аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері жоқ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың бесінші күніне дейін береді;
аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері бар республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың он бесінші күніне дейін береді;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың он бесінші күніне дейін ұсынады, жоғары тұрған бюджеттен алынатын нысаналы трансферттердің қаражаты және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар жөнінде шығыстардың айлар бойынша көлеміне өзгерістер енгізілген жағдайда ағымдағы айдың жиырмасыншы күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 41-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41. Қаржыландырудың жиынтық жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері айына кемінде бір рет ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын өзгертуге, сондай-ақ өкілдік шығындарға қаражат бөлуге немесе атқарушы парақтарды орындау үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі - ағымдағы ай ішінде, ал соңғы айда - ағымдағы қаржы жылының аяқталуына үш жұмыс күні қалғанда қабылданады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органға бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен өтеуді, бағамдық айырманы, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінің мөлшерін азайтуды бағаның өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыс беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтуды, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы ставкасын өзгертуді қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып беруге жол берілмейді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға азайтылатын айларға қатысты айлардың жоспарларын ұлғайту жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы және алдағы азайтуға арналған өтінімдер беруге жол беріледі, бұл ретте осы өзгерістер өткен есепті кезеңді қозғамауы тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға арттыру жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы айдың жоспарларын ұлғайту жолымен алдыңғы айлардың міндеттемелері бойынша жоспарларды азайтуға арналған өтінімдер беруге жол беріледі, бұл ретте осы өзгерістер өткен есепті кезеңді қозғамауы тиіс.
Бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын азайту бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға азайтылатын соманы ағымдағы немесе келесі айлардан ағымдағы жылдың желтоқсан айына көшіру бойынша міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінім енгізеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінімді қағаз және магнит (электрондық) тасығыштармен береді.
Қаржыландыру жоспарларын өзгертуге бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініміне орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал олар болмаған кезеңде - тиісті бұйрықтармен олардың міндеттерін орындау жүктелген тұлғалар қол қояды және ол бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөрімен куәландырылады.
42. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарайды және олар мақұлдаған жағдайда, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қалыптастырады.
Анықтаманы қалыптастыру осы Ереженің 34-тармағында көзделген тәртіппен, сондай-ақ мынадай шарттарды ескере отырып жүргізіледі:
осы Ереженің 19-тармағына сәйкес түсімдердің жиынтық жоспарының және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерімділігін сақтау;
жиынтық жоспардың «Республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімінде түсімдер мен өтеудің көлемін өзгерту бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитiн пайдаланудың) бекітілген (нақтыланған) көлемін сақтау шартымен ғана жүзеге асырылады.
43. Төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері жоғары тұрған бюджеттерді атқару уәкілетті орган ол түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған өзгерістер бойынша негіздемені және осы Ереженің 34-41-тармақтарында белгіленген шарттардың сақталуын тексереді.
Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінімдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылының басынан бастап түзетілетін кезең бойынша төлемдер бойынша шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден асып кетуіне әкеп соқтырса, сондай-ақ бұл ретте осы Ереженің 34-41-тармақтарында айқындалатын басқа да шарттар бұзылса, онда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімін қабылдамайды.
44. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекіткеннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны қағаз тасығышта тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаперіне жеткізеді.
45. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органнан алған төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманың негізінде дәл сол күні бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді және қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бекітеді.
46. Өзгертілген заңнамалық актілерді іске асыруға қажетті өзгерістерді қоспағанда және Бюджет Кодексінде көзделген бюджет түзетілген жағдайда, өткен айлардағы (қалыптасқан есепті кезең үшін) бекітілген түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47. Бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтамалардың негізінде салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға республикалық бюджет кірістері түсімдерінің жоспарын жібереді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 48-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
48. Салықтық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомасының, қарыздардың бюджетке түсетін түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кредиттік шарттарға, қарыз шарттарына, борышты қайта құрылымдау келісіміне енгізілген өзгерістердің негізінде және осы Ереженің 30-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттің қаржы активтерін сату жоспарын өзгертудің негізінде аталған түсімдер тізбесі бойынша оларға өзара қатынасы бар органдардың өтінімдері бойынша жүзеге асырады.
Түсімдердің болжамдық жылдық сомасын өзгертуге кезекті қаржы жылына арналған бюджетті нақтылаған кезде ғана жол беріледі.
Түсімдердің жиынтық жоспарына және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылардың, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін бюджеттік кредиттерді өтеу сомасының жоғары тұрған бюджетке түсетін түсімдер жоспарына өзгерістер енгізуді төмен тұрған бюджеттер кірістерінің жоспарын асыра орындаудың, кредит шарттарының талаптарын өзгерту негізінде және жоғары тұрған бюджет түсімдерінің бірдей ай сайынғы сомасын және төмен тұрған бюджеттердің тиісті шығыстарының сомасын сақтап қалу мақсатында төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың өтінімі бойынша жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
49. Кірістердің түсімдері, кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді, қарыздарды өтеу жоспарларын өзгертуге өтінімдер қабылданбаған кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептері мен негіздемесін көрсете отырып, өтінім берген мемлекеттік органға, төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоспарларды өзгертуден бас тартатыны туралы хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 50-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50. Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы Ереженің осы бөлімінде белгіленген тәртіппен төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 29-30-қосымшаларына сәйкес жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы негізінде қалыптастырады.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар береді.
Төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттерге трансферттерді беруіне, борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуге байланысты шығыстар бойынша төмен тұрған бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы Ереженің осы бөлімінде белгіленген тәртіппен және жоғары тұрған бюджеттің уәкілетті органы ұсынған жоғары тұрған бюджет түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама негізінде төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 51-тармақ жаңа редакцияда
51. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманың бір данасын оларды бекітілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде бір мезгілде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз және магнит (электрондық) тасығыштарда ұсынады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша берген кезде - осы Ереженің 19-1, 29-1, 30-1-қосымшаларына сәйкес түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық үлгілерін, осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылады.
Бюджет нақтыланған жағдайда «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 19-1, 29-1, 30-1-қосымшаларына сәйкес жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электронды үлгілері және 120-қосымшасына сәйкес нақтыланған жоспардың осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген электронды үлгісі ұсынылады.
52. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмейтін мерзімде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша кірістер түсімдерінің нақтыланған жиынтық жоспарын ұсынады, кейіннен ілеспе хатты қағаз тасығышта растайды. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган салық, және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органға жергілікті бюджеттердің кірістері түсімдерінің нақтыланған жоспарын жібереді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-тармақ өзгертілді
53. Республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау кезінде мемлекеттік мекемелер қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларын, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган - бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын осы Ереженің 5-тарауында және 4-тарауының 26-тармағының 9-абзацында белгіленген тәртіппен оларға өзгерістер енгізу жолымен нақтылайды.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулыларын қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жылдық жоспарлы сома өзгертiлген бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтiнiм ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi қосымша бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға осы Ереженiң 2-11-тармақтарына сәйкес мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының жобаларын тапсырады.
Бюджет нақтыланған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның кезекті қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес түсімдердің жылдық болжамдық сомаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі қабылданған күннен бастап 5 күннің ішінде бекітіледі.
54. Бюджет нақтыланғанға дейін кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттердi түзетулер негiзiнде (бұдан әрi - бюджеттi түзету) жиынтық жоспарларға енгізілетін түсiмдер мен шығыстар сомасының барлық ағымдағы өзгерістерi, сондай-ақ оларды ай сайынғы бөлгендегі өзгерістерді бекітілген бюджеттiң электрондық дерекқорының қайталама көшiрмесiнде жүзеге асырылады.
Бекiтiлген бюджеттiң электрондық дерекқорының қайталама көшiрмесiне енгiзiлетiн түзетулер нәтижесiнде түзетiлген бюджет қалыптастырылады.
55. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға немесе мәслихаттың шешіміне сәйкес қалыптастырылған, бөлiнетiн бюджеттік бағдарламаларды бөлуге байланысты түзетуден басқа, сол сияқты бюджеттi нақтылауға дейiн жүргiзiлген түзетудi де ескеретiн түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған бюджетке сәйкес келедi.
Нақтыланған бюджет бойынша жиынтық жоспарларды қалыптастыру бюджеттің нақтыланған көрсеткіштері бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлуге байланысты түзетулерді қоспағанда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтамалар енгізу арқылы түзетілген бюджеттің электрондық дерекқорында жүзеге асырылады.
56. Бюджет кодексiнiң 111-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бiр бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша бюджетте бекітілген бюджеттік бағдарламаның қаражатын түрлi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi арасында бөлу туралы шешiм қабылданған кезде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастыратын түсiмдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың негiзiнде түсiмдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен түзетiлген бюджетте осы өзгерістердi көрсетедi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 57-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
57. Бюджет кодексінің 104-бабының 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген шығыстарды қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтарының есебінен қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы жылдың 20 қаңтарына қарай мынадай құжаттарды дайындауды жүзеге асырады:
1) бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпарат;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмау себептерін көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпарат, сыртқы қарыздар, гранттар және бюджеттік кредиттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламасын қоспағанда, инвестициялық жобалар, бюджеттік бағдарламалар; дайындалу және жеткізу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер бойынша ақысы төленбеген шарттар тізбесі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 58-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 58-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Ереженің 57-тармағында көрсетілген ақпарат негізінде белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар тізбесін оларды бюджет қаражатының қолда бар қалдықтары көлемінің шегінде ағымдағы қаржы жылы қаржыландыру жөніндегі ұсыныспен бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 59-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 59-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 59-тармақ жаңа редакцияда
59. Бюджет комиссиясының шешімі негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ұлғайту жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ұлғайту жөніндегі қаулысының жобасында нысаналы даму трансферттері инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 59-1-тармақпен толықтырылды
59-1. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің Бюджет кодексінің 157-бабының 5-тармағына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобалардың құнын ұлғайтуды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бюджет комиссиясында қарамай, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша үнемдеу сомасын бюджеттік инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асыруға құқығы бар.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша үнемдеу пайда болған жағдайда бюджеттік инвестициялық жобалар арасында соманы ауыстыру осы Ереженің 257-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 60-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 59 және 59-1-тармақтарында санамаланған нормативтік құқықтық актілердің негізінде осы Ереженің 5-тарауында айқындалған тәртіппен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
61. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу кезiнде төмен тұрған бюджеттi, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түзету осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен кейiннен түсiмдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзе отырып, жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мәслихатта бюджеттi нақтыламастан жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 62-тармақ өзгертілді
62. Қаржы жылының iшiнде орталық мемлекеттік органдарды, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердi құрған, таратқан, қайта ұйымдастырған, олардың функцияларын өзгерткен жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган таратылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдардың құқықтық мирасқорлары жаңадан құрылған мемлекеттік органдардың және оның ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң функцияларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде ҚР ББС-ке өзгерістер мен толықтырулар енгiзедi.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік органдарды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді құруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға, олардың функцияларын өзгертуге байланысты бекітілген (нақтыланған) бюджет көрсеткіштерін түзету жөніндегі қаулылардың жобаларын әзірлейді және оны тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен жоспарлы тағайындауларға көшіру бөлігінде берілетін, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген берілген бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде көшіру бөлiгiнде өзгерістер енгiзедi. Жүргізілген кассалық шығыстарды көшіруді аумақтық қазынашылық бөлімшелер жүзеге асырады.