көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жолайырықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
3) құрылыс-монтаж жұмыстары.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
жер қабатындағы арнаулы жұмыстарды, оның ішінде:
іргетас негіздерін орналастыруды;
жер қабатындағы бұрғылау жұмыстарын;
суасты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстарды;
объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын, ғимараттар мен құрылыстардың (оның iшiнде көпiрлер, көлiк эстакадалары, тоннельдер мен жол өткізгілер, өзге де жасанды құрылыстар) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды, оның ішінде:
металл конструкцияларды монтаждауды;
мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;
көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;
гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;
түтiн мұржаларын, күш түсетін құрылыстарды, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;
тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгілеуге қарсы қалқаларды орналастыруды;
көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен басқа да көтергіш құрылғылар конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрама-бетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;
шатыр жабу жұмыстарын қамтиды;
күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік құрылыстарды салу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын, оның ішінде:
қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды);
мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;
кернеуi 35 кВ-ға дейiнгi және 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары кернеулі электр беру магистральдық желiлерiн;
байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн қамтиды;
күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылғысын, оның iшiнде:
теміржол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;
газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газбен жабдықтаудың iшкi жүйелерiн;
суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;
электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, iшкi электрмен жарықтандыру және электрмен жылыту желiлерiн қамтиды;
күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және теміржол құрылыстарын салу, оның ішінде:
темір жолдарға арналған негiздерді және оның беткi құрылыстарын салу;
I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын қамтиды;
мыналармен:
гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстармен;
құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;
театр-ойын-сауық, білім беру, спорт мақсатындағы объектiлермен;
байланыспен, аварияға қарсы қорғаумен, бақылау және дабыл құралы жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары;»;
15) 38-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бас және ерекше лицензиялардың иелерi лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiн уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында есеп беруге мiндеттi.
Бiржолғы лицензиялардың иелерi лицензияның орындалуы туралы лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталған соң күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында ақпарат беруге мiндеттi.»;
16) 42-баптың 1, 2, 3 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергiлiктi атқарушы орган немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша берiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін, қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) оларға қосымшаларды қоспағанда, өтініштер мен құжаттарды қабылдауды және лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар беруді жүзеге асыратын ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар беріледі:
1) өтiнiш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;
3) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) дара кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
6) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
Жарғының көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) ұсыну бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының талабы қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттарды беру кезінде құжаттар электрондық нысанда беріледі.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсыну туралы талап болған жағдайда мұндай құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.
Куәландырылған құжаттардың анықтығы үшін оларды ұсынған өтініш беруші немесе лицензиат жауапкершілікте болады.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi де белгiлей алады.
3. Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) өтiнiш;
2) қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.»;
«7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн тиiстi лицензиарға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi аталған органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiсі соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).»;
17) 43-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «жазбаша түрде» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда бес жұмыс күнi өткеннен кейiн лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынды деп есептеледi. Өтініштің қабылданғаны туралы өтініш беруші алған хабарлама лицензия алынғанға дейiн лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың заңды екенiн растайтын құжат болып табылады.»;
18) 45-баптың 2-тармағындағы «жазбаша түрде» деген сөздер алып тасталсын;
19) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру, сондай-ақ электрондық форматқа аудару
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
Егер лицензия қағаз жеткізгіште берілген болса, лицензиат телнұсқаны алмастан, оны өтініш бойынша электрондық форматқа аударуға құқылы.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi.
Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.
Лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың телнұсқалары осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімделеді.
2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген;
2) дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растай отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
Лицензиялық алым төленбеген жағдайда, лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуден бас тартады.
Лицензияланатын қызмет түрiнен бiр немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметiнен бiр немесе одан да көп сыныптар алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияны қоса отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Қызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрi мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Қайта ресімделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімделеді.»;
20) 48-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Лицензияның қолданылуы осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде, лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.»;
21) 49-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-1-бап. Лицензиялық бақылау
1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сай келетіндігін тексеру тексерілетін субъектіге бару арқылы бақылаудың өзге де нысаны тәртібінде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сай келетіндігі немесе сай келмейтіндігі туралы шешім қабылданады.
Құжаттарды ұсынумен расталмайтын біліктілік талаптары, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың анықтығы тексерілуге тиіс.».
67. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат):
6-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
68. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат):
1) 1-баптың 12), 13), 15) және 17-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) ойын бизнесiн ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;»;
«15) ойын мекемесi - ұтыс алуды көздейтiн, осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес құмар ойындары және (немесе) бәс тiгу өтетiн ғимарат, үй-жай, құрылыс;»;
«17-1) өтiнiм берушi - Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлға;»;
2) 8-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;».
69. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
20-баптың 5-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
70. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;»;
2) 7-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
71. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
6-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
72. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
8-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеуді және бекітуді;».
73. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 29 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-баптың 6-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтық қабiлетi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы расталады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн береді.».
74. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
6-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
75. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат):
1) 1-баптың 50) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-бапта:
27-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27-1) оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тiзбесiн қалыптастырады және бекiтедi;»;
37) тармақша алып тасталсын;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 14-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Интеграцияланған бiлiм беретін оқу бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi. Интеграцияланған бiлiм беретін оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкiн.».
76. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
6-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
77. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
61-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Монополияға қарсы орган тергеу басталғанға дейін тергеуді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде электрондық форматта ұсыну арқылы оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.».
78. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):