ұшу эшелондары үшін ылғалдылық туралы деректер 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа) және 180 (500 гПа);
ұшу эшелондары үшін геоәлеуетті абсолютті биіктік туралы деректер 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПа), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа) 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100 гПа).
393. Ресей ГМО 00.00, 06.00, 12.00, 18.00 UTC мерзімде шығаратын жоғары және орта деңгейдің карталары мен кестелер жасау бойынша талаптар пайдаланылады.
Ұшу құжаттамасында пайдаланылатын карталар мен кестелер жасау бойынша талаптар ИКАО талаптарының негізінде ДМҰ әзірленген және осы Қағидалардың 3-қосымшасында ұсынылған.
394. Ұшу құжаттамасына енгізілген карталардың мынадай сипаттамасы болуы тиіс:
1) қолайлы пайдалану үшін карталардың ең үлкен көлемі 42 x 30 см (стандартты көлемі А3), ең кішкентай көлем 21x30 см (стандартты көлем А4). Көлемнің таңдалуы бағдарлардың ұзақтығына және уәкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушылардың арасындағы келісім бойынша карталарда көрсету қажет ақпаратты нақтылау деңгейіне тәуелді;
2) негізгі географиялық бағыттардың көрінісі қарапайым тануды қамтамасыз ететін әдіспен көрсету қажет;
3) негізгі әуеайлақтарды нүкте түрінде көрсету және осы әуеайлақ қызмет көрсететін қала атауының бірінші әрпін белгілеу қажет;
4) координаттардың географиялық торабын ендік пен ұзақтықтың әр 10 градус үзік сызықпен көрсетілген меридиандар мен параллельдермен салу қажет; нүктелерді 1 градус аралықпен салу қажет;
5) ендік пен ұзақтық мәнін картаның барлық көлемі бойынша ірі нүктелермен көрсету қажет;
6) ұшу құжаттамасы үшін түсініктеме жазулар нақты және қарапайым болуы тиіс, оларда аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталығының немесе АБДО жатпайтын ақпаратты ұсынатын орталықтың атауы, картаның түрі, әрекет ету күні және кезеңі және қажет болғанда бір мәнді түсініктемемен пайдаланылған өлшем бірліктері көрсетіледі.
395. Ұшу құжаттамасына енгізілетін метеорологиялық ақпарат мынадай түрде ұсынылады:
1) жел қою торапта көрсеткішпен және боялаған жалаушалар арқылы көрсетіледі;
2) қою торапта температура цифрлармен көрсетіледі;
3) АБДО алынған деректердің жиынтығынан алынған жел және температура туралы деректер ендік ұзақтық қою торапқа салынады;
4) желдің көрсеткіштері температураға басымды болады және осы екі белгі картаның фонында ерекшеленеді.
396. 250 ұшу эшелоны мен 630 ұшу эшелоны арасында ұшу үшін карталардың ең аз санына атмосфераның жоғары қабаттарындағы (250 ұшу эшелоны - 630 ұшу эшелоны) ауа райының ерекше құбылыстар картасы және 250 гПа эшелоны үшін желдің болжам картасы енгізіледі. Ұшу алдындағы және ұшуда жоспарлау және ұшу құжаттамасы үшін ұсынылатын нақты карталар уәкілетті метеорологиялық орган мен мүдделі тұтынушылар арасында келісіледі.
397. Ұсынылатын карталарды тиісті метеорологиялық органдар белгілегендей АБДО цифрлы болжамдарынан алынады.
398. Ұшу құжаттамасында салыстырмалы биіктік мынадай түрде көрсетіледі:
1) ұшу бағдары бойынша метеорологиялық жағдайлар туралы барлық мәліметтерді, мысалы, биіктіктерде желдің салыстырмалы биіктігі, турбуленттік немесе бұлттардың жоғары және төменгі шектерінің биіктігі эшелон түрінде көрсетіледі. Осы мәліметтер қысым, абсолюттік биіктік немесе кіші биіктіктерде ұшу үшін жер бетінің деңгейінен биіктік түрінде көрсетілуі мүмкін;
2) әуеайлақ ауданындағы метеорологиялық жағдайлар туралы барлық мәліметтер әуеайлақтың артығынан биіктік түрінде көрсетіледі.
399. Ұшу экипажының мүшелері ұшу алдында жел мен ауа температурасы туралы ақпаратпен карта түрінде жабдықталған жағдайда осы карталар стандартты ұшу эшелоны үшін болжау карталарын білдіреді. Ұшу ұзақ болмаған жағдайда стандартты изобарлық беттерді карталардың орнына ағымдағы карталар ұсынылады, көрсетілген деңгейлер стандартты изобарлық деңгейлерге сәйкес болады.
400. Кіші биіктіктерде ұшулар үшін жел мен ауа температурасының карталары 500 км астам емес қашықта орналасқан нүктелер үшін және мынадай абсолюттік биіктіктер жасалады: 600, 1500 және 3000 м (2000, 5000 және 10 000 фут).
401. Биіктіктерде жел мен ауа температурасы туралы ақпарат кесте түрінде ұсынылған жағдайда ол биіктік карталарға арналған деректердей сол ұшу эшелондары бойынша деректерді қамтиды. Осы ақпарат географиялық пункттерге ұсынылады.
Биіктіктерде жел мен ауа температурасының кесте болжамдары ұсынудың нысандары осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
402. Ұшу экипажының мүшелері ұшу алдында ұшу бағдарлары бойынша ауа райының ерекше құбылыстары туралы ақпаратпен карта түрінде жабдықталғанда, олар көрсетілген белгіленген уақытқа нақты ауа райы ерекше құбылыстарының карталары болып табылады. Мұндай карталарда мыналарға қатысты мәліметтер көрсетіледі:
1) күн күркіреу;
2) тропикалық циклондар;
3) қатты дауылдардың желілері;
4) орташа немесе қатты турбуленттілікке (бұлтты немесе ашық аспан жағдайында);
5) орташа немесе қатты мұздану;
6) қымтау құмды/шаңды боранға;
7) 100-250 ұшу эшелондары үшін осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген құбылыстарға байланысты бұлттылық;
8) 250 астам ұшу эшелондары үшін осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген құбылыстарға байланысты будақ - жаңбырлы бұлттарға;
9) конвергенцияның нақты белгіленген беттің орналасу жеріне;
10) олар бағдар бойынша ауа райының ерекше құбылыстарына байланысты болғанда алдынғы шептегі жүйелердің жылдамдығы және бағыты, бетінің орналасу жері;
11) тропопаузаның биіктіктері;
12) ағымды ағыстар;
13) әуе кемелерінің ұшуды орындауына әсерін тигізетін күл бұлттарының пайда болуымен жанартаудың атылу орындары туралы ақпарат, оның ішінде бу ғана шығаратын жанартаулар, жанартау орналасқан жерде белгі және карта алаңында жанартаудың атылу белгісін, оның халықаралық нөмірін, егер анық болса, оның бірінші атылу күнін және уақытын, ендігін, ұзақтығын және осы аудан үшін шығарылған SIGMET, NOTAM және ASHTAM сілтемені көрсету;
14) әуе кемелерінің ұшу өндірісіне ықпал ететін атмосфераға радиоактивті материалдардың авариялық қалдық орындары туралы ақпаратты, оның ішінде авария болған жерде радиоактивтіктің белгісі және карта алаңында радиоактивтіктің белгісі, авария жерінің ендігі\ұзақтығы, авария болған күні, уақыты және пайдаланушыларға тиісті аудан үшін NOTAM тексеру туралы ескерту көрсетіледі.
403. 250 ұшу эшелонына жоғары ұшуларды орындайтын әуе кемелері үшін осы Қағидалардың 402-тармағының 1)-6) тармақшаларындағы мәліметтерді, егер осы құбылыстар осы ұшу эшелонынан жоғары болуы күтілген жағдайда, осы Қағидалардың 402-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда SIGMET мәліметтерін шығаруды талап ететін найзағайларды ғана көрсету қажет.
404. Түйдек-жаңбырлы бұлттардың немесе шамалы жарықтармен немесе жеке бұлттардың арасында жарықсыз түйдек-жаңбырлы немесе бұлттылық қабаттарына кіретін немесе мұнармен жасырылған будақ-жаңбырлы бұлттардың пайда болуына немесе болуы күтілген жағдайда СВ қысқартуды енгізу қажет. Бұл бұлттылықтың қабаттарына кірмейтін немесе мұнармен жасырылмаған жеке немесе таратылған түйдек-жаңбырлы бұлттарға жатпайды.
405. Жанартаудың атылуын немесе атмосфераға радиоактивті материалдардың тастамасы ауа райының ерекше құбылыстарының картасына жанартау қызметінің белгісін немесе радиоактивті белгісін салу расталған жағдайда осы белгілерді күлдің бағанасы немесе радиоактивті материал жеткен немесе жетуі мүмкін биіктікке қарамастан осы тәрізді барлық карталарға (төмен, орта және жоғары деңгейлер үшін) салу қажет.
406. СВ қысқарту немесе ауа райының ерекше құбылыстарының карталарында найзағайдың шартты белгісі будақ жаңбырлы бұлттарға немесе найзағайдың болуына байланысты ауа райының барлық құбылыстары картаға салынғанды білдіреді, атап айтқанда әуе кемелерінің орташа немесе қатты мұздануы, орташа немесе қатты турбуленттік және бұршақ.
407. Кіші биіктіктерде ұшулар, соның ішінде 100 эшелонына (қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе одан жоғары таулы аудандарда) дейін биіктіктерде орындалатын SWL шолу ұшулардың ережелері үшін ауа райының ерекше құбылыстарының карталарында ұшу үшін мыналарға қатысты қажетті ақпаратты көрсету қажет:
1) осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген SIGMET және AIRMET ақпараттарына қатысты талаптарға сәйкес, кіші биіктіктерде ұшуға ықпал ете алатын SIGMET және AIRMET мәліметтерінің шығуын талап ететін құбылыстар;
2) желге және биіктіктердегі ауа температурасына және болжанудағы QNH ең аз мәніне қатысты 18) және 21) элементтерден басқа, осы Қағидалардың 5-қосымшасы бойынша GAMET ақпаратына қатысты талаптарда көрсетілген кіші биіктіктерде ұшу үшін аймақтық болжамдарға енгізілген элементтер.
Ауа райының ерекше құбылыстарының карта үлгілері осы Қағидалардың 3-қосымшасында келтірілген.
Будақ-жаңбырлы бұлттар мен найзағайларға қатысты ISOL, OCNL және FRQ терминдерін пайдалануға қатысты тапсырмалар осы Қағидалардың 7-қосымшасында келтірілді.
408. Осы Қағидалардың 3, 4-қосымшаларында көрсетілген ашық мәтін нысанында бағдарлар, ұшу аудандары және АХЖ бойынша ауа райы болжамдарының үлгілері және карталар мен кестелерді құрастыру жөніндегі талаптарға сәйкес, ұшу бағдары бойынша ауа райының ерекше құбылыстары туралы ұшу құжаттамасы карта түрінде емес ұсынылған жағдайда оны кесте және (немесе) қысқартулармен ашық мәтін түрінде ұсынылады.
409. Ұшу құжаттамасы ұшу әуеайлағы және белгіленген қону әуеайлағы бойынша барлық жағдайларда TAF болжамдарын енгізеді. Бұдан басқа, ұшудың жұмыс жоспарын толықтыруға қажетті жағдайларда ұшу құжаттамасына уәкілетті метеорологиялық орган және пайдаланушылардың арасындағы келісім бойынша қосымша әуеайлақтар тізбесінің өңірлік аэронавигациялық жоспарынан таңдалатын бір немесе бірнеше қосымша әуеайлақтар бойынша TAF болжамдары енгізіледі.
410. Басқа метеорологиялық органдардан алынған әуеайлақ бойынша TAF болжамдары ұшу құжаттамасына қайсысы бір мағыналық өзгеріссіз енгізіледі.
411. Уәкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушының арасындағы келісім бойынша ұшу құжаттамасына аралық қонуды жоспарланатын бағдарда қосымша әуеайлақтар және әуеайлақтар бойынша TAF болжамдарын енгізу қажет.
412. Болжамдар карталар түрінде ұсынылған жағдайда кіші биіктіктерде, соның ішінде 100 ұшу эшелонына дейін (немесе қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе таулы аудандарда одан жоғары) шолу ұшулар ережелері бойынша ұшулар үшін ұшу құжаттамасына мыналарды:
1) SIGMET және AIRMET тиісті мәліметтерінен ақпаратты;
2) 600, 1500 және 3000 м (2000, 5000 және 10 000 фут) биіктіктерде желдің және ауа температурасының карталары;
3) осы Қағидалардың 407-тармағында көрсетілген ауа райының ерекше құбылыстарының карталарын енгізеді.
413. Болжамдар карта түрінде ұсынылмаған жағдайда кіші биіктіктерде, соның ішінде 100 ұшу эшелонына дейін (немесе қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе таулы аудандарда одан жоғары) шолу ұшулар ережелері бойынша ұшулар үшін ұшу құжаттамасына мыналарды енгізу қажет:
1) SIGMET және AIRMET ақпаратын;
2) кіші биіктіктерде ұшулар үшін аймақтық болжамдарына енгізілген және осы Қағидалардың 297, 298-тармақтарында көрсетілген ақпаратты немесе егер болжамдар қысқартулармен ашық мәтінде шығарылса, GAMET аймақтық болжамдарын.
GAMET аймақтық болжамы осы Қағидалардың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес рәсімделеді.
414. Ұшу құжаттамасына енгізу үшін арналған метеорологиялық ақпарат ұшу алдындағы жоспарлау және ұшу барысында қайта жоспарлау үшін ұсынылған ақпараттан қатты айырмашылығы болған жағдайда бұл туралы дереу түрде пайдаланушыға хабарланады және мүмкіндігінше оған нақтыланған ақпарат ұсынылады.
415. Құжаттама берілгеннен кейін әуе кемесінің тура ұшуы алдында түзетулерді енгізу кезінде әуеайлақ метеорологиялық органы қажетті түзетуді немесе жаңартылған ақпаратты пайдаланушыға немесе әуе кемесінің бортына беру үшін ӘҚҰ жіберуі тиіс.
416. Егер ұшу бағдары болжам картасына толық енгізілмесе, экипажға қалған учаскеге көршілес ауданның болжам картасы немесе кесте немесе ашық мәтін нысанында бағдар бойынша жағдайлардың болжамы қосымша беріледі.
417. Әуе кемелерінің экипаждарына берілген немесе олар ұшу алдында дайындық барысында пайдаланған ұшу құжаттамасы жиынтығының көшірмелері олар шығарылу күнінен кемінде күнтізбелік 30 күн сақталады. Осы ақпарат авиациялық оқиғаларды немесе оқиғаларды тергеу жағдайларында сұраныс бойынша ұсынылады және олар аяқталғанша сақталады.
4. Ұшу алдындағы дайындықтың автоматтандырылған жүйелері
418. Әуеайлақ метеорологиялық органы ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелерін авиациялық пайдаланушыларға ұсыну үшін және ұшу экипажының мүшелеріне дербес нұсқама, ұшуларды жоспарлау және ұшу құжаттамасын жасау мақсатында ұсыну және көрсету үшін пайдаланған кезде ұсынылған құжаттама осы Қағидалардың 352- 416-тармақтарына сәйкес болуы тиіс.
419. Пайдаланушыларға, ұшу экипажының мүшелеріне және басқа мүдделі авиациялық қызметкерлерге метеорологиялық ақпаратқа және аэронавигациялық ақпарат қызметтерінің деректеріне жалпы бірыңғай терминалға қол жеткізуді ұсынатын ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелері уәкілетті метеорологиялық орган мен тиісті аэронавигациялық ұйым арасындағы келісімге сәйкес белгіленеді.
420. Ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелерін пайдаланушыларға, ұшу экипажының мүшелеріне және басқа мүдделі авиациялық персоналға метеорологиялық ақпаратқа және аэронавигациялық ақпарат қызметінің деректеріне бірыңғайлы жалпы терминалына қол жеткізу үшін пайдаланған кезде тиісті өкілетті метеорологиялық орган метеорологиялық ақпараттың сапасын басқаруға жауапкершілікті сақтайды және сапасын басқаруды қамтамасыз етеді.
421. Метеорологиялық деректерді ұсыну үшін ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелері ұшуға дербес дайындау, ұшу алдындағы жоспарлау және ұшу құжаттамасын жасау мақсатында:
1) жүйенің деректер базасын уақытымен үнемі жаңартуды және сақталатын метеорологиялық ақпараттың тұтастығына бақылауды қамтамасыз ету;
2) авиациялық пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне, сондай-ақ басқа мүдделі авиациялық пайдаланушыларға тиісті байланыс құралдарын пайдаланумен жүйеге қол жеткізуді ұсыну;
3) қысқартулармен ашық мәтінде және тиісті жағдайларда ИКАО орналасу жерінің көрсеткіштері, сондай-ақ ДМҰ ұсынған авиациялық метеорологиялық кодтардың деректері түрінің көрсеткіштері негізінде немесе пайдаланушының интерфейсіндегі меню базасында негізделген қол жеткізу және сұрау үрдістерін немесе уәкілетті метеорологиялық орган және тиісті пайдаланушылардың арасында келісілген басқа тиісті механизмдерді пайдалану;
4) ақпаратқа қатысты пайдаланушылардың сұрауына жауап дереу беріледі.
422. Консультация үшін құралдарды ұсынатын ұшу алдындағы ақпараттың автоматтандырылған жүйелерінде қажет болғанда авиациялық пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне әуеайлақ метеорологиялық органына телефон арқылы немесе басқа байланыс құралдарын пайдаланумен консультация алу үшін қол жеткізу көзделеді.
5. Ұшып жүрген әуе кемелерінің экипаждары үшін ақпарат
423. Әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҚ тиісті органын ұшудағы әуе кемелеріне арналған метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды және оны D-ATIS хабарландыруға, D-VOLMET немесе ATIS және VOLMET радио хабарландыру беруге ұсынады.
424. Ұшудағы әуе кемелерінің мүддесінде пайдаланушы жүзеге асыратын жоспарлауға арналған метеорологиялық ақпарат ұшу уақытында ұсынылады және мынадай элементтердің бірін қамтиды:
1) метеорологиялық болжамдар, TAF болжамдары және қону үшін болжамдар;
2) SIGMET және AIRMET ақпаратын, AIREP хабарламаларын және егер олар SIGMET хабарларында көрсетілмеген жағдайда ұшуға жататын борттан арнайы хабарламалар;
3) биіктіктерде жел және ауа температурасы туралы ақпарат;
4) ұшуға қатысы бар жанартау күлі туралы консультациялық ақпарат.
8-тарау.Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, іздестіру-құтқару қызметі және
аэронавигациялық ақпарат қызметіне арналған ақпарат
1. Жалпы ережелер
425. Уәкілетті метеорологиялық орган әрбір ӘҚҰ өзара іс-қимыл үшін әуеайлақ метеорологиялық органдарын тағайындайды. Тиісті метеорологиялық орган ӘҚҰ органымен келісім бойынша аталған органды оның қызметтерін орындауға қажетті соңғы метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды немесе жабдықталуын ұйымдастырады.
426. Әуеайлақ КДП, «Мұнара» диспетчерлік пунктіне (бұдан әрі - «Мұнара» ДП) немесе жақындау диспетчерлік пунктіне (бұдан әрі - ЖДП) қызмет көрсететін тиісті метеорологиялық орган әуеайлақ метеорологиялық органын білдіреді.
427. Ұшу ақпаратының орталығына немесе аудандық диспетчерлік пунктіне қызмет көрсететін тиісті метеорологиялық орган метеорологиялық бақылау органының қызметін атқаратын әуеайлақ метеорологиялық органы болып табылады.
428. Жергілікті жағдайларға байланысты тиісті метеорологиялық органның міндеттерін екі немесе одан көп метеорологиялық органға жүктеу орынды болған жағдайда жауапкершілік саласын бөлуді әуеайлақ ұйымымен келісу бойынша метеорологиялық уәкілетті орган іске асырады.
429. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын метеорологиялық қамтамасыз ету осы органдардың барлық жұмыс кезеңі бойы жүзеге асырылады.
430. Метеорологиялық органдар арқылы алынатын ақпараттан басқа Әуе ӘҚҰ органдарын органдарының жұмысында әуе кемелерінің бортынан ұшу бағыттарында, сондай-ақ ұшу және қонуға бет алу аймағында метеорологиялық жағдайлар туралы деректерді қамтитын деректер пайдаланылады.
431. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органы апатты жағдайға байланысты сұраған кез келген ақпарат барынша қысқа мерзімде ұсынылады.
432. Жедел ақпарат ӘҚҰ органдарына дереу беріледі.
433. Метеорологиялық органдар мен ӘҚҰ органдарының арасындағы байланыс құралдары метеорологиялық ақпаратты және оны беру үшін сұраныстарды жедел таратуды қамтамасыз ету тиіс. Баспа және графикалық ақпаратты беру күнінде барынша электрондық құралдар пайдаланылады. Таратудың техникалық құралдары болмаған жағдайда метеорологиялық ақпарат әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары диспетчерлеріне қағаз түрінде қол қою арқылы беріледі.
434. Баспа метеорологиялық ақпарат, соның ішінде METAR және SPECI мәліметтері, әуеайлақтар бойынша TAF болжамдары, SIGMET және AIRMET ақпараты пайдаланушыларға өзге метеорологиялық органдар жасаған және берген немесе келіп түскен түрде беріледі. Ашық мәтін пайдаланылатын мәлімдемелерде қабылданған түсініктемені талап етпейтін қысқартулар мен цифрлық мәнін қолданылу қажет.
435. Әуеайлақтағы ауа райы жағдайларын көзбен шолу үшін әуеайлақ аймағының әуе қозғалысына қызмет көрсету пункттерінде және кірудің диспетчерлік пункттерінде ақпараттық жүйелердің индикаторлары (дисплейлер) орнатылады немесе ӘҚҰ құралдарының автоматтандырылған кешендерінің индикаторларында ауа райы жағдайларын көрсету қамтамасыз етіледі.
436. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары диспетчері әуе кемесінің бортынан басқа әуе кемесінің бортына хабарды беру әуеайлақ метеорологиялық органы осы хабар негізінде жасаған SIGMET және (немесе) AIRMET ақпаратын шығарғаннан кейін тоқтатады. SIGMET және AIRMET ақпараты әуе кемесінің бортына, олар әрекет етудің барлық кезеңі бойы беріледі.
437. Синоптикалық бөлімі бар әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҰ органының кезекшілікке келетін диспетчерлер ауысымын консультациямен қамтамасыз етеді. Консультацияда мынадай ақпарат хабарланады:
1) әуе қозғалысына қызмет көрсететін бақыланатын аудандарда метеорологиялық жағдайдың жалпы сипаттамасы;
2) әуе жолдарында және ұшу аудандарында, ұшу, қону және қосымша әуеайлақтарында нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайлар;
3) әуе қозғалысына қызмет көрсететін бақыланатын аудандарында ауысым жұмыс кезеңінде іске қосылатын радиозондтарының ауысуы болжанатын траекториялары;
4) жергілікті әуеайлақта ауа райының жағдайы туралы соңғы деректер, атмосфералық қысымның мәні және оның өзгеру үдерісі;
5) метеорологиялық жабдықтардың, байланыс құралдарының техникалық жағдайы, метеорологиялық органның кезекші ауысымының дайындығы.
438. Орналастыру жағдайынан кезекші метеорологтың болуы қамтамасыз етілмеген әуежайларда қозғалыс қызметі ауысымының нұсқаулық жүргізуде, метеорологиялық консультация беру қолданыстағы байланыс құралдарын пайдаланумен ұсынылады.
439. ӘҚҰ органдарының ұшу басшысы (аға диспетчер) және әуеайлақ метеорологиялық органының аға диспетчері жұмыс кезінде метеорологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.
2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына арналған ақпарат
440. Әуеайлақ метеорологиялық органы «Брифинг» диспетчерін мынадай ақпаратпен жабдықтайды:
1) тиісті әуеайлақ бойынша жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен, METAR және SPECI мәліметтерімен, TAF болжамдарымен және «тренд» түріндегі болжамдармен және оларға түзетулермен;
2) SIGMET және AIRMET ақпаратымен, әуеайлақ бойынша желдің ауысуы туралы хабарламалармен және әуеайлақ бойынша ескертулермен;
3) оған қатысты ӘҚҚК органдары жасаған келісім бар кез келген қосымша метеорологиялық ақпаратпен;
4) ол туралы SIGMET мәліметі шығарылмаған (уәкілетті метеорологиялық орган мен ӘҚҚК уәкілетті органдары арасындағы келісім бойынша) жанартау күлінің бұлты туралы алынатын ақпаратпен.
441. Әуеайлақ метеорологиялық органы диспетчерлік басқару пунктін (ДБП) және диспетчерлік старт пунктін (ДСП) мынадай ақпаратпен жабдықтайды:
1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен;
2) желдің ауысуы туралы хабарламамен және ескертулермен.
442. Әуеайлақ метеорологиялық органы диспетчерлік қону пунктін (бұдан әрі - ДҚП) және диспетчерлік шеңбер пунктін (бұдан әрі - ДСП) және «Мұнара» ДП олар орналасқан әуеайлақтарда қону жүйесінің диспетчерлік пунктін (ҚЖДП) мынадай:
1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен;
2) METAR және SPECI мәліметтерімен, TAF және «тренд» түрдегі болжамдармен және ұшу қону және қосалқы әуе айлақтар бойынша оларға түзетулермен (сауал бойынша);
3) ӘК бортынан арнайы мәліметтермен;
4) «ШТОРМ» режимінде жұмыс істеу кезінде» МРЛ деректерімен;
5) шеңбердің және 100 метр биіктігінде жел туралы деректермен (жел туралы нақты деректер болмағанда шеңбердің биіктігіндегі желдің болжамы хабарланады);
6) желдің ауысуы туралы ескертулермен және хабарламамен;
7) осы диспетчерлік пункттің жауапкершілік аймағындағы әуе кеңістігіне жататын SIGMET және AIRMET ақпараттарымен жабдықтайды.
443. Әуеайлақ метеорологиялық органы диспетчерлік жақындау пунктін (бұдан әрі - КЖП) мынадай ақпаратпен жабдықтайды:
1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен, METAR және SPECI мәліметтермен, TAF болжамдарымен және «тренд» түріндегі болжамдармен, кіру диспетчерлік органы қызмет көрсететін әуеайлақтар үшін оларға түзетулермен;
2) SIGMET және AIRMET ақпаратымен, желдің ауысуы туралы ескертулермен және хабарламамен, кіру диспетчерлік органы қызмет көрсететін әуе кеңістігіне жататын борттан арнайы хабарлармен және әуеайлақ бойынша ескертулерімен;
3) «ШТОРМ» режимінде жұмыс істеу кезінде МРЛ деректерімен;
4) жергілікті келісімге жататын кез келген қосымша метеорологиялық ақпарат («Әуеайлақта ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету туралы» нұсқаулық);
5) ол туралы SIGMET мәліметі шығарылмаған (уәкілетті метеорологиялық орган мен ӘҚҰ уәкілетті органдары арасындағы келісім бойынша) жанартау күлінің бұлты туралы алынатын ақпаратпен.
444. Әуеайлақ метеорологиялық органы жергілікті диспетчерлік пунктін (ЖДП), жергілікті әуе желісінің командалық диспетчерлік пунктін (ЖӘЖ КДП) мынадай ақпаратпен жабдықтайды:
1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерімен;
2) қону және қосымша әуеайлақтары бойынша METAR (сұраныс бойынша), SPECI (соның ішінде TREND болжамдары) мәліметтерімен;
3) TAF болжамдарымен және өзінің әуеайлағы бойынша оларға түзетулермен, ұшу бағыттары және аудандары бойынша болжамдарымен;
4) әуеайлақ бойынша ескертулерімен, желдің ауысуы туралы ескертулер мен хабарламалармен, ұшу аудандары бойынша ескертулерімен;
5) сұраныс бойынша TAF болжамдарымен және қону мен қосымша әуеайлақтары бойынша оларға түзетулерімен;
6) МРЛ деректерімен;
7) SIGMET ақпаратымен (кіші биіктіктерде ұшулар қауіпсіздігіне ықпал ететін) және (немесе) AIRMET ақпаратымен, осы хабарламалардың деректеріне енгізілмеген борттан тиісті арнайы хабарламамен;
8) осы сәтке SIGMET және (немесе) AIRMET ақпараттарына енгізілмеген жанар тау күлінің бұлты туралы алынған ақпарат;
9) әуеайлақ метеорологиялық органы мен әуе қозғалысы қызмет көрсетуші орган арасында келісілген кез келген қосымша метеорологиялық ақпаратпен.