129) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
130) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
131) жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандық топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту;
132) білім беру саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру;
133) ғылым саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаларды іске асыру;
134) балалардың мүддесі үшін бюджет қаражаты және заңнамада тыйым салынбаған өзге көздер есебінен мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде іс-шаралар өткізу;
135) ғылым кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін беру;
136) мемлекет атынан ғылым кандидаты мен ғылым докторының белгіленген мемлекеттік үлгідегі дипломдарын, доцент және профессор аттестаттарын беру;
137) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
138) мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
139) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аккредиттеуді өткізуді ұйымдастыру;
140) мемлекеттік мерзімді ғылыми-техникалық басылымдар мен басқа баспа өнімдерін, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басып шығаруға арналған баспа өнімдерін басып шығарудың орындылығын айқындау;
141) бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын, іргелі және қолданбалы зерттеулердің аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;
142) балалардың тұрмыс көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету;
143) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
144) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;
техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға беру;
145) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;
арнайы және мамандандырылған білім берудің;
балаларға арналған қосымша білім берудің;
балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтiк бiлiм берудi қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзу;
146) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуын мемлекеттік бақылау;
147) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
148) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда, ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу;
149) мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеуден өткізу;
150) Қазақстан Республикасының арнаулы білім беру саласындағы заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу;
151) білімі және (немесе) біліктілігі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуына бақылау жүргізу;
152) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының балалар құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізу;
153) білім беру жүйесінде білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін жүзеге асыруының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне және білім беру қызметін лицензиялау ережелерін сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу;
154) диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
155) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру;
156) білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды, оқу құралдары мен басқа да әдебиеттерді, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде пайдалануға рұқсат беру;
157) мемлекеттік статистикалық есептілік негізінде халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергілікті бағдарламаларының мониторингін жүргізу;
158) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың басшыларын, осы ұйымдардың ғылыми кеңесінің ұсынымдарын ескере отырып, қызметке тағайындау және қызметтен босату;
159) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
160) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
161) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
162) уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында кәмелетке толмаған адамдарды ұстауды ұйымдастыруды үйлестіру;
163) кәмелетке толмаған адамдарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстауды бақылауды жүзеге асыру.
164) өнім берушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауына бақылауды жүзеге асыру;
165) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
166) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
167) білім және тәрбие жүйесінің ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультативтік көмек көрсету.
ҚР Үкіметінің 2009.11.03. № 281 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.12. № 1425 Қаулысымен (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді
14. ҚР Үкіметінің 2012.01.03. № 282 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлік, ведомстволар және оның аумақтық органдары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің біртұтас жүйесін құрайды.
17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
18. Министрлікке басшылық жасауды Министр жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.
ҚР Үкіметінің 2010.02.03. № 156 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
19. Осы мақсатта Министр:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Министрліктің еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Министрліктің еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар мен көтермелеу шараларын қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
6) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
6-1) Министрліктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
7) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
20. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделеді.
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
22. Үкіметтің, Министрдің отставкаға кетуі жауапты хатшының өкілеттігінің тоқтатылуына әкеп соқпайды.
23. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Министрге есеп береді.
24. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын білім және ғылым, балалар құқықтарын қорғау және жастар саясаты саласындағы саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің ақпаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін орталық атқарушы органның штат санының лимиті шегінде Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің, комитеттердің құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісілгеннен кейін Министрлік департаменттерінің директорларын және басқарма бастықтарын, аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) комитеттердің төрағалары етіп тағайындау үшін ұсынылатын комитеттер төрағаларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрдің келісімі бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы және сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;
12) Министрдің келісімі бойынша еңбек қатынастары мәселелері жоғары мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрліктің басшысы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Министрге ұсынуды қамтамасыз етеді, оны ол Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) органның қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік органның қаржылық есебін әзірлейді және Министрмен келісілгеннен кейін бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік актілердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша тұжырымдар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттілігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрліктің атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
25. Жауапты хатшы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжатты және материалды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
26. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.
27. Министрліктің Министр жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
28. Министрліктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттіктері Министрліктің регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
29. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлардан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
30. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
31. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен оқшаулауға немесе өзге де әдіспен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда және шекте мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
32. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.29.04 № 405; 2005.19.07. № 741 (бұр.ред.қара); 2005.13.08. № 843 (бұр.ред.қара); 2005.20.09. № 929 (бұр.ред.қара); 2005.27.09. № 953 (бұр.ред.қара); 2005.24.11. № 1159; 2006.29.03. № 211 (бұр.ред.қара); 2006.13.06. № 544 ; 2006.21.07. № 700 (бұр.ред.қара); 2006.05.12. № 1170 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі); 2006.29.12. № 1324 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.24.07. № 624 (бұр.ред.қара); 2007.18.10. № 964 (бұр.ред.қара); 2007.15.01. № 15 (бұр.ред.қара); 2008.18.04. № 365 (бұр.ред.қара); 2008.13.05. № 452 (бұр. ред. қара); 2008.26.05. № 502 (бұр.ред.қара); 2008.11.09. № 847 (бұр.ред.қара); 2008.21.11. № 1080 (бұр.ред.қара); 2007.21.12. № 1244 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.22.12. № 1196 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2009.20.06. № 957 (бұр.ред.қара); 2009.14.09. № 1369 (бұр.ред.қара); 2009.12.10. № 1560 (бұр.ред.қара); 2010.08.02 № 77 (бұр.ред.қара); 2010.01.03. № 152 (бұр.ред.қара); 2010.07.06. № 532 (бұр.ред.қара); 2010.06.09. № 900 (бұр.ред.қара); 2010.06.09. № 901 (бұр.ред.қара); 2010.21.10. № 1090 (бұр.ред.қара); 2010.15.12. № 1369 (бұр.ред.қара); 2011.11.03. № 246 (бұр.ред.қара); 2011.28.06. № 722 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.15.09. № 1063 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.09. № 1109 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.01. № 128 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.17.02. № 232 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.30.03. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың
тiзбесi
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi
3. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi
4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi
5. Қазақ ұлттық аграрлық университетi
6. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
7. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi
8. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
9. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт
10. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетi
11. Атырау мұнай және газ институты
12. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетi
13. Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi
14. Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi
15. Махамбет Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi
16. Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
17. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
18. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
19. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi
20. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi
21. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi
22. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi
23. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
24. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетi
25. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi
26. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
27. Рудный индустриялық институты
28. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетi
29. Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университеті
30. Семей мемлекеттік педагогикалық институты
31. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi
32. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
33. М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi
34. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжi
35. А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi
36. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжi
37. О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi
38. ҚР Үкіметінің 2007.24.07. № 624 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
39. Семей қаржы-экономикалық колледжi
40. ҚР Үкіметінің 2008.18.04. № 365 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41. ҚР Үкіметінің 2008.18.04. № 365 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42. ҚР Үкіметінің 2012.17.02. № 232 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43. Ұлттық тестілеу орталығы
44. ҚР Үкіметінің 2007.18.10. № 964 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45. ҚР Үкіметінің 2006.29.03. № 211 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
46. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
47. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы
48. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы
49. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы
50. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
51. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
52. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
53. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
54. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
55. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56. ҚР Үкіметінің 2005.19.07. № 741 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
57. ҚР Үкіметінің 2011.11.03. № 246 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
58. ҚР Үкіметінің 2006.21.03. № 195 қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
59. ҚР Үкіметінің 2006.21.03. № 195 қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
60. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
62. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
63. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
64. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
65. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
67. ҚР Үкіметінің 2010.08.02. № 77 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
68. ҚР Үкіметінің 2005.27.09. № 953 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
69. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
70. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
71. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
72. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
73. ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 929 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
74. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
75 «Ғылым» ғылыми баспа орталығы
76. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
77. ҚР Үкіметінің 2005.13.08. № 843 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
77-1. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 392 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
77-2. Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы
77-3. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
77-4. Ұлттық аккредиттеу орталығы
77-5. Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы
77-6. Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсiптiк орталық
77-7. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
77-9. Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық.
77-10. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы.
77-11. «Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық
77-12. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті
77-13 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
2. Мемлекеттік мекемелер
78. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
79. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
80. Қазақ ұлттық өнер университеті
81. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
82. Б. Момышұлы атындағы Республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты
83. Республикалық Қарағанды әскери мектеп-интернаты
84. Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты
85. ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1324 қаулысымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
86. Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты
87. Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты
88. О. Жәутiков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты
89. Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана
90. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
91. ҚР Үкіметінің 2005.01.06. № 541 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
92. ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 700 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
93. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты
94. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты