елеулі емес залал (елеулі емес мөлшер) - 194-бапта - ұйымға тиесілі, он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мүлік, немесе жеке адамға тиесілі екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мүлік;
елеулі залал (елеулі мөлшер) - 205, 206-баптарда - залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқығының құны не авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар мен тауарлар объектілері даналарының немесе айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер, селекциялық етiстiктер немесе интегралдық микросхемалар топологиялары бар тауарлардың құны; 209 - айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомадағы залал; 221 - құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны; 239 - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада келтірілген залал; 330, 331, 333, 340, 342, 347 - қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды тұтыну қасиеттерiн қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың құндық баламасы; өзге баптарда - айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада шығын мөлшері, 372, 373 - елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны;
iрi залал (ірі мөлшер) - 192, 193, 468-баптарда - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын шығын мөлшері; 195, 196, 197, 198, 199, 201, 202, 203, 204, 207, 209, 211 - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мүлік құны немесе шығын мөлшері; 205, 206 - залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқығының құны не авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілері даналарының немесе айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер, селекциялық жетiстiктер немесе интегралдық микросхемалар топологиялары бар тауарлардың; 221 - сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 221, 243, 244, 246, 248 және 249 - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада келтірілген залал; 224 - сомасы бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 225 - сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мәміле жасасу немесе ақшалай қаражатты немесе басқа да мүлікті пайдалану; 226, 229, 230, 232, 233, 234, 235, 247 - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал; 227 - айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада келтірілген залал; 228 - сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 237 - соларға қатысты жасалған, айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын жалған банкноттар, монеталар, бағалы қағаздар, шетел валютасының құны; 240 - құны бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын өткізілген тауарлардың құны; 241 - он бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ұлттық және шетел валютасында қайтарылмаған қаражат сомасы; 242- бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, төленбеген кедендік төлемдер; 250 - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 251 - жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 253 - адам алған, үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома немесе оған көрсетілген қызметтер құны; 260 - бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 297 - айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн сомада жеке адамға келтiрiлген залал не айлық есептiк көрсеткiштен бiр мың есеге асып түсетiн сомада ұйымға немесе мемлекетке келтiрiлген залал; 311 - сомасы бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 328 - соларға қатысты бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын жалған дәрілік құралдардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техниканың құны; 329, 330, 331, 333, 334, 335, 337, 338, 339, 340, 342, 343, 345, 346, 348 - қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды тұтыну қасиеттерiн қалпына келтіру үшін қажетті, бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын шығындардың құндық баламасы; 350 - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын залал мөлшері; 356, 360, 361, 362 - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын мөлшерде келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мөлшерде келтірілген залал; 371 - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал; 372, 373 - үш мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 405 - бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын арнайы техникалық құралдардың құны; өзге баптарда - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада шығын мөлшері;
аса ірі залал (аса ірі мөлшер) - 195, 196, 197, 198, 199, 201, 209, 211-баптарда - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 221 - сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 224 - сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 240 - құны он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, өткізілген тауарлар; 251 - бюджетке түспеген, елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын төлемдер сомасы; 260 - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 311 - сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 329, 330, 331, 332, 333, 334, 335, 337, 338, 339, 342, 348 - қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды тұтыну қасиеттерiн қалпына келтіру үшін қажетті, жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын шығындардың құндық баламасы; 371 - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын мөлшерде келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын мөлшерде келтірілген; 372, 373 - жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; өзге баптарда - айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын сомада шығын мөлшері;
адам саудасы - сатып алу- сату немесе адамға қатысты өзге мәмілелерді жасау, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттерді жасау;
адамды пайдалану- басқа адамның жезөкшелiкпен айналысуын немесе жыныстық пайдаланудың өзгеде нысандарын пайдалану, мәжбүрлі еңбек немесе қызмет көрсету, құлдық немесе құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар;
ұрлық - пайдакүнемдiк мақсатта бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру;
отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар - бірге тұратын немесе бірге тұрған; некеде тұрған адамдар; бұрынғы ерлі-зайыптылар; жақын туыстар арасындағы қарым-қатынастар;
көлік - темiр жол, теңiз, өзен және әуе көлiгi құралдарының барлық түрлерi, оның iшiнде шағын өлшемдi теңiз және өзен кемелерi;
басқа механикалық көлік құралдары- тракторлар, мотоциклдер, өздігінен жүретін машиналар (экскаваторлар, автокрандар, грейдерлер, каткалар);
өкіметтің өкілі - оған қызмет жағынан тәуелсiз адамдарға қатысты заңда белгiленген тәртiппен өкiм ету өкiлеттiгi берiлген мемлекеттiк органның лауазымды адамы, оның ішінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның, әскери полиция органының қызметкері, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын әскери қызметші;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға теңестірілген адам, - жергілікті өзін-өзі басқару органына сайланған адам; Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде заңда белгіленген тәртіппен тіркелген азамат, Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихаттарына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органына мүшелікке сайланған адам; жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбек ақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті қаражатынан төленетін қызметші; мемлекеттік ұйымда немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингте, ұлттық компанияда, ұлттық даму институтында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адам;
лауазымды адам - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша өкiметтiң өкiлi қызметiн жүзеге асырушы не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындаушы адам;
жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам, - мемлекет қызметтерiн және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасы-ның конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымдарды атқаратын адам, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметшiнiң саяси лауазымын атқаратын адам, соның ішінде Парламент депутаты, судья;
коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам, - мемлекеттiк орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы не мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адам;
жалдамалы - сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы мақсатында қарулы жанжалға, соғыс қимылдарында немесе мемлекеттің конституциялық құрылысын құлатуға немесе нұқсан келтіруге, не аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған өзге де зорлық әрекеттерге қатысу үшін арнайы азғырып көндiрілетін, қарулы жанжалға қатысатын тараптың не аталған әрекеттер қарсы бағытталған мемлекет азаматы болып табылмайтын, жанжалдасқан тараптың қарулы күштерінің жеке құрамына кірмейтін, оның қарулы күштерінің құрамына кіретін адам ретінде ресми міндеттерді атқару үшін басқа мемлекет жібермеген адам;
жас бала (жас балалар) - он төрт жасқа толмаған адам (адамдар);
сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар - осы Кодекстің 196 (үшінші бөлігінің б) тармағы), 197 (үшінші бөлігінің б) тармағы), 222 (екінші бөлігінің в) тармағы), 223 (екінші бөлігінің г) тармағы), 225 (үшінші бөлігінің а) тармағы), 240 (үшінші бөлігінің а) тармағы), 255 (үшінші бөлігінің б) тармағы), 311 (үшінші бөлігінің в) тармағы), 367, 368 (төртінші бөлігінің в) тармағы), 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 460, 461 (екінші бөлігінің б) тармағы), 462-баптарында көзделген әрекеттер;
террористік қылмыстар - осы Кодекстің 178, 179, 180, 184, 185, 191, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 275, 276-баптарында көзделген әрекеттер;
экстремистік қылмыстар - осы Кодекстің 181, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 263, 265,266, 273, 410 (екінші және үшінші бөліктерінде), 411(төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әрекеттер;
әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар - осы Кодекстің 18-тарауында көзделген, Әскерге шақыру бойынша не келiсiмшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуi кезiнде әскери қызмет атқарудың белгiленген тәртiбiне қарсы бағытталған әрекеттер;
ұйымдасқан топ - бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау үшін күні бұрын біріккен екі немесе одан да көп адамдардан тұратын топ;
қылмыстық ұйым - құрылымдық бөлімшелері құрылған қылмыстық ұйым;
қылмыстық қоғамдастық - бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтарды бірлесіп жасау, сол сияқты осы ұйымдасқан топтардың немесе қылмыстық ұйымдардың кез келгені үшін бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтарды өз бетімен жасауына жағдайлар туғызу үшін сөз байласқан екі немесе одан да көп ұйымдасқан топтардың бірлестігі;
трансұлттық ұйымдасқан топ - екі немесе одан да көп мемлекеттердің аумағында не әрекетті жасауды ұйымдастыру немесе оның орындалуын басқару басқа мемлекеттің аумағынан, сол сияқты басқа мемлекеттің азаматының қатысуымен жүргізілген кезінде бір мемлекеттің аумағында бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
трансұлттық қылмыстық ұйым - құрылымдық бөлімшелері құрылған трансұлттық қылмыстық топ;
трансұлттық қылмыстық қоғамдастық - екі немесе одан да көп трансұлттық ұйымдасқан топтар, трансұлттық қылмыстық ұйымдар бірлестігі;
террористік топ - бір немесе бірнеше террористік қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
экстремистік топ - бір немесе бірнеше экстремистік қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
банда - қаруды қолдану не қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану қатерімен азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
заңсыз әскерилендірілген құралым - заңнама көзделмеген, әскерилендірілген түрде ұйымдық құрылымы бар, жеке-дара басшылығы бар, соғысқа жарамды, тәртібі қатаң құралым (бірлестік, жасақ, дружина немесе үш және одан да көп адамнан тұратын өзге топ);
қылмыстық топ - ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда, заңсыз әскерилендірілген құралым;
қылмыстық әрекеттерді үйлестіру - ұйымдасқан топтар (қылмыстық ұйымдар) арасында бірлесіп қылмыстар жасау мақсатында келісу (ұйымдасқан топтар басшыларының немесе өзге де қатысушыларының арасында тұрақты байланыстар орнату, қылмыс жасау үшін жоспарлар әзірлеп, жағдайлар жасау, сондай-ақ қылмыстық ықпал ету аясын, қылмыстық әрекеттен түсетін табысты бөлісу);
жетекші орындағы адам, - ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) басшылары қылмыстық әрекеттерді үйлестіру жөнінде өкілеттіктер берген адам, не топтың, бірлестіктің мүшелері олардың мүддесін қозғайтын және олардың әрекетінің бағыты мен сипатын айқындайтын ең жауапты шешімдерді өзіне қабылдау құқығын мойындайтын адам;
қоғамдық бірлестік көшбасшысы - өзінің ықпал етуі мен беделі арқылы осы қоғамдық бірлестіктің қызметіне жалғыз өзі басқарушы әсер етуге қабілетті қоғамдық бірлестік басшысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің өзге де қатысушысы.
2-бөлім. Қылмыстық құқық бұзушылықтар
10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымы
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамдық қауіптілік және жазалану дәрежесіне қарай қылмысқа және қылмыстық теріс қылыққа деп бөлінеді.
2. Осы Кодекспен бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қаупімен тиым салынған кінәлі қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады
3. Жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамау алу түріндегі жаза көзделген, сондай-ақ әкімшілік преюдиции қолдана отырып жасалынатын жаза әрекеттерді жасағаны үшін, жеке басқа, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке мардымсыз зиян келтіретін, не зиян келтіруші қаупын төндіретін үлкен қауіпсіздік білдірмейтін қасақана жасалған әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыстық теріс қылық деп танылады.
4. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген қандай да бiр әрекеттiң белгiлерi формальды болғанымен, елеулi маңызы болмағандықтан қоғамдық қауiпiті емес, әрекеттік немесе әрекетсiздiк қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
11-бап. Қылмыс санаттары
1. Қылмыстар сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша кішігірім қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және аса ауыр қылмыстарға бөлiнедi.
2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
5. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру, өмір бойы бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
12-бап. Әкімшілік преюдиция
Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда үлкен қоғамдық қаупi жоқ қылмыстық құқық бұзушылық үшiн, егер әрекет дәл осындай әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған болса, қылмыстық жауаптылық туындайды.
13-бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы
1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады.
2. Егер адам бұрын жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше рет жасалған деп танылмайды.
3. Жалғасатын қылмыстық құқық бұзушылық, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмыстық құқық бұзушылықты құрайтын бiрқатар бiрдей құқыққа қарсы әрекеттерден тұратын қылмыстық құқық бұзушылық бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.
4. Қылмыстық құқық бұзушылықтың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстық құқық бұзушылықтарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша сараланады.
14-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы
1. Осы Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделгендей, тұлға солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп әрекеттердi жасауы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында тұлға, егер осы әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр жасалған әрекет үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
2. Осы Кодекстiң екi немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың белгiлерi бар бiр iс-әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бiр әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа әрекет үшiн неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр әрекет үшiн осы Кодекстің тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
3. Егер белгiлi бiр әрекет және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.
15-бап. Қылмыстардың қайталануы
1. Егер бұрын бұл адам ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған болса, адамның ауыр қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.
2. Қауіпті қайталану деп:
а) егер бұрын бұл адам ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, адамның аса ауыр қылмыс жасағаны болып танылады;
б) егер бұрын бұл адам ауыр қылмыс немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, адамның аса ауыр қылмыс жасағаны болып танылады.
3. Он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы қайталануды тану кезiнде ескерiлмейдi.
4. Қылмыстың қайталануы осы Кодексте көзделген негiздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.
16-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға жататын адам
1. Есi дұрыс, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде он төрт жасқа толған адам кiсi өлтiргенi (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтiргенi (107-бап, екiншi бөлiгі), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттерi (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны (180-бап), әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты қоздырғаны (181-бап), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қол сұғушылық жасағаны (184-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық жасағаны үшін (185-бап), диверсия жасағаны (191-бап), ұрлық жасағаны (195-бап, екінші, үшінші, төртінші бөліктері), кiсi тонағаны (198-бап, екінші, үшінші, төртінші бөліктері), қарақшылық (199-бап), қорқытып алғаны (201-бап, екінші, үшінші, төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгенi (207-бап, екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (209-бап, екiншi, үшiншi бөлiктерi), терроризм актісі (262-бап), терроризмді не экстремизмді насихаттағаны немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақырғаны (263-бап), террористік топ құрғаны, оған басшылық еткені және оның қызметіне қатысқаны (264-бап, бірінші және екінші бөліктері), террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдескені (265-бап), адамды кепiлге алғаны (267-бап), үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасағаны (275-бап), терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (279-бап), қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны (296-бап), ауырлататын мән-жайлар кезіндегі бұзақылығы (298-бап, екiншi, үшiншi, төртінші бөлiктерi), тағылық (299-бап), есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (302-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде қайтыс болған адамдардың мүрдесiн және олардың жерленген жерлерiн қорлағаны (318-бап, екiншi бөлiгi), көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткенi (356-бап) үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.