315-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату
316-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту
317-бап. Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату
318-бап. Өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау
319-бап. Адам мәйiтiнiң органдары мен тiнiн заңсыз алу
320-бап. Жануарларға қатыгездiк жасау
321-бап. Алкогольдiк iшiмдiктердi iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде келу
12-тарау. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар
322-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы
323-бап. Клиникалық зерттеулер жүргiзудiң және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолданудың тәртiбiн бұзу
324-бап. Заңсыз аборт жасау
325-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу
326-бап. Дәрiгерлiк құпияны жария ету
327-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретiн рецептердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
328-бап. Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен заңсыз айналысу
13-тарау. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар
329-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы
330-бап. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық немесе биологиялық заттарды өндiру мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы
331-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы
332-бап. Ветеринарлық ережелердi және өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердiң бұзылуы
333-бап. Суларды ластау, бiтеу немесе сарқу
334-бап. Атмосфераны ластау
335-бап. Теңiз аясын ластау
336-бап. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфi туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы
337-бап. Жердi бүлдiру
338-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу
339-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану
340-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктердi заңсыз алу
341-бап. Балық қорын қорғау ережелерін бұзу
342-бап. Заңсыз аңшылық
343-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiн бұзу
344-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер
345-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау
346-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
347-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiнiң бұзылуы
348-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою бойынша шара қолданбау
349-бап. Көрінеу расталмаған экологиялық аудиторлық есеп жасау
14-тарау. Көлiктегi қылмыстық құқық бұзушылықтар
350-бап. Темiр жол, әуе, теңіз және өзен көлiгi қозғалысы немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзу
351-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы
352-бап. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйінде көлік құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру
353-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу
354-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару
355-бап. Басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлiк құралын басқаруға жiберу
356-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру
357-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу
358-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату
359-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу
360-бап. Магистралдық құбырлар салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
361-бап. Құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату
362-бап. Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату
363-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi
364-бап. Адамның масаң күйiнде әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын кемені масаң күйдегі адамның басқаруына беру немесе басқаруына рұқсат ету
365-бап. Басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына рұқсат ету
366-бап. Ұшудың халықаралық қағидаларын бұзу
15-тарау. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар
367-бап. Қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану
368-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктi асыра пайдалану
369-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемдену
370-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
371-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
372-бап. Пара алу
373-бап. Пара беру
374-бап. Парақорлыққа делдал болу
375-бап. Қызметтiк жалғандық жасау
376-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк
377-бап. Салақтық
16-тарау. Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
378-бап. Мемлекеттік рәміздерді қорлау
379-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін — Елбасын жария түрде қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау
380-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін бұзу
381-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау
382-бап. Депутаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау
383-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметіне кедергi жасау
384-бап. Өкімет өкiлiн қорлау
385-бап. Өкімет өкіліне бағынбау
386-бап. Өкімет өкiлiне қатысты күш қолдану
387-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды талаптарын орындамау
388-бап. Жауапты мемлекеттiк қызметтегі лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
389-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды сатып алу немесе өткiзу
390-бап. Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру
391-бап. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу
392-бап. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау немесе жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу
393-бап. Әскери қызметтен жалтару
394-бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару
395-бап. Өзiнше билiк ету
396-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымдағы билік өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiнше иелену
397-бап. Мемлекеттiк туды заңсыз көтеру
398-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан қасақана заңсыз өту
399-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
400-бап. Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзу
401-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
402-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын құқыққа қарсы өзгерту
403-бап. Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану
404-бап. Байланыс желiлерi мен байланыс ғимараттарын, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу
405-бап. Ақпарат алатын арнаулы техникалық құралдарды заңсыз даярлау, өндіру, сатып алу, өткізу немесе пайдалану
406-бап. Жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу
407-бап. Соғыс уақтында немесе төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, кәсiпорынның, мекеменің, ұйымның жұмысына кедергi келтiру
408-бап. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын іс-әрекет
409-бап. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың қызметiне заңсыз араласуы
410-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне қатысу
411-бап. Тiркелмеген немесе олардың жұмысына тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасау, қатысу, сондай-ақ олардың қызметiн қаржыландыру
412-бап. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу
413-бап. Саяси партияларды заңсыз қаржыландыру
414-бап. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарына жәрдем көрсету
17-тарау. Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
415-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеу жүргiзуге кедергi жасау
416-бап. Сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеудi жүзеге асырушы адамның өмiрiне қол сұғу
417-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе сотқа дейінгі тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi
418-бап. Сотты құрметтемеу
419-бап. Судьяға, алқабиге, прокурорға, тергеушiге, сотқа дейінгі тергеу жүргiзушi адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу
420-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
421-бап. Қылмысты жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
422-бап. Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау
423-бап. Айғақ беруге мәжбүр ету
424-бап. Айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау
425-бап. Коммерциялық сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арандату
426-бап. Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару
427-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу
428-бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару
429-бап. Куәгердiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден бас тартуы
430-бап. Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету
431-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерiн жария ету
432-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
433-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер
434-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу
435-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеуден жалтару
436-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау
437-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу изоляторларында отырған адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру
438-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу
439-бап. Сот актiсiн орындамау немесе орындауға кедергі жасау
440-бап. Әкімшілік қадағалау ережелерін бұзу, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалаудан жалтаруы
441-бап. Қылмысты жасырып қалу
442-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру
443-бап. Қылмыс туралы хабарламау
444-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау
445-бап. Азаматқа алқаби міндеттемесін орындауға кедергі жасау
18-тарау. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар
446-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
447-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету
448-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi
449-бап. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу
450-бап. Әскери қызметшiге тiл тигiзу
451-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
452-бап. Қашқындық
453-бап. Әскери қызметі атқарудан жалтару немесе бас тарту
454-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару ережелерiн бұзу
455-бап. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзу
456-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық ережелерiн бұзу
457-бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн бұзу
458-бап. Бақылау қызметін атқару ережелерін бұзу
459-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу
460-бап. Билiктi терiс пайдалану
461-бап. Билiктi асыра пайдалану
462-бап. Биліктің әрекетсіздігі
463-бап. Қызметке селқос қарау
464-бап. Құрып бара жатқан әскери кеменi тастап кету
465-бап. Соғыс жүргiзу құралдарын жауға беру немесе тастап кету
466-бап. Тұтқынға өз еркiмен берiлу
467-бап. Тонаушылық
468-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту
469-бап. Әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру
470-бап. Әскери мүлiктi абайсызда құрту немесе бүлдiру
471-бап. Әскери мүлiктi жоғалту
472-бап. Айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу
473-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу
474-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу
475-бап. Кеме жүргiзу ережелерiн бұзу
476-бап. Алкогольдік масаң күйдегі адамның машиналарды жүргізуі, кемлерді жүргізуі, әскери ұшу аппараттарын басқаруы, алкогольдік масаң күйдегі адамға әскери техниканы жүргізуге немесе басқаруға беру не жүргізуге немесе басқаруға рұқсат ету
Жалпы бөлім
1-бөлiм. Қылмыстық заң
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.
2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi
1. Осы Кодекстiң мiндеттерi: адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылықтар, яғни қылмыстар немесе теріс қылықтар болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.
3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi
Қылмыстық құқық бұзушылық жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыстың не теріс қылық құрамының барлық белгiлерi бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады. Бiр қылмыстық құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берiлмейдi.
4-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы
Әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгiленедi. Қоғамдық қауiптi iс-әрекет (әрекетсiздiк) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған уақыт деп танылады.
5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi
1. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс.
3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды.
6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблiнде немесе әскери әуе кемесiнде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерiнiң және иммунитеттi пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте жазаланатын қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады.
2. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыстық жазаланатын әрекет жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттiң аумағында жасалған қылмыстық жазаланатын әрекет Қазақстан Республикасы мүдделерiне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы мәселенi шешу үшiн қылмыстық-құқықтық мәнi болмайды.
3. Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi шет мемлекеттiң аумағында жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
4. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын шетелдiктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер осы әрекеті Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
8-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап беру
1. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке ұстап берiлмеуге тиiс.
2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн.
3. Егер оған бұл мемлекетте азаптау тәсілін қолдану қаупі төнуі мүмкін деп пайымдауға негіз болса, ешкім басқа мемлекетке ұстап берілмейді.
9-бап. Осы Кодекстегі кейбір ұғымдарды түсіндіру
Егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, Кодекстегі ұғымдар мынадай мәнді білдіреді:
денсаулыққа ауыр зиян - адам денсаулығына оның өмірі үшін қауіпті зиян не көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға; органның қызметiн жоғалтуға; бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына; өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға; кәсіби еңбек қабiлетiнен айырылуға; түсiк тастауға; психикасын бұзуға; есiрткiмен немесе уытқұмарлық дертiмен ауыруға әкеп соққан өзге де зиян;
денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян - адам денсаулығына оның өмірі үшін қауіпті емес, денсаулықтың ұзақ уақыт (21 күннен астам мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабiлетiнiң (кемiнде үштен бiрiн) айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеп соққан зиян;
денсаулыққа жеңіл зиян - денсаулықтың қысқа мерзімге (21 күннен астам мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабiлетiн (кемiнде оннан бiрiн) тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан адам денсаулығына зиян;
елеулi түрде зиян - олар осы Кодексте көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайларда, мынадай зардаптар: адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, ұйымдардың заңды мүдделерінің, қоғам мен мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуы; жәбірленуші адамның ауыр өмірлік ахуалға душар болуы; ұйымдардың немесе мемлекеттік органдардың қалыпты жұмысының бұзылуы; халық денсаулығы мен қоршаған орта жағдайының нашарлауы; маңызды әскери іс-шаралардың іркілісі не әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік деңгейі мен жауынгерлік қабілеттілігінің қысқа мерзімді төмендеуі; айтарлықтай зиян келтіру; және келтірілген зиянның елеулілігін куәландыратын өзге де салдарлар;
ауыр зардаптар - олар осы Кодексте көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайларда, мынадай зардаптар: адам өлiмi; екі немесе одан да көп адам өлiмi; жәбірленушінің (жәбірленуші әйелдің) немесе оның (әйелдің) жақынының (жақындарының) өзiн-өзi өлтiруі; денсаулыққа ауыр зиян келтіру; екі немесе одан да көп адам денсаулығына ауыр зиян келтiру; адамдардың жаппай сырқаттануы, зақымдануы, сәулеленуі немесе улануы; адамдардың өміріне немесе денсаулығына не қоршаған ортаға қауіп төндіру; жөнсiз жүктiлiктің болуы; техногендік немесе экологиялық апаттың, төтенше жағдайлардың туындауы; жоғары қолбасшылық қойған міндеттерді орындау іркілісі; мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіру, зілзалалар немесе апаттар; әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік деңгейі мен жауынгерлік қабілеттілігінің ұзақ уақыт төмендеуі; жауынгерлік міндеттерді орындау іркілісі; жауынгерлік техниканың істен шығуы; ірі немесе аса ірі мөлшерде зиян келтіру;