Уәкілетті органдардың тиісті есепке алуды, бақылау мен мониторингті, сондай-ақ артық төленген, қате немесе дұрыс түспеген түсімдердің сомасын қайтаруды немесе оларды бюджетке берешекті өтеу есебіне есептеуді жүзеге асыруы үшін бюджет түсімдері сыныптамасының коды бойынша әкімшілік айыппұлдар түсімдері туралы ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі ай сайын, есептіден кейінгі айдың бірінші күніне осы Ереженің 116, 117-қосымшаларына сәйкес 2-14 «Бір айдағы түсімдерді жинау жөніндегі есеп», 2-43 «Бюджет сыныптамасының коды бойынша түсімдер» деген нысандар бойынша қалыптастырады, кейіннен өздерінің аумақтық және/немесе құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізуі үшін есептіден кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Көрсетілген ақпаратты бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган осы Ереженің 59-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдерді тіркеу журналына жазады.
144. Шетел валютасында бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтару үшiн салық органы не бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетел валютасыдағы ақшаны алушыны енгізуге өтінім бередi.
Шетелдік берушінің бірегей коды берілгеннен кейін салық органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне салық органының немесе уәкілетті органның тиісті қорытындысын, төлем тапсырмасын, шетел валютасын айырбастауға өтінімді, шетел валютасын аударуға өтінішті осы Ереженің 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді. Шетел валютасын айырбастау және аудару бойынша операциялар осы Ереженің 35-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Қайтару Түсiмдердiң жинақ шотынан оны кейiннен бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның валюта түрлерi бойынша шетел валютасындағы корреспонденттiк шоттарға есепке ала отырып, жүзеге асырылады. Құжаттарды салық органдарына беру Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жуапты салықтық және уәкілетті орган шетел валютасында бюджетке түсетін түсімдерге қайтаруға арналған жоғарыда көрсетілген құжаттардың шынайылығына және дұрыстығына жауапты болады, аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді .
Шетел валютасында қайтару бойынша құжаттарды орындау не оларды қайтару себептерін көрсете отырып қайтару олар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне түскен күні жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-тарау. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды, нысаналы трансферттерді аудару тәртібі мен мерзімдері
ҚР Үкіметінің 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен 145-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
145. Бюджеттік алып қоюлар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекітілген сома шегiнде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берiледi.
Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен деңгейінен жоғары деңгейіне берген кезде нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке түсімдер мен төмен тұрған бюджет төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде беріледі.
146. Бюджеттік алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерiн республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде көзделген, келесi қаржы жылына бекітілген төмен тұрған бюджет кiрiстерi түсiмдерiнiң (азаматтарға пәтерлердi сатудан түсетiн соманы қоспағанда, салық, салықтық емес түсiмдер және негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер) сомасына бюджеттік алып қоюлар сомасының қатынасы ретiнде пайызбен жоғары тұрған деңгейдегi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды және бекiтедi.
Төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi атқарушы орган 25 желтоқсаннан кешiктiрмей жоғары тұрған бюджеттi атқару жөніндегі органға келесi қаржы жылына арналған кiрiстердiң болжамдық көлемiн және түсiмдердiң жиынтық жоспарының жобасын алдын ала айға бөлудi (ерекшелiктер деңгейiне дейiн) бередi.
Жоғары тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган төмен тұрған бюджеттер кiрiстерiнiң мөлшерi мен ай сайынғы болжамдық көлемi негiзiнде бюджеттік алуларды айға сайынғы бөлуді айқындайды және жоғары тұрған бюджеттiң түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың қаперіне жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 147-тармақ өзгертілді
147. Төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде бюджеттік алулар сомасын төмен тұрған бюджеттiң түсiмдерiнің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген айлық сома шегiнде жоғары тұрған бюджет түсiмдерi бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодын көрсете отырып, ағымдағы айдың жиырма бесінші күнiне дейiн аударады.
Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде штаттан тыс персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақыны төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жәрдемақыларды, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулардың сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Тиісті бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беру кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылған төлеуге берілетін шоттың негізінде нысаналы трансферттер сомасын төмен тұрған бюджеттің түсімдерінің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджет түсімдері бюджеттік сыныптамасының тиісті кодын көрсете отырып, аударады.
Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде штаттан тыс персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақыны төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жәрдемақыларды, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген нысаналы трансферттердің сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
ҚР Үкіметінің 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен 148-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
148. Бюджеттік алуларды аударудың толықтығын бақылауды бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Бюджеттік алуларды аударудың уақытылылығын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғары тұрған деңгейге берген кезде нысаналы трансферттерді аударудың толықтығына бақылауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады, сондай-ақ нысаналы трансферттердің уақтылы аударылуына бақылауды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады.
6-бөлім. Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы
17-тарау. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауы
149. Мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарымен бекітілген сомалар шегінде шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сомалар және мыналармен:
1) іске асыру мерзімі бір жылдан астам бюджеттік бағдарламалармен;
2) технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (жылдары) беруге себепші болатын активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалармен;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан астам қызмет көрсетумен;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын, аяқталу мерзімі келесі қаржы жылында басталатын қызметтерді көрсетумен;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан асатын іс-шараларды өткізумен байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары шегінде олар әрекет еткен барлық мерзім ішінде тіркелуге жатады.
Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 150-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
150. Міндеттемелер шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелердi (бұдан әрi - шарт) жасасу арқылы, сол сияқты оларсыз да қабылданады.
Жасасқан шарттарды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыстардың, оның ішінде шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң қорытындысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жасасуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеменің шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі мыналардың:
1) тауарларды сатып алған, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайларда, орындалған жұмыстардың шот-фактурасының, хабарлама шотының, шотының, актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттың;
2) мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік есептеулер, бюджетке жүргізілетін есептеулер, жеке тұлғаларға стипендиялар және төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың;
3) бюджеттен трансферттер бөлінген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің міндеттемелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарының;
4) инкассолық өкімнің;
5) осы тізбеген енбеген ерекше шығыстар мен басқа да шығыс түрлері бойынша төлемдер жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттың негізінде қабылданған болып есептеледі.
18-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелердi қабылдауына қойылатын талаптар
151. Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды, сондай-ақ шарттағы келтірілген деректердiң шынайылығын қамтамасыз етедi және оларды сақтамағаны үшін жауап бередi.
152. Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.
Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың шеңберіндегі немесе байланысқан гранттар бойынша шарттарды (бұдан әрi - қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі шарт) қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі азаматтық- құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысқан грант халықаралық шарттың қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 153-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
153. Мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шартты жасасуға мынадай:
мемлекеттік мекеме шартты қарыз/грант туралы шарт (келісім-шарт) шеңберiнде жасасқан;
мемлекеттік мекеме бюджеттік даму бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (одан да кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) басталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын қызметтерді ұсыну шеңберінде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан аспайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар жүргізу шеңберінде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме автокөлiк құралдарын иеленушiлердiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға шарттар жасасқан жағдайларда жол берiледi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 154-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
154. Қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шартта тиiстi қаржы жылдары бойынша соманы шартты түрде бөле отырып жалпы сомасын көрсетеді. Шарттың жалпы сомасы, жылдар бойынша оның бөлiнуi өзгерген кезде оларды түзету қосымша келісімдердi жасасу жолымен түзетіледі.
155. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда міндеттемелер бойынша қаржылық жоспардың шегінде бір бюджеттік бағдарлама аясында шарт жасасады.
Мемлекеттік мекеме ақша алушының бiреуiмен бюджеттік кiшi бағдарламалардың немесе шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiрнеше ерекшелiктерi бойынша шарт жасасқан жағдайда шартта жалпы соманы әрбір бюджеттік кiшi бағдарлама немесе шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбiр коды бойынша бөле отырып көрсетедi.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.06. № 667 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.11. № 1281 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.04. № 466 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 156-тармақ өзгертілді
156. Шығыстардың бюджеттік сыныптасының әрбір коды бойынша аванстық (алдын алда) төлем ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан артық емес мөлшерде шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшеліктері бойынша жол беріледі:
131 «Тамақ өнімдерін сатып алу»;
132 «Медикаменттер мен өзге медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу»;
135 «Ерекше жабдықтар мен материалдарды сатып алу».
Осы Ереженің 157 - 160, 160-2-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктер мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша шығыстар түрлерін қоспағанда, шығыстардың экономикалық сыныптамасының көрсетілген тізбеге енбейтін ерекшеліктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
Республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорынды қаржыландыру кезінде негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін мемлекеттік мекеме аванстық (алдын ала) төлемді ағымдағы жылы осы мақсаттарға көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының 413 «Мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық жарақтандыру» ерекшелігі бойынша жүзеге асырады.
Қайта жасасқан және бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша күрделі жөндеу мен қалпына келтіруден басқа, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру үшін мемлекеттік мекеме 424 «Мемлекеттік кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстарын салу (реконструкциялау)» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 433 «Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу» ерекшелігі бойынша:
мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтіруді және күрделі жөндеуді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізген жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының;
мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтіруді және күрделі жөндеуді жүргізу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлемді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 156-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2011.07.06. № 637 Қаулысымен 156-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
156-1. Шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мақсатында 154 «Стипендиаттардың шетелде оқуына төлеу» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелде кадрлар даярлау мен қайта даярлау және біліктілігін арттыру халықаралық бағдарламаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі қызметтерді беруші етіп анықтаған заңды тұлғаның (бұдан әрі - Халықаралық бағдарламалар орталығы) өтінімін қоса бере отырып, төлеуге берілген шоттың негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық бағдарламалар орталығы өзінің банктік шотына ақшалай қаражат түскен сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде шетелдің жоғары оқу орындарына (әлемнің ғылыми орталықтары мен зертханаларына), стипендиаттарға, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысында көзделген қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан ұйымдарға шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру үшін ақшалай қаражатты аударуды жүзеге асырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірі күніне Халықаралық бағдарламалар орталығымен шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру үшін ақы төлеуге бөлінген ақшалай қаражатты өздерінің пайдалануы жөнінде салыстыру актісін жасайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.08. № 780 Қаулысымен 157-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
157. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының мынадай:
2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік тапсырма шеңберіндегі іс-шаралар бойынша шығыстарға ақы төлеу үшін 100 пайыздан;
ауруларды шетелде емдеудi көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн 70 пайыздан;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуiн көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн 50 пайыздан;
осы тармақта көзделген шығыстардың тiзбесiне енбейтiн шығыстарды төлеу үшiн 30 пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 148 «Мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс шеңберіндегі қызметтердi төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге тек үкiметтiк емес ұйымдарға ғана емес мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты орындаған кезде ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.15.09. № 1382 Қаулысымен 157-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.03.08. № 780 Қаулысымен 157-1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
157-1. Мердігер ұйым екінші деңгейдегі банктің төлемақы сомасына арналған шарттық міндеттемелерді уақтылы орындауға кепілдігін ұсынуы шартымен шығыстардың экономикалық сыныптамасының 421 «Ғимараттар және құрылыстар салу» ерекшелігі бойынша:
инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде дайындалуының технологиялық мерзімі бір жылдан асатын күрделі энергетикалық жабдық құнының;
«Астана қаласындағы коньки тебу стадионы» объектісінің құрылысы бойынша шарт құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға рұқсат етіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 157-2-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен 157-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
157-2. Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан аспайтын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді және коммуналдық қызметтерді қоспағанда, құрылыспен, не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды реконструкциялаумен, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекемелердің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарға ақы төлеу, тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды, басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстар аяқталғаннан және тапсырыс беруші аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік қабылдау комиссиясы қол қойған актіні ұсынғаннан кейін жүргізіледі.
158. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемақы жасау жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.21.11. № 1909 Қаулысымен 158-1-тармақпен толықтырылды
158-1. Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
ҚР Yкіметiнің 2012.09.10. № 1280 Қаулысымен 158-2-тармақпен толықтырылды
158-2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруды және пайдалануды жүзеге асыру кезінде мамандандырылған ұйымға ақша қаражатын аудару 100 (жүз) пайыз мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
159. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру және мерзiмдi баспасөздi сатып алу кезiнде шарт сомасының 100 пайызы мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға жол берiледi.
ҚР Үкіметінің 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен 159-1-тармақпен толықтырылды
159-1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлесіп қаржыландыру үлесін төлеу кезінде байланысты гранттар бойынша аванстық (алдын ала) төлем шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.