18-11) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;
18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
18-14) дериваттардың тізбесін әзірлейді;
18-15) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді алып қою көлемі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
18-16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді;
18-17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
18-18) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын әзірлейді;
18-19) мемлекеттік орман қорын санаттарға бөлу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
18-20) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді;
18-21) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілері жағалауындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерінің енін белгілеу қағидаларын әзірлейді;
18-22) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;
18-23) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер әзірлейді;
18-24) мемлекеттік орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, жанама орман пайдалану қағидаларын әзірлейді;
18-25) ормандарды молықтыру және орман өсіру қағидаларын әзірлейді;
18-26) отырғызылатын материалдарды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді;
18-27) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін әзірлейді;
18-28) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидатын әзірлейді;
18-29) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді;
18-30) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын әзірлейді;
18-31) орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын әзірлейді;
18-32) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен анықтау қағидаларын әзірлейді;
18-33) мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындарда өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын әзірлейді;
18-34) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
18-35) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын әзірлейді;
18-36) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесін әзірлейді;
18-37) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды әзірлейді;
18-38) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені әзірлейді;»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер):»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауға және оны іске асыруға қатысады;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шаралары орындалуының сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) облыстың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері жөніндегі есебін қарайды;»;
мынадай мазмұндағы 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) мыналарға:
орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйiне;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;
ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің салдарларын жою жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығына;
ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының алдын алу жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығына, осы ошақтарды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуін және қурап-солып қалуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне;
кеспеағаштардың бөлінуіне;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінiң сақталуына;
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргiзілуіне;
орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердiң қорғалуына;
құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін олар әзірлеген төлемақы мөлшерлемелерінің жобаларын келіседі (сүректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда);
11) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі тендерлердің материалдарына және шарттардың талаптарына тексеруді жүзеге асырады және уәкілетті органға қорытынды ұсынады;
12) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.»;
12) 14-бапта:
2) тармақшадағы «аумақтық органдармен» деген сөздер «аумақтық бөлімшелермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«қорғалуы,» деген сөзден кейін «пайдаланылуы,» деген сөзбен толықтырылсын;
«, орман өсіру және орман пайдалану» деген сөздер «және орман өсіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;»;
3) тармақшадағы «әзiрлеп,» деген сөз «әзірлейді, бекітеді және» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша «шаруа» деген сөзден кейін «және фермер» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «тоқтата тұру туралы» деген сөздер «шектеу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлейді;»;
14) 18-бапта:
тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Орман мекемесінің негізгі қызметі
Орман мекемесі:»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың, орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарға қатысады;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) өзіне орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін күзету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.»;
15) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз ету саласындағы қызметінің түрлері
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз ету саласында:
1) мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды;
2) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды;
3) ормандарды молықтыруды және орман өсіруді;
4) өсімдіктер дүниесі объектілерін қолдан өсіруді;
5) орман шаруашылығын жобалауды жүзеге асырады.»;
16) 4-тараудың тақырыбы «бақылау» деген сөзден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 19-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау»;
1-тармақта:
«Орман қорының жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуына және орман өсіруге мемлекеттік бақылау» деген сөздер «Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге қатысты түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау мен молықтыру» деген сөздер «, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері, өзге мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексерулер және байқаулар арқылы жүзеге асырылады.
Тексерулер мен байқаулар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.»;
18) 20-бапта:
тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан тұрады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік орман инспекторы болып табылады.»;
2-тармақта:
«Уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «ведомствосы» деген сөзбен толықтырылсын;
«ормандарды, жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молықтыру және» деген сөздер «орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Уәкілетті органның» деген сөздер «Уәкілетті орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ормандарды, жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молықтыру және» деген сөздер «орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «ормандарды, жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молықтыру және» деген сөздер «орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Аумақтық органдардың» деген сөздер «Ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6, 7 және 8-тармақтарда:
«Аумақтық органдар», «Аумақтық органдардың» деген сөздер тиісінше «Ведомствоның аумақтық бөлімшелері», «Ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ормандарды, жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молықтыру және» деген сөздер «орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 21-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының:»;
2) тармақша алып тасталсын;
3-1) тармақшада:
«осы Кодекстің» деген сөздер «осы Кодексті» деген сөздермен, «қаулыларының талаптарын» деген сөздер «қаулыларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
«оны пайдалану» деген сөздер «пайдалану» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-2) тармақшаның екінші абзацындағы «оны пайдалану» деген сөздер «пайдалану» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, ал қажет болған жағдайларда құқық қорғау органдарына оларды қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалдар беру құқығы берiледi.» деген сөздер «заңнамасын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, құқық қорғау органдарына іс-жүргізу шешімдерін қабылдау үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін бұзушылықтар туралы хабарлау;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) заңсыз қолға түсірілген орман ресурстарын, көлік құралдарын және құқық бұзушылықтарды жасау құралдары болып табылатын өзге де заттарды алып қою, сот шешімі шығарылғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ету құқығы бар.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуын;»;
4) тармақшада:
«зиянкестер мен аурулардан» деген сөздер «орман зиянкестері мен ауруларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«су басудан, қоқыстанудан, ақаба сулар мен шаруашылық әсерінің басқа да түрлерінен» деген сөздер «табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «сүректі» деген сөз «мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) кеспеағаш аймағын бөлiп беруді;»;
6) тармақшадағы «режимдердің» деген сөз «күзет режимдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарының дайындалуының, өңделуінің, сақталуының және пайдаланылуының орындалуын, питомник шаруашылығының жүргiзілуін;»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киіммен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.
Айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киім үлгілерін киіп жүру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
20) 22-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орман иелену құқығы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган беретін тұрақты жер пайдалану құқығы актісімен куәландырылады.»;
21) 24-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) нәтижесінде өтімді қоқыс (жел, дауыл құлатқан ағаштар) пайда болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, оны жинауға жеке және заңды тұлғаларды шарт негізінде тарту;»;
3) тармақшадағы «органдармен» деген сөз «бөлімшелермен» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақша «өздері» деген сөзден кейін «өсірген және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 25-баптың 4) тармақшасы «өздері» деген сөзден кейін «өсірген және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 26-бап мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3) және 7) тармақшадағы «тіркеуді жүргізуге міндетті.» деген сөздер «тіркеуді;» деген сөзбен ауыстырылып, 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерге куәландыру жүргізуге;
6-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларына сәйкес ағаштарды, сыпталған ағаштарды, сортименттерді және түбірлерді таңбалауды жүзеге асыруға;»;
«8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану мен олардың сапасын бақылау қағидаларын сақтауға;
9) уәкілетті орган бекіткен орман тұқымдарын аудандастыруды сақтауға;
10) орман орналастыру жобасына және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сәйкес орман өрт сөндіру станцияларын құруға және олардың қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесіне сәйкес қамтамасыз етуге;
11) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес мектеп орманшылығының жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесуге міндетті.»;
24) 31-бапта:
1-тармақтағы «қарауында мемлекеттiк орман қоры учаскелерi бар уәкiлеттi орган немесе облыстық атқарушы орган» деген сөздер «мемлекеттік орман иеленуші» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға бекіту жөніндегі тендерге қатысуға мынадай талаптарға сай келетін жеке және заңды тұлғалар жіберіледі:
1) меншік құқығында материалдық-техникалық базаның: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларында белгіленген кеспеағаш жұмыстарын жүргізу кезінде ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемінің және орман шаруашылығы-экология талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін сүрек құлатуға, сүйретуге, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен жабдықтардың болуы;
2) ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларында көзделген өрт жабдықтары мен өрт сөндіру құралдарының болуы;
3) мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман ісі инженері, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсіптік білімі немесе тиісті орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар жауапты орындаушы - инженер-техник қызметкердің болуы;
4) ағаш құлату, бұтақ шабу, сүрек сүйреу, тиеу және тасып әкету жұмыстарын жүргізуге машықтанған персоналдың болуы;
5) еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына жауапты маманның болуы;
6) іс-шараларды қаржыландыру көздері көрсетілген сүрек дайындау мен өңдеуді ұйымдастыру жөніндегі перспективалық үш жылдық жоспардың болуы.»;
25) 32-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орман телімдері мен орман орамдарының нөмірлері көрсетіліп, орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң орман орналастырудың картографиялық материалдарынан алынған көшірме түріндегі шекаралары;»
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) орман ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану, тендер жеңімпазының конкурстық өтінімінде көрсетілген ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман ресурстарын өңдеу жөніндегі іс-шараларды инвестициялау;»;
26) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеуге жатады.»;
27) 36-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ағаш кесу билетін беруге мыналар негіз болып табылады:
1) мемлекеттік орман иеленушілер үшін - уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі;
2) орман пайдаланушылар үшін - уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты.
3. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушы мен орман иеленушіге сүрек, кесілген ағаш қалдықтарын (ұшар басынан алынған отын), шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және кеспеағаш аймағынан ағаштар, сыпталған ағаштар немесе сортименттер (қабығы алынбаған іске жарамды және отындық) түрінде тасып әкетуге құқық беретiн құжат болып табылады.»;
28) 37-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «өтем алуға құқығы бар.» деген сөздер «өтем алуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік орман иеленушімен келісім бойынша орман питомниктері мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді орналастыруға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын жүзеге асыруы кезінде өздерінің міндеттерін тиісті дәрежеде орындаған орман пайдаланушылар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында өзгеше белгіленбесе, шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін басқа тұлғалардың алдында басқа да тең жағдайларда жаңа мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын жасауға басымдық құқыққа ие болады.»;
29) 38-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік орман қорының өздеріне орман пайдалану үшін бөлініп берілген учаскелерінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, өз қаражаты есебінен орман өрттерінің алдын алу іс-шараларын жүргізуге; орман өрті туындаған жағдайда ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында көзделген шекарада оны сөндіруді жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман қорының басқа да учаскелерінде орман өрттерін сөндіруге қатысуға;»;
6) тармақша «белгіленген мерзімдерде» деген сөздерден кейін «өз қаражаты есебінен» деген сөздермен толықтырылсын;
9) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кеспеағаш аймағын кесілген ағаштардың қалдықтарынан мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына сәйкес тазартуға;»;
«12) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кескен кезде орманның қайта түлеуін қоса алғанда, орман орналастыру жобасына сәйкес ағашы кесілген алаңның екі еселенген мөлшеріне тең алаңда ағаш отырғызуды жүзеге асыруға;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) мемлекеттік орман иеленушіде: орман дақылдары қоры; орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры аумағында қосымша учаске беру мүмкіндігі болмаған жағдайларда жергілікті бюджетке орман көмкерген алқапқа ауыстырғанға дейін орман дақылдарын отырғызу мен өсіру құнының мөлшерінде төлемақы енгізуге міндетті. Орман дақылдарын отырғызу мен өсіру үшін төлемақы орман иеленуші әзірлеген технологиялық-есеп картасымен айқындалады;»;