2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу
1. Заңдарды қоспағанда, нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында актінің нысанына, қабылданған күніне, тіркеу нөміріне және тақырыбына сілтеме қамтылуға тиіс.
Нормативтік құқықтық актіге немесе нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында бірінші кезекте «өзгерістер» немесе «өзгеріс» деген сөз көрсетіледі.
2. Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, сондай-ақ жақшада - олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты, ал оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда «Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы» жинағында тиісті заңнамалық актінің жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не, егер заңнамалық акт аталған жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланымның өзге де дереккөзі көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ егер олар «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағы» жинақтарында жарияланған жағдайда, жақшада аталған жинақтардағы олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
3. Үш және одан да артық нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жекелеген қосымшалармен ресімделетін тізбелер жасалады.
Көрсетілген талап заңнамалық актілерге қолданылмайды.
4. Сол бір нормативтік құқықтық актіге енгізілетін барлық өзгерістер және (немесе) толықтырулар бір тармақпен немесе тармақшамен көзделеді. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілер олардың заң күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ олардың қабылданған (шығарылған) күні бойынша хронологиялық тәртіппен орналастырылады.
Қабылданған сол бір күннің шегінде нормативтік құқықтық актілер олардың тіркеу нөмірлеріне немесе ресми жарияланым дереккөздеріндегі құжаттардың нөмірлеріне сәйкес көрсетіледі.
5. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ондай құрылымдық бөлік жаңа редакцияда жазылады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілген заң жобаларын қарау кезінде қолданылмауы мүмкін.
6. Жаңа құрылымдық бөліктер, сондай-ақ қосымшалар нормативтік құқықтық актінің мәтініне дәл сондай соңғы құрылымдық бөліктерден кейінгі рет нөмірлерімен немесе дәл сондай құрылымдық бөліктер арасына нормативтік құқықтық актінің өздері соңынан келетін сол құрылымдық бөліктерінің нөмірлерін қайталайтын қосымша нөмірлермен енгізіледі, мысалы: 2-1, 2-2-тармақтар; 8-1), 8-2) тармақшалар; 5-1-бөлім; 3-1, 3-2, 3-3-қосымшалар.
Егер нормативтік құқықтық акт қосымшамен толықтырылса, нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық актіні қосымшамен немесе нормативтік құқықтық актінің туынды түрімен толықтыру туралы тармақ (тармақша) енгізіледі.
7. Құпиялылық белгісі немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер тізбеге олардың тақырыбы көрсетілместен енгізіледі.
8. Нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.
Заң жобаларын жаңа редакцияда ресімдеу кезінде көлемді айқындау бірлігі бап болып табылады.
Өзге де нормативтік құқықтық актіні жаңа редакцияда ресімдеу кезінде көлемді айқындау бірлігі тармақ болып табылады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілген заңдардың жобаларын қарау кезінде қолданылмайды.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 21-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-1-бап. Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу
1. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық бөліктері, егер олар жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күші жойылды деп танылады.
2. Жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылады.
Бұл талап жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің жекелеген құқық нормаларын іске асыру үшін төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер қабылданып, одан сол құқық нормалары алып тасталған жағдайларда да қолданылады.
Күші жойылды деп танылуға жататын нормативтік құқықтық актілер олардың заң күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ олардың қабылданған күні бойынша хронологиялық тәртіппен орналастырылады.
3. Заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, сондай-ақ жақшада - олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты, ал оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, «Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы» жинағында тиісті заңнамалық актінің жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не егер заңнамалық акт аталған жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланымның өзге де дереккөзі көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ егер олар «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағы» жинақтарында жарияланған жағдайда, жақшада аталған жинақтардағы олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
4. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты күші жойылды деп танылуға жататын нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың құрылымдық бөліктерінің тізбесі, не нормативтік құқықтық актінің өзінде немесе оны қолданысқа енгізу тәртібі туралы актіде қамтылуға тиіс.
5. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылған кезде ондай бөліктер алып тасталады, бірақ олардың нөмірлері сақталады. Сақталған нөмірге нормативтік құқықтық актінің (немесе оның құрылымдық бөлігінің) күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актіге сілтеме қосылады. Сақталған құрылымдық бөліктердің нөмірлері өзгермейді.
6. Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі бойынша үлкен бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге өзінің заң күшін сақтайтын құрылымдық бөліктер туралы ескертіліп, бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі бойынша кіші бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актіге қайшы келетін құрылымдық бөліктер ғана енгізіледі.
Бұл жағдайларда нормативтік құқықтық актінің көлемі осы Заңның 21-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалады.
7. Басқа нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларын қайталайтын және жаңа құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілер де күші жойылды деп танылуға жатады.
8. Негізгі нормативтік құқықтық акті де, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілер (немесе олардың құрылымдық бөліктері) де күші жойылды деп танылуға жатады. Күші жойылды деп танылуға жататын қандай да бір нормативтік құқықтық актінің немесе оның құрылымдық бөлігінің редакциясы бірнеше мәрте өзгерген жағдайда, тізбеге негізгі нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген барлық нормативтік құқықтық актілер дербес тармақтар түрінде енгізіледі.
Көрсетілген талап заңнамалық актілерге қолданылмайды.
9. Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануды көздеген басқа нормативтік құқықтық актінің немесе оның құрылымдық бөлігінің күші жойылды деп танылса, бұрын қабылданған актілердің қолданысы қайта жаңғыртылмайды.
10. Күшіне енбеген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға болмайды. Қажет болған жағдайда мұндай нормативтік құқықтық актілер қабылданбауы мүмкін.
11. Қолданылу мерзімі өткен нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық бөліктері күші жойылды деп танылуға жатпайды.
Егер нормативтік құқықтық актіде қолданылу мерзімі өткен құқық нормаларымен қатар күші жойылды деп танылуға жататын құқық нормалары қамтылса, тізбеге бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
12. Егер нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігінде күші жойылды деп танылуға жататын қосымша көрсетілсе, онда тізбеге осы құрылымдық бөлік қана енгізіледі, ал қосымша бөлек ескертілмейді.
Егер нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігінде қосымшаны бекітумен қатар өз күшін сақтайтын құқық нормасы қамтылса, ал қосымша күші жойылды деп танылуға жатса, онда тармақ тізбеге қосымшаға қатысты бөлігінде енгізіледі, ал қосымша бөлек ескертілмейді.
13. Егер нормативтік құқықтық актінің жекелеген құрылымдық бөліктерінің күші толығымен, ал басқа құрылымдық бөліктердің күші ішінара жойылуға жатады деп танылса, онда ең алдымен толығымен күші жойылды деп танылуға жататын құрылымдық бөліктер көрсетіледі.
21-2-бап. Нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу
1. Қосымшалар нормативтік құқықтық актінің ажырамас бөлігі болып табылады.
2. Нормативтік құқықтық актіге берілетін графиктер, кестелер, схемалар, карталар, тізбелер және басқа да қосымша құжаттар қажет болған жағдайда бөлек қосымшалармен ресімделеді.
3. Қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында қосымша соған сәйкес бекітілген нормативтік құқықтық акт, актінің қабылданған күні және оның тіркеу нөмірі көрсетілуге тиіс.
4. Егер нормативтік құқықтық актіге бірнеше қосымша болған жағдайда, әрбір қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында оның рет нөмірі, сондай-ақ қосымша соған сәйкес бекітілген нормативтік құқықтық актінің түрі, актінің қабылданған күні және оның тіркеу нөмірі көрсетіледі. Егер нормативтік құқықтық актіге қосымша біреу болса, онда ол нөмірленбейді.
5. Құпиялылық белгісі немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу осы бапқа және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
21-3-бап. Заңнамалық актiнiң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісiне енгізу және оны Қазақстан Республикасының Парламентінен кері қайтарып алу
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамашылығы құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі және ол тек қана Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісiнде iске асырылады. Заңнамалық актiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне қазақ және орыс тiлдерінде, қағаз және электрондық жеткiзгіштер арқылы енгiзiледi.
Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережелерiн қара
2. Заңнамалық актінің жобасы бойынша ұсынылатын материалдарда мынадай қосымшалар болуға тиiс:
1) жобаны дайындаған мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы;
2) жобаны қабылдаудың қажеттігі негізделген, мақсаттары, міндеттері, негізгі ережелері кеңінен сипатталған түсіндірме жазба, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін - арнайы жолдау;
3) жұмыс тобы құрылатын жағдайда оның құрамы;
4) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісу рәсімінен өтпеген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртібімен заң жобасын енгізетін жағдайларды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы;
5) осы Заңның 22-бабына сәйкес ғылыми сараптаманың қорытындысы және бар болған жағдайда өзге де сараптамалық қорытындылар;
6) егер заңнамалық актінің жобасы мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін болса, қаржы-экономикалық есептеулер, сондай-ақ, әдетте, статистикалық деректер, заңнамалық актiнi қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтiк, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдары, бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары қосылмайды.
Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық актінің жобасына заңнамалық актінің құрылымдық бөліктерінің қолданыстағы және енгізілетін өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың тиісті негіздемесі бар ұсынылып отырған редакциясының салыстырма кестесі ұсынылады.
3. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі өздері заң шығару бастамашылығы тәртібімен енгізген заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінен оны қараудың кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы.
4-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама
06.03.02 ж. № 298-II ҚР Заңымен; 16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 22-бап өзгертілді; 2009.14.10. № 194-IV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Ғылыми сараптаманың міндеттері
1. Нормативтік құқықтық актілердің реттейтін құқық қатынастарына қарай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (сыбайлас жемқорлыққа қарсы, құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқық тық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жем қорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті, бұған заңна ма лық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізі ліп, онда ғылыми сараптама жүргзілмеуі мүмкін болатын жағдайлар қосылмайды.
2. Сондай-ақ мына нормативтік құқықтық актілердің:
2-тармақтың 1)-тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданыска енгізілді
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының;
2-тармақтың 2) және 3)-тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтарда қолданыска енгізілді
2) Қазақстан Республикасы ми нис трлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік ор ган дардың нормативтік құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссия сының нормативтік қаулыларының;
3) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктер дің нормативтік құқықтық қаулы ларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама міндетті түрде жүргізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейді.
3. Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қау іпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін заңнамалық және өз ге де нормативтік құқықтық актілер дің жобаларына міндетті ғылыми экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
4. сараптама:
1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының жобада сақталуын бағалау;
2) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
3) жобаның нормативтік құқық тық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау үшін жүргізіледі.
5. Нормативтік құқықтық акті лер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың негізгі міндеттері:
1) құқықтық реттеудің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалары мен олқылықтарын анықтау;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ықтимал жасалуы бөлігінде нормативтік құқықтық ак тінің жобасын қабылдаудың салдарын бағалау;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға тосқауыл қоятын нормативтік құқықтық актілер жобаларының нормаларын ұсынымдар түрінде әзірлеу болып табылады.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Ғылыми сараптаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
23-бап. Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар мен ұйымдар
1. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын тиісті бейімді ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргізеді. Сараптама жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы уәкілетті ұйым жүргізеді.
2. Жоба бойынша мамандықтары әр түрлі сарапшылардың кешенді сараптамасы немесе әр түрлі сараптаманың дербес түрлері, ал қажет болған жағдайда - қайталама сараптама жүргізілуі мүмкін.
3. Сарапшылар ретінде жобаны дайындауға тікелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады.
4. Сарапшылар ретінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін.
Жоба ғылыми сараптамадан өткізу үшін шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамаға жіберу кезіндегі бастамашылық
1. Нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптама жүргізу туралы шешімді:
1) жобаны заң шығару бастамасы тәртібімен Мәжіліске енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) уәкілетті органның лауазымды адамдары немесе құрылымдық бөлімшелер, егер уәкілетті органның регламентімен немесе басқа заңдармен осы адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге мұндай құқық берілген болса, қабылдауы мүмкін.
2. Нормативтік құқықтық актінің жобасы шарттық негізде дайындалатын жағдайларда (осы Заңның 14-бабының 6 және 7-тармақтары) жоба сараптамасы жобаға тапсырыс берушінің шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
5-тарау. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мен оны күшіне енгізу тәртібі
06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілеу
1. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгіленеді.
2. Нормативтік құқықтық актілердің әр алуан түрлерін қабылдау тәртібінің ерекшеліктері сонымен қатар:
1) кодекстер үшін - осы Заңмен.
Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;
2) заңдар үшін - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламенті туралы, Қазақстан Республикасының Президенті туралы, референдум туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен, оның ішінде Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен;
2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заң актілерімен;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары үшін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президенті туралы заң актісімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің осы тәртіпті реттейтін актілерімен;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары үшін - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкімет туралы заң актісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен;
5) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері үшін - Үкімет пен осы органдар туралы заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы органдардың қызметін реттейтін қаулыларымен;