ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Қолдар мен мөр бедерінің үлгілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 40-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада ұсынылады. Бір данасы мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағында сақталады, екіншісін қаржылық құжаттардағы қолдар мен мөр бедерінің (ММ үшін - елтаңбалы) шынайылығын тексеру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі пайдаланады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 95-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
95. Бірінші қол қою құқығы мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы және/немесе ол уәкілеттік берген тұлғалар ие. Екінші қол қою құқығы бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына және/немесе мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы уәкілеттік берген бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 96-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
96. Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерінің үлгісі бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен расталады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөр бедерімен (ММ үшін - елтаңбалы) бекітіледі не нотариалды куәландырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдары мен мөр бедерінің үлгілері нотариалды куәландырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 97-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
97. Қолдар мен мөр бедерінің үлгілері өшпейтін төзімді сиялармен орындалуы тиіс, мөрдің бедері (ММ үшін - елтаңбалы) дәл және анық болуы тиіс. Ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Мөр бедерін (ММ үшін - елтаңбалы) қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады.
Арнайы мақсаттарға арналған мөрлерді қолдануға жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 98-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98. Қайта құрылған мемлекеттік мекемеде/квазимемлекеттік сектор субъектісінде мөр уақытша болмаған, мөрдің атауы өзгерген, ескірген немесе жоғалған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне оның өтінішінің негізінде жаңа мөр дайындауға уақыт (10 күнтізбелік күннен аспайтын) береді және осы жағдайға байланысты құжаттарды сол елді мекенде орналасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөр бедерімен бекітуге немесе құжаттарды мөр бедерінсіз беруге рұқсат бере отырып, мөр болмаған уақытта қаржылық құжаттарды ресімдеу тәртібін айқындайды. Қолдар мен мөр бедерінің үлгілері мөрдің (ММ үшін - елтаңбалы) дайындалу уақытында оның әрекет ету мерзімі көрсетіліп, елтаңбалы мөрдің бедерінсіз (ММ үшін - елтаңбалы) ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 99-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 98-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99. Ең болмағанда бір қол ауыстырылған немесе толықтырылған немесе мөр ауыстырылған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы тараудың 96-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылған қол қою және мөр бедерінің үлгілерімен жаңа құжат ұсынылады.
Бірінші немесе екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың бірінің қолын уақытша ауыстырған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тұлғаны тағайындау және уақытша міндетін атқарушыға қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін оның қолданылу мерзімін көрсете отырып, уақытша міндетін атқаратын тұлғалардың қолдарының үлгілерін қамтитын уақытша құжат ресімделеді. Жаңадан ұсынылған құжаттар мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынына тігіледі.
Екінші қол қою құқығы бар тұлға уақытша болмаған (демалыс немесе науқастанған) кезде төлем құжаттарына қол қою мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатта көрсетілген екінші қол қою құқығы бар тұлғалар қол қояды. Бұл жағдайда қол қою мен мөр бедерінің үлгілері бар уақытша құжат толтыру талап етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
100. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне құжат жиынын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарда көрсетілген деректердің шынайлығы үшін жауап береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін құжаттау туралы заңнамаға сәйкес тексерілген құжаттарды құжат жиынына тігеді және сақтайды.
11-тарау. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды жүргізу
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 101-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
101. Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізу тиісті бюджеттердің, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан және шетел валютасындағы шоттарынан төлемдер жүргізуді және ақша аударуды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептерді қалыптастыру мен ұсынуды қамтиды.
Бір мемлекеттік мекеменің кодынан екінші мемлекеттік мекеменің кодына ақша аударуға жол берілмейді.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін жеті жұмыс күні ішінде демеушілік, қайырымдылық көмек түрінде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ 0900НП «Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар» шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етіледі.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 102-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарды/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізуді аумақтық белгісі бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелері жүзеге асырады. Орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жақын тұрған басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарын/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізуге сол аумақтық қазынашылық бөлімшесімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 103-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
103. Тиісті бюджеттердің ҚБШ ақшасына билік етушілер бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады, ақылы қызметтің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарына - мемлекеттік мекемелердің басшылары, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарына - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 104-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
104. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының пайдаланылмаған қалдықтарымен ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы ақшаға билік етуді шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Тиісті бюджеттердің ҚБШ шоттарында ақшаның қозғалысы және ҚР ББС-ға сәйкес шығыстар жөніндегі есептерді беруді мынадай нысандар бойынша күн сайын аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады:
осы Ереженің 41-қосымшасына сәйкес магниттік (электрондық) тасығышта 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп»;
осы Ереженің 42-қосымшасына сәйкес электрондық тасығышта 5-52 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп»;
осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 106-тармақ жаңа редакцияда
106. Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы және шетел валютасындағы шоттарда ақша қозғалысы жөніндегі есептерді беруді аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады және:
мемлекеттік мекемелерге:
1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргізілуіне қарай:
осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» 5-20-нысаны бойынша;
осы Ереженің 44-қосымшасына сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп» 5-33-нысаны бойынша;
осы Ереженің 45-қосымшасына сәйкес «Дербес шот бойынша мәлімет» 8-09-нысаны бойынша, осы Ереженің 46-қосымшасына сәйкес «Бас кітаптың шоттары бойынша көшірме (шетел валютасында)» 8-17-нысаны бойынша;
2) ай сайын:
осы Ереженің 47-қосымшасына сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдық» 5-30-нысаны бойынша;
осы Ереженің 48-қосымшасына сәйкес «Шетел валютасындағы шоттардағы қалдықтар туралы есеп» 8-07-нысаны бойынша;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі 3-ші күнге дейін тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Ереженің 49-қосымшасына сәйкес «Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-дағы қалдықтар туралы есеп» 5-34А-нысаны бойынша;
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне төлемдерді жүргізу және ақшаны аудару шамасына қарай:
осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» 5-20-нысаны бойынша беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 107-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
107. 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды ай сайынғы салыстыруды жүзеге асыру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның арасында аумақтық қазынашылық бөлімшесі бір ай аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде 2 данада 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысанындағы есепті қалыптастырады, жауапты атқарушының мөртабан бедерімен ресімдейді, оған аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы және жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беріледі. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өз кезегінде 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысына және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты атқарушысына қол қойдырады, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырады және бір данасын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.
Қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме мен аумақтық қазынашылық бөлімшесінің арасында кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшін тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде 2 данада осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны қалыптастырылады, олар жауапты атқарушының мөртабан бедерімен ресімделеді, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы мен жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекемелер есептерді алғаннан кейінгі 2 жұмыс күні ішінде есептердің деректерін өзінің бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстырады.
Мемлекеттік мекеме деректерінің 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны есебінің деректерімен алшақтығы болған кезде соңғысы алшақтық себебін анықтау үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жазбаша өтінім жасайды.
Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтері не мемлекеттік мекеменің басшысы уәкілеттік берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады. Есептің бір данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қайтарылады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекеменің және (немесе) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жазбаша өтініші бойынша жоғарыда көрсетілген есептерді қалыптастырады, қол қояды және салыстыруды жүзеге асыру үшін соңғысына береді.
ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 793 Қаулысымен Ереже «Құпия» 11-1-тараумен толықтырылады
12-тарау. Кодтарды, қолма-қол ақшаның бақылау
шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды жабу
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 108-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
108. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері күнтізбелік жыл ішінде бір рет есептіден кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын тексеруді жүргізеді және 12 айдың ішінде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге/квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы ҚБШ жабу жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарлайды.
Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен жабылу туралы хабарлама бере отырып, өздігінен жабады.
109. Тиісті бюджеттердің ҚБШ шоттары әкімшілік-аумақтық бірлікті тарату кезінде жабылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 110-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
110. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты 50-1-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар осы Ереженің 51-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекеменің өтінімі бойынша:
мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
мемлекеттік мекемелердің билігінде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны мемлекеттік мекеменің пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық акті жойылған;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен тиісті ҚБШ мен шотты ашуға рұқсат беру үшін негіз болып табылатын қаржыландыру көзін алып тастаған;
тиісті ҚБШ мен шотының болу құқығын беретін заңнамалық негіздемені жойған;
ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл ішінде болмаған жағдайларда жабылады.
111. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
112. Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 51-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада өтінім береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тиісті ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ немесе шетел валютасындағы шоттарын жабу туралы жазбаша өтінімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесін жабқаннан кейін жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 112-1-тармақпен толықтырылды
112-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтату және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 50-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді 2 данада жібереді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтатуға және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабуға осы Ереженің 50-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жапқаннан кейін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі жабылғаны туралы белгісі бар өтінімнің бір данасын квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 113-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
113. Жабылатын ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да, квазимемлекеттік сектор субъектісінің ағымдағы шотында немесе шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі жабылатын:
1) ақылы қызметтер ҚБШ:
құқықтық мирасқордың ақылы қызметтер ҚБШ (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берілсе);
тиісті бюджет кірісіне:
құқықтық мирасқор болмаған;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаға билік ету құқығы берілмеген құқықтық мирасқор анықталған;
құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды болмаған жағдайда;
2) демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ:
құқықтық мирасқордың демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ;
құқықтық мирасқор болмаған жағдайда, салымшыға;
құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиісті бюджеттің кірісіне;
3) уақытша ақша орналастыру ҚБШ:
салымшыға;
құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ;
4) шетел валютасындағы шотта - бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған валютаны демеушілік, қайырымдылық және/немесе ақшаны шетелдік валютада уақытша орналастыру ҚБШ есептеумен;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:
құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына;
квазимемлекеттік сектор субъектісі құрылтайшысының шотына есептеу арқылы төлеуге берілетін шотты немесе пайдаланылмаған ақша қалдығын аударуға төлем тапсырмасын («Қазынашылық-клиент» АЖ-де электрондық түрін қалыптастырады) ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 113-1-тармақпен толықтырылды
113-1. Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалық мөрдің жойылуы және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар адамдардың болмау себебімен жабылатын ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-дағы ақша қалдығын құқықтық мирасқордың тиісті ҚБШ аудару үшін төлеуге арналған шотты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемеге қызмет көрсеткен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне құқықтық мирасқорлығын растайтын құжаттармен бірге жабылатын ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-дағы ақша қалдығын аудару туралы қолдаухат жібереді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатында қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме мен құқықтық мирасқор-мемлекеттік мекеменің деректемелері: мемлекеттік мекеменің атауы, СНТ/БЖН, коды, ҚБШ нөмірі, сондай-ақ аударуға жататын ҚБШ-дағы ақша қалдығының сомасы қамтылуы тиіс. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қолдаухатты алған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-дағы ақша қалдығын құқықтық мирасқордың тиісті ҚБШ-на аударуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 114-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 114-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды жапқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшелері тиісті салық органдарына мемлекеттік мекемелердің кодтарын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодтарын және ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу туралы жазбаша хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 793 Қаулысымен Ереже «Құпия» 12-1-тараумен толықтырылады
13-тарау. Екінші деңгейдегі банктердегі немесе банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу және жабу
115. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелерге бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотын, бюджеттік инвестициялық жобасының арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашу тәртібі банктік заңнамада белгіленеді.
116. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатының негізінде осы Ереженің 52-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотын, бюджеттік инвестициялық жобасының арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға үш данада рұқсат қалыптастырады, олардың екеуін республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшісіне, ол өз кезегінде бір данасын мемлекеттік мекемеге, екіншісін екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беру үшін беріледі.