Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан,
сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнінде»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңбаны қою рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы Бірыңғай ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы баламалы негізінде көрсетеді, тізімдері осы стандарттың 2, 2-1-қосымшаларында көрсетілген.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қорытынды нысаны «апостиль» штампы бар құжаттарды беру (осы стандарттың 1-қосымшасы) болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Уәкілетті органға жүгінген кезде:
Тұтынушы тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 жұмыс күні, тиісті құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады, қол таңба мен ұйымның мер үлгісін сұрату қажеттілік болған кезде қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.
1) құжаттарды тапсыру кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды;
2) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 10 минуттан аспайды.
Орталыққа жүгінген кезде:
Тұтынушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттар уәкілетті органға түскен күнінен бастап 2 жұмыс күні, тиісті құжаттардың қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады, қол таңба мен ұйымының мөр үлгісін сұрату қажеттілік болған кезде қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады (қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
1) құжаттарды тапсыру кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды;
2) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 10 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 0,5 мөлшерін құрайтын мемлекеттік баж белгіленген.
Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасы банк мекемелері арқылы тиісті аумақтық бірліктің салық комитетінің есеп айырысу шотына төленеді, онда төлем құжаттары беріледі (мөлшерін және уақытын растайтын түбіртек немесе «электрондық үкімет төлем шлюз» арқылы берілген төлем туралы чек).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекен-жайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздері және орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады, тізбесі осы стандартқа 2 және 2-1-қосымшаларда көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет:
Уәкілетті органға жүгінген кезде:
демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда түскі үзілісімен аптасына бес күн ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кестесі сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін, түскі 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен жүзеге асырылады
Орталыққа жүгінген кезде:
жексенбіні және мерекелік күндерді қоспағанда, Орталықтардың бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз аптасына алты күн ұсынылады. Филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Уәкілетті органның ғимаратында азаматтарды қабылдауға арналған, ақпараттық стендтермен жабдықталған бөлек кабинет жасақталған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланктер үлгісі бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар:
1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 4-қосымшасы), мұнда:
тіркеуші органның атауы;
жеке тұлғаның, не заңды тұлғадан сенім білдірілген оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
құжаттың атауы және мазмұны, қашан және қандай орган, нотариус бергені;
құжат жіберілетін ел;
заңды тұлғадан сенім білдірілген өтініш берушінің не оның өкілінің қолы;
2) апостиль қойылуға тиіс құжат;
3) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжатты, ал өкілге оның өкілеттігін растайтын адам - құжат, сондай-ақ оның жеке басын растайтын құжатты;
4) апостиль қою үшін - құжаттарды беру кезінде бюджетке мемлекеттік баж төлегенін растайтын құжатты, төлемді;
5) жеке және заңды тұлғалардың өкілдері үшін - заңда белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты ұсынады.
13. Өтініштер бланкілері әділет департаментінің тиісті кабинетінде не Орталықтың күту залындағы арнайы бағанда не Орталықтың консультанттарында орналастырылады.
14. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар уәкілетті органның маманына тапсырылады.
Тұтынушы тікелей жүгінген кезде уәкілетті органның маманы апостильдендірілуге тиіс құжаттарды, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келуін тексереді; апостильдендіруге жататын құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтін жағдайда құжаттар өтініш берушіге тиісті түсініктемелер мен кеңестермен қайтарылады; апостильдендіруге жататын құжаттарды, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келгенде өтінішті арнайы есеп журналда тіркейді; үлгілер бар жағдайда қол қойған тұлғаның қол таңбасының және құжаттарды растаған ұйымның мөрінің түпнұсқалығын тексереді; үлгілер болмаған жағдайда, қажетті ұйымының мөрінің және қол таңбаларының бедерлерін ұсыну туралы сауал жолдайды; тексерістен кейін апостиль қойылады; дайын құжатты тұтынушыға табыс етеді.
Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың журналда тіркелуін және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына табыс етілуін жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімнің жасалуын және уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады.
Орталық қоса берілген құжаттарымен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
Уәкілетті органның маманы, осы тармақтың 2-абзацында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады және тұтынушыға табыс ету үшін Орталыққа жолдайды.
Орындалған (дайын болған) құжаттар уәкілетті органнан Орталыққа колхатта көрсетілген беру мерзімінен бір күн бұрын түсуі тиіс.
15. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға тиісті құжаттар қабылданғаны туралы:
1) өтінішті қабылдаған күні;
2) қосымша берілген құжаттардың саны мен атауы;
3) құжаттарды беретін күні мен уақыты;
4) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған маманның тегі, есімі, әкесінің аты көрсетіп колхат беріледі.
Орталық арқылы құжаттарды қабылдаған кезде тұтынушыға тиісті құжаттар қабылданғаны туралы:
1) сауалдың нөмірі мен қабылдау мерзімі;
2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру мерзімі (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
16. Апостильдендірілген құжат уәкілетті органда тұтынушы жүгінген кезінде маманмен беріледі.
Тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталықтың инспекторы мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар толық бермеген жағдайда уәкілетті орган, Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Уәкілетті орган Орталықтан түскен құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда немесе осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде бас тарту/қайтару себептерін жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып береді.
Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық, оларды алынған соң бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны мәлімдейді және бас тарту/қайтару себептері туралы уәкілетті органның жазбаша дәлелдерін береді.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға қайта жібереді.
Уәкілетті органда құжаттардың сақталу мерзімі мен оларды жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті органдардың, Орталықтардың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға және әдептілік, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті органның қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру үшін және шағым дайындауына көмек көрсету үшін тұтынушы телефондары осы стандарттың 2-1-қосымшаларында көрсетілген уәкілетті органның басшыларына жүгінеді.
Орталықтың инспекторларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны арқылы ала алады.
22. Шағымдар уәкілетті органның, Орталықтың басшыларының атына ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде немесе кеңсе арқылы қолма қол жұмыс күндерінде қабылданады. Уәкілетті органның, Орталықтардың басшыларының мекен-жайлары және телефондары осы стандартқа 2, 2-1 қосымшаларда көрсетілген.
23. Қабылданған шағым уәкілетті органның, Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Шағымды қараудың нәтижесі жазбаша түрінде өтініш берушіге почта арқылы жолданады.
6. Байланыс ақпараты
24. Уәкілетті органның және Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестелері уәкілетті органның, Орталықтың осы стандарттың 10-тармақшасында көзделген жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.
Уәкілетті органның және Орталықтың байланыс телефондары, мекен-жайлары 2, 2-1-қосымшаларында көрсетілген, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның, Орталықтың ғимараттарындағы стендтерге орналастырылады.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы http//www.minjust.kz, телефон 8-7172-74-06-38.
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге де мемлекеттік
органдардан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнінде»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
APOSTILLE (Convention de la Hay due 5 octobre 1961) 1. Ел: Қазақстан Республикасы Pays, Country Осы ресми Құжатқа Le present acte public, This public document 2. ______________________________________________ қол қойды a ete signe par, has been signed by 3. ________________________________________________ ретінде agissant en qualite de, acting in the capacity of 4. __________________________________ мөрімен/мөртаңбасымен бекітілді est revetu du sceau/timbre de, bears the seal/stamp of Куәландырылды, Atteste, Certified 5. _________________ 6.____________________ күні a, at le, the 7. кіммен ________________________________________________ 8. sous № ________________ 9. Мөр/мөртаңба 10. Қолы ______________ Sceau/timbre, Seal/stamp Signature |
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге де мемлекеттік
органдардан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнінде»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасу мекен-жайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | 40-10-76 | 40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-40-34 | 56-57-87 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-31-10 | 24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | 28-39-14 | 28-40-14 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 47-14-96 | 28-94-67 қабылдау бөлмесі |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО | Семей қаласы, 408-орам, 21-үй | 33-57-97 | 33-55-93 қабылдау бөлмесі |
7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-15 | 43-84-14 қабылдау бөлмесі |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-67-16 | 23-68-81 қабылдау бөлмесі |
9 | Қарағанды облысының ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 | 41-63-10 қабылдау бөлмесі |
10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 53-45-74 | 54-10-20 қабылдау бөлмесі |
11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | 23-09-15 | 23-08-46 қабылдау бөлмесі |
12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй | 42-23-14 | 42-23-12 қабылдау бөлмесі |
13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-54 | 33-47-35 қабылдау бөлмесі |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-21-12 | 33-31-03 қабылдау бөлмесі |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | 21-48-43 | 30-06-79 қабылдау бөлмесі |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 378-09-10 | 378-09-09 қабылдау бөлмесі |
17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 249-69-04 | 248-17-77 қабылдау бөлмесі |
18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-72 | 378-47-01 қабылдау бөлмесі |
19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 386-90-18 | 239-65-52 қабылдау бөлмесі |
20 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-27 | 234-09-35 қабылдау бөлмесі |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО | Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-21-94 | 37-02-06 қабылдау бөлмесі |
22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31-үй, 1,2,3 іүж | 40-66-54 | 40-65-62 қабылдау бөлмесі |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй | 32-07-13 32-46-97 | 32-42-79 қабылдау бөлмесі |
24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы Тілендиев даңғылы, 81, 85 үй. | 37-70-46 | 37-74-34 қабылдау бөлмесі |
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге де мемлекеттік
органдардан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнінде»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2-1-қосымша
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Уәкілетті органның орналасқан мекен-жайы | Бөлімнің телефон нөмірі | Басшысының телефон нөмірі |
1 | Астана қаласының Әділет департаменті | 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15 үй | (87172) 32-22-87, 32-32-95 | 39-12-13 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақмола облысының Әділет департаменті | 020000, Көкшетау қаласы, М. Горького көшесі, 37 үй | (87162) 25-08-88, 25-06-89 | 25-29-16 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы қаласының Әділет департаменті | 050008, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 287 үй | (87272) 43-37-91, 42-69-94 | 77-55-45 қабылдау бөлмесі |
4 | Алматы облысының Әділет департаменті | 488003, Талдықорған қаласы, Каблиса Жырау көшесі, 69-А үй | (87282) 24-47-18, 21-25-39 | 21-08-15 қабылдау бөлмесі |
5 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | 030000, Ақтөбе қ., Абылхаир-хан пр., 51А үй | (87132) 56-30-80, 56-03-36 | 56-30-80 қабылдау бөлмесі |
6 | Атырау облысының Әділет департаменті | 060006, Атырау қаласы., Баймуханова көшесі, 16А үй | (87122) 35-75-10 | 35-75-38 қабылдау бөлмесі |
7 | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | 070002, Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6 үй | (87232) 22-26-61, 47-87-19 | 47-87-17 қабылдау бөлмесі |
8 | Жамбыл облысының Әділет департаменті | 080000, Тараз қаласы, Қойгелды көшесі, 158А үй | (87262) 45-20-89 | 43-05-05 қабылдау бөлмесі |
9 | Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | 090006, Орал қаласы, Достык даңғылы, 208 үй | (87112) 51-52-69 | 51-35-45 қабылдау бөлмесі |
10 | Қарағанды облысының Әділет департаменті | 100019, Карағанды қаласы, Жамбыл көшесі, 11А үй | (87212) 42-05-33, 42-05-39 | 42-05-33 қабылдау бөлмесі |
11 | Қостанай облысының Әділет департаменті | 110000, Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38 үй | (87142) 54-89-08, 54-82-23 | 54-82-23 қабылдау бөлмесі |
12 | Қызылорда облысының Әділет департаменті | 120014, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі, 29 үй | (87242) 26-27-43, 26-17-30 | 26-19-35 |
13 | Маңғыстау облысының Әділет департамент | 130000, Ақтау қаласы, 12 шағын ауданы, 8 үй | (87292) 43-31-54 | 42-05-70 қабылдау бөлмесі |
14 | Павлодар облысының Әділет департаменті | 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18 үй | (87182) 32-16-21, 32-15-67 | 32-32-58 қабылдау бөлмесі |
15 | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | 150010, Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 72 үй | (87152) 33-44-42, 33-76-66 | 33-26-35 қабылдау бөлмесі |
16 | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | 160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16 үй | (87252) 53-29-47, 23-32-71 | 23-23-76 қабылдау бөлмесі |
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге де мемлекеттік
органдардан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнінде»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
3-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғалары % (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызмет көрсетулерді ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2.2. Құжаттар дұрыс ресімдеген жағдайлары (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызмет көрсетулерді ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушылар құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші тапсырған оқиғалардың % (үлесі) | | | |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызмет көрсетулердің, ақпараттардың % (үлесі) | | | |
4. Шағымдану процесі |
4.1. Қызмет көрсетудің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы саны мен негізделген шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) | | | |
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге де мемлекеттік
органдардан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнінде»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
4-қосымша
_________________________ бастығына
___________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
___________________________________
(тұратын мекен-жайды көрсету)
___________________________ тұратын
Жеке басты куәландыратын құжаттың
№ _________________________________
(құжаттың № және атауы, қашан, кім берген)
Апостиль қоюға
ӨТІНІШ
_________________________________________________________
(құжаттың атауы мен мазмұны,
_____________________________________________________________________
_________________________________ көшірмесіне апостиль қоюды өтінемін
қашан және қандай орган берген)
__________________________________________ нотариуспен куәландырылған
(нотариустың Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
Апостильдендірілген құжат _____________________________________
(құжат жіберілетін елдің атауы)
органдарына тапсыру үшін қажет
Өтінішке:
- жеке басты куәландыратын құжатты;
- апостиль қоятын құжатты;
- мемлекеттік баж салығын төленгені туралы түбіртекті;
- нотариуспен куәландырылған сенімхатты (егер құжатты сенімхат бойынша апостильдеу болса) коса ұсынамын.
___________________________
(өтініш берушінің қолы)
20__ ж «__» _____________
________________________________________________________
(апостиль қойған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
_________________________ журнал бойынша №
---------------------------------------------------------------------
(жыртып алу жері)
200_ «__» _________________ апостиль қоюға _________________ құжаттар
__________________________________________________________ тапсырылды
Құжаттарды беру уақыты 200_ жылғы «__» _______________________.
Маман _____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________ бастығына
___________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
___________________________________
(тұратын мекен-жайды көрсету)
___________________________ тұратын
Жеке басты куәландыратын құжаттың
№ _________________________________
(құжаттың № және атауы, қашан, кім берген)
Апостиль қоюға
ӨТІНІШ
_________________________________________________________
(құжаттың атауы мен мазмұны,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________ апостиль қоюды өтінемін
қашан және қандай орган берген)
Апостильдендірілген құжат _____________________________________
(құжат жіберілетін елдің атауы)
органдарына тапсыру үшін қажет
Өтінішке:
- жеке басты куәландыратын құжатты;