10-шы ХҚЕСТК Түсіндірмесі
(Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттары Бойынша Түсіндірме Комитеті) (IFRIC 10)
Аралық қаржылық есептілігі және құнсыздану
• 9-шы ХҚЕС Қаржы құралдары (IFRS 9)
• 34-ші ХҚЕС Аралық қаржылық есептілігі (IAS 34)
• 36-шы ХҚЕС Активтердің құнсыздануы (IAS 36)
1. Ұйым əрбір есепті кезең соңында гудвиллды құнсыздануға тексеруге міндетті, жəне, егер қажет болса, сол күнгі құнсыздану шығындарын 36 ХҚЕС-қа (IAS) сəйкес тану талап етіледі. Дегенмен, кейінгі есепті кезең соңында, жағдайлар өзгеруі мүмкін, құнсыздануға тексеру тек сол күні жасалатын болса, құнсыздану шығындары азаюы немесе болмауы мүмкін. Осы Түсіндірмеде, осындай құнсыздану шығындарының жазбалары түзетілуі керек пе, мəселесі бойынша нұсқаулар береді.
2. Осы Түсіндірме 34 ХҚЕС-тың (IAS) талаптары мен 36 ХҚЕС-тағы (IAS) гудвилл бойынша, құнсыздануды мойындау арасындағы өзара байланысын, жəне сол өзара байланыстың кейінгі аралық жəне жылдық қаржылық есептіліктерге əсерін қарастырады.
3. 34 ХҚЕС-тың (IAS) 28-тармағы ұйымның өзінің аралық қаржылық есептіліктерінде оның жылдық қаржылық есептіліктерінде қолданғанмен бірдей есеп саясатын қолдануын талап етеді. Сонымен бірге, ол «ұйымның (жылдық, жарты жыл сайын, немесе тоқсан сайын), есеп беруінің жиілігі оның жылдық нəтижелерін бағалауға əсер етпеуі тиіс. Осы мақсатқа жету үшін, аралық есептілік мақсаттары үшін бағалаулар аяқталған жыл соңында жасалуы тиіс» екендігін мəлімдейді.
4. 36 ХҚЕС-тың (IAS) 124-тармағы «Гудвилл бойынша танылған құнсыздану залалдарының жазбалары кезектегі кезеңде түзетілмеуі тиіс» - деп мəлімдейді.
5. –
6. [Жойылған]
7. Осы Түсіндірмеде төмендегі мəселені қарастырады:
Ұйым гудвилл бойынша аралық кезеңдерде танылған құнсыздану шығындарының жазбаларын құнсыздануын анықтау тек тиісті есепті кезеңнің соңында ғана жасалғанда, құнсыздану шығыны танылмайтын болса немесе аз шығын мөлшері танылар болса түзету керек пе?
8. Ұйым алдыңғы аралық кезеңде гудвиллға қатысты құнсыздану шығындарының жазбаларын түзетпеуі тиіс.
9. Ұйым, осы консенсусты 34 ХҚЕС (IAS) мен басқа стандарттар арасындағы пайда болуы мүмкін қайшылықтардың, басқа мəселелеріне ұқсастығы бойынша қолданбауы керек.
Күшіне ену күні және көшуі
10. Осы түсіндірмені ұйым 2006 жылдың 1 қарашасында немесе бұдан кейінгі күннен басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым, осы түсіндірмені 2006 жылдың 1 қарашасына дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс. Ұйым осы Түсіндірмені гудвиллға переспективті түрде 36 ХҚЕС-ты (IAS) бірінші рет қолданған күннен бастап қолдануы тиіс; осы Түсіндірмені ұйым, үлестік құралдардағы немесе өзіндік құны бойынша тіркелген қаржылық активтегі инвестицияға переспективті түрде 36 ХҚЕС-тағы (IAS) бағалау критерийлерін бірінші рет қолданған күннен бастап қолдануы тиіс.
11. [Жойылған]
12. [Жойылған]
13. 2013 жылдың қарашасында түзету енгізілген 9 ХҚЕС (IFRS) 1, 2, 7 және 8 тармақтарға түзету енгізіп, 5, 6, 11 және 12 тармақтарын жойды. Ұйым 2013 жылдың қарашасында түзету енгізілген 9 ХҚЕС -ты (IFRS) қолданған кезде, осы түзетулерді қолдануы тиіс.