Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелердi жасасқан нарық субъектiлерi монополияға қарсы органды осы Заңның 50-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабардар етедi.
Жасалған экономикалық шоғырлану туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тiкелей де, байланыс мекемелерi арқылы да жіберiлуi мүмкiн.
Монополияға қарсы органды:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарының, директорлар кеңестерiнің, байқаушы кеңестерiнің немесе басқарудың басқа да органдарының құрамына кіретін жеке тұлғаның олардың кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындауы жағдайында аталған жеке тұлға;
2) өзi кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiнiң орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құқықтарды иемденіп алатын (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарттың, бiрлескен қызмет туралы шарттың, тапсырма шартының негiзiнде) нарық субъектiсi хабардар етуге тиiс.
54-2-бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға (өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама
1. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) заңды тұлға растаған шарттың (шарт жобасының) көшiрмесi не мәміленің жасалғанын (оны жасасу ниетін) растайтын өзге де құжат;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
4) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) өздерiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы мәмiле жасалғаннан кейiн алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
7) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
2. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы көзделетiн жеке тұлға туралы мәлiметтер:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар тiзбесi, онда хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға өкiлеттiктерiн көрсете отырып, кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайды;
2) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
3) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;
4) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;
5) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарықтың әрбiр субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi бойынша, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.»;
28) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«55-бап. Экономикалық шоғырлануға тыйым салу
Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын болса, оған тыйым салынады.»;
29) мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:
«56-1-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы
1. Егер монополияға қарсы органға жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк қырық бес күн өткен соң монополияға қарсы орган хабарламаны жiберген тұлғаға мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы жазбаша жауап жiбермеген жағдайда, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылған болып саналады.
2. Егер монополияға қарсы орган жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезiнде оны жасаудың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгiн анықтайтын жағдайда, монополияға қарсы орган күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орындалуға тиiсті нұсқама шығарады.
3. Нұсқама орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган нарық субъектiсiн монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгiнеді.»;
30) 58-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «өтініші болып табылады.» деген сөздер «өтініші;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылған ақпарат болып табылады.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тергеудiң басталуы тергеу жүргізу туралы бұйрықпен ресiмделедi.
4. Тергеудiң басталуы туралы бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрiлмей, өтiнiш берушiге және тергеу объектiсiне жiберiледi.»;
31) 59-бап алып тасталсын;
32) 61-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның іс-әрекеттерінде осы Заңның 58-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда монополияға қарсы орган тергеу жүргiзу туралы бұйрық шығарады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мерзімді ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмелері шығарылған күнінен бастап үш күн ішінде өтiнiш берушiге және тергеу объектiсiне жiберiледi.»;
33) 63-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) нарықтың басқа субъектiлерiнiң құпия ақпараты және (немесе) коммерциялық құпиясы бар материалдарын қоспағанда, iстің материалдарымен танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға және көшiрмелерiн алуға;»;
34) 64-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Нарық субъектiсi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызған жағдайда монополияға қарсы органға мәлiметтердi берген кезде нарық субъектiсi белгi қою арқылы оның сипатының құпиялылығын көрсетуге мiндеттi.»;
35) 65-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы тергеудi тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымның көшiрмесi осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сарапшыға жiберiледi.»;
36) 67-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «шешiмдердiң бiрiн» деген сөздер «тиісті шешім (шешімдер)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «, монополияға қарсы органның лауазымды адамы қол қойған қорытындыны Басқарма бекiткен» деген сөздер «қорытындыға монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) қол қойған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«он жұмыс күнiнен» деген сөздер «күнтізбелік отыз күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұйрықпен» деген сөз «монополияға қарсы органның бұйрығымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тергеу нәтижелерi бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей тергеу объектiсiне тапсырылады немесе хабарламалы хатпен жiберiледi. Өтiнiш берушi қабылданған шешiм туралы нақ сол мерзiмде хабардар етiледi.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Тергеу объектісі тергеу нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа шағым бере алады.»;
37) 69-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның бесінші абзацындағы «жасасу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге» деген сөздер «жасасу» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңның бұзылуына жол бермеу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар беруге;»;
2) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы «мемлекеттік» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат):
1-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) фьючерстiк мәмiле - объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле;».
11. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
23-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) мұнай өнімдеріне бөлшек сауда бағаларына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ден қою шараларын қабылдау үшін мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу фактілерін жібереді.».
12. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетiн нарық субъектiлерiнiң инвестициялық қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 12, 85-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағында:
3) тармақшаның жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«үшiншi абзацтағы «екiншi және үшінші» деген сөздер «1-1 және екiншi» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
13) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қырық бiрiншi абзацтағы «(356-бап)» деген сөздер «(147-6 (1-1 және 2-1-бөлiктерi), 147-12 (бiрiншi және үшiншi бөлiктері (мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу бойынша), 356-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-6 (2-2, 2-3-бөлiктерi), 147-13 (үшiншi, бесiншi және алтыншы бөлiктерi), 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 - 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);»;»;
4-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
2) 2-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
««қырық үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-6 (2-2, 2-3-бөлiктерi), 147-13, 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 - 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);».»;
7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
««7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.»;
9-тармақта:
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
««үшiншi абзацтағы «екiншi және үшінші» деген сөздер «екiншi» деген сөзбен ауыстырылсын;»;
3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
««қырық бiрiншi абзацтағы «(356-бап)» деген сөздер «(147-6 (2-1-бөлiгi), 147-12 (бiрiншi және үшiншi бөлiктері (мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу бойынша), 356-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы наурыздың 6-ы.
№ 81-V