Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 1170 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Павлодар облысының Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығын салуды;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |