
жобаларын дайындауды жоспарлау
3-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын (13 - 21 баптар)
әзiрлеу және ресiмдеу
4-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң (22 - 24 баптар)
жобаларына ғылыми сараптама
5-тарау. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау (25 - 29 баптар)
мен оны күшiне енгiзу тәртiбi
6-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi жариялау (30 - 35 баптар)
7-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң уақыт, кеңiстiк (36 - 43 баптар)
жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы
8-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру (44 - 45 баптар)
9-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге (46 - 48 баптар)
келтiру мен есепке алу
I-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 06.03.02 ж. N 298-11 Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
2) заңдар - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;
3) құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтiк құқықтық актiде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтiк реттелген ахуал шеңберiнде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға мiндеттi мiнез-құлық ережесi;
4) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер ментолықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
7) заң - қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;
8) заң актiсi - Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы, Кодекс, Заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
9) кодекс - бiртектес қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң;
10) заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
11) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңдарда белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);
12) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейінненжариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-11 Заңымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртiбiн реттемейдi.
3. Осы Заңмен халықаралық шарттарды, оның iшiнде құқықтық нормаларды қамтитын шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi реттелмейдi.
4. Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бiрақ осы Заңның 1-бабының 2) тармақшасында келтiрiлген талаптарға сай келмейтiн және құқықты iске асыру және құқық қолданушылық мәнi бар нормативтiк құқықтық актiлердi, атап айтқанда:
1) мемлекеттiк емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының нормативтiк актiлерiн;
2) уәкiлеттi орган болып табылмайтын мемлекеттiк ұйымдардың нормативтiк актiлерiн;
3) техникалық және технологиялық нормалар мен стандарттар қамтылған нормативтiк актiлердi әзiрлеу, табыс ету, қабылдау, күшiне енгiзу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбi белгiленбейдi.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-11 Заңымен 3-бап өзгертілді
3-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi
1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк бұйрықтары;
7) мемлекеттiк комитеттердiң нормативтiк қаулылары, өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк қаулылары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
4. Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады.
5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.
6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
ҚР 17.10.01 ж. N 248-11; 06.03.02 ж. N 298-11 Заңдарымен 4-бап өзгертілді
4-бап. Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар.
2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;
2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк Жарлықтары;
5) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
7) министрлердiң нормативтiк бұйрықтары; мемлекеттiк комитеттердiң нормативтiк қаулылары; өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк бұйрықтары, қаулылары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.
5. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк шешiмдерi, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес.
5-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей қолданылуы
1. Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.
2. Күшiне енген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.
3. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-11 Заңымен 6-бап жаңа редакцияда
6-бап. Әр түрлi нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық нормаларының қайшылықтары
1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.
2-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң
жобаларын дайындауды жоспарлау
7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлiнедi.
Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi.
2. Дайындау жоспарларында:
1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн бейнелейтiн атауы;
2) дайындау мерзiмдерi;
3) жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi.
3. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық актiлердi дайындау жоспарларын тиiстi актiлердi қабылдауға құзыреттi мемлекеттiк органдар жасайды және бекiтедi.
4. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның iшiнде ғылыми ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың ұсыныстары ескерiледi.
5. Нормативтiк құқықтық актiлер жобасын дайындау жоспарларын жасайтын және бекiтетiн мемлекеттiк органдар жоспарларға осы актiлердiң дайындалуын бейнелейтiн басқа да көрсеткiштер енгiзуi мүмкiн.
8-бап. Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауды жоспарлау
Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
9-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң актiлерiн дайындауды жоспарлау
Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдайтын заң актiлерiнiң жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Парламент пен оның палаталары Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында белгiленген өз құзыретiне сәйкес айқындайды.
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобасы жұмыстарын жоспарлау
1. Қазақстан Республикасы Үкiметi заң жобасы жұмыстарының перспективалық және жыл сайынғы жоспарларын жасайды.
2. Жоспарлардың жобаларын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi әзiрлейдi.
3. Үкiметтiң заң жобалаушылық жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсiледi.
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлер дайындау жөнiндегi тапсырмалары
Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалаушылық жұмыстары жоспарына сәйкес жоспарда аталған мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жоспарда көзделген мерзiмде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға тапсырма бередi.
12-бап. Орталық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қазақстан Республикасының өзге орталық органдары құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жоспарлау ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшелiктерiн осы органдардың әрқайсысы айқындайды.
3-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын
әзiрлеу және ресiмдеу
13-бап. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлейтiн мемлекеттiк органдар
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi органдар өз бастамашылығымен немесе жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмалары бойынша әзiрлейдi.
2. Өзге де барлық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен адамдар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу жөнiнде ұсыныс жасауға немесе мұндай актiлердiң бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органдардың қарауына беруге хақылы. Уәкiлеттi органдар оларды өздерi әзiрлейтiн жобалар үшiн негiз ретiнде қабылдауы немесе олардың одан әрi әзiрленуiн және жобалардың қабылдануын жөнсiз деп тануы мүмкiн.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-11 Заңымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Нормативтiк құқықтық акт жобасын әзiрлеу тәртiбi
1. Нормативтiк құқықтық акт жобасын әзiрлеушi уәкiлеттi орган жобаны дайындау жөнiндегi жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының мiндетiн атқаратын өз бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Жобаны дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлiмшесiнiң қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi.
2. Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулыларын, ал қажет болған жағдайда - басқа да уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауға әр түрлi бiлiм салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер тартылуы мүмкiн.
3. Бiр деңгейдегi уәкiлеттi органдардың заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiн бiрнеше уәкiлеттi орган әзiрлеп, ал қажет болған жағдайда - қабылдауы мүмкiн.
Бiрнеше уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк актiлерiн осы Заңда көзделген тәртiппен олар бiрлесiп әзiрлейдi, олар уәкiлеттi органдардың басшылары қол қоятын бiрлескен бұйрықтар немесе қаулылар түрiнде қабылданады.
Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерi (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) туында нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған уәкiлеттi органдардың негiзгi нормативтiк құқықтық актiлерi арқылы бекiтiлiп, онда туынды актiнi қабылдауға арқау болған негiзгi нормативтiк актiлер көрсетiледi.
4. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен дайындалатын заңдар жобаларының әзiрлеушiлерi Парламент депутаттары болып табылады.
Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпыға мiндеттi маңызы болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi олардың жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi.
5. Егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi орган нормативтiк құқықтық акт жобасын дайындауды өзiне бағынысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлiнген бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражатты осы мақсаттарға пайдалана отырып, оны дайындаушы шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, соның iшiнде шетелдiктерге тапсырыс бере алады.
6. Уәкiлеттi орган балама жобалар дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша бiрнеше ғылыми ұйымдарға немесе ғалымдарға тапсыруға хақылы.
7. Егер Қазақстан Республикасы заң актiсiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулысының әзiрленiп жатқан жобасы нормаларының қолданылуын қамтамасыз ету үшiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет болса, негiзгi актiнiң жобасымен бiр мезгiлде актiлердiң өзгерiстерi мен толықтырулары көрсетiлген жобалары дайындалуға немесе тиiстi органдарға осындай актiлер дайындау туралы тапсырма берiлуге тиiс.
15-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын мүдделi мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсу
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда - оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға келiсуге жiберiледi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары мiндеттi түрде келiсiлуге тиiстi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi, бұған Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң жобалары және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен енгiзетiн заң актiлерiнiң жобалары қосылмайды.
3. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы келiсуге жiберiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, егер уәкiлеттi орган өзге бiр, неғұрлым қысқа мерзiм белгiлемесе, оны алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жоба бойынша өз ескертпелерi мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы жобаны әзiрлеген органға хабарлауға тиiс.
4. Алынған ескертпелер бойынша жобаны қажет болған жағдайда оны әзiрлеген орган пысықтайды, ал жұмыс тобы қабылданған және қабылданбаған ескертпелер, ескертпелердiң қабылданбау себептерi туралы анықтама жазады. Бұл анықтама нормативтiк құқықтық акт жобасымен бiрге жұмыс тобын құрған мемлекеттiк органға берiледi.
5. Жұмыс тобын құрған мемлекеттiк орган жобаға жұмыс тобымен бiрлесiп талқылануға тиiс өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi немесе жобаны жұмыс тобына пысықтау үшiн қайтарып беруi мүмкiн.
16-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң реквизиттерi
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы;
2) актiнiң нысанына нұсқау; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы; Кодекс; Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Сенаттың қаулысы; Мәжiлiстiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; Мемлекеттiк комитеттiң қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда немесе өзге де заңдарда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң басқа бiр атауы;
3) осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып;
4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi;
5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;
6) тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның қолы;
7) нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiн осылай тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;
8) елтаңбалы мөр.
ҚР 06.03.02 ж. N 298-11 Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi құрылымдық элементi құқық нормаларын қамтитын бап немесе тармақ болып табылады. Құқық нормалары баптар түрiнде "бап" атауымен заң актiлерiне енгiзiледi. Қайсыбiр нормативтiк құқықтық актiлер тармақтардан тұрады, олардың атауы "тармақ" деген сөзбен жазылмайды.
2. Көлемi едәуiр нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау бөлiмдерге, ал бөлiмдер өз кезегiнде нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн.