4-бап. Микрокредит беру туралы шарт
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микрокредит беру туралы шарт мәміленің жазбаша нысанына қойылатын Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптары ескеріле отырып жасалады.
2. Микроқаржы ұйымы жасаған микрокредит беру туралы шарт жөніндегі ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған талаптарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға міндетті түрде берілуге жатады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Микроқаржы ұйымы сомасы уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмейтін тұтынушылық микрокредитті беруге құқылы емес.
Осы тармақта белгіленген талаптар ломбард немесе кредиттік серіктестік жасасатын микрокредит беру туралы шарттарға қолданылмайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 тамыздан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібі, оның ішінде шарттың және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төлем сомасы, микрокредит нысанасы) туралы ақпаратты қамтитын бірінші бетінің мазмұнына, ресімделуіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптар, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысаны бекітіледі.
3-1. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) үшінші тұлғаға берілген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына қолданылады, ал микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының сервистік компаниямен құқықтық қатынастарына қолданылады.
Өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғаның, сондай-ақ сервистік компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
5. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi, қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылды); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту немесе жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті өтеу мақсатында жаңа микрокредит беру кезінде мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыш сомасына капиталдандыруға (жинақтап қосуға) жол берілмейді.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Жеке тұлғамен жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес және тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілмеген микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту немесе жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес және тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілмеген микрокредитін өтеу мақсатында жаңа микрокредит беру кезінде негізгі борыш сомасына капиталдандырылған (жинақтап қосылған) мерзімі өткен сыйақыға, тұрақсыздық айыбына (айыппұлдарға, өсімпұлдарға) сыйақыны есепке жазуға жол берілмейді.
5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.
2. Берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидасын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит бойынша сыйақы шамалары туралы ақпарат бар жарнаманы таратқан және (немесе) орналастырған кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.
3. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету
1. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауы Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1-тармақтың бірінші - он төртінші абзацтары 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылды
1-1. Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының жүргізген төлем сомасы, егер бұл қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы бойынша берешек;
3) микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
5-1) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) микроқаржы ұйымының орындауды алу бойынша шығасылары.
Осы тармақта белгіленген талаптар ломбард жасасатын микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.
2. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жеке тұлғамен жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні ішінде мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін мерзімі өткізіп алынған төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға тиіс, мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні өткеннен кейін мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін мерзімі өткізіп алынған төлем сомасының 0,03 пайызынан аспауға, бірақ микрокредит беру туралы шарт қолданылатын әрбір жылға берілген микрокредит сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.
7-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтары мен мiндеттерi
1. Микроқаржы ұйымы:
1) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға беруге;
2) микрокредиттер беру қағидаларында айқындалған, микрокредит беру туралы шартты жасау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажетті құжаттар мен мәлiметтердi қарыз алушыдан (өтініш берушіден) сұратуға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) қарыз алушының өтініші бойынша тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу мақсатында екінші деңгейдегі банктер арқылы микрокредитті үшінші тұлғаға аударуды жүзеге асыруға;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және микрокредит беру туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Микроқаржы ұйымы:
1) орналасқан жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті органға, сондай-ақ қарыз алушыларды (өтініш берушілерді) микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша, сондай-ақ қарыз алушы (өтініш беруші) - жеке тұлғаның заңды мекенжайы бойынша және қарыз алушы (өтініш беруші) - заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша екi баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi ақпарат жариялау арқылы не мұндай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде әрбір қарыз алушыны (өтініш берушіні) жазбаша хабардар ету арқылы жазбаша хабарлауға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) қатысушылардың (акционерлердің) құрамы өзгерген жағдайда, бұл туралы және қатысушылардың (акционерлердің) осы Заңның 14-бабы 6-тармағының талаптарына сай келуі туралы уәкілетті органға мұндай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша хабарлауға;
2) микрокредиттер беру қағидаларының көшiрмесiн микроқаржы ұйымы қарыз алушысының (өтініш берушісінің) көруі және онымен танысуы үшін қолжетiмдi жерде, оның ішінде микроқаржы ұйымының интернет-ресурсы бар болса, сонда орналастыруға;
3) өтініш берушіге микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат беруге;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) микрокредит беру туралы шартты жасасқанға дейін өтініш берушіге микрокредитті өтеу әдісімен танысу және оны таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген өтеу кестелерінің жобаларын беруге міндетті. Қарыз алушыға микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесіне және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген осындай микрокредиттер бойынша сыйақыны есептеуге арналған уақытша базаларға сәйкес микрокредит беру туралы шартта белгіленген кезектілікпен есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің жобалары мынадай өтеу әдістерімен міндетті түрде ұсынылуға тиіс:
сараланған төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;
аннуитеттік төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлем мөлшерлері бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.
Микроқаржы ұйымы микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің қосымша жобаларын ұсыныуы мүмкін.
4-1) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қарыз алушыға (өтініш берушіге) микрокредит алуға байланысты оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда ықтимал салдары туралы ақпарат беруге;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді хабарлауға;
6) микрокредит беру құпиясын сақтауға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыруға және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құруға міндетті.
Осы тармақшада белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды;
8) уәкілетті орган белгiлеген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін сақтауға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген, микроқаржы ұйымы қарыз алушысының борыштық жүктемесі коэффициентін есептеу тәртiбiн және оның шекті мәнін сақтауға міндетті.
Осы тармақшада белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін қаржылық және өзге де есептілікті ұсынуға;
10) уәкілетті орган анықтаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жоюға;
11) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда микрокредит беруден бас тартуға;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11-2) мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге микрокредит беру туралы шарт бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.
Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда микрокредиттің болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мəліметтерді алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен микроқаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады;
12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
3. Микроқаржы ұйымы:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сыйақы мөлшерлемелерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) және (немесе) микрокредиттi өтеу тәсiлi мен әдісін біржақты тәртіппен өзгертуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаға кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беруге құқылы емес.
Осы тармақшада белгіленген талап жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банк тік қарызын жəне (немесе) микрокредитін өтеу мақсатында сыйақы мөлшерлемесін жəне (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе толық жоюды көздейтін жақсарту талаптарында берілетін микрокредиттерге, сондай-ақ ломбардтардың міндетті тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып беретін микрокредиттеріне қолданылмайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) микрокредит бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемдерді белгілеуге және қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке тұлға болып табылатын, микроқаржы ұйымына микрокредит сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған қарыз алушыдан микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және басқа да төлемдерді талап етуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) кепілге салынған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қарыз алушы - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредиті бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күні өткен соң есепке жатқызылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге құқылы емес.
Осы тармақшаның талабы микрокредит беру туралы шартқа, егер оны жасасу күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толық қамтамасыз етілген болса, қолданылмайды;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) қарыз алушы - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредиті бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткен соң есепке жазылған сыйақыны, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыдан борыш сомасын өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастықты көздейтін шарттарды жасасуға, сондай-ақ «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына жəне (немесе) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1-тармағына сəйкес микроқаржы ұйымының үлестес тұлғасы болып табылатын жеке сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау шарттары туралы келісім (шарт) жасасуға;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7) «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына жəне (немесе) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1-тармағына сəйкес микроқаржы ұйымының үлестес тұлғасы болып табылатын нотариусқа нотариаттық əрекеттер жасау үшін жүгінуге;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8) жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін оның келісімінсіз жəне микрокредит беру туралы шарттың талаптарын сақтауды не жақсартуды қамтамасыз етпейтін талаптармен ұлғайтуға құқылы емес.
8-бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi
1. Өтініш беруші:
1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру тарифтерімен танысуға;
2) микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) микрокредит беру туралы шарт жасасудан бас тартуға құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өтініш беруші микроқаржы ұйымына микрокредит беру туралы шарт және қарыз алушының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін шарттар жасасу үшін қажетті, микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесінде, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібінде айқындалған құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
3. Өтініш берушінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Қарыз алушының:
1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру тарифтерімен танысуға;
2) алған микрокредитке микрокредит беру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен билік етуге;
3) өз құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қорғауға;
4) микрокредит беру туралы шарт бойынша берілген микрокредит сомасын микроқаржы ұйымына мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтаруға;
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) микрокредит беру туралы өзі жасасқан шарт бойынша құқық (талап ету) басқаға берілген жағдайда, осы Заңның 9-1-бабы 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді реттеу үшін банк омбудсманына жүгінуге құқығы бар. Көрсетілген құқық жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыға қолданылады;