B 4.3.6 Гибридті келісімшарттың үлгісі - шығарушыға қаржы құралын көлемі акциянемесе тауар индексінің өзгерісі түсіп-көтерілуіне (қайта сатылуға құқығы бар)тәуелді ақшалай қаражат немесе басқа да қаржы активтері ретінде қайтарыпберуге құқық беретін қаржы құралы болып табылады. Бастапқы танылудашығарушы құралды пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген әділ құнменбағаланған қаржы міндеттілігі ретінде қайта сатуға құқылы құрал ретіндесыныптамаған болса, онда ол кірістірілген туынды қаржы құралын (яғни, негізгіқарыздың индекстелген төлем сомасы) 4.3.3 -тармағына сай жеке қарауы керек.Себебі, негізгі келісімшарт B4.3.2 -тармағы бойынша борыштық құрал болыптабылады, ал B4.3.5 (a) тармағы бойынша индекстелген негізгі борыштың төлемсомасы негізгі борыштық құралмен тығыз байланысты болмайды. Негізгіборыштық құралдың төлем сомасы көбеюіне немесе азаюына байланыстыкірістірілген туынды қаржы құралы құны өзгермелі негізде индекстелетінопциондық емес туынды қаржы құралы болып табылады.
B4.3.7 Кез-келген уақытта шығарушыға ұйымның өзіндік актив құнына (мысалы, ашық түрдегі бірлескен инвестициялық қордан түсетін үлеспұл немесе үлеспұлға байланысты бірқатар өнімдер) теңдей үлеске тең ақшалай қаржыға қайта сата алатын қайта сатылуға құқылы құралы болған жағдайда егер иемденуші құралды шығарушыға қайтарып беру құқығын қоданатын болса, онда кірістірілген туынды қаржы құралын бөлудің әсері мен әрбір компонентті есепке алу есептілік кезеңінің соңында өтелуі тиісті гибридті келісімшартты бағалауға байланысты болады.
B4.3.8 Төменде берілген мысалдарда кірістірілген туынды қаржы құралдарының экономикалық сипаты мен тәуекелділігі негізгі келісімшарттың экономикалық сипаты мен тәуекелділігіне тығыз байланысты болатындығы көрсетіледі. Бұл мысалдарда ұйым кірістірілген туынды қаржы құралын негізгі келісімшарттан бөліп қарастырмайды.
(а) Пайыздық негізгі борыштық немесе сақтандыру келісімшарты бойынша төленетін немесе алынатын пайыздық соманы өзгерте алатын пайыздық мөлшерлеме немесе пайыздық мөлшерлеме индексінің негізінде құрылған кірістірілген туынды қаржы құралы мына жағдайлардан тыс жағдайда негізгі келісімшартпен тығыз байланыста болады: гибридті келісімшарт есебі оны иеленушінің расында өз инвестицияларының барлық теңгерімдік құнының орнын өтей алмаса немесе кірістірілген туынды құралы кем дегенде иеленушінің негізгі келісімшарт бойынша бастапқы кіріс мөлшерінен екі есе арттыратын болса және кіріс мөлшерін кем дегенде негізгі келісімшарттағыдай белгіленген шарттары бар келісімшарт бойынша нарықтық кірістен екі есе арттыратын болса;
(b) Борыштық келісімшарттағы немесе сақтандыру келісімшартындағы пайыздық мөлшерлемедегі кірістірілген «флор» және «кэп» негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер: құралды шығарған кезде «кэп» нарықтағы пайыздық мөлшерлеме деңгейінде немесе одан жоғары болып тұрса, ал «флор» нарықтағы пайыздық мөлшерлеме деңгейінде немесе одан төмен болса және «флор» мен «кэп» негізгі келісімшартқа қатысты иінтірек әсеріне (левереджге) ұшырамайтын болса. Дәл осылай, флор» мен «кэп» бағасын белгілейтін сатып алуға немесе сатуға қойылған активтердің келісімшартқа ендірілген шарттары негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер келісімшарт жасау кезінде «флор» мен «кэп» пайдасыз болғанда және иінтірек әсеріне (левереджге) ұшырамайтын болғанда.
(с) Пайыздық өтем немесе шетелдік валютада бекітілген негізгі сома ағымын қамтамасыз ететін және негізгі борыштық құралға (мысалы, екі валютада берілген облигация) кірістірілген валюталық туынды қаржы құралы негізгі борыштық құралмен тығыз байланысты болады. Мұндай туынды құрал негізгі құралдан бөлінбейді. Себебі, 21 ХҚЕС-қа (IAS) сай ақша бабы бойынша шетелдік валюта бағамының өзгерісінен түсетін пайда мен залалдың пайда мен залал құрамында көрсетілуін талап етеді.
(d) Сақтандыру келісімшарты болып табылатын немесе қаржы құралы болып табылмайтын (мысалы, бағасы шетелдік валютада белгіленген қаржылық емес бапты сату немесе сатып алу келісімшарты) негізгі келісімшартқа кірістірілген валюталық туынды құрал негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер ол иінтірек әсеріне (левереджге) ұшырамайтын болса, опциондық белгілері болмаса және өтем жасау төменде көрсетілген валюталардың бірінде белгіленген болса:
(і) келісім бойынша негізгі екі тараптың біреуінің атқарымдағы валютасы;
(іі) әлемдегі коммерциялық операциялар барысында тауар немесе қызметті сатып алу немесе көрсетілуінде белгіленген валюта (мысалы, шикі мұнай операциясы үшін АҚШ доллары); немесе
(ііі) қаржылық емес баптарды кономикалық ортада сату немесе сатып алу операцияларына негізделген келісімшарттарда кеңінен қолданылатын валюта (мысалы, әдетте ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыруда қолданылатын тұрақты және ликвидті валютаға қатысты)
(е) Пайыздық мөлшерлемесі бар купондық немесе тек негізгі сома купоны бойынша мерзімінен бұрын өтем жасауға негізделген кірістірілген опцион негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер алғашқыда негізгі келісімшарт (і) кірістірілген туынды қаржы құралы жоқ қаржы құралынан келісімшартта көрсетілген ақша ағымдарын алу құқығына ие болу нәтижесінде пайда болған болса, және (іі) борыштық құрал формасы ретінде алғашқы негізгі келісімшартта берілмеген қандайда бір шарттарды қамтымаса.
(f) Негізгі жалға беру келісімшартының кірістірілген туынды қаржы құралы негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер кірістірілген туынды қаржы құралы (і)инфляцияға байланған индексті көрсететін болса, мысалы тұтыну бағасының индексіне жалға беру өтемін индекстеу (егер жалға беру иінтірек әсеріне (левереджге) ұшырамаса және индекс қызмет атқарып отырған ұйымның экономикалық ортасындағы инфляциясына байлаулы болғанда), (іі) жалға берудің тиесілі жүзеге асырылу көлеміне негізделген шартты өтемі, (ііі) жалға берудің өзгермелі пайыздық мөлшерлемесіне негізделген шартты өтемі.
(g) Негізгі қаржы құралына немесе негізгі сақтандыру келісімшартына кірістірілген үлеспұл құнына байламдылық негізгі құралмен немесе негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер үлеспұлмен белгіленген өтемдер қор активінің әділ құнын көрсететін ағымдағы үлеспұл құнымен бағаланса. Үлеспұл құнына байламдылық өтемді сыртқы және ішкі инвестициялық қордың үлеспұлы бойынша жүзеге асыратын келісімдік шарты болып табылады.
(h) Сақтандыру келісімшартына кірістірілген туынды құрал негізгі сақтандыру келісімшартымен тығыз байланысты болады, егер ұйым кірістірілген туынды қаржы құралын жеке бағалай алмайтындай (яғни, негізгі келісімшартты қарамай) кірістірілген туынды қаржы құралы мен негізгі сақтандыру келісімшарты бір-біріне өте тәуелді болса.
Кірістірілген туынды қаржы құралын қамтитын құралдар
B 4.3.9 B 4.3.1 -тармағында көрсетілгендей егер ұйым осы стандарттың қолданыс аясына кірмейтін актив болып табылмайтын негізгі келісімшарты бар гибридті келісімшарт тарапы болып табылса, және 4.3.3 -тармағына сай бір немесе бірнеше кірістірілген туынды қаржы құралы бар ұйым кез-келген мұндай кірістірілген туынды құралды сәйкестендіруі, негізгі келісімшарттан, сол сияқты осындай әрекетті қажет ететін басқа да құралдардан бөліп қараудың қажеттілігін бағалауы, бастапқы және кейінгі тауда құралды әділ құн бойынша бағалауы тиіс. Бұл талапы орындау күрделі болуы мүмкін немесе барлық құралды тұтастай алғанда пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілетін әділ құн бойынша анықталған бағамен салыстырғанда сенімі төменірек бағаға әкеліп тіреуі мүмкін. Сондықтан, осы стандарт барлық гибридті келісімшартты тұтастай пайда мен залал құрамында көрсетілетін өзгерісі әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптауға рұқсат етеді.
B4.3.10 4.3.3- тармағына сай кірістірілген туынды қаржы құралдарын негізгі келісімшарттан бөліп қарастыруға рұқсат берілген-берілмегеніне қарамастан мұндай сыныптау қолданыла алады. Бірақ, 4.3.5 -тармағының талабы 4.3.5(a) және (b) -тармағында қарастырылған пайда мен залал құрамында көрсетілген өзгерісі әділ құн бойынша бағаланған ретіндегі гибридті келісімшартты сыныптауды негіздеуге қолданыла алмайды, себебі, бұл есепке алу ісін жеңілдетуге де, ақпарат сенімділігін арттыруға да әсерін тигізбейді.
Кірістірілген туынды қаржы құралдарын қайта бағалау
B4.3.11 4.3.3 -тармағына сай ұйым бірінші рет келісімшарттың тарапы болған жағдайда кірістірілген туынды қаржы құралын негізгі келісімшарттан бөліп қараудың және оның алынған есепке кірістірілген туынды қаржы құралы ретінде көрсетілу қажеттілігін бағалауғы тиіс. Келісімшарт шарттары ақша қоры ағымын айтарлықтай өзгертуге алып келсе, және ол келісімшартқа сай қарастырылар болса, кірістірілген туынды қаржы құралдарын қайта бағалау ісін жүргізуге рұқсат беріледі. Басқа жағдайда кірістірілген туынды қаржы құралын кейінгі қайта бағалауға тыйым салынады. Ұйым екі фактіні анықтайды: біріншіден, сол кірістірілген туынды қаржы құралына және/немесе негізгі келісімшарттың шартына байланысты болашақ күтілетін ақша қоры ағымының өзгеріс деңгейін талдай отырып, ақша қоры ағымының айтарлықтай өзгеріс орын алған-алмағандығын, екіншіден, келісімшарт бойынша бұған дейінгі күтілген ақша ағымымен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс орын алған-алмағандығын.
B4.3.12 B4.3.11-тармағы төменде келтірілген жағдайларда жасалған келісімшарттардағы кірістірілген туынды қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды:
(а) бизнестерді біріктіруде (3 «Бизнес бірлестіктері» ХҚЕС-та (IFRS) берілген анықтамаға сай);
(b) 3 ХҚЕС (IFRS) стандартының В1 және B4-тармақтарында көрсетілгендей жалпы бақылаудағы ұйымдар немесе компанияларды біріктіруде;
(с) 31 ХҚЕС (IAS) «Бірлескен кәсіпкерлікке қатысу» стандартына сай бірлескен ұйымды құруда немесе сатып алу күнінде олардың мүмкін қайта бағалауы болғанда.
Қаржы активтерін қайта сыныптау (4.4 - бөлім)
В 4.4.1 Нақты қаржы активтерді басқару бойынша ұйымның бизнес үлгісінің мақсаты өзгерсе, В 4.4.1-тармағы ұйымнан қаржы активтерін қайта сыныптауы талап етіледі. Мұндай өзгерістер өте сирек қолданылады деп жорамалданады. Бұл өзгерістер сыртқы немесе ішкі өзгерістер нәтижесінде ұйымның жоғарғы басшылығымен анықталуы қажет және ұйымның әрекеттеріне негіз болып, сыртқы мәселелерге дәлел болуы тиіс. Бизнес үлгінің өзгеріс мысалдары келесі мәселелерді қамтиды:
(а) Ұйым жақын болашақта сату үшін коммерциялық қарыздар портфеліне ие болады. Ұйым келісімшарт бойынша қарастырыл,ан ақша қоры ағымын ұстап қалу мақсатында қарыздарды жинап алатын бизнес үлгіні басшылыққа алатын және коммерциялық қарыздарды басқаратын компанияны табады. Коммерциялық қарыздар портфелі бұдан әрі сатылуға арналмайды және портфель ендігі уақытта сатып алынған коммерциялық қарыздармен бірге басқарылады. Барлығы бірге келісімшартта қарастырылған ақша қоры ағымын алу үшін ұсталады.
(b) Қаржы қызметін көрсететін фирма жеке тұлғаларға ипотекалық несие беруді тоқтатуға бел байлады. Қызметтің осы түрі бойынша жаңа клиенттер қабылданбайды және қаржы қызметін көрсететін фирма белсенді түрде ипотекалық қарыздар портфелін сатуды жарнамалай бастайды.
В4.4.2 Ұйымның бизнес үлгісінің өзгеру мақсатының қайта сыныптау күні анықталуы тиіс. Мысалы, егер қаржы қызметін көрсету фирмасы жеке тұлғаларға ипотекалық несие беруді 15 ақпан күні жабуға шешім қабылдаса, онда ол барлық қаржы активтерін 1 ақпан күні қайта сыныптауы тиіс (яғни, ұйымның келесі есептілік кезеңінің алғашқы күні), ұйым 15 ақпаннан кейін сол қызмет түрі бойынша жаңа клиенттер қабылдамауы немесе басқа да жолмен бұрынғы бизнес үлгіге қатысты қызмет түрін көрсетпеуі тиіс.
В4.4.3 Келесі жағдайлар бизнес үлгідегі өзгерістерге жатпайды:
(а) белгілі-бір қаржы активтерге қатысты ниеттің өзгеруі (нарық күйінің елеулі өзгерісі жағдайында да).
(b) қаржы активтерінің белгілі бір нарығының уақытша жойылып кетуі.
(с) бірнеше бизнес үлгісі бар ұйым бөлімдері арасындағы қаржы активтерін өткізілуінде.
Бастапқы бағалау (бөлім 5.1)
В5.1.1 Қаржы құралын бастапқы танудағы әділ құны - операция бағасы. (яғни, берілген немесе алынған төленген өтеудің әділ құны; В 5.4.8 -тармағына қараңыз). Бірақ, берілген немесе алынған төленген өтеуідің қандай да бір бөлігі сол қаржы құралына жататын болса, онда қаржы құралының әділ құны бағалау әдісін қолдану арқылы есептеледі (В5.4.6 - B5.4.12). Мысалы, пайыздық табыс табуды көздемейтін ұзақ мерзімді қарыз немесе дебиторлық берешекті аналогиялық несиелік рейтингтегі аналогиялық құралға(валюта, мерзім пайыздық мөлшерлеменің түріне және басқа факторларға қатысты) арналған пайызы үстем нарықтық мөлшерлемесі қолдану арқылы дисконтталған келешекте түсетін барылық ақша түсімінің ағындағы құны ретінде есептеуге болады. Осы әділ құннан жоғары берілген қарыз сомасы, егер ол активтің басқа бір түрі ретінде танылған жағдай болмаса, онда ол шығын немесе кірістің азаюы болып табылады.
В5.1.2 Егер ұйым нарыққа сай емес пайыздық мөлшерлемесі бар қарыз беретін болса, (мысалы, қарызды 5 пайыздан берсе, ал осындай қарыз түрлері бойынша нарықтық мөлшерлеме 8 пайыз болып тұрса), және орнын өтеу түрінде алдын-ала төленетін сыйақы алатын болса, онда ұйым ол қарызды әділ құн бойынша бағалайды, демек алынған сыйақы есептелмейді.
B5.1.2A Бастапқы тану кезінде әділ құнның ең тиімді белгісі өткізу бағасы болып табыладыThe best evidence of the fair value of a financial instrument at initial recognition is normally the transaction price (мсыалы, берілген немесе алынған есептеудің әділ құны, ХҚЕС (IFRS) қараңыз). Егер бастапқы тану кезінде әділ құнның 5.1.1A тармағында көрсетілгендей өткізу бағасынан айырмашылығы болса, ұйым құралдың бағасын сол кезеңде келесідей есептеуі тиіс:
(a) 5.1.1 тармақ талап ететін бағалауда, егер, әділ құн белсенді нарықтағы анықталған баға арқылы белгілі бір актив немесе міндеттеме (1 дәнеделі кіріс) үшін белгіленсе, немесе бақыланатын нарықтың ақпараты үшін ғана қолданатын бағалау әдісі. Ұйым бастапқы тану кезіндегі әділ құн мен өткізу бағасының арасындағы айырмашылықты пайда немесе залал деп тануы тиіс.
(b) барлық басқа жағдайда 5.1.1 тармағы талап ететін бағалау айырмашылықты алшақтату мақсатында бастапқы тану кезіндегі әділ құн мен өткізу бағасы арасындағы айырмашылықты түзетті. Бастапқы танудан кейін, ұйым пайда немесе залал ретінде нарық қатысушылары баға белгілеу кезінде есепке алатын фактодың (уақытты қоса) өзгерісінен болатын алшақтатылған айырмашылықты тануы тиіс.
Қаржы активтерінің кейінгі бағалануы (5.2 тарауы)
В5.2.1 Егер бастапқыда қаржы активі болып есептелген қаржы құралы әділ құнмен бағаланса және оның әділ құны нөлден кем болып бағаланса, бұл 4.2.1 тармағына сай бағаланып, қаржылық жауапкершілік болып танылады. Бірақ, осы стандарттың қолдану аясына кіретін актив болып табылатын негізгі келісімшартты қамтитын гибридті келісімшарттар әрдайым 4.3.2 тармағына сай бағаланады.
В5.2.2 Келесі мысал 5.7.5 -тармағына сай басқа да жиынтық кіріс құрамында өзгерісі көрсетілетін әділ құнмен бағаланған қаржы активін бастапқы және кейінгі тануда жасалынатын мәмілелер шығынын есептеу көрсетілген. шығындарын көрсетеді, ол басқа барлық жақты табыс арқылы ұқсас бағаның өлшенген өзгерісі. Ұйым активті 100 а.б. бағасымен және оған қоса сатып алғаны үшін 2 а.б. көлемінде комиссия алады. Бастапқыда, ұйым активті 102 а.б. құны бойынша мойындайды. Есептеу мерзімі активтің белгіленген нарықтық бағасы 100 а.б. көлеміне түскеннен кейін бір күн өткен соң басталады. Егер актив сатылған болса, онда 3 а.б. көлемінде сыйақы төленуі тиіс. Сол күнде ұйым активті 100 а.б. көлемінде бағалайды (сату барысында төленуі мүмкін сыйақы есепке алынбайды), ал 2 а.б. көлеміндегі шығын басқа да жиынтық табыс құрамында көрсетіледі.
В5.2.2А 5.1.2А тармақтарында көрсетілгенқаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің келесі өлшемдері және пайда мен шығындар ХҚЕС талаптарына сәйкес келуі керек.
B5.4.1-
В5.4.13 [Жойылған]
Үлестік инвестициялау және сол инвестициялардың келісімшарты
Үлестік құрал инвестициялары және олардың келсімшарттары әділ құнда бағалануы тиіс. All investments in equity instruments and contracts on those instruments must be measured at fair value. Дегенмен, шектеулі жағдайда, шығын әділ құнның сәйкес бағасы болуы мүмкін. Мұндай жағдай егер әділ құнды бағалауға тиісті ақпарат жеткілікті болғанда немесе әділ құнды бағалаудың мүмкін түрлерінің кең ауқымы болғанда немесе сол ауқымда шығын әділ құнның ең тиімді бағасы болса.
B5.4.15 Әділ құнды көрсете алмайтын өзіндік құнның көрсеткіштері мыналар:
(а) бюджет, жоспар немесе мақсат бағыттылығымен салыстырғандағы инвестиция нысанының қызмет нәтижесінің айтарлықтай өзгеруі;
(b) инвестиция нысаны өніміндегі техникалық мақсатты бағыттылыққа қол жеткізіледі деген күтіміндегі өзгерістер;
(с) инвестиция нысанының капитал нарығындағы немесе оның өнімдерінің немесе потенциалды өнімдерінің айтарлықтай өзгерісі;
(d) инвестиция нысанының қызмет етіп жүрген ғаламдық экономикадағы немесе экономикалық ортадағы жағдайдың айтарлықтай өзгерісі;
(е) салыстырылатын ұйымдардың қызмет нәтижесіндегі немесе жалпы нарықта меңзелетін бағалаудағы айтарлықтай өзгеріс;
(f) алаяқтық, сауда даулары, соттық даулар, басқару немесе стратегиядағы өзгерістер сияқты инвестицияның ішкі мәселелері;
(g) инвестиция нысанымен (мысалы, акцияларды жаңадан шығару) немесе үлестік құралды үшінші тарапқа беру арқылы инвестиция нысаны капиталымен жасалған сыртқы мәмілелер негізінде алынған мәліметтер.
В5.4.16 В 5.4.15 тармағында берілген тізбе жеткілікті болып саналмайды. Ұйым бастапқы тану күнінен кейін қолайлы болған инвестиция нысанының барлық қызметі мен операциялары туралы мәліметті қолдануы тиіс. Тиісті факторлар болған жағдайда ғана олар өзіндік құн әділ құнды көрсетпейтіндігін атап көрсете алады. Мұндай жағдайда ұйым әділ құнды өзі анықтауы тиіс.
В5.4.17 Мөлшерлемесі белгіленген үлестік құралдарға (немесе мөлшерлемесі белгіленген үлестік құралдар бойынша келісімшарттарға) салынатын инвестиция үшін өзіндік құн ең жақсы әділ құн болып табылмайды.
Табыс пен залал (5.7 -бөлім)
В5.7.1 5.4.4 бөлімі сауда үшін жүргізілмейтін үлес құралындағы инвестицияның әділ құнындағы басқа жиынтық табыс өзгерісінде көрсету үшін ұйымға соңғы таңдау жасауына жол береді. Мұндай шешім әрбір құрал үшін жеке-жеке қарастырылады. Басқа жиынтық табыста көрсетілген сан соңынан табыс немесе залал құрамына аударылмауы тиіс. Алайда, ұйым жинақталған табыс немесе залалды капиталға аудара алады. Егерде дивиденд инвестицияның өзіндік құнының бөлігінің орнын толтыратындығы анық болмайтын болса, онда мұндай инвестициялардан түскен дивидендтер 18 ХҚЕС (IAS) «Табыс» стандартына сай пайда немесе залал құрамында танылады.
В5.7.2 Ұйым 21ХҚЕС (IAS) сай ақша-несие тармағы болып табылатын және шетел валютасымен көрсетілген қаржы активтеріне және қаржы міндеттемелеріне 21 ХҚЕС (IAS) «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» стандартынқолданады. 21 ХҚЕС (IAS) тармағына сай ақша-несие активінен түскен кез келген шетелдік валюталық табыс пен залал пайда немесе залал болып танылуын талап етеді. Кез келген нақты ағымның хеджі (39 ХҚЕС (IAS) 95-101- тармағына назар аудар), немесе таза инвестициялар хеджіндегі (ХҚЕС 39 (IAS) 102 тармағына назар аудар) хеджирлеу құралы болып анықталатын ақша-несие бабы ерекшелік болып табылады.
В5.7.3 5.7.5 бөлімі сауда үшін жүргізілмейтін үлес құралындағы инвестицияның әділ құнындағы басқа жиынтық табыс өзгерісінде көрсету үшін ұйымға соңғы таңдау жасауына жол береді. Мұндай инвестициялар ақша-несие бабы болып табылмайды. Осыған орай, 5.7.5 -тармағына сай басқа жиынтық табыста айқындалған табыс немесе залал кез келген тиісті шетелдік валюталық компонентті қамтиды.
В5.7.4 Егер туынды емес ақша-несие активі мен туынды емес ақша-несие міндеттемесі арасында хеджирлеу қатынасы бар болса, онда қаржы құралдарының шетел валюта компоненттеріндегі өзгерістері табыс немесе залал құрамында танылады.
Өзгерісі пайда мен залал құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағалану ретінде сыныпталатын қаржы міндеттеметері
B 5.7.5 Ұйым өзгерісі пайда немесе залал құрамында көрсетілген қаржы міндеттілігін әділ құн бойынша бағалану ретінде сыныптайтын болса, басқа да жиынтық табыс құрамында міндеттеметер бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісін берген жағдайда пайда мен залалды есепке алуда сәйкессіздіктің орын алатын-алмайтындығын және сәйкессіздік көрсеткішіндегі алшақтықты анықтап алуы тиіс. Егер пайда мен залал құрамында көрсетілген санның берілгеніне қарағанда басқа да жиынтық табыс құрамындағы жауапкершіліктер бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісі әсерінің берілгені пайда мен залалда үлкен сәйкессіздіктерге алып келетін болса, онда есепке алуда сәйкессіздіктер немесе алшақтықтар орын алатын болады.
B5.7.6 Мұны анықтау үшін ұйым өзгерісі пайда мен залал құрамында көрсетілген, әділ құн бойынша бағаланған басқа бір қаржы құралының несиелік тәуекелділігігіндегі өзгерістер есебінен пайда мен залал құрамындағы міндеттеме бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісінің орны толтырылуы күтілетін-күтілмейтіндігін анықтауы тиіс. Мұндай күтілулер сол міндеттеме сипаты мен басқа қаржы құралы сипатының арасындағы экономикалық қатынасына негізделуі тиіс.
B5.7.7 Есепке алуда сәйкессіздіктің орын алуы немесе онда алшақтықтың ұлғаю ықтималы бастапқы танылуда анықталады және қайта бағалануға жатпайды. Практикалық тұрғыдан алып қарағанда ұйым үшін бір уақыт ішінде есепке алудағы сәйкессіздіктерді туындататын барлық активтер және міндеттеметермен істес болудың қажеті жоқ. Егер басқа да операциялардың орын алуы күтілетін болса, орынды кейінге шегеруге жол беріледі. Басқа да жиынтық кіріс құрамында міндеттеме бойынша несиелік тәуекелділіктің өзгеріс әсерін ұсынған жағдайда пайда немесе залалдағы есепке алынған сәйкессіздіктің орын алуы немесе ондағы алшақтықты анықтау үшін ұйым дәйекті түрде өз әдіснамасын қолдануы керек. Дегенмен, ұйым пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құн бойынша бағаланған ретінде сыныпталған міндеттеметер сипаты мен басқа да қаржы құралдары сипатының арасындағы түрлі-түрлі экономикалық қатынастар болған жағдайда әртүрлі әдістерді қолдана алады. 7 ХҚЕС(IFRS) стандартына сай қаржы есептілігіне берілген ескертулерде ұйым есепке алудағы сәйкессіздіктің орын алуы немесе алшақтықтың болу ықтималдығын анықтаудағы өз әдістері бойынша олардың сапалық сипаты жөнінде ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.