Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан,
сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» туралы мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет), мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы баламалы негізде көрсетеді.
Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13-кіреберіс,
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген әділет департаменттері мен орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі «апостиль» мөртаңбасы бар құжаттарды беру (осы стандартқа 3-қосымша) немесе дәлелді бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Комитетке жүгінген кезде:
мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
уәкілетті органға жүгінген кезде:
мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
Орталыққа жүгінген кезде:
Мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі (қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
Тиісті құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 10 күнге дейін ұзартылады, қол таңба мен ұйымның мөр үлгісін сұрату қажет болған кезде тұтынушыны хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады (қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 10 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік баж заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған жері және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді. Мемлекеттік баж тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленуі тиіс.
Мемлекеттік бажды төлеу үшін қажет Комитеттің банктік деректемелері осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген.
9. Құжаттарды қабылдау:
Комитетке және уәкілетті органға жүгінген кезде:
сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа, күн сайын сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз ұсынылады.
Орталыққа жүгінген кезде:
күн сайын, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек туралы заңнамаға және орталықтардың бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Қабылдау «электронды» кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Комитеттің және уәкілетті органның үй-жайында азаматтарды қабылдауға арналған бөлек кабинет болады, онда мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар көзделген. Кабинетте толтырылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер ілінген.
Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетіледі, оңда мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланкілер үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар:
1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандартқа 5-қосымша);
2) апостиль қойылуға тиіс құжатты;
3) тұтынушының жеке басын растайтын құжатты, ал тұлға өкіліне оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын растайтын құжатты;
4) апостиль қою үшін бюджетке төлеген мемлекеттік баждың мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын;
5) жеке және заңды тұлғалардың өкілдері үшін - заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты ұсынады.
12. Өтініш бланкілері Комитеттің, уәкілетті органның тиісті кабинетінде немесе Орталықтың күту залындағы арнайы тағандарда не консультанттарында болады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін Комитетте құжаттар Комитеттің маманына, уәкілетті органда уәкілетті органның маманына, Орталыққа құжаттарды тапсыру кезінде - оның инспекторына тапсырылады.
14. Комитетте және уәкілетті органда құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға тиісті құжаттар қабылданғаны туралы:
1) өтінішті қабылдаған күні;
2) қосымша берілген құжаттардың саны мен атауы;
3) құжаттарды беретін күні мен уақыты;
4) құжаттарды ресімдеуге қабылдаған маманның тегі, есімі, әкесінің аты көрсетіп колхат беріледі.
Орталық арқылы құжаттарды қабылдаған кезде тұтынушыға тиісті құжаттар қабылданғаны туралы:
1) сауалдың нөмірі мен қабылдау мерзімі;
2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру мерзімі, уақыты мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
15. Апостиль қойылған құжатты Комитеттің немесе уәкілетті органның маманы тұтынушы жүгінген кезде береді.
Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталықтың инспекторы мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда Комитет, уәкілетті орган және Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Уәкілетті орган Орталықтан түскен құжаттардың ресімделуіне қателіктерді анықтаған кезде немесе осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген кезде, құжаттар пакетін алғаннан кейін күнтізбелік екі жұмыс күні ішінде оларды қайтару себептерін жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып береді.
Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық оларды алған соң бір жұмыс күнінің ішінде тұтынушыны хабардар етеді және қайтару себептері туралы уәкілетті органның жазбаша дәлелдерін береді.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбеген жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға қайта жібереді.
Уәкілетті органда құжаттардың сақталу мерзімі мен оларды жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің, уәкілетті органның және Орталықтардың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға және әдептілік, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызметті әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету тәртібін анықтау үшін тұтынушы осы стандартқа 2-қосымшада телефондары көрсетілген Орталық басшыларына жүгінеді.
21. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
Уәкілетті органдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.
22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.
23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайы: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді.
25. Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келген шағымның уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.
Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде қаралады.
Тұтынушыға шағымның қаралу қорытындысы туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге де мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының
тізімі мен мекенжайлары
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасқан мекенжайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының ХҚКО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | (87162) 25-77-16 | 40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының ХҚКО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | (87132) 56-24-53 | 56-57-87 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының ХҚКО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | (87282) 24-31-10 | 24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының ХҚКО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | (87122) 28-31-14 28-40-06 | 28-40-14 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚКО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | (87232) 22-48-03 | 28-94-67 қабылдау бөлмесі |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚКО | Семей қаласы, 408 квартал, 21-үй | (87232) 33-57-97 | 33-55-93 қабылдау бөлмесі |
7 | Жамбыл облысының ХҚКО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | (87262) 51-44-79 | 43-84-14 қабылдау бөлмесі |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚКО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | (87112) 28-13-12 | 23-68-81 қабылдау бөлмесі |
9 | Қарағанды облысының ХҚКО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | (7212) 41-63-03 | 41-63-10 қабылдау бөлмесі |
10 | Қостанай облысының ХҚКО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | (87142) 53-26-00 21-13-11 | 54-10-20 қабылдау бөлмесі |
11 | Қызылорда облысының ХҚКО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | (87242) 23-07-51 | 23-08-46 қабылдау бөлмесі |
12 | Маңғыстау облысының ХҚКО | Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» үй | (87292) 42-23-19 | 42-23-12 қабылдау бөлмесі |
13 | Павлодар облысының ХҚКО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | (87182) 33-47-54 33-47-48 | 33-47-35 қабылдау бөлмесі |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | (87152) 42-69-50 | 33-31-03 қабылдау бөлмесі |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | (87252) 21-48-96 | 30-06-79 қабылдау бөлмесі |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | (8727) 378-09-10 | 378-09-09 қабылдау бөлмесі |
17 | Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 24-үй | (8727) 377-19-80 | 377-19-80 қабылдау бөлмесі |
18 | Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөкеев көшесі, 128-үй | (8727) 317-82-29 | 256-08-69 қабылдау бөлмесі |
19 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9а | (8727) 293-41-14 | 248-17-77 қабылдау бөлмесі |
20 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | (8727) 378-46-72 | 390-18-07 қабылдау бөлмесі |
21 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | (8727) 239-65-53 239-65-47 | 239-65-52 қабылдау бөлмесі |
22 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 9-үй | (8727) 234-09-27 | 234-09-35 қабылдау бөлмесі |
23 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25-үй | (87172) 61-84-03 | 61-84-03 қабылдау бөлмесі |
24 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы, Субханбердин көшесі, 2-үй | (87172) 23-23-62 | 23-23-62 қабылдау бөлмесі |
25 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 47-үй | (87172) 32-42-79 | 32-40-95 қабылдау бөлмесі |
26 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы Сүйінбай ақын көшесі, 85-үй | (87172) 37-74-34 | 37-74-34 қабылдау бөлмесі |
27 | Астана қаласы Есіл ауданының ХҚКО | Астана қаласы, Сауран көшесі, 7-үй | (87172) 50-13-69 | 50-13-72 қабылдау бөлмесі |
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге де мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Уәкілетті органның орналасқан мекенжайы | Бөлімнің телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының Әділет департаменті | Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 37-үй | (87162) 41-21-65 | 25-09-39 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 51 «а» үй | (87132) 56-30-16 | 55-09-59 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының Әділет департаменті | Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 69 «а» үй | (87282) 24-43-47 | 21-08-15 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының Әділет департаменті | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 16 «а» үй | (87122) 46-53-15 46-53-12 | 35-75-38 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6-үй | (87232) 55-59-26 | 22-19-83 қабылдау бөлмесі |
6 | Жамбыл облысының Әділет департаменті | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | (87262) 43-67-17 | 43-05-05 қабылдау бөлмесі |
7 | Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Орал қаласы, Достық көшесі, 208-үй | (87112) 50-82-91 | 51-80-43 қабылдау бөлмесі |
8 | Қарағанды облысының Әділет департаменті | Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 1-үй | (87212) 56-64-12 | 42-05-33 қабылдау бөлмесі |
9 | Қостанай облысының Әділет департаменті | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38-үй | (87142) 50-65-40 | 54-82-23 қабылдау бөлмесі |
10 | Қызылорда облысының Әділет департаменті | Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29-үй | (87242) 23-03-57 | 26-24-03 қабылдау бөлмесі |
11 | Маңғыстау облысының Әділет департаменті | Ақтау қаласы, 2 шағын ауданы, 8-үй | (87292) 50-32-20 | 42-05-70 қабылдау бөлмесі |
12 | Павлодар облысының Әділет департаменті | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18-үй | (87182) 32-43-02 | 32-32-58 қабылдау бөлмесі |
13 | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 72-үй | (87152) 33-27-53 | 33-23-80 қабылдау бөлмесі |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16-үй | (87252) 23-31-70 | 23-23-76 қабылдау бөлмесі |
15 | Алматы қаласының Әділет департаменті | Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 287-үй | (8727) 392-16-16 | 392-25-75 қабылдау бөлмесі |
16 | Астана қаласының Әділет департаменті | Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15-үй | (87172) 48-88-36 | 39-12-13 қабылдау бөлмесі |
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге де мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
APOSTILLE (Convention de la Haye du 5 octobre 1961) 1. Ел: Қазақстан Республикасы Pays, Country Осы ресми Құжатқа Le present acte public, This public document 2. ________________________________________________________________ қол қойды a ete signe par, has been signed by 3. __________________________________________________________________ ретінде agissant en qualite de, acting in the capacity of 4. ____________________________________________ мөрімен/мөртаңбасымен бекітілді est revetu du sceau/timbre de, bears the seal/stamp of Куәландырылды, Atteste, Certified 5. ____________________ 6. ____________________ күні a, at le, the 7. кіммен ____________________________________________________ 8. sous № ____________________________________________________ 9. Мөр/мөртаңба 10. Қолы ___________________ Sceau/timbre, Seal/stamp Signature |
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге де мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажет
Комитеттің банктік деректемелері
Алушы: Астана қаласы Есіл ауданының Салық комитеті
СТН бенефициар - 620200336381
Бюджеттік сыныптама коды - 108113
алушының шоты - 80900
төлем түрі - апостиль үшін
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге де мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша
_________________бастығына
__________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
__________________________
(тұратын мекенжайды көрсету)
___________________тұратын
Жеке басты куәландыратын құжаттың
№ ________________________
(құжаттың № және атауы,
қашан, кім берген)
Апостиль қою туралы
ӨТІНІШ
_______________________________________________________________
(құжаттың атауы мен мазмұны,
__________________________________________________________________
________________________________ көшірмесіне апостиль қоюды өтінемін
қашан, кім берген)
_____________________________________________нотариус куәландырған
(нотариустың Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
Апостиль қойылған құжат _______________________________________органдарына тапсыру үшін қажет
(құжат жіберілетін елдің атауы)
Өтінішке:
- жеке басты куәландыратын құжатты;
- апостиль қоятын құжатты;
- мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртекті;
- нотариусалды куәландырылған сенімхатты (егер құжатты сенімхат бойынша апостильдеу болса) қоса ұсынамын.
________________________
(өтініш берушінің қолы)
20__ж «__»___________.
_________________________________________________
(апостиль қойған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
____________журнал бойынша №
------------------------------------------------------------------
(жыртып алатын жері)
20_«__»______________апостиль қоюға ____ құжаттар
________________________________________ тапсырылды
Құжаттарды беру уақыты 20_жылғы «__»_________________.
Маман_____________________________(тегі, аты, әкесінің аты)
____________________бастығына
_____________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_____________________________
(тұратын мекенжайды көрсету)
_____________________тұратын
Жеке басты куәландыратын құжаттың
№______________________________
(құжаттың № және атауы,
қашан, кім берген)
Апостиль қою туралы
ӨТІНІШ
__________________________________________________________________________
(құжаттың атауы мен мазмұны,
__________________________________________________________________________
_____________________________________________________апостиль қоюды өтінемін
қашан, кім берген)
Апостиль қойылған құжат ______________________________________ органдарына тапсыру үшін қажет
(құжат жібрілетін елдің атауы)
Өтінішке:
- жеке басты куәландыратын құжатты;
- апостиль қоятын құжатты;
- мемлекеттік баж салығын төленгені туралы түбіртекті;
- нотариусалды куәландырылған сенімхатты (егер құжатты сенімхат бойынша апостильдеу болса қоса ұсынамын).
________________________
(өтініш берушінің қолы)
20___ж «__»___________.
____________________________________________________
(апостиль қойған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
____________журнал бойынша №
--------------------------------------------------------------
(жыртып алатын жері)
20_«__»_______________апостиль қоюға ____ құжаттар
_______________________________________________ тапсырылды
Құжаттарды беру уақыты 20_жылғы «__»___________________.
Маман ____________________________(тегі, аты, әкесінің аты)
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге де мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |