37. Қаржылық жалдау кезіндеиеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдіктер мен пайданың елеулі үлесін жалға алушы береді, осылайша алынуы тиісті жалдау төлемдері бойынша берешекті жалға алушы негізгі борыш сомасын қайтару және жалға алушының инвестициялары мен қызметі үшін өтемақы және сыйақыға арналған қаржылық табыс ретінде көрсетеді.
38. Бастапқы тікелей шығындар көбінесе жалға берушілерге жатқызылады, оның ішінде өсім сипатындағы және жалдау келісімдерін дайындау мен жасауға тікелей қатысты комиссиялық, заңды және ішкі шығындар. Оларға сату және маркетинг жөніндегі бөлімшелердің шығындары сияқты жалпы үстеме шығындар да жатқызылады. Өндіруші немесе дилер ретінде жалға берушілерге байланысты емес қаржылық жалдау кезінде бастапқы тікелей шығындар қаржылық жалдау бойынша дебиторлық берешекті бастапқы бағалауға кіргізіледі және жалдау мерзімі ішінде танылатын табыс сомасын азайтады. Жалдау шартында көрсетілген пайыз мөлшерлемесі бастапқы тікелей шығындар қаржылық жалдау бойынша дебиторлық берешекке өзінен-өзі кіретіні айқындалған; оларды бөлек енгізу қажеттілігі жоқ. Жалға берушілер өндіруші немесе дилер ретінде жалдау келісімдерін дайындау мен жасауға тікелей қатысты көтеретін шығындар бастапқы тікелей шығындар анықтамасынан алынып тасталады. Нәтижесінде олар жалға берілетін таза инвестициялардан алынып тасталады және қаржылық жалдау кезінде, дұрысында, жалдау мерзімінің басталуымен сәйкес келетінсатудан түскен пайданы тану кезінде шығыс ретінде танылады.
Кейінгі бағалау
39. Қаржылық табысты тану жалға берушінің қаржылық жалдауда өтелмеген таза инвестицияға тұрақты кезеңдік норманы көрсететін графикке негізделуге тиіс.
40. Жалға беруші жалдау мерзімі ішіндегі қаржылық кірісті жүйелі және тиімді негізде бөлуге тырысады. Табысты мұндай бөлу әдетте жалға берушінің қаржылық жалдауға таза төленбеген инвестицияларға пайданың тұрақты кезеңдік нормасын көрсететін схеманы негізге алады. Қызмет көрсетуге жұмсалған шығынды қоспағанда, есептік кезеңге жатқызылған жалдау төлемдері борыштың жалпы сомасы сияқты алынбаған қаржылық табысты азайту үшін жалдауға жалпы инвестициялардан шегеріледі.
41. Жалға берушілердің жалдауға жалпы инвестициялар есептеу кезінде пайдаланылатын кепілдік берілмегенқалдық құнының есептік мәні тұрақты тексеріліп тұруы тиіс. Егер есептік кепілдік берілмеген қалдық құны азайтылса, жалдау мерзімі ішіндегі табысты бөлу қайта қаралады және есептелген соманың кез келген азаюы есепте дереу көрсетіледі.
41A Қаржылық жалдаудың мәні болып табылатын және 5 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген (немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығу тобына енгізілген) актив аталған Стандартта көзделген тәртіпке сәйкес есепке алуға жатады.
42. Жалға берушілер өндіруші немесе дилер ретінде кезең ішіндегі сатудан түскен пайда мен залалдарды ұйым тікелей сатуға қатысты жүргізетін саясатқа сәйкес тануы тиіс. Егер жасанды жолмен төмендетілген пайыздық мөлшерлемелер жарияланса, сатудан түскен пайда міндетті түрде нарықтық пайыздық мөлшерлеме есептеу жағдайында қолданылатын шамамен шектелуге тиіс. Жалға берушілер шартты дайындау және жасауға байланысты өндіруші немесе дилер ретінде шеккен шығындар сатудан түскен пайданы тану сәтіндегі шығыс ретінде танылуы тиіс.
43. Өндірушілер немесе дилерлер жиі ретте клиенттерге активті сатып алу мен жалдау арасындағы таңдауды ұсынады. Жалға алушы ретінде қатысатын өндірушінің немесе дилердің активін қаржылай жалға беру табыстың екі түрінің:
(a) қолданылатын көтерме немесе сауда жеңілдіктерін көрсететін қалыпты сауда бағасы бойынша жалға өткізілген активті тікелей сатудан түсетін барабар пайдаға немесе шығынға барабар пайда немесе шығынның; және
(b) жалдау мерзімі ішінде қаржылай табыстың пайда болуына әкеп соқтырады.
44. Жалға беруші ретінде қатысатын өндіруші мен дилердің қаржылай жалдау мерзімінің басындағы есепте көрініс табатын сатудан түскен табысы нарықтық пайыздық мөлшерлемені қолдана отырып есептелген жалға берушіге тиесілі активтің әділ құнының және ең төменгі жалдау төлемдерінің келтірілген құнының ең аз деңгейі болып табылады. Қаржылық жалдау мерзімі басында танылатын сату құны, егер осы құн кепілдік берілмеген тарату құнының келтірілген құны шегерімінен тыс жалға берілген мүлікті нақты құнынан өзгеше болған жағдайда, нақты құны немесе қаржылық жағдай туралы есеп құны болып табылады. Сатудан түскен табыс пен сату құны арасындағы айырма ұйым тікелей сатуға қатысты қолданатын саясатқа сәйкес танылатын сатудан алынған пайда болып табылады.
45. Жалға беруші рөліндегі өндіруші мен дилер кейде клиентті тарту мақсатында жасанды түрде төмендетілген пайыздық мөлшерлемені жариялайды. Мұндай мөлшерді қолдану операциядан түскен жиынтық табыстың артық бөлігі сату уақытында танылады. Егер жасанды түрде төмендетілген пайыздық мөлшерлеме жарияланатын болса, онда сатудан түскен пайда нарықтық пайыз мөлшерлемесін қолдану жағдайында алынатын шамамен шектелуі керек.
46. Жалға беруші рөлінде өндіруші немесе дилер қаржылай жалдау шартын дайындау және жасаумен байланысты кеткен шығындар, өндіруші немесе дилердің негізінен сауда кірісін алуға қатысты бағытталғандықтан, жалдау мерзімінің басындағы шығыстар ретінде танылады.
Ақпаратты ашып беру
47. Жалға берушілер 7-ші ХҚЕС (IFRS) талаптарын орындаумен қатар қосымша ретінде қаржылық жалдауға қатысты қолданылатын мынадай ақпаратты ашуы тиіс:
(a) қаржылық жағдай туралы есеп күнгі жалпы жалға салынған инвестициялар ортақ жалпы сомасы мен ең төменгі жалдау төлемдері бойынша дебиторлық берешектің келтірілген құны арасындағы салыстыруды; сонымен бірге, ұйым қаржылық жағдай туралы есеп күнгі жалпы жалдауға салынған жалпы инвестицияларды және ең төменгі жалдау төлемдері бойынша келтірілген құнын мына кезеңдердің әрқайсысы үшін:
(i) бір жылдан кешіктірмей;
(ii) бір жылдан астам, бірақ бес жылдан кешіктірмей;
(iii) бес жылдан кейін ашуы тиіс.
(b) табыс ретінде табылмаған қаржы кірісі;
(c) жалға берушінің пайдасына жиналып отырған кепілдігі жоқ қалдық құнын;
(d) төменгі жалдау төлемдері бойынша өтелмейтін қарызды жабуға арналған жинақталған бағалау резерві;
(e) есеп мерзімі ішіндегі кіріс ретінде танылған шартты жалдау ақысы;
(f) жалға берушімен жасасқан жалдаудың негізгі шарттарының жалпы сипаты.
48. Бұдан басқа, өсу индикаторы ретінде жиі ретте сондай-ақ есеп кезеңінің ішінде тоқтатылған жалдау шарттарының тиісті сомасына кемітілген, есеп кезеңінің ішінде жасалған жаңа келісімшарттар бойынша алынбаған табысты шегере отырып, жалпы инвестициялардың сомаларын ашу да пайдалы.
Операциялық жалдау
49. Жалға берушілер нақты активтер сипатына сәйкес операциялық жалдауға берілген активтерді өздерінің бухгалтерлік қаржылық жағдай туралы есебінде ұсынуы тиіс.
50. Операциялық жалдаудан түскен табыс, өзге жүйелі түрде бөлудің пайдаланушының жалдауға өткізілген активтен алынатын пайданың азаюы уақытша кестесін жақсы беруін қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жалдау мерзімі ішінде тікелей бағыт негізінде табыстар құрамында танылуы тиіс.[3]
51. Шығындар, оның ішінде жалдау табысын алу кезінде шеккен амортизациялық шығыстар құрамына кіреді. Жалдау табысы (сақтандыру мен қызмет көрсетулер сияқты қызметтер үшін түсім қаражаттарын қоспағанда), тіпті егер төлемдер, өзге жүйелі түрде бөлу активін өткізуден пайда алудың азаюының уақытша кестесін беруді қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жалдау мерзімі ішінде тікелей бағыт негізінде шығыстар құрамында танылады.
52. Операциялық жалдау шарттарын дайындау және жасаумен байланысты жалға берушілердің бастапқы тікелей шығындары жалданған активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнына қосылуы тиіс және жалдау табысы сияқты осындай негіздежалдау мерзімі ішіндегі шығыстар ретінде танылуы тиіс.
53. Амортизацияланатын жалға берілген активтер үшін амортизациялық саясат осыған ұқсас активтерге қатысты қолданылатын қарапайым амортизация саясатына сәйкес болуы керек, ал амортизация сомасы 16 және 38 ХҚЕС-тарға (IAS) сәйкес есептелуге тиіс.
54. Ұйым жалға алынған активтің құнсыздануын анықтау үшін 36 (IAS) ХҚЕС-ты қолданады.
55. Жалға беруші рөлінде қатысатын өндіруші немесе дилер операциялық жалдау шартын жасау кезінде сатудан түсетін пайданы танымайды, өйткені ол сатудың баламасы болып табылмайды.
Ақпаратты ашып көрсету
56. 7 ХҚЕС (IFRS) талаптарын орындаумен бірге жалға берушілер операциялық жалға қатысты мынадай хабарламаны:
(a) мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз операциялық жалдау шарты бойынша болашақ ең төменгі жалдау төлемдері жиынтығында және мына кезеңдердің әрқайсысы үшін жеке-жеке:
(i) бір жылдан кеш емес;
(ii) бір жылдан астам, бірақ бес жылдан кеш емес;
(iii) бес жылдан кейін ашуы тиіс.
(b) есеп кезеңіндегі табыс ретінде танылған жалпы шартты түрдегі жалдау ақысын;
(c) жалға берушінің жасаған жалдау шарттарының елеулі келісімдерінің жалпы сипаттамасын ашуы тиіс.
57. Сонымен бірге, 16 ХҚЕС (IAS), 36 ХҚЕС (IAS), 38 ХҚЕС (IAS), 40 ХҚЕС (IAS) және 41 ХҚЕС-ына (IAS) ақпаратты ашуға қатысты талаптар операциялық жалдау шарттары бойынша берілетін активтерге қолданылатын жалға алушылар үшін міндетті.
Кері жалдау мен сату операцияларының жүргізілуі
58. Кері жалдаумен жүргізілетін сату операциясы сатушының оны кейіннен кері жалдауға ала отырып активті сатуын білдіреді. Жалдау төлемдері мен сату бағасы әдетте өзара байланысты болады, өйткені олар кешенді түрде талқыланады. Кері жалдаумен жүргізілетін сату операцияларының тәртібі жалдаудың түріне байланысты болады.
59. Егер кері жалдаумен жүргізілетін сату операциясы қаржылық жалдауға әкеп соқтыратын болса, онда сатудан алынатын пайданың қаржылық жағдай туралы есеп құнынан кез келген артуы сатушы-жалға алушының қаржы есептілігінде табыс ретінде дереу көрінісін табуы тиіс. Мұның орнына, бұл арту кейінге қалдырылуы тиіс және жалдау мерзімі ішінде амортизациялауға жатады.
60. Егер кері жалдау қаржылық жалдау болса, мұндай операция жалға берушінің жалға алушыға қаржы қаражаттарын беру тәсілі болып табылады, бұл жағдайда актив қамтамасыз ету рөлін атқарады. Осы себеп бойынша сатудан алынған түсімінің табыстың қаржылық жағдай туралы есеп құнынан артық сомасы деп есептеу дұрыс болмайды. Оның мұндай артуының мерзімі кейінге қалдырылуға және жалдау мерзімінің ішінде амортизациялауға жатқызылады.
61. Егер кері жалдаумен жүргізілген сату операциясы операциялық жалдауға әкеп соқтыратын және шын мәнінде операция әділ құн бойынша жүзеге асырылатын болса, онда туындайтын кез келген пайда немесе шығын дереу танылуы тиіс. Егер сату бағасы әділ құннан төмен болса, онда кез келген пайда немесе шығын, осы шығынға нарықтық бағадан төмен баға бойынша болашақ жалдау төлемдерімен өтем ол жасалатын жағдайларды қоспағанда, мерзімі кейінге қалдырылуға және активті пайдалану көзделетін кезең ішінде жалдау төлемдеріне тепе-тең амортизациялануы тиіс. Егер сату бағасы әділ құнынан жоғары болса, онда бұл артық баға мерзімі кейінге қалдырылуға және активті пайдалану көзделетін кезең ішінде амортизациялануы тиіс.
62. Егер кері жалдау операциялық жалдау, сондай-ақ жалдау төлемдері мен сату бағасы әділ құнды негізге ала отырып белгіленетін болса, онда сатудың қалыпты операциясы орын алады, кез келген пайда мен шығын дереу танылады.
63. Операциялық жалдау кезінде, егер оның кері жалдаумен жүргізілетін активті сату операциясын жүзеге асыру кезінде активтің әділ құны оның қаржылық жағдай туралы есеп құнынан төмен болса, онда қаржылық жағдай туралы есеп құны мен әділ құны арасындағы айырмаға тең шығын дереу танылуы тиіс.
64. Қаржылық жалдау үшін, құнсыздану болатын жағдайларын қоспағанда, мұндай түзету талап етілмейді, мұндай жағдайларда қаржылық жағдай туралы есеп құны активтердің құнсыздануына қатысты 36 ХҚЕС (IAS) сәйкес өтелетін сомаға дейін кемітіледі.
65. Хабарламаны ашуға қойылатын талаптарды жалға алушылар мен жалға берушілер кері жалдаумен жүргізілетін сату операцияларына бірдей дәрежеде қолданылады. Жалдау шарттарының елеулі келісімдерінің талап етілетін сипаттамасы шарттың, немесе кері жалдаумен жүргізілетін сату шарттарының бірегей немесе әдеттен тыс ережелерін ашуға жеткізеді.
66. Кері жалдаумен жүргізілетін сату операциялары 1 Қаржылық есептілігін ұсынуХҚЕС (IAS) Стандартта белгіленген хабарламаны ашу белгілерін әрекетке келтіруі мүмкін.
Өтпелі кезең шарттары
67. 68-тармаққа сәйкес осы Стандарттың ретроспективті қолданылуы құпталады, бірақ талап етілмейді. Егер Стандарт ретроспективті қолданылмайтын болса, онда бұрынғы кез келген қаржылық жалдау сальдосын жалға беруші тиісінше анықтауы керек және оның бұдан былайғы есебі осы Стандарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
68. Бұрын 17 ХҚЕС (IAS) (1997 жылғы редакция) пайдаланған ұйым осы Стандартты жалдаудың барлық шарттарына қатысты ретроспективті негізде, немесе егер 17 ХҚЕС (IAS) (1997 жылғы редакция) бұл Стандарттың барлық жалдау шарттарына қатысты келісілген онымен уақытынан бастапқы қолданылуы ретроспективті түрде пайдаланылмаса, енгізіп отырған өзгертулер қолданылуы тиіс.
68A Ұйым сол жалдауды қабылдаған күнгі қолда бар ақпарат негізінде 69A тармақта аталған түзетулерді қабылдаған күні мерзімі өтпеген жалдаудың жер учаскесі элементтерінің жіктелуін қайтадан бағалауға тиісті. Ол 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер−ХҚЕС-на (IAS) сәйкес жалдауды ретроспективті түрде қаржылық жалдау ретінде жаңадан жіктелген деп тануы тиіс.Алайда, егер ұйымның түзетулерді ретроспективті түрде қолдануға қажет ақпараты болмаса ол:
(a) түзетулерді қабылдаған күнгі фактілер мен жағдайлардың негізінде сол жалдауларға енгізілген
(b) сол күнгі әділ бағасындағы қаржылық жалдау ретінде жаңадан жіктелген жер учаскесін жалдауға қатысты актив пен жауапкершілікті тануға тиісті; сол әділ бағалар арасындағы кез-келген айырмашылық бөлінбеген пайдада танылуы тиіс.
Күшіне ену күні
69. Осы Стандарты ұйым 2005 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын жылдық кезеңдерде пайдалануы тиіс. Осы Стандартты мерзімінен бұрын пайдаланған жағдайдақолдау көрсетіледі. Егер осы Стандартты ұйым 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданса, бұл фактіні ашып көрсетуі тиіс.
69A 14 - және 15-тармақтар жойылып, 15A және 68A тармақтары 2009 жылғы сәуірде шығарылған ХҚЕС-қа Түзетулердің бір бөлігі ретінде қосылды. Ұйым ол түзетулерді 2010 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейінгі жыл сайынғы кезеңдерде қолдануға тиіс. Ертерек қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетуді ертерек кезеңде қолданса онда ол фактіні жария етуі тиіс.
17-ші (IAS) ХҚЕС-тың күшін жою (1997 жылғы редакциясы )
70. Осы Стандарт 17-ші ЖалдауХҚЕС-тың (IAS) орнына пайдаланылады (1997 жылғы редакция).