Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесін, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 Қаулысы
(2012.28.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1730 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1730 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесi;
3) Геодезиялық пункттердi қорғау туралы ереже бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру ережесi ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1730 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)