13-ші ХҚЕСТК Түсіндірмесі
(Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттары Бойынша Түсіндірме Комитеті) (IFRIC13)
Тұтынушы тұрақтылығы бойынша бағдарламалар
Сілтемелер
• 13-ші ХҚЕС Әділ құнды бағалау
• 8-ші ХҚЕС Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер (IAS 8)
• 18-ші ХҚЕС Табыс (IAS 18)
• 37-ші ХҚЕС Міндеттемелер, шартты міндеттемелер жəне шартты активтер (IAS 37)
Бастапқы ақпарат
1. Тұтынушы тұрақтылығы бойынша бағдарламаларды тұтынушыларды өз тауарларын немесе қызметтерін сатып алуы үшін ұйымдар ынталандыру сыйақыларымен қамтамасыз ету үшін қолданады. Егер тұтынушы тауар немесе қызмет сатып алса, ұйым тұтынушыға сыйлық, немесе жеңілдіктер ретінде береді (көбіне «ұпай» - деп аталады). Тұтынушы сыйлық, немесе жеңілдіктерді бағасы түсірілген тауар немесе қызмет сияқты сыйлықтарға айырбастауға мүмкіндік алады.
2. Осындай бағдарламалар əртүрлі жолдармен қолданылады. Тұтынушылардан айырбастауға мүмкіндік алу үшін, белгіленген сыйлық жеңілдіктің минималды санын немесе құнын жинауды талап ету мүмкін. Сыйлық жеңілдіктер жекелеген сатып алуға немесе белгіленген мерзім ішіндегі ұзақ мерзімді тапсырыстарға байланыстырылған болуы мүмкін. Ұйым, тұтынушы тұрақтылығы бойынша бағдарламаларды өзі қолдануы мүмкін немесе үшінші тарап қолдануы арқылы қатысуы мүмкін. Ұсынылған сыйлықтарға, ұйымның өзі қамтамасыз ететін тауарлар немесе қызметтер жəне/ немесе тауарлар немесе қызметтерді үшінші тараптан талап ету құқықтары кіруі мүмкін.
Қолдану аясы
3. Осы Түсіндірме тұтынушы тұрақтылығы бойынша төмендегідей жазылған, сыйлық жеңілдіктерге қолданылады:
(a) ұйым өз тұтынушысына сауда келісімнің, яғни тауар саудасы, қызмет көрсету немесе тұтынушының ұйымның активтерін пайдалануының бөлігі ретінде беретін; жəне
(b) кез келген бұдан былайғы біліктік шарттарды орындаған жағдайда, тұтынушылар болашақта ақысыз немесе бағасы түсірілген тауарға немесе қызметке айырбастауға мүмкіндік алады.
Осы Түсіндірме өз тұтынушыларына сыйлық жеңілдіктерді беретін ұйымның есепке алуын қарастырады.
Мәселелер
4. Осы Түсіндірмеде қарастырылатын мəселелер:
(a) ақысыз немесе бағасы түсірілген тауарлар немесе қызметтерді («сыйлықтар») болашақта қамтамасыз етуге міндеті, төмендегі жолдармен танылуы жəне бағалануы тиіс пе:
(i) сауда келісімнен қабылданған немесе қабылданатын сыйақының кейбірін сыйлық жеңілдіктерге бөлу жəне (18 ХҚЕС-тың (IAS) 13-тармағын қолданып) түсімді тануды кешіктіру; немесе
(ii) сыйлықтарды қамтамасыз етудің бағаланған болашақ шығындарын (18 ХҚЕС-тың (IAS) 19 -тармағын қолданып) қамтамасыз ету; жəне
(b) сыйақы сыйлық жеңілдіктерге бөлінген болса:
(i) оларға қанша бөлінуі тиіс;
(ii) түсім қашан танылуы тиіс; жəне
(iii) егер үшінші тарап сыйлықтарды қамтамасыз ететін болса, түсім қалай бағалануы тиіс.
Консенсус
5. Ұйым 18 ХҚЕС-тың (IAS) 13-тармағын қолдануы жəне сыйлық жеңілдіктерді олар берілген («бастапқы сауда») сауда келісім(дері)нің бөлек анықталатын компоненті ретінде есепке алуы тиіс. Бастапқы сауда тұрғысынан қабылданған немесе қабылданатын сыйақының əділ құны сыйлық жеңілдіктер мен сауданың басқа компоненттері арасында бөлінуі тиіс.
6. Сыйлық жеңілдіктерге бөлінген сыйақы олардың əділ құны, яғни сыйлық жеңілдіктер бөлек сатылуы мүмкін сома тұрғысынан бағалануы тиіс.
7. Егер ұйым сыйлықтарды өзі қамтамасыз ететін болса, сыйлық жеңілдіктер айырбасталғанда жəне ол сыйлықтарды қамтамасыз ету міндетін орындағанда, сыйлық жеңілдіктерге бөлінген сыйақыны түсім ретінде тануы тиіс. Танылған түсім мөлшері, айырбасталуы күтілетін жалпы санымен салыстырғандағы, сыйлықтарға айырбасталған сыйлық жеңілдіктердің санына негізделуі тиіс.
8. Егер сыйлықтарды үшінші тарап қамтамасыз ететін болса, ұйым сыйлық жеңілдіктерге бөлінген сыйақыны өз есепшотына (яғни келісімдегі негізгі тарап ретінде) алады ма, немесе үшінші тарап атынан (яғни үшінші тарапқа өкіл ретінде) алады ма анықтауы тиіс.
(a) Егер ұйым сыйақыны үшінші тарап атынан алатын болса, ол:
(i) Өз түсімін өз есепшотында сақталған нетто-сома, яғни сыйлық жеңілдіктерге бөлінген сыйақы мен үшінші тарапқа сыйлықтарды қамтамасыз еткені үшін төленетін соманың арасындағы айырмашылық ретінде бағалауы тиіс, жəне
(ii) Үшінші тарап сыйлықтарды қамтамасыз етуге міндетті жəне сол үшін сыйақыны қабылдауға өкілетті болғанда, осы нетто -соманы түсім ретінде тануы тиіс. Бұл оқиғалар сыйлық жеңілдіктер берілген кезде болуы мүмкін. Олай болмаса, егер тұтынушы сыйлықтарды ұйымнан немесе үшінші тараптан талап етуді таңдай алатын болса, бұл оқиғалар тек тұтынушы сыйлықтарды үшінші тараптан талап етуді таңдағанда болады.
(b) Ұйым сыйақыны өз есепшотына алатын болса, ол өз түсімін сыйлық жеңілдіктерге бөлінген брутто сыйақы ретінде бағалауы тиіс жəне түсімді ол сыйлықтарға қатысты өз міндеттерін орындағанда тануы тиіс
9. Егер кез келген уақытта сыйлықтарды қамтамасыз етуге міндеттерді орындаудың болмай қалмайтын шығындары, олар үшін қабылдаған немесе қабылданатын сыйақыдан (яғни сыйлық жеңілдіктерге бастапқы сауда сəтінде бөлінген, əлі түсім ретінде танылмаған сыйақы плюс кез келген бұдан былайғы тұтынушы сыйлық жеңілдіктерді айырбастағанда қабылданатын сыйақы) артық болады деп күтілсе, ұйымның келісімшарты əділ емес. Артық сома үшін міндеттеме 37 ХҚЕС-қа (IAS) сəйкес танылады. Сыйлықтарды қамтамасыз етудің күтілетін шығындары көбейсе, мысалы, егер ұйым айырбасталатын сыйлық жеңілдіктерінің саны жөніндегі өз үміттерін өзгертсе, осындай міндеттемені тануға қажеттілік туындауы мүмкін.
Күшіне ену күні және көшулер
10. Осы түсіндірмені ұйым 2008 жылдың 1 шілдесінен немесе бұдан кейінгі күннен бастап, жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түсіндірмені 2008 жылдың 1 шілдесіне дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
10A AG2 тармағы 2010 жылдың мамырында шыққан ХҚЕС-тың Жетілдірулеріне сəйкес түзетілді. Ұйым бұл түзетулерді 2011 жылдың 1 қаңтарынан немесе одан кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Ерте қолданыстарға рұқсат беріледі. Егер ұйым түзетулерді ерте кезең үшін қолданатын болса, ол жайтты ашып көрсетуі тиіс.
10B 2011 жылғы мамыр айында шыққан, 13-ші ХҚЕС 6 және AG1-AG3 тармақтарын жаңартты. Ұйым осы түзетулерді 13-ші ХҚЕСын қолданғанда ескеруі тиіс.
11. Есеп беру саясатындағы өзгерістер жөнінде 8 ХҚЕС-қа (IAS) сəйкес есеп берілуі тиіс.
Қосымша
Қолдануға нұсқалар
Осы қосымша Түсіндірменің ажырамас бөлігі.
Сыйлық жеңілдіктердің əділ құнын бағалау
AG1 Консенсустың 6 тармағы сыйлық жеңілдіктерге бөлінген сыйақыны олардың əділ құны, яғни сыйлық жеңілдіктерді жекелеп сатуға болатын сома тұрғысынан бағалауды талап етеді. Егер əділ құны тікелей анықталмаса, оны есептеп шығару керек.
AG2 Ұйым сыйлық жеңілдіктердің əділ құнын, олардың айырбасталуы мүмкін сыйлықтардың əділ құны тұрғысынан есептеп шығаруына болады. Осы сыйлықтардың əділ құны, төмендегідей есепке алады:
(a) кез келген жағдайда бастапқы саудадан сыйлық жеңілдікті ұтып алмаған тұтынушыға ұсынылатын жеңілдіктер мен ынталылықтың сомасы; жəне
(b) тұтынушылар ара салмағы айырбастауы күтілмейтін сыйлық жеңілдіктерді, тұтынушы сатып алады; және
(c) бағаланбайтын тәуекел.
Егер тұтынушылар əртүрлі сыйлықтар қатарынан таңдап алатын болса, сыйлық жеңілдіктердің əділ құны мүмкіншілікті сыйлықтардың қатарының, əрбір сыйлықтың таңдап алынуының күтілетін жиілігіне сəйкес бағаланған, əділ құндарын көрсетеді.
AG3 Кейбір жағдайларда, басқа бағалау əдістері болуы мүмкін. Мысалы, егер үшінші тарап сыйлықтары қамтамасыз ететін болса, жəне ұйым үшінші тарапқа оның беретін əрбір сыйлық жеңілдігі үшін төлейтін болса, ол сыйлық жеңілдіктердің əділ құнын өзінің үшінші тарапқа төлейтін сомасы тұрғысынан, құптауға лайық таза табысты қосып бағалауына болады. Консенсустың 6-тармағындағы талаптарын қанағаттандыратын жəне сəйкес жағдайда, ең қолайлы бағалау əдісін таңдау жəне қолдану үшін жағдайларды бағалау қажет.