Осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ал осы баптың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сай келген жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыскерлердің саны бойынша критерий пайдаланылады.
7. Кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны аталған субъект филиалдарының, өкiлдiктерi мен басқа да оқшауланған бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескерiле отырып, айқындалады.
8. Осы баптың 5 және 9-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
9. Мынадай критерийлердің біреуіне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын және заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.»;
62-тармақтың 5) тармақшасы 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат жұмыста пайдалану үшін мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға электрондық анықтама нысанында беріледі.
4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
6) 14-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекітеді;»;
62-тармақтың 6) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтары 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекітеді;
23-2) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын бекітеді;»;
7) 15-бапта:
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
62-тармақтың 7) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
21-2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
21-3) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын әзірлейді;»;
8) 19-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.»;
9) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес жергілікті өкілді органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін талаптарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ғана деңгейінде белгіленеді.».
63. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат):
8-баптың бірінші бөлігінің 19) тармақшасы алып тасталсын.
64. «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
6-1-баптың 4-тармағы үшінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсететiн ұйыммен шарттың бар екенi расталған кезде мемлекеттік қабылдау комиссиясының тұрғын жайды пайдалануға қабылдау туралы актiсiне қол қойылғанға дейiнгi мерзiмге берiледi.».
65. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат):
1) 6-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекiтедi;»;
12) тармақша алып тасталсын;
2) 7-бапта:
19) және 22) тармақшалар алып тасталсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені бекітеді;»;
3) 8-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі сараптама комиссиясын құрады;»;
13) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;»;
4) 13-бап алып тасталсын;
5) 28-2-баптың 4-тармағындағы «күнтiзбелiк он күн» деген сөздер «жеті жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 35-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету қағидалары шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында жасаған объектiлерiне де қолданылады.»;
7) 36-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету, сондай-ақ олардың қайтарылуы мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы жүзеге асыратын сараптама негiзiнде жүзеге асырылады.»;
4 және 6-тармақтар алып тасталсын.
66. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат):
1) 3-бапта:
1) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бiлiктiлiк талаптары - өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;»;
«3-1) құжаттың электрондық көшiрмесi - өтініш беруші, лицензиат немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттігі бар адам не халыққа қызмет көрсету орталығының уәкiлетті қызметкерi электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырған, түпнұсқа қағаз құжаттың түрін және ондағы деректерді электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін электрондық құжат;»;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) құзыреттi (салалық) орган - мемлекеттiк басқарудың лицензияланатын қызмет түрiне жататын тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;»;
9-2) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі - әкімшілік құжаттарды нөмірлеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесінің стандартына сәйкес лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей нөмір;»;
«11) лицензиялық бақылау - лицензиардың лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейiн өтініш берушінің немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ ол берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) лицензияның электрондық нысаны - қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия;»;
2) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ экспорты немесе импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлердi осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.»;
3) 6-бапта:
2), 3) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) лицензиарларды айқындау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қоспағанда, бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекiту;»;
«8) өтініш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетіндігі бөлiгiнде лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауы қағидаларын бекiтуі;»;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауы қағидаларын әзірлеуі;»;
5) 8-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптары жобаларын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеу және уәкілетті органмен келісу.
Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын және оларға сәйкестiгін растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеудi, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;»;
6) 10-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда беріледі. Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және лицензиар-органның мөрімен және басшысының қолымен расталады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.»;
7) 11-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) ауыл шаруашылығы;»;
8) 12 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау
Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;
қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру;
ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;
пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жару жұмыстарын жүргiзу;
кенiштер мен шахталарды жабу бойынша жою жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткізу және игеру;
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану;
2) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу;
3) заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және лицензиаттарға өткiзуi.»;
«16-бап. Көлiк саласындағы қызметтi лицензиялау
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.»;
9) 18-баптың 1) тармақшасы және 20-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
10) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Байланыс саласында қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
қалааралық телефон байланысы;
халықаралық телефон байланысы;
спутниктік жылжымалы байланыс;
ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып).»;
11) 25-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті лицензиялау»;
1) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
12) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтi лицензиялау
Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) медициналық қызмет.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, жедел медициналық көмек;
диагностика;
патологиялық анатомия;
клиникалық зертханалық диагностика;
қан мен оның компоненттерiн дайындау, консервациялау, өңдеу, сақтау және өткiзу;
ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
акушерлiк және гинекология;
педиатрия немесе терапия: жалпы, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсiптiк патология, отбасылық дәрiгер; инфекциялық аурулар; фтизиатрия;
хирургия: жалпы, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бетсүйек хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия; анестезиология және реаниматология;
дерматовенерология (дерматокосметология);
психиатрия: жалпы, наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
онкология;
стоматология;
дәстүрлi медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлексотерапия;
медициналық реабилитология;
сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;
еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiптiк жарамдылық сараптамасы;
санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын өндiру, қайта өңдеу және өткiзу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызмет түрлерін өткізу;
2) фармацевтикалық қызмет.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
дәрiлiк заттар өндiрісі;
медициналық мақсаттағы бұйымдар өндiрісі;
медициналық техника өндiрісі;
дәрiлiк препараттарды дайындау;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу.»;
13) 27-баптың 6) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
14) 33-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жобалау қызметі.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі
ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:
жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);
елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;
құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;
ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызуды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;
тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерiн орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;
елдi мекендер мен қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;
құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерiн орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;
инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу;
ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде:
объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды;
құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:
негiздер мен iргетастарды;
бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;
металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;
инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:
жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционерлеуді, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау дабыл құралының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;
iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВ-ға дейiн және
10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;
35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;
магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:
мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;
көлiк инфрақұрылымына (халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсету үшін, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:
энергетика өнеркәсiбiне арналған;
жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбiне арналған;
ауыр машина жасауға арналған;
медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;
бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстар;
мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларға;
көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:
автомобиль, электр, теміржол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;
жергiлiктi байланыс, радио-, телекоммуникация желiлерiне;
байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерiнiң жалпыреспубликалық және халықаралық желiлерiне қызмет көрсету жөніндегі объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
мыналарды:
теміржол көлiгi қатынасы жолдарын;
барлық санаттағы автомобиль жолдарын;
қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;