4-1) тармақшадағы «су шаруашылығы жүйелерi салаларындағы» деген сөздер «сумен жабдықтау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тізбесіне қосу үшін ұсыныстарды мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келіседі;»;
9) 14-1-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім, осы тармақшаның екінші және (немесе) алтыншы абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін қабылданады.»;
5) тармақшаның төртінші абзацындағы «бекiтудiң тәртiбiн айқындауға» деген сөздер «бекiтудiң» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«уақытша өтемдік тарифті бекiтудiң тәртiбiн айқындауға;»;
10) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттiк реттеудiң оңайлатылған тәртiбi қолданылады.
Бұл ретте қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлері реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін), тарифтік сметаларды алдыңғы күнтізбелік жылдағы факт бойынша тұтынушылық бағалар индексінен аспайтын шамаға жылына бір рет өз бетінше өзгертуге құқылы.
Тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны осылайша өзгерткен жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны өзгертудің себептерін көрсететін ақпаратты бере отырып, тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны өзгерткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі өзгерткен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым мөлшерлемесі), тарифтік смета реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тиісінше тариф (баға, алымдар мөлшерлемесі) және тарифтік смета болып табылады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны тұтынушылық бағалар индексінен асатын шамаға өзгерту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны қайта қарау үшін өтініммен уәкілетті органға жүгінеді.»;
11) 15-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Уәкiлеттi орган» деген сөздер «уәкiлеттi орган мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 16-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік «монополиялар субъектiлерiн» деген сөздерден кейін «және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектiлерiн» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Табиғи монополия субъектісі тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейiн бекітуге арналған өтініммен бір мезгілде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге ұсынады.».
6. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
7-баптың 7) тармақшасы «4, 5-тармақтарында» деген сөздерден кейін «, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 7-баптың бірінші бөлігінің 14) тармақшасындағы «уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына» деген сөздер «iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 39-баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің басшылары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары - аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мамандары жатады.».
8. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 44-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде осы Заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда лицензиялық алым алынбайды.»;
2) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:
«47-1-бап. Берілген лицензиялардағы қателерді түзету
Берілген лицензияда және (немесе) лицензияға қосымшада қателер табылған жағдайда лицензиат оларды түзету туралы еркін нысанда өтініш беруге құқылы.
Лицензиар лицензиаттың тиісті өтінішті берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиялар тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізеді және тиісті түзетулері бар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.».
9. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 4-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген бәсекелестік қағидаттары нарық субъектiлерiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген жеріне қарамастан, нарық субъектiлерiнің барлығына бiркелкі түрде, бiрдей шамада және тең жағдайда қолданылады.»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.»;
3) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) әлеуеттi бәсекелес - бәсекелестiң тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіру және (немесе) өткiзу мүмкiндiгi бар (жабдыққа, технологияларға ие), бiрақ тиiстi тауар нарығында оны өндірмейтін және өткiзбейтiн нарық субъектiсi;
1-2) бәсекелес - тиісті тауар нарығында нарық субъектiлерiнің тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіруіне және (немесе) өткiзуіне байланысты тиісті нарықтың басқа субъектiлерiмен жарыспалылық жағдайында болатын нарық субъектiсi;»;
«3-1) жанама бақылау - заңды тұлғаның қабылдайтын шешiмдерiн заңды тұлға немесе араларында тiкелей бақылау болатын бiрнеше заңды тұлғалар арқылы жеке немесе заңды тұлғаның айқындау мүмкiндiгi;»;
6) тармақша «басшылықты» деген сөзден кейін «, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді» деген сөздермен толықтырылсын;
9) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) нарық субъектiсi - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы, сондай-ақ заңды тұлғасы, шетелдiк заңды тұлға (оның филиалы мен өкiлдiгі). Нарық субъектілеріне кәсіпкерлік қызметті өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар да жатады;»;
«15) тергеу - монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың жасалғанын растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректердi осы Заңда көзделген тәртiппен жинауға бағытталған iс-шаралары;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) тiкелей бақылау - жеке немесе заңды тұлғаның мынадай бiр немесе бiрнеше iс-қимылдар жасау:
оның атқарушы органының, директорлар кеңесінің функцияларын жүзеге асыру;
заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау құқығын алу;
заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына иелік ету арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешiмдердi айқындау мүмкiндiгi;»;
«18) экономикалық қызметті үйлестіру - нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін осындай нарық субъектілерінің ешқайсысымен де бір тұлғалар тобына кірмейтін және нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін келісу жүзеге асырылатын сол тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғаның келістіріп отыруы.»;
4) 7-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу пайызынан астамына тұлғаның тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) иелiк ету құқығы болса;»;
5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер
1. Тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасайтын және (немесе):
1) бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулердi, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды), үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға;
2) сауда-саттықта бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға;
3) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемi, өткiзiлетiн тауарлар ассортиментi не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушiлердiң) құрамы бойынша бөлуге;
4) тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға;
5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушiлермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн нарық субъектiлерi арасындағы деңгейлес келiсiмдерге тыйым салынады.
2. Егер:
1) сатушы сатып алушы үшiн тауарды қайта сатудың ең жоғары бағасын белгiлейтiн жағдайды қоспағанда, келiсiмдер тауарды қайта сату бағасын белгiлеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса;
2) келiсiмде сатушының бәсекелесi болып табылатын нарық субъектiсiнiң тауарын сатып алушының сатпау мiндеттемесi көзделсе, нарық субъектiлерi арасындағы сатылас келiсiмдерге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауар белгiсiмен не сатушыны немесе өндiрушiнi дараландырудың өзге де құралымен тауарларды сатуды ұйымдастыруы туралы келiсiмдерге қолданылмайды.
3. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы кез келген нысанда қол жеткiзiлген, бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн, оның iшiнде:
1) нарықтың басқа субъектiлерiмен мәні бiрдей шарттарға кемсiтетiн талаптарды белгiлеуге немесе қолдауға, оның iшiнде тауарларды сатып алудың және (немесе) өткiзудiң келiсiлген шарттарын белгiлеуге;
2) сауда-саттықты, аукциондар мен конкурстарды өткiзудiң белгiленген тәртiбiн, оның iшiнде лоттар бойынша бөлу жолымен бұзу нәтижесiнде олардың қорытындыларын бұрмалауға;
3) тауарларды өткiзудi негiзсiз шектеуге немесе тоқтатуға;
4) нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi бiр тауарларды сатушылар (берушiлер) немесе олардың сатып алушылары ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе одан ығыстырып шығаруға;
5) контрагенттердiң өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер (қаржылай қаражатты және өзге де мүлiктi, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес құқықтарды берудi негiзсiз талап ету) қабылдауы кезiнде шарттар жасасуға қатысты бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
Осы тармақта белгiленген тыйымдар концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын сатылас келiсiмдерге не егер нарық субъектiлерiнiң тауар нарығындағы жиынтық үлесi жиырма пайыздан аспаса, қолданылмайды.
4. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн осы баптың 1 - 3-тармақтарында тізбеленген салдарларға әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруге тыйым салынады.
5. Осы баптың ережелерi, егер бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерiнiң бiрi нарықтың басқа субъектiсiне қатысты тiкелей немесе жанама бақылау белгiлеген болса, сондай-ақ мұндай нарық субъектiлерi бiр тұлғаның тiкелей немесе жанама бақылауында болса, осындай нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге қолданылмайды.
6. Осы баптың талаптары зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне айрықша құқықтарды жүзеге асыру туралы келiсiмдерге және соларға теңестiрiлген заңды тұлғаның дараландыру құралдарына, өнiмдi, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтердi дараландыру құралдарына қолданылмайды.
7. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы бапта көзделген келiсiмдерге, егер олар нарық субъектiлерiне осы келiсiмдердiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет болып табылмайтын шектеулер қоймаса және тиiстi тауар нарығында бәсекелестiктi жою үшiн мүмкiндiк жасамаса және егер нарық субъектiлерi мұндай келiсiмдер өз нәтижесiнде:
1) тауарлар өндiрудi (өткiзудi) жетiлдiруге немесе техникалық (экономикалық) прогресті ынталандыруға жәрдемдесетін немесе жәрдемдесе алатын не әлемдiк тауар нарығында тараптар өндірген тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын немесе арттыра алатын;
2) тиiстi тұлғалардың осындай iс-әрекет жасауынан иеленетiн артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлiгiн тұтынушылардың алатынын немесе алуы мүмкiн екенін дәлелдесе, жол берiлетін болып танылады.»;
6) 11-баптың 1-тармағының бірінші абзацы «шектеуге» деген сөзден кейін «және (немесе) тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 12-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Нарық субъектiсiнiң үстем жағдайы Еуразиялық экономикалық комиссия бекiтетiн Бәсекелестiктiң жай-күйiн бағалау әдiстемесiне сәйкес мынадай мән-жайларды:
1) нарық субъектiсiнiң үлесiн және оның бәсекелестерi мен сатып алушыларының үлестерiмен арақатынасын;
2) нарық субъектiсiнiң бiржақты тәртiппен тауар бағасының деңгейiн айқындау және тиiстi тауар нарығында тауар өткiзудiң жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгiн;
3) тауар нарығына кiру үшiн экономикалық, технологиялық, әкiмшiлiк немесе өзге де шектеулердiң болуын;
4) нарық субъектiсiнiң тауар нарығында тауар айналымының жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгінің болу кезеңін талдау негiзге алына отырып белгiленедi.»;
8) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды терiс пайдалану
Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғатын және (немесе) тұтынушылардың, өзге де тұлғалардың заңды мүдделерiне қысым жасайтын іс-әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне, оның iшiнде:
1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру;
2) нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану;
3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;
4) нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату жолымен келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу;
5) тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негiзсiз бас тарту не осындай шарт жасасуға күнтізбелік отыз күннен асатын мерзiмде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару;
6) бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер қабылдау арқылы тауарларды беруге шарт қою;
7) өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемiн негiзсiз қысқарту немесе өндiруді және (немесе) өнім беруді тоқтату;
8) егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, тауарды айналымнан алып қою;
9) контрагентке шарттың нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзделмеген шарт талаптарын күштеп таңу;
10) нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау;
11) бір ғана тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік жағдайлар жасау сияқты iс-әрекеттерiне тыйым салынады.»;
9) 14-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «асып кетсе» деген сөздерден кейін «немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығын айқындау мүмкін болмаған жағдайда, шығыстарға және пайдаға талдау жүргізіліп, негізделген баға айқындалады.»;
10) 16-баптың 2-тармағында:
6) тармақша «өткiзу» деген сөзден кейін «(сатып алу)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;
14) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы.»;
11) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу)
Сатушының (өнiм берушiнiң) немесе сатып алушының тауарды өткiзуі (сатып алуы) кезiнде сатушының (өнім берушінің), тұтынушының құқығына қысым жасайтын және өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай мәмiленiң нысанасына қатысы жоқ қосымша талаптарды немесе шарттарды белгiлеу жөнiндегi кез келген iс-әрекеттерi мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу) болып табылады.»;
12) 31-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Монополияға қарсы орган өтінішхат келiп түскен кезден бастап күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру болжанатын тауар нарықтарын тексеруге, осы тауар нарықтарында бәсекелестiктiң даму деңгейi туралы, оның iшiнде осы тауар нарығында мемлекеттiк кәсiпорынның, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның, онымен үлестес тұлғаның қатысу мерзiмi туралы қорытындыны дайындауға және өтінішхатты ұсынған тұлғаға негізделген шешiмдi жiберуге мiндеттi.»;
13) 32-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң осы баптың 3-тармағында белгiленген шектеулердi сақтауын бақылауды монополияға қарсы орган осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.»;
14) 5-тараудың тақырыбы:
«Мемлекеттік» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы» деген сөздермен толықтырылсын;
«іс-әрекеттері» деген сөзден кейін «, келісімдері» деген сөзбен толықтырылсын;
15) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi, келiсiмдерi
1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға немесе тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiне конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толықтай немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
2. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi болып, оның ішінде мыналар танылады:
1) қызметтiң қандай да бiр саласында нарық субъектiсiн құруға қатысты шектеулер енгiзу;
2) нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi келтiру;
3) тауарлардың еркiн қозғалысына қатысты тыйым салуларды белгiлеу немесе шектеулер, нарық субъектiлерiнiң тауарларды өткiзу құқықтарына өзге де шектеулер енгiзу;
4) нарық субъектiсiне сатып алушылардың белгiлi бiр санаты үшiн тауарларды бiрiншi кезекте беру не белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) тауарларды бiрiншi кезекте сатып алу туралы немесе басымдықты тәртiппен шарттар жасасу туралы нұсқаулар беру;
5) тауарларды сатып алушылар үшін олардың осындай тауарлар ұсынатын нарық субъектiлерiн таңдауына шектеулер белгiлеу;
6) бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер;
7) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарлардың сатылу немесе сатып алыну көлемi, өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi бойынша не сатушылардың (өнiм берушiлердiң) немесе сатып алушылардың құрамы бойынша бөлуге бағытталған iс-әрекеттер;
8) нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруiн, одан шығуын шектеу немесе оларды тауар нарығынан ығыстырып шығару;
9) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да басымдықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметте қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау;
10) нарық субъектiлерiн шарттарды басымдықты тәртiппен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте беруге не тауарларды белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу.
3. Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арасындағы немесе олар мен нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге, егер мұндай келiсiмдер бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге немесе жоюға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, тыйым салынады.»;
16) 34, 35 және 36-баптар алып тасталсын;
17) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Монополияға қарсы орган және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган»;
18) 39-бапта:
1) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;»;