77. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
61-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Монополияға қарсы орган тергеу басталғанға дейін тергеуді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде электрондық форматта ұсыну арқылы оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.».
78. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):
8-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
79. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) атаулы мәміле - биржалық тауардың сатып алушысы мен сатушысының алдын ала екіжақты уағдаластығы бойынша жасалған биржалық мәміле;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) биржалық брокер (бұдан әрi - брокер) - сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) кепілдік беру қор - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржаның өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры;
9-2) классикалық сауда режимі - бірін-бірі білетін сатып алушылар мен сатушылар арасында биржалық тауардың шарттық бағасы бойынша атаулы мәмілелер жасалатын сауда режимі;»;
«11-1) кросс-мәміле - брокер түрлі екі клиенттің тапсырмасы бойынша іс-әрекет ете отырып не өзі үшін тапсырманы орындай отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;
11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі - сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер жасырын түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік деңгейінде белгіленетін сауда режимі;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мерзімді келісімшарт - орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады;»;
13) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) опциондық мәміле - объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) сақтандыру қоры - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа және (немесе) оның клирингтік орталығы биржа мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастыратын ақша қоры;»;
«16-1) стандартты аукцион режимі - сатып алушы (сатушы) - аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) тауар биржасының сауда жүйесi - тауар биржасының материалдық-техникалық құралдары, электрондық сауда жүйесі, iшкi құжаттары және өзге де қажеттi активтер мен рәсiмдер кешенi, тауар биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмiлелер жасай отырып, сауда-саттық соларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi - электрондық биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер мен клиринг жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;»;
«21) электрондық биржалық сауда-саттықтар - электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық мәмілелерді жасайтын биржалық брокерлердің (биржалық дилерлердің) авторландырылған трейдерлері қатысатын биржалық сауда-саттықтарды өткізу процесі.»;
2) 3-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен дилерлердің қызметіне қойылатын біліктік талаптарын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекітеді;
6-2) кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін бекітеді;
6-3) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекітеді;»;
3) 4-бапта:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-2), 3-3), 3-4) және 3-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді;
3-3) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді;
3-4) кепілді және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін әзірлейді;
3-5) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;»;
4) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:
«4-1-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкілеттіктер
Уәкілетті органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын іске асыру мақсатында уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте, алынған мәліметтер жария етілмеуге тиіс.
4-2-бап. Биржалық тауарлар тізбесіне кірген тауарларды өткізу
Биржалық сауда қатысушысының биржалық тауарлар тізбесіне кірген өзінің жалпы биржалық тауарлары айналымының кемінде он бес пайызы қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.»;
5) 10-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) биржалық сауда-саттықтарды жүргізу тәртібін, оның ішінде атаулы мәмілелер мен кросс-мәмілелер жасасу ерекшелігін;»;
7) тармақшадағы «тәртібін қамтиды.» деген сөздер «тәртібін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) тауар биржасының уәкілетті органға есептерді ұсыну, сондай-ақ өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсына орналастыру тәртібін;
9) тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге де сатып алуды жүргізу тәртібін;
10) өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсына орналастыру тәртібін қамтиды.»;
6) 11-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар биржасы мүшелерінің саны жетеуден кем болмауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Тауар биржасымен үлестес заңды тұлғалар тауар биржасының мүшелері бола алмайды.»;
7) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының қызметкерлері болып табылады. Тауар биржасының қызметкеріне бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруға тыйым салынады.»;
8) 13-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) биржалық саудамен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;»;
9) мынадай мазмұндағы 13-1, 15-1 және 16-1-баптармен толықтырылсын:
«13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу
1. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу биржалық сауданың үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.
3. Тапсырыс беруші үшін тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қызметтері тапсырыс берушінің тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражаттар шеңберінде өтеулі негізде көрсетіледі.
4. Тауар биржасында мемлекеттік сатып алу тек қана электрондық биржа сауда-саттықтары арқылы жүргізіледі.»;
«15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргізу режимдері
Биржалық сауда-саттықтар сауданың мынадай режимдерінде жүргізіледі:
1) классикалық сауда;
2) қосарланған қарсы аукцион;
3) стандартты аукцион.»;
«16-1-бап. Тауар биржасының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары
Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауарлық биржа кепілдік беру және сақтандыру қорларын құрады.»;
10) 17-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тараптардың фьючерстік және опциондық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастырады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Клирингтік орталықтар орталық контрагент бола алады - биржалық мәмілелер бойынша әрбір сатушы үшін - сатып алушы және әрбір сатып алушы үшін сатушы болып табыла алады.».
80. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
2) 17-баптың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттық құжаттар жобаларын қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесiн айқындау бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;»;
3) 19-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
4) 20-баптың 4) және 29) тармақшалары мен 25-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
5) 27-баптың 10), 11), 12), 14), 17) және 18) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындайды;
11) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;»;
«14) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;»;
«17) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдайды;
18) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;»;
6) 35-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 5, 6, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беру келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.»;
3-тармақ алып тасталсын;
7) 45-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
8) 57-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісінше жергiлiктi атқарушы органының жұмыс тобы жүргiзедi. Жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісінше жергiлiктi атқарушы органы бекiтедi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы баптың ережелерi кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздердi жүргiзу кезiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарына қатысты қолданылады.»;
9) 85-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның жер қойнауын зерделеу мен пайдалану және өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсiлген рұқсаты бойынша жол берiледi.»;
10) 95-бапта:
3-тармақ «қоса берiлуге» деген сөздерден кейін «не тіркелуге» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «жазбаша» деген сөз алып тасталсын;
11) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңiздегi ғылыми зерттеулер тек қана құзыретті органға зерттеулердің басталғандығы туралы хабарлама жасай отырып жүргiзiлуi мүмкін. Теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзудiң қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».
81. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 1-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
2) 13-бапта:
16) және 27) тармақшалар алып тасталсын;
50) және 53) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«50) азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ұйымдарына қойылатын талаптарды бекiтедi;»;
«53) жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 53-1) және 54-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«53-1) авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;»;
«54-1) жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекітеді;»;
3) 14-баптың 1-тармағында:
6) тармақша алып тасталсын;
17) және 39) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыны сертификаттауды және оған сертификатты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлiктi, авиациялық оқу орталығының сертификатын, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөнiндегi ұйымның сертификатын, үлгiлік сертификатын, әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын, әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерулерiн ұйымдастыру жөнiндегi сертификатты, әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын берудi жүзеге асырады;»;
«39) тексеру парақтарының нысандарын әзірлеп, бекітеді және тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекітеді;»;
40) тармақша «бойынша» деген сөзден кейін «міндетті» деген сөзбен толықтырылсын;
4) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес әуеайлақтардың метеорологиялық органдары жүзеге асырады.»;
5) 54-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
6) 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлiк-авиациялық қызмет басшысы азаматтық және эксперименттiк авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi болып танылады.»;
7) 66-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыныпталған әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) пайдалануға әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) пайдаланушы оның жарамдылығы туралы сертификатты алғаннан кейiн және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) ашу туралы хабарлама жасалғаннан кейiн рұқсат етiледi.»;
8) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«67-бап. Әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) есепке алу
1. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардан (тiкұшақ айлақтарынан) басқа, азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын әуеайлақтар (тiкұшақ айлақтары) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тiкұшақ айлақтарының) тiзiлiмiнде есепке алынуға жатады.
Азаматтық авиация ұйымдары әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) ашқан кезде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға:
1) әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) орналасқан жер учаскесiне немесе басқа объектiге құқық туралы (жердi тұрақты немесе уақытша өтеулі пайдалану) құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;
2) әуеайлаққа (тiкұшақ айлағына) меншiк құқығын немесе иелену құқығын растайтын құжаттардың (сатып алу-сату шарты, қабылдау-беру актiсi, теңгерiмге беру туралы бұйрық, меншiк, мүлiктiк жалдау, сенiмгерлiк басқару құқығы және т. б.) көшiрмелерiн;
3) әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) техникалық сипаттамалары, географиялық координаттары мен орналасқан орны (елдi мекен) туралы ақпаратты қоса бере отырып, өтiнiш жолдайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органда әуеайлақтардың (тiкұшақ айлақтарының) жабылуы азаматтық авиация ұйымының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
2. Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тiкұшақ айлақтарын), бiрлесiп пайдаланылатын және бiрлесiп орналастырылатын әуеайлақтарды есепке алуды азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Пайдаланушылар сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын), қону алаңдарын азаматтық және мемлекеттiк авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар айқындаған тәртiппен есепке алуға тиiс.»;
9) 79-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат ету қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарына сай авиакомпанияларға ішкі тұрақты коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат етіледі.»;
10) 80-баптың тақырыбы және 1, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«80-бап. Тұрақты әуемен тасымалдаулар үшiн халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлу
1. Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуемен тасымалдауларды жүзеге асыруға арналған халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурстық негiзде жүргiзедi. Конкурс жеңiмпаздарына авиамаршрутқа арналған куәлiктер берiледi.
Конкурсқа жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келетін авиакомпаниялар жіберіледі.»;
«4. Авиакомпаниядан халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiктi қайтарып алған кезде куәлiк конкурстық ұсынысы жеңiмпаздан (жеңiмпаздардан) кейiн үздiк деп танылған конкурстың басқа қатысушысына берiледi.
5. Халықтың әуе қатынасына қажеттiлігiн қанағаттандыру үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурстар аралығындағы кезеңде қажеттiгi туындаған авиамаршрутты пайдалану үшiн авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурсты өткiзбей-ақ авиакомпанияға халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiктi беруге құқылы.
Пайдалану қажеттiгi конкурстар аралығындағы кезеңде туындаған халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутты бөлген кезде жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында көзделген бiлiктiлiк талаптарына авиакомпания сай келген жағдайда, өтiнiм берген барлық авиакомпанияларға куәлік берiледi.».
82. «Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 5-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-бапта:
7) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
3) 7-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
4) 8-бап алып тасталсын.
83. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):