Поиск 
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.12.03 № 244 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасына әкелінетін экспорттық бақылауға жататын өнімді пайдалану жөніндегі міндеттемелерді ресімдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1919 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 55-56, 546-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 12 наурыздағы

№ 244 қаулысымен

бекітілген

 

 

Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін

ресімдеу және олардың орындалуын тексеру

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруді экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін

ресімдеу және олардың орындалуын тексеру тәртібі

 

3. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) импорттаушыға, егер экспорттаушы елдің заңнамасымен осындай құжаттың ұсынылуы көзделген жағдайда беріледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алу үшін импорттаушы мынадай құжаттарды ұсынады:

  • Показать изменения

1) кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алуға өтініш;

  • Показать изменения

2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі;

  • Показать изменения

3) экспорттаушымен тиісті мәміленің нотариалды куәландырылған көшірмесі және оларды салыстыру үшін түпнұсқа.

  • Показать изменения

Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алғаннан кейін келісім-шартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, импорттаушы бұл туралы уәкілетті органға дереу хабарлайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) келісім-шартқа енгізілген өнімнің мөлшері мен номенклатурасына тәуелсіз бір мәмілеге беріледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) өтінішті тиісті құжаттармен бірге ұсынған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей беріледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша екі данада беріледі, оның бір данасы уәкілетті органда сақталады, екіншісі экспорттаушы елдің уәкілетті органына ұсыну үшін импорттаушыға беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Кеден органы жүк іс жүзінде жеткізілген күннен бастап 10 күн ішінде жеткізуді растау сертификатын уәкілетті органға жолдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) өзінің кепілдік міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексеруді ұйымдастыру тәртібі

 

10. Тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексерулерді Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, мына негіздер бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және тағайындайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының талаптарын бұзуы туралы куәландыратын мәліметтерді алу;

2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) жаппай қырып-жою қаруын, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтамауы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Тексерулер уәкілетті орган берген тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.

Тексеруді тағайындау туралы акт уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркелуге тиіс.

Тексеруді тағайындау туралы акт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда (бұдан әрі - құқықтық статистика жөніндегі орган) міндетті түрде тіркеледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12. Тексеруді жүргізудің басталуы тексеруші лауазымды адамның (адамдардың) қызметтік куәлігін міндетті түрде көрсете отырып, тексерілетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға (мәлімдеушіге) тексерудің тағайындалуы туралы актіні тапсырған кезден бастап есептеледі.

Тексеруді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана жүргізеді.

Тиеу алдындағы кезеңде және (немесе) өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру жүргізілуі мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Тексеруді жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кездегі ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемінің едәуір болуына байланысты уәкілетті органның басшысы (не оны алмастыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Тексеру мерзімін ұзартқан жағдайда уәкілетті орган құқықтық статистика жөніндегі органда тіркей отырып, міндетті түрде тексерудің ұзартылғаны туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексерудің тағайындалғаны туралы алдыңғы актінің тіркелген нөмірі мен күні және оның ұзартылу себебі көрсетіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14. Тексеруді тағайындау туралы акт сыртқы экономикалық қызметтің бір қатысушысына (мәлімдеушіге) ресімделеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15. Тексеру аяқталғаннан кейін оны жүзеге асырған уәкілетті органның лауазымды адамы Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының сақталуы мәніне тексеру нәтижелері туралы екі данада акт жасайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16. Сыртқы экономикалық қызметтің тексерілетін қатысушысына (мәлімдеушіге) тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

  • Показать изменения

Тексеру нәтижелері туралы акт тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей тапсырылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Ережеге 1-қосымша

 

 

  • Показать изменения

Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік

міндеттемесі

 

СЕРТИФИКАТ №

  • Показать изменения

1. Импорттаушы (заңды және іс жүзіндегі

мекен-жайы, телефоны)

2. Импорттаушының елі

  • Показать изменения

3. Экспорттаушы (заңды және іс жүзіндегі

мекен-жайы, телефоны)

4. Экспорттаушының елі

  • Показать изменения

5. Түпкі пайдаланушы (мекен-жайы, телефоны және қызмет саласы)

6. Алынған лицензиялар туралы ақпарат

7. Өнімді орналастыру және (немесе) пайдалану орны

8. Өнімді түпкі пайдалану

  • Показать изменения

9. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

10. Тауардың ҚР СЭҚ ТН

бойынша коды

11. Тауардың бақылау

тізімдері бойынша коды

  • Показать изменения

12. Сертификатты сұрату үшін

негіздеме (келісім-шарт немесе шарт, № мен қол қойылған күні)

13. Өлшем бірлігі

14. Саны

15. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген өнімді Қазақстан Республикасына импорттауға міндеттенеді. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген өнімді 8-тармақта көрсетілген мақсатта пайдалануға, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы шаруашылық қызметтің басқа субъектісіне бермеуге және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспорттамауға міндеттенеді.

16. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні

  • Показать изменения

17. Импорттаушы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні

18. Түпкі пайдаланушы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Ережеге 2-қосымша

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесі

  • Показать изменения

(түпкі пайдаланушының сертификаты)

 

СЕРТИФИКАТ №

  • Показать изменения

1. Импорттаушы (заңды және іс жүзіндегі

мекен-жайы, телефоны)

2. Импорттаушының елі

  • Показать изменения

3. Экспорттаушы (заңды және іс жүзіндегі 

мекен-жайы, телефоны)

4. Импорттаушының елі

  • Показать изменения

5. Түпкі пайдаланушы (заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны

және қызмет саласы)

  

  • Показать изменения

6. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

7. Тауардың ҚР

СЭҚ ТН бойынша коды

8. Тауардың бақылау

тізімдері бойынша коды

  • Показать изменения

9. Сертификатты сұрату үшін негіздеме (келісім-шарт немесе шарт, № мен қол

қойылған күні)

10. Өлшем

бірлігі

11. Саны

12. Осымен 6-тармақта көрсетілген өнім тек елдің мұқтажы үшін ғана пайдаланылатыны және экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспортталмайтыны расталады.

Осы құжат оған қол қойылған күнінен бастап алты ай ішінде экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органына ұсынылуы тиіс.

  • Показать изменения

13. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі

уәкілетті мемлекеттік органы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні