1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) құжаттың электрондық көшірмесі - өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;»;
2) 5-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттың электрондық көшірмесі беріледі.».
50. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат):
1) 1-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) технологиялық жабдық - инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар.»;
2) 19-баптың 1), 3), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмесi;»;
«3) заңды тұлға жарғысының заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмесi;»;
«5) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға жұмсалған шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмелерi;
6) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздерi мен кепiлдiктерiн белгiлейтiн құжаттардың заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмелерi. Инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны өз қаражатынан қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi;».
51. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-бапта:
5), 24) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) байқаудан өткiзушi - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған жеке тұлға;»;
«24) тұқымдар тобы - тиiстi құжатпен (байқаудан өткiзу актiсiмен, тұқым аттестатымен, тұқым куәлiгімен, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiкпен, тұқымдарға талдау жасау нәтижесiмен, карантиндiк сертификатпен, фитосанитариялық сертификатпен) расталған, шығу тегi мен сапасы жағынан бiртектес тұқымдардың белгiлi бiр мөлшерi;»;
«32) тұқым сарапшысы - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана маманы;»;
2) 4-бапта:
1) тармақшада:
тоғызыншы абзац алып тасталсын;
оныншы абзацтағы «байқаудан өткiзушiнi және тұқым сарапшысын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алу;»;
12) тармақша алып тасталсын;
3) 5-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау тәртібін бекiтедi;»;
4) 6-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау тәртібін әзірлейді;»;
13) тармақша алып тасталсын;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
5) 6-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғандығы туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;»;
6) 8-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын;
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу жөніндегі қызметті;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге;»;
7) 9-бапта:
2-тармақтың 1) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, тасымалдау және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) байқаудан өткізу кезеңінде байқаудан өткізушілердің жұмысын, сондай-ақ тұқым өндірушілердің осы Заңның 14-бабы 2-тармағының нормаларын сақтау нысанасына оларды тексеруді;»;
8) 10-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
9) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар кiредi.»;
10) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметке қойылатын талаптар
1. Жеке тұлғалар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткізу жөніндегі қызметті және тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптаманы жүзеге асыру үшін хабарламамен бірге:
1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің болуын;
2) арнайы даярлықтан өткендігін (байқаудан өткізушілер үшін - байқаудан өткізушілер курстары);
3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы (тұқым сарапшылары үшін) жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
2. Байқаудан өткізушілер және (немесе) тұқым сарапшылары мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) байқаудан өткізушілер үшін:
аграрлық бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
арнайы даярлығы (байқаудан өткізушілер курстары) туралы құжаттың болуы;
2) тұқым сарапшылары үшін:
аграрлық бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
тұқым сапасына және екпе материалына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы құжаттың болуы.»;
11) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тек қана себуге арналған тұқымдар тобынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.»;
12) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұқым өндiрушiлер байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханалар берген, олардың сұрыптық және егістік сапасын растайтын құжаттар (сұрыптық егiстердi байқаудан өткiзу актiсi, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк, тұқымдарға талдау жасау нәтижелерi) негiзiнде тұқым аттестатын немесе тұқым куәлiгін бередi.».
52. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау - тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулар;»;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) сервис орталығы (шеберхана) - тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар
1. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдері, оның ішінде:
1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды;
4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын мамандандырылған автомобильдер жатады.
2. Тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді сервис орталықтары (шеберханалар) жүзеге асырады.
3. Тахографтарды, оның ішінде электрондық (цифрлық) тахографтарды және электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды пайдалану жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оларда:
1) жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiне және оны тіркеуге қойылатын талаптар;
2) тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар;
3) тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталықтарына (шеберханаларға) қойылатын талаптар;
4) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібі;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттау және беру тәртібі;
6) электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі белгіленеді.
4. Электрондық карточкаларды қолданбай электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалануға жол берілмейдi.
5. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталуы алдында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.»;
3) 12-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) автомобиль көлігімен қауiптi жүктерді тасымалдау қағидаларын бекiтедi;»;
4) 13-бапта:
16) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
«18) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
19) тармақша алып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
5) 19-5-баптың 1-тармағында:
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттың болуын тексеру арқылы жүргізіледі.»;
6) 19-6-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған (Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға уәкiлеттi орган берген арнайы рұқсатпен, қауiптi жүктi тасымалдау маршрутының бланкісімен, жүргiзушiге және автокөлiк құралына қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiктермен);»;
3-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын;»;
11) тармақша алып тасталсын;
7) 19-7-баптың бірінші бөлігінде:
13) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) шетелдiк автокөлiк құралдарының уақытша кiруiн тiркеу;»;
«15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсаттар беру;»;
мынадай мазмұндағы 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:
«22) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;
23) сервис орталықтарын (шеберханаларды) бақылау.»;
8) 19-8-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиелген кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгiленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.»;
9) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру
1. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау алдында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Респбликасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарламаны уәкiлеттi органға жіберуге міндетті.
2. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға (бұдан әрi - таксимен тасымалдаушы) жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде:
1) жолаушыларды және багажды тасымалдау үшiн автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес бірыңғай түсті гаммасы және айырым белгiлерi бар таксилердi пайдалануға;
2) әрбiр автокөлiк құралы үшiн таксометрдің немесе бақылау-кассалық аппараттың болуы;
3) автокөлiк құралдарының рейс алдында техникалық байқаудан және такси жүргiзушiлерінің рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз етуге;
4) диспетчерлік қызметтің немесе диспетчерлiк қызмет көрсету шартының болуын қамтамасыз етуге;
5) таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Таксимен тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттерді атқарады.
3. Тасымалдаушының жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша:
1) таксилердiң тұруы, жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн таксилердiң арнайы жабдықталған тұрақтарын пайдалануға;
2) жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуға және түсiруге құқығы бар.
Таксимен тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бap.»;
10) 37-бап мынадай мазмұндағы 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдау Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арналған рұқсат беру құжаты - арнайы рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Жүргiзушiге халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiкті халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар береді.
6. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау алдында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
7. Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау қағидаларында:
1) қауiптi жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбі;
2) қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне қойылатын талаптар;
3) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар;
4) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұру тәртібі;
5) 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатты беру тәртібі айқындалады.».
53. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
5-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
54. «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар):
31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тауарларды көтерме саудада сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестiк сертификатын не сәйкестiк сертификаты көшірмесінің берілген күнін көрсете отырып, сәйкестiк сертификатының тауарларды беруші болып табылатын заңды тұлға басшысының немесе құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе дара кәсіпкердің мөрімен және қолымен расталған көшірмесін не сәйкестiк туралы декларацияны көрсетуге;».
55. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар):
1) 2-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) байланыс операторы - байланыс қызметтерiн көрсететін жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 7-бапта:
14-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14-5) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту;»;
мынадай мазмұндағы 14-9) тармақшамен толықтырылсын:
«14-9) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;»;
3) 8-бапта:
1-тармақта:
8-1), 8-3) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;»;
«8-3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
«18) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тiзiлiмдерiн жүргiзу;»;
мынадай мазмұндағы 19-6) тармақшамен толықтырылсын:
«19-6) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;»;
2-тармақта:
5) тармақша алып тасталсын;
9-1) және 9-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
9-2) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы почта жөнелтiлiмдеріне почта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;»;
4) 9-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы және 11-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
5) 12-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Байланыс операторларына және радиожиiлiк спектрiн өндiрiсiшiлік қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануды көздейтiн тұлғаларға радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсат уәкiлеттi органға белгiленген үлгiдегi өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей берiледi.»;
6) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) радиожиiлiк спектрi көлемiнiң жеткілiксiз болуы себепті байланыс қызметi Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы белгiлi бiр аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынылған ауқымдағы радиожиiлiктi пайдалана отырып көрсетiлетiн болса, конкурстық негiзде берiледi. Бұл ретте, байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі;»;