B4.1.16 Мұндай жағдай қаржы активі инвестиция болса, атап айтқанда, активтер және ақша құралдарының ағымы болып табылса орын алады. Сәйкесінше, келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем бола алмайды. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығында негізгі борыштың өтелмеген сомасымен байланысты ақша мен кредиттік тәуекелдің уақыттық құнының өтемін қоспағанда, келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымы басқа факторлардың есебінен төлемдерді қосуы мүмкін. Нәтижесінде, құрал 4.1.2(b)-тармағының талаптарына жауап бермейді. Бұл несиегердің талаптары борышкердің көрсетілген активімен немесе көрсетілген активтен түсетін ақша құралдары ағымымен (мысалы, регресс құқығынсыз қаржы активі) шектелген кезде орын алады.
B4.1.17 Дегенмен, қаржы активінің регресске құқығы жоқ болуы осы қаржы активінің 4.1.2(b) -тармағының шарттарына сәйкес келмейтінін білдірмейді. Мұндай жағдайларда несие алушы белгілі бір базалық активтерді және ақша құралы ағымдарын бағалауы (сараптауы) тиіс. Осылайша ол келісімде қарастырылған, қаржы активінен түскен және сыныптауға тиесілі ақша құралы ағымдарының негізгі қарызға және негізгі қарыздың өтелмеген сомасының пайыздарына төлем екендігін анықтауы тиіс. Егер қаржы аткивінің шарттары белгілі бір ағымдарды шарттаса немесе ақша құралы ағымдарын төлем ретінде шектесе, онда қаржы активі 4.1.2(b)- тармағының шарттарын қанағаттандырмайды. Базалық активтердің қаржылық немесе қаржылық емес болуы өздігінен бұл бағалауға әсер етпейді.
B4.1.18 Егер келісіммен қарастырылған ақша құралы ағымдарының сипаттамасы айқын болмаса, бұл қаржы активтерінің сыныптамасына еш әсер етпейді. Келісіммен қарастырылған ақша құралы ағымдарының сипаттамасы тек өте сирек орын алатын, тән емес және орын алуы екіталай жағдайларда ғана, құралдан түскен келісілген ақша құралы ағымдарын қамтыған кезде орын алады.
B4.1.19 Несиелеу бойынша әрбір дерлік мәміледе несие берушінің құралы борышкердің басқа несие берушілеріне қатынаста бағаланады. Басқа құралдарға бағыныста болатын құрал негізгі борыш сомасының есебіне және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарына төлем болып табылатын, егер борышкердің төлемеуі келісімді бұзу болып табылса ал иемденуші борышкердің банкроттыққа ұшырауы жағдайында да борыш сомасының есебіне және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарына келісімдік құқығы болса, онда ол келісім бойынша ақша құралы ағымдарымен сипатталуы мүмкін. Мысалы, өз несиегерін айрықша құқықсыз несиегер ретінде сыныптайтын сауда дебиторлық борыш борыш сомасының есебіне және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарына төлемдері бар деп бағаланады. Осылайша, борышкер банкрот жағдайында борышты иемденушіге айрықша құқықсыз несиегердің қамтамасыздандыруға қатысты талаптарына басымдық бере отырып, бірақ айрықша құқықсыз несиегердің негізгі борыштың төленбеген сомасы мен басқа да тиесілі төлемдеріне келісімдік құқығына әсер етпеген жағдайдағы шарттарда қамтамасыздандырылған борыштарды берсе де әділ болып табылады.
Келісіммен байланысты құралдар
B4.1.20 Операциялардың кейбір түрлерінде ұйым несие тәуекелі (транша) концентрациясын құратын, келісіммен байланысқан бірнеше құралдарды қолдана отырып, қаржы активтерін иемденушілерге төлемдердің басымдық тізбегін анықтап беруі мүмкін. Әрбір транштың бағыныштылық рейтингі бар және осыған сәйкес эмитент шығаратын ақша құралының ағымдары траншқа бөлінеді. Мұндай жағдайларда эмитент жоғары рейтингке ие транштар бойынша төлем жасауға жеткілікті ақша құралын шығарғанда ғана траншты ұстаушылар борыш сомасының есебіне және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарына арналған төлемдерге құқылы болады.
B4.1.21 Егер:
(a) сыныптауға (қаржы құралдарының базалық пулын сараптаусыз) әкелетін транштың келісімдік шарттары тек қана борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем (мысалы, транш бойынша пайыздық мөлшерлеме тауарлық индекспен байланыссыз) болып табылатын ақша құралының ағымдарына әкелсе;
(b) базалық пул B4.1.23 және B4.1.24 тармақтарында көрсетілген ақша құралы ағымдарының сипаттамасына ие болса; және
(c) қаржы құралдарының базалық пулындағы траншқа тән несиелік тәуекелге ұшырағыштық қаржы құралдарының базалық пулынының несие тәуекеліне тең немесе төмен болса (мысалы, егер құралдардың базалық пулы енсиелік шығындар нәтижесінде 50 пайызын жоғалтса және кез-келген жағдайда транш 50 немесе азырақ пайыз жоғалтса бұл шарт орындалады),мұндай мәмілелерде транш борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылатын ақша құралы ағымдарының сипаттамасына ие.
B4.1.22 Ұйым ақша құралы ағымдарын құратын (өткізетін емес) құралдардың базалық пулын анықтағанша сараптама жүргізуі тиіс. Осы қаржы құралының базалық пулы болып табылады.
B4.1.23 Базалық пулдың құрамында борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылатын, келісіммен қарастырылған ақша құралының ағымдарын қарастыратын бір немесе бірнеше құрал болуы тиіс.
B4.1.24 Сонымен қатар, құралдардың базалық пулы төмендегі құралдарды қамтуы мүмкін:
(a) B4.1.23 тармағында көрсетілген құралдардан түсетін ақша құралы ағымдарының өзгерімпаздығын азайтады, және B4.1.23-те көрсетілген құралдармен бірге тек қана негізгі қарызға және негізгі қарыздың өтелмеген сомасының пайыздарына төлем болуы (мысалы, пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы және төменгі шектеуі («кэп» және «флор») немесе B4.1.23- тармағында көрсетілген кейбір немесе барлық құралдардың несие тәуекелін төмендететін келісім), немесе
(b) траншеядағы ақша құралдары ағымын B4.1.23 тармағында көрсетілген базалық құрал пулынан түсетін ақша құралы ағымдарымен сәйкестендіреді, бұл келесі тармақтардағы қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді:
(i) пайыздық мөлшерлеме бекітілген бе әлде өзгермелі ме;
(ii) ақша құралының ағымдары көрсетілген валюта және инфляция да сол валютада; немесе
(iii) ақша құралы ағымының түсу мерзімдері.
B4.1.25 Егер пулдағы ешбір құрал B4.1.23- немесе B4.1.24- тармақтарына жауап бермесе, B4.1.21 (b) - тармағы орындалмайтын болып есептеледі.
B4.1.26 Егер иемденуші B4.1.21 тармағының шарттарын бастапқы тануда бағалай алмаса, транш әділ құн бойынша бағалануы тиіс. Егер құралдардың базалық пулдары бастапқы танудан кейін B4.1.23 - және B4.1.24 - тармағының шарттарына жауап бере алмайтындай өзгеріп кетсе, транш B4.1.21- тармағының шарттарына жауап бермейді және әділ құн бойынша бағалануы тиіс.
Қаржы активін немесе қаржы міндеттемесін «өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын» ретінде сыныптау мүмкіндігі (4.1 және 4.2 -бөлімдері)
В4.1.27 4.1.5 және 4.2.2 -тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес, осы стандарт ұйымға қаржы активін, қаржы міндеттемесін немесе қаржы құралдарының тобын (қаржы активі, қаржы міндеттемелері, немесе екеуі де бірдей) осы шарт аса орынды ақпаратпен қамтамасыз еткен жағдайда «өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын» ретінде көрсетуге рұқсат етеді.
B4.1.28 Ұйымның қаржы активін немесе қаржы құралдарын «өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын» ретінде көрсету туралы шешімі есеп саясатын таңдау сияқты (дегенмен, есеп саясатын таңдаудан ерекше, мұндай сыныптаманы келесі барлық балама операцияларда қолдану талап етілмейді) жүргізіледі. Егер ұйым таңдау құқығына ие болса, онда 8 ХҚЕС (IAS)-тың 14(b) тармағына сай,таңдалған саясат қаржылық есептіліктің ұйымның қаржы жағдайы, қызметінің қаржы нәтижесі және ақша құралдарының қозғалысына операцияның, өзге де оқиғалар мен шарттардың әсері туралы аса сенімді және аса орынды ақпарат беруін қамтамасыз етуі тиіс. Мысалы, қаржы құралдарын өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптау жағдайында 4.2.2 -тармағыаса орынды ақпаратпен қамтамасыздандыру талабы орындалатын екі шарт орындалады. Нәтижесінде, 4.2.2 -тармағына сәйкес,осындай сыныптаманы таңдау мүмкіндігіне ие болу үшін, ұйым осы екі шарттың бірін қанағаттандыратынын көрсетуі тиіс.
Аталған сыныптаманы таңдау есептік сәйкессіздікті жояды немесе анағұрлым қысқартады
В4.1.29 Қаржы активін және қаржы міндеттемесін бағалау және оның құнындағы танылған өзгерістерді сыныптау сәйкес бапты және осы баптың хеджирлеудің сыныпталған қатынасы болып табылатындығының негізінде анықталады. Бұл талаптар бағалу немесе тану ұстанымдарын қолданудағы тиянақсыздыққа (кейде «есептік сәйкессіздік» деп аталатын) әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, қаржы құралдарын өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптау болмаған кезде, мұндай қаржы активі келесіде әділ құн бойынша бағаланатын болып сыныпталады, ал ұйым осындай активпен байланысты деп есептейтін міндеттеме амортизацияланған құн (әділ құндағы өзгерістерді танусыз) бойынша өлшенеді.Мұндай жағдайларда егер актив те, міндеттеме де өзгерістері кіріс пен шығыс құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныпталатын болса, ұйым өзінің қаржы есептілігі аса орынды ақпаратпен қамтамасыз етуде деген шешімге келуі мүмкін.
В4.1.30 Төменде көрсетілген мысалдар бұл шарттың қашан орындалатынын көрсетеді. Барлық жағдайларда ұйым осы шартты 4.1.5 немесе 4.2.2(а)-тармақтары орындалған кезде ғана, қаржы активтерін немесе қаржы міндеттемелерін кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптау үшін қолдануы мүмкін.
(а) Ұйымның сақтандыру келісімдері бойынша міндеттемелері бар; олардың өлшемі ағымдағы ақпаратты (24 ХҚЕС (IFRS) 4 -тармағына сәйкес) және ұйым осындай міндеттемелермен байланысты және өзге жағдайда амортизацияланған құн бойынша бағаланатын қаржы активтерін қосады.
(b) Ұйымның жалпы тәуекелге, мысалы, өзара өтеу тенденциясына ие, әділ құнда өзара қайшы өзгерістерге әкелетін пайыздық тәуекелге тап болғыш қаржы активтері, қаржы міндеттемелері немесе қаржы активтері де қаржы міндеттемелері де бар. Осыған қарамастан, құралдардың тек бір бөлігі ғана өзгерістері кіріс пен шығыста (яғни, туынды құрал болып табылатын немесе саудаға арналған құрал болып сыныпталатын) көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын болады. Сондай-ақ, хеджирлеуді есептеу талаптары орындалмайтын жағдай қалыптасуы мүмкін. Мысалы, 39 ХҚЕС (IAS) 88-тармағында бекітілген, тиімділікке қатысты талаптардың орындалмауына байланысты.
(c) Ұйымның жалпы тәуекелге, мысалы, өзара өтеу тенденциясына ие, әділ құнда өзара қайшы өзгерістерге әкелетін пайыздық тәуекелге тап болғыш қаржы активтері, қаржы міндеттемелері немесе қаржы активтері де қаржы міндеттемелері де бар және ұйым осы құралдардың ешбірі туынды құрал болмағандықтан, хеджирлеуді есептеу талаптарына жауап бермейді. Осыдан өзге, хеджирлеуді есептеу жоқ жерде кіріс пен шығысты тану кезінде айтарлықтай сәйкессіздік орын алады.Мысалы: ұйым нарықта айналатын облигациялар шығару арқылы белгілі бір қарыздар тобын қаржыландырды, және мұндай активтер мен міндеттемелердің құнындағы өзгерістер өзара өтеуге үрдіс алады. Егер осыған қоса, ұйым үнемі облигациялар сатса және сатып алатын болса, бірақ қарыздарды сирек сатса және сатып алса, өзгерістері кіріс пен шығыс құрамында есепте әділ құн бойынша қарызды да, облигацияны да көрсету кіріс пен шығысты тану мерзіміндегі сәйкессіздіктерді жояды. Қарсы жағдайда, мұндай сәйкессіздіктер амортизацияланған құн бойынша қарыздарды және облигацияларды бағалауға және облигацияны сатып алудың әрбір жағдайында кіріс пен шығысты тануға байланысты пайда болуы мүмкін.
В4.1.31 Алдыңғы тармақта суреттелген жағдайларға балама түрінде, қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін бастапқы тану кезіндегі сыныптама (қарсы жағдайда олар өзгеше бағаланады) өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері мен қаржы құралдары ретінде сыныптау бағалау және тану ұстанымдарын қолданудағы тиянақсыздықты жоюы немесе айтарлықтай қысқартуы мүмкін және аса орынды ақпаратпен қамтуы мүмкін. Практикалық мақсаттарда ұйым бағалау және тану ұстанымдарын қолданған кезде тиянақсыздыққа әкеп соғатын активтер мен міндеттемелер бойынша барлық мәмілелерді бір мезгілде жасауға міндетті емес. Әрбір мәміле бастапқы тануда өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптау шарты орындалған жағдайда жүйелі мерзімдік үзіліс беріледі және бұл уақытта ұйым барлық қалған мәмілелерді ықтимал ретінде бағалайды.
В4.1.32 Өзгерістері кіріс пен шығыстың құрамында көрсетілетін әділ құнмен бағаланатын ретінде тиянақсыздыққа әкелетін қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің тек бір бөлігін сыныптау осы тиянақсыздықты жоюға немесе айтарлықтай азайтуға әкелмесе, және сондықтан аса орынды ақпаратпен қамтамасыздандырмаса, онда мұндай сыныптама жасауға рұқсат етілмейді. Мұнымен бірге егер осы тиянақсыздықты айтарлықтай азайтуға (сыныптаманың басқа да рұқсат етілген түрлері қамтамасыз етуден көбірек) әкелсе, балама қаржы құралдары мен балама қаржы міндеттемелері санының белгілі бір бөлігіне ғана сыныптама жүргізуге рұқсат етіледі. Мысалы, ұйымның 100 а.б. құрайтын сомадағы балама қаржы міндеттемелері және басқа базаны қолданып есептейтін, 50 а.б. құрайтын сомадағы балама қаржы активтері бар деп есептейік. Ұйым бастапқы тануында барлық активтерід емес, тек бір бөлігін (мысалы, 45 а.б. құрайтын сомадағы бөлек міндеттемелер) өзгерістері кіріс пен шығыстың құрамында көрсетілетін әділ құнмен бағаласа, айтарлықтай түрде сәйкессіздіктерді қысқарта алады. Дегенмен, тек барлық қаржы құралы ғана өзгерістері кіріс пен шығыстың құрамында көрсетілетін әділ құнмен бағаланатын ретінде сыныпталатын болса, жоғарыда көрсетілген мысалдағы ұйым көрсетілген түрдегідей бір немесе бірнеше міндеттемелерді сыныптауы тиіс. Ұйым міндеттеменің бөлек компонентіне (мысалы, пайыздық мөлшерлеме-бағдарлаудағы өзгерістер сияқты тәуекелдің тек бір түріне ғана жазылатын құндағы өзгеріс) ғана немесе бөлек үлесіне ғана сыныптама жүргізе алмайды.
Ұйым қаржы міндеттемелерінің тобын немесе қаржы активтері және қаржы міндеттемелерін басқаруды жүзеге асырады және осындай топ бойынша қаржы нәтижелерін әділ құн негізінде бағалайды
B4.1.33 Ұйым қаржы міндеттемелерінің тобын немесе қаржы активтері және қаржы міндеттемелерін басқаруды жүзеге асыруы мүмкін, және оған қатысты нәтижелерді мұндай топты өзгерістері кіріс пен шығыс құрамында көрсетілетін әділ құн негізінде бағалау арқылы аса орынды ақпарат ұсынуды қамтамасыздандырады. Бұл жағдайда назар ұйымның қаржы құралдарының сипаттамасына емес, оның нәтижелерді басқару мен бағалауды қалай жүргізуіне аударылады.
B4.1.34 Мысалы, ұйым бұл шартты тек қана 4.2.2(b)-тармағында бекітілген принципті ұстанса ғана, қаржы міндеттемелерін өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бойынша бағаланатын ретінде сыныптау үшін қолдануы мүмкін және ұйымның бір немесе бірнеше жалпы тәуекелге ұшыраған қаржы актитері және міндеттемелері басқарудың құжатталған саясатына сәйкес, әділ құн негізінде жүргізіледі.Мысал ретінде көптеген құрылған туынды құралдары бар «құрылымды өнімдер» шығаратын ұйым және олармен байланысты тәуекелдерді туынды және туынды емес қаржы құралдарын қолдана отырып әділ құн негізінде басқарады.
B4.1.35 Жоғарыда көрсетілгендей, бұл шарттың орындалуы ұйым қарастырылған қаржы құралын қалайша басқарылатынына және онымен байланысты нәтижелермен бағалайтындығына байланысты. Сәйкесінше, (сыныптаманы бастапқы тануда жүргізу талабын ескере отырып) ұйым қаржы құралдарын өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптайтын ұйым осы шарт негізінде бамалы түрде барлық қойылған талаптарға сай келетін және басқарылуы бағалау секілді жалпы негізде жүргізілетін қаржы міндетемелерін сыныптауы тиіс.
B4.1.36 Ұйымның стратегиясын реттейтін құжат міндетті түрде көлемді болуы шарт емес, алайда ол 4.2.2(b) -тармағын ұстанғандығын көрсететіндей жеткілікті боуы тиіс. Мұндай құжат әрбір бап бойынша талап етілмейді, алайда жалпы портфельге ортақ болуы мүмкін. Мысалы, ұйымның шешуіші жетекші персоналының мүшелерімен бекітілген, бөлімшенің қызмет нәтижелерін басқару жүйесі бөлімше қызметі ортақ табыс, қосымша құжаттар негізінде 4.2.2(b)- тармағына сәйкес бағаланатыны анықталса, әрбір бап бойынша мұндай құжат қажет етілмейді.
Кірістірілген туынды қаржы құралдары ( 4.3 -бөлім)
B 4.3.1 Негізгі келісімшарпен бірге ұйым осы стандарттық қолдану аясына кірмейтін активтер болып табылмайтын гибридті келісімшартқа отырған жағдайда 4.3.3- тармағына сай ірістірілген ірістірілген туынды қаржы құралды анықтап, негізгі келісімшарттан бөліп қарау қажет-қажет еместігін бағалауы тиіс. Егер бөліп қаралатын болса, онда кірістірілген туында қаржы құралын алғашқы және одан кейінгі тануда әділ құн бойынша бағалауы тиіс.
B 4.3.2 Егер негізгі келісімшартта бекітілген немесе алдын ала анықталған өтеу мерзімі көрсетілмесе және ұйымның өзіндік активтерінің қалдықты үлесін қамтитын болса, онда оның үлестік құралының экономикалық сипаты және тәуекелділігі бар болады. Сонымен қатар кірістірілген қаржы құралы негізгі келісімшартпен тығыз байланыста қарастырылу үшін сол ұйымға қатысты үлестік құралдың сипатына ие болуы керек. Егер негізгі келісімшарт үлестік келісімшарт болып табылмаса және қаржы құралы анықтамасына сай келетін болса, оның экономикалық сипаты және үлестік құралының тәуекелділігі сол борыштық құралдыкі болып табылады.
B4.3.3 Опциондық емес кірістірілген туынды қаржы құралы (мысалы, кірістірілген форвардты келісімшарт немесе своп) онда көрсетілген және меңзелген негізгі шарттар, яғни оның алғашқы танылуы кезінде нөлдік әділ құны болу негізінде негізгі келісімішарттан ерекшеленеді. Опциондық емес кірістірілген туынды қаржы құралы (мысалы, кірістірілген қайтарымды сыйақылы (пут) опцион немесе сатып алуға құқығы бар (кол) опцион, «кэп», «флор» немесе свопцион) опционда көрсетілген шарттар негізінде негізгі келісімшарттан ерекшеленеді. Негізгі құралдың бастапқы теңгерімдік құны кірістірілген туынды қаржы құралдарын бөліп алып тастағаннан кейінгі қалған қалдықты сомаға тең анықталады.
B4.3.4 Әдетте, бір гибридті келісімшартта көптеген кірістірілген туынды қаржы құралдары болатын болса, ол құрамдас кірістірілген туынды қаржы құралы болып саналады. Дегенмен, капитал ретінде сыныпталатын кірістірілген туынды қаржы құралдары ( 32 ХҚЕС- ты(IAS) қараңыз) актив немесе міндеттеме ретінде сыныпталатын құралдардан бөлек есептеледі. Сонымен қатар, гибридті келісімшарттың бір кірістірілген туынды қаржы құралдан көп құралы болатын болса және ол құралдарға түрлі тәуекелділіктер тән болатын болса, олардың бір-бірінен бөлініп қарастырылуы оңай және бір-біріне тәуелсіз болатын болса, онда олар бір-бірінен жеке қарастырылатын болады.
B4.3.5 Кірістірілген туынды қаржы құралдарының экономикалық сипаты және тәуекелділігі төменде берілген мысалдарда негізгі келісімшартпен тығыз байланыста болмайтындығы көрсетілген (4.3.3 (a) -тармағын қараңыз). Бұл мысалдарда, 4.3.3(b) және (c) -тармақтарының шарттары жүзеге асырылғандай болса, ұйым кірістірілген туынды қаржы құралын негізгі келісімшарттан бөлек қарастырады.
(а) Иемденушіге шығарушыдан сол құралды ақша қаражаты немесе басқа да активтер арқылы сатып алуға мүмкіндік беретін, көлемі тауар немесе акциялардың құны немесе индексінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын кірістірілген қайтарымды сыйақылы (пут) опционы негізгі борыштық құралмен тығыз байланыста болмайды.
(b) Борышты өтеу мерзімін созу кезінде ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлемеге шамалас түзету қатар ендірілмейінше борыштық құралда көрсетілген өтеу мерзімінің қалған уақытын ұзартудың құқығы немесе автоматты түрде ұзарту шарты негізгі борыштық құралмен тығыз байланысты болмайды. Егер ұйым борыштық құрал шығаратын болса, ал бұл борыштық құралды иемденуші үшінші тарапқа борыштық құралды сатып алуға опцион шығарушы болса, онда шығарушы мұндай сатып алуға құқығы бар (кол) опцион борыштық құралды өтеу мерзімінің басталған кезіне дейінгі ұзартылған мерзім ретінде қарасырады, бірақ осылай жасаудың шарты - опционды сатып алу ісін жүзеге асыру нәтижесі бойынша борыштық құралды қайта сатуда шығарушыдан оның қатысуын немесе көмек көрсетуін талап етуге болады.
(с) Кірістірілген негізгі борыштық құралдың немесе сақтандыру келісімшартының үлестік индекстік пайыз немесе негізгі борыш сома көлемі борыштық құрал құнына тәуелді болғандықтан, кірістірілген негізгі борыштық құрал немесе сақтандыру келісімшарты негізгі құралмен тығыз байланысты болмайды. Себебі, негізгі құралдың өзіне тән және кірістірілген туынды құралдың өзіне тән тәуекелділіктері бар.
(d) Кірістірілген негізгі борыштық құралдың немесе сақтандыру келісімшартының тауарлық индекстік пайыз немесе негізгі борыш сома көлемі тауар құнына тәуелді болғандықтан (мысалы, алтын), кірістірілген негізгі борыштық құрал немесе сақтандыру келісімшарты негізгі құралмен тығыз байланысты болмайды. Себебі, негізгі құралдың өзіне тән және кірістірілген туынды құралдың өзіне тән тәуекелділіктері бар.
(е) Кірістірілген қайтарымды сыйақылы (пут) опцион, сатып алуға құқығы бар (кол) опцион немесе кірістірілген негізгі борыштық құралда немесе сақтандыру келісімшартындағы мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі төменде берілген жағдайлардан тыс кезде негізгі келісімшартпен тығыз байланыста болмайды:
(і) опционды орындау бағасы әрбір опционды орындау күніндегі негізгі борыштық құралдың амортизацияланған құнына немесе негізгі сақтандыру келісімшартының теңгерімдік құнына шамалас тең; немесе
(іі) мерзімінен бұрын өтеу құқығының бағасы несие берушіге өтеудің қалған уақытына шаққандағы пайыздан көретін кіріс сомасын компенсациялайтындай болуы керек. Жоғалған пайыздық үлес - пайыздық мөлшерлемедегі айырмашылықтың мерзімінен бұрын өтелген негізгі қарыз сомасына көбейтілген нәтижесі. Пайыздық мөлшерлемедегі айырмашылық - егерде негізгі келісімшарттың қалған мерзіміне мерзімінен бұрын өтелген соманы қайта инвестициялаған жағдайда ұйымның мерзімінен бұрын өтелген борыштан алатын қолданыстағы пайыздық мөлшерлемесінен негізгі келісімшарт бойынша қолданыстағы пайыз мөлшерлемесінің артуы.
Кірістірілген қайтарымды сыйақылы (пут) опцион немесе сатып алуға құқығы бар (кол) опциондардың негізгі борыштық келісімшарт ортасында тығыз байланысының бар екендігі 32 ХҚЕС-қа (IAS) сай конвертацияланатын борыштық құрал капиталының компонентін бөліп алғанға дейін анықталады.
(f) Бір тарапқа «пайдакөздеуші» өзінің иелігіндегі емес нақты көрсетілген активтер негізінде екінші тарапқа (кепілдік алушыға) несиелік тәуекелділікті өткізіп жіберуге мүмкіндік беретін негізгі борыштық құралға кірістірілген несиелік кірістірілген туынды құралдардың негізгі борыштық құралменен тығыз байланысы болмайды. Мұндай несиелік кірістірілген туынды қаржы құралдары кепілдік алушының көрсетілген активке байланысты тікелей қатысы жоқ несиелік тәуекелділікті өз мойнына алуға әкеліп соғады.