Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі
және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2012 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін кара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53- құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «жануарлар немесе өсімдіктер», «жануарлар мен өсімдіктер» деген сөздер «өсімдіктер немесе жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында 290-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер»;
3) 183-баптың екінші бөлігінің г) тармағы алып тасталсын;
4) 288-бапта:
бірінші бөлікте:
б) тармағындағы «құстар мен аңдарды» деген сөздер «жануарларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
в) тармағы алып тасталсын;
«не онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
5) 290-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер
Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттарын, сондай-ақ пайдаланылуына тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау, сол сияқты жою немесе олар мекендейтiн жерлердi жою, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
6) 291-бапта:
бірінші бөлікте:
«Барлық топтағы ормандарда» деген сөздер «Орман қорында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге қатысты түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар, № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 296-баптың тақырыбындағы «жануарлар мен өсiмдiктердi» деген сөздер «өсімдіктер мен жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 283-баптың бірінші және үшінші бөліктеріндегі «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
3) 296-баптағы «жануарлар мен өсiмдiктердi» деген сөздер «өсімдіктер мен жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 298-баптың екінші және үшінші бөліктерінің екінші абзацындағы «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
5) 298-1-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Балықты бас саға құрылыстарына түсiп кетуден қорғау үшiн арнайы қондырғылар салмай» деген сөздер «Балық қорғау құрылғысын орнатпай» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат):
1) мазмұнында 129-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«129-бап. Мемлекеттік орман қоры жерін ауыл шаруашылығы мақсаттары және құрылыс объектілері үшін жер пайдалануға беру»;
2) 12-баптың 38) тармақшасындағы «шаруашылығы» деген сөз «және балық шаруашылықтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 6) тармақшасы «тізбесін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 26-баптың 1-тармағы «сауықтыру» деген сөзден кейін «, рекреациялық» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 41-баптың 4-тармағындағы «шөп шабу және мал жаю» деген сөздер «шөп шабу, мал жаю, сондай-ақ омарталар орналастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 43-баптың 7-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жерге орналастыру iсiн шешiм жобасымен бірге жоғары тұрған органға шешім қабылдау үшін енгізедi.»;
7) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) жекеше орман өсіру үшін;»;
8) 49-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің шегіндегі жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуді ауданның (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтарға ие облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің ұсынысы бойынша жүзеге асырады.»;
9) 90-бап «жол,» деген сөзден кейін «жаңартылатын энергия көздерін - күн мен жел энергиясын пайдалану жөніндегі объектілерді,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 107-баптың 3-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) орман қорының жері;»;
8) тармақшадағы «қаладағы ормандар» деген сөздер «орман парктерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 122-баптың 3-тармағында орыс тіліндегі мәтінге қатысты түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
12) 123-баптың 1-тармағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына,» деген сөздерден кейін «оның ішінде олардың шекарасында орналасқан меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлеріне,» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 126-бапта орыс тіліндегі мәтінге қатысты түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
14) 128-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жекеше орман қорының жерлеріне осы Кодекске сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген:
1) қолдан өсірілген екпелер;
2) табиғи, тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен өскен екпелер;
3) жекеше орман питомниктері;
4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
5) агроорман-мелиорациялық екпелер;
6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарын бөлу жолақтарындағы қорғаныштық екпелер отырғызылған жерлер жатады.»;
15) 129-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«129-бап. Ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін және құрылыс объектілерін салу үшін жер пайдалануға мемлекеттік орман қорының жерлерін беру»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілері үшін учаскелер беру Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
16) 134-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры жерлерінде су қорғау аймақтары мен су объектілерінің жағалаулары бойынша белдеулер үшін жер учаскелері берілмейді.»;
17) 135-бап «пайдалануға» деген сөзден кейін «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жері құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 136-1-бапта:
1-тармақтағы «Су қорының» деген сөздер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры жерінің құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су қорының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Су қорының» деген сөздер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры жерінің құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су қорының» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 138-бап «ауыл шаруашылығының,» деген сөздерден кейін «жекеше орман өсірудің,» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 155-бапта:
2-тармақтағы «Орналасқан» деген сөз «Осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орналасқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шоқ ормандар алып жатқан есептік орам шекаралары шегіндегі жер учаскелеріне есептік орамға кадастрлық нөмір беріле отырып, бір сәйкестендіру құжаты дайындалады және беріледі.».
4. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша:
«(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекет қажеттiктерi үшін», «мемлекет қажетіне», «мемлекет қажеті үшін» деген сөздер «мемлекет мұқтажы үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мәдени-сауықтыру, рекреациялық» деген сөздер «сауықтыру, рекреациялық, тарихи- мәдени» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне», «Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде», «Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне», «Қазақстан Республикасының Жер кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыстық атқарушы орган», «облыстық өкiлдi органдардың», «облыстық атқарушы органдар», «облыстық атқарушы органның», «Облыстық атқарушы органның», «облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi органның» және «облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi орган» деген сөздер тиісінше «облыстың жергілікті атқарушы органы», «облыстың жергілікті атқарушы органымен», «облыстың жергілікті өкiлдi органының», «облыстың жергілікті атқарушы органдары», «облыстың жергілікті атқарушы органының», «Облыстың жергілікті атқарушы органының», «облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органының» және «облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен», «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебiнен», «Бюджет қаражаты есебiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» деген сөздер «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында:
2-бөлімнің тақырыбындағы «және бақылау» деген сөздер «, бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«11-1-бап. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесі»;
13 және 18-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi»;
«18-бап. Орман мекемесінің негiзгi қызметi»;
мынадай мазмұндағы 18-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«18-1-бап. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің түрлері»;
4-тараудың тақырыбы «бақылау» деген сөзден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
19, 20 және 21-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
20-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы
21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды тұлғаларының құқықтары мен мiндеттерi»;
82-баптың тақырыбындағы «Қала ормандары мен орманды саябақтарда» деген сөздер «Қала ормандарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 102-1 және 102-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«102-1-бап. Ағаш және бұта тұқымдастарының отырғызу материалдарын және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттiк орман қоры учаскелерін пайдалану
102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу»;
мынадай мазмұндағы 18-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«18-1-тарау. Жекеше орман өсiруді мемлекеттік қолдау»;
мынадай мазмұндағы 112-1, 112-2 және 112-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«112-1-бап. Жекеше орман өсiрудің мемлекеттік қолдауға жататын бағыттары
112-2-бап. Жекеше орман өсiруді мемлекеттік қолдау субъектілері
112-3-бап. 4 өсiруді мемлекеттік қолдау және оны жүзеге асыру мерзімдері»;
3) 3-баптың 6) тармақшасындағы «мен бақылау» деген сөздер «, бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроорман-мелиорациялық екпе - ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;
2) ағаш және бұта тұқымдыларының селекциясы (орман селекциясы) - шаруашылық және өзге де құндылығы бар орман тұқымдыларының түрлерi мен сорттарын табиғи популяция арқылы iрiктеу немесе қолдан өсiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
3) ағашы кесiлген жер - екпе ағашы кесiп алынған, ал орманның жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алаңы;
4) ағаштың заңсыз кесілуі - Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, оның ішінде табиғи, антропогендік және техногендік факторлардың салдарынан зақымданған және жойылған ағаштар мен бұталарды: ағаш кесу билетінсіз; ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу; есепті кеспеағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу;
5) алаңқай жерлер - ағашы жоқ, бiрақ орман өсiмдiктерiнiң элементтері сақталған орман алаңы;
6) аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларынан айырылған екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;
7) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер - өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;
8) артықшылығы бар ағаш - дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және бiрдей фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлері мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
9) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары - артықшылығы бар ағаштардың гендiк қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерiн зерттеу мақсатында олардың вегетативтік тұқымдарын пайдалану арқылы өсiрiлген екпелер;
10) артықшылығы бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайларында өнiмдiлiгi жоғары және тұрақты екпе;
11) аса құнды орман алқаптары - тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетiн және эндемиктiк тұқымдар бар бiрегей орман; өнiмдiлiгi мен гендiк сапасы бойынша бiрегей ормандар; күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функциялар орындайтын ормандар;
12) аэрофототүсірілім - жер иеліктерінің шекарасын картаға түсіру, анықтау; қоршаған ортаны зерттеу мен оның мониторингі үшін аэрофотосуреттерді пайдалану мақсатында аэрофотоаппараттың көмегімен әуе кемелерінен және басқа да ұшу аппараттарынан аумақты фотосуретке түсіру;
13) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдердi кесу;
14) биологиялық әралуандық - белгiлi бiр аумаққа тән өсiмдiктер мен жануарлар организмдерiнiң жиынтығы;
15) биоценоз - белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiртектi жер учаскесiн немесе су айдыны учаскесiн мекендейтiн және өзара қарым-қатынастағы өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығы;
16) гендiк қор - дарақтардың бiр тобы гендерiнiң (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердiң) олардың белгiлi бiр ұшырасу жиiлiгiмен сипатталатын шектегi жиынтығы;
17) географиялық дақылдар - жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
18) дериват - туынды өсімдік және одан немесе оның туындысынан жасалған өнім;
19) зияндылықтың экономикалық шегi - орман ресурстарына келтiрілген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететiн орман зиянкестерiнiң тығыздығы;
20) кемiстiгi бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайлары үшін шығымдылығы төмен және сапасы нашар екпе;
21) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
22) кеспеағаш аймағын бөлу - шекараны нақтылы және кеспеағаштарды таксациялай отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш аймағында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
23) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс - кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсiптiк мақсаттарда дайындалмайтын ағаштың (дiңдердiң және бұтақтардың) табиғи құлап, үзiлiп түсуi;