сәйкестiгi мiндеттi түрде расталуға жататын өнiмге сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялар (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерi) болмағанда;
өнiмдi сәйкестiк белгісімен, оған құқығы болмай тұрып, таңбалағанда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы және (немесе) бұзылу сипаты ескерiле отырып айқындалған мерзiмде өнiмдi өткiзуге тыйым салу туралы нұсқама беруге;»;
25) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңға сәйкес техникалық регламенттер қолданысқа енгізілгенге дейін осы Заңның 4-бабының 1-тармағында белгіленген, қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған стандарттау жөніндегі тиісті нормативтік құжаттардың талаптары Қазақстан Республикасының аумағында міндетті болып табылады.».
22. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 29 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
17-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарындағы «мемлекеттiк стандарт» және «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарт» және «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу - аккредиттеу субъектісі өзі сәйкестігіне аккредиттелген аккредиттеу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған себептер жойылғанға дейін аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы аккредиттеу жөніндегі органның шешімі;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар - уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен аттестатталған жеке тұлғалар;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) қайта аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тануының кезекті рәсімі;
15-2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;»;
2) 4-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар, техникалық сарапшылар кiредi.»;
3) 7-баптың 2-тармағында:
1) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды, техникалық сарапшыларды және басқа да мамандарды аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргізуге қатысу үшін тартуға;»;
бесінші абзацтағы «жүргізуге құқылы» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«аккредиттеу субъектілерінің қызметіне оның аккредиттеу критерийлеріне сәйкестігі нысанасына мониторинг жүргізуге құқылы;»;
2) тармақшаның үшінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«аккредиттеу кезеңдерін және оларды орындау мерзімдерін, сондай-ақ инспекциялық тексеру, оның ішінде кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізу мерзімдерін қоса алғанда, белгіленген тәртіпті сақтай отырып, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;»;
«аккредиттеу субъектiлерiнiң шағымдарын қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға, қабылданған шешімдер туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға;»;
4) 8-баптың 5-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылғаны туралы шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын қайтаруға;»;
9) тармақшадағы «аттестаты керi қайтарып алынған, оның қолданысы тоқтатылған, аккредиттеу аттестаты» деген сөздер «аттестатының қолданысы тоқтатылған, ол» деген сөздермен және «тоқтатуға міндетті.» деген сөздер «тоқтатуға;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.»;
5) 9-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті растау жөніндегі қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалай отырып, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.»;
6) 10-бапта:
1-тармақтағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге, қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалауға және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.»;
7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар
1. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады.
2. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар өз қызметiн еңбек шартының не азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде жүзеге асырады.»;
8) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қайта аккредиттеу осы баптың 1-тармағында көзделген барлық кезеңдер сақтала отырып жүргізіледі. Қайта аккредиттеуге өтінімді өтініш беруші аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей береді.»;
9) 15-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) сапа жөніндегі нұсқаулық;»;
2-тармақтағы «1-тармағының 1), 3) - 5)» деген сөздер «1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «өтiнiш берушiге қайтарады» деген сөздер «почта арқылы өтiнiш берушiге қайтарады не оның өкіліне қолын қойғызып, қолма-қол табыс етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы
1. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы шарт жасалған кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Қайта аккредиттеу кезінде ұсынылған құжаттардың сараптамасы аккредиттеу субъектісінің құжаттарына және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер бөлігінде жүргізіледі.
2. Сараптама жүргiзу үшiн аккредиттеу жөнiндегi орган аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторды тағайындайды.
3. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысында:
1) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлерiне сәйкестiгін бағалау;
2) құжаттардың нақты критерийлер бойынша сәйкессiздiгiн (сәйкессiздiк болған кезде) көрсету;
3) ұсынылған құжаттарды түзету жөнiндегi ұсынымдар (қажет болған жағдайда) және өтiнiш берушiнiң осы ұсынымдардың орындалуын растау тәртiбi;
4) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлерiне сәйкестiгi немесе сәйкессiздiгi туралы тұжырымдар қамтылуға тиiс.
4. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысы негiзiнде аккредиттеу жөнiндегi орган мынадай:
1) өтiнiш берушiнi тұрған жерi бойынша тексеру;
2) өтiнiш берушiнiң анықталған сәйкессiздiктердi жоюы туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы хабарлама өтініш берушіге шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
5. Өтiнiш берушi осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға бұл туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды. Аккредиттеу жөнiндегi орган хабарламаны алған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда құжаттарға қайта сараптама жүргiзедi.»;
11) 18-бапта:
4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тексеру мерзiмi өтініш берушінің тұрған жеріне немесе өтініш берушінің өзі тұрған жерден тыс жердегі құрылымдық бөлімшесі орналасқан жерге тексеру жөніндегі топ келген кезден бастап есептелетiн он жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Құрылымдық бөлімшелері бар өтініш берушіні тексерудің жалпы мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
8-тармақтағы «жазбаша түрде аккредиттеу жөнiндегi органға ұсына алады» деген сөздер «аккредиттеу жөніндегі органға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы ұсына алады және тиісінше акредиттеу жөніндегі орган почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы өтініш берушіге жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Өтiнiш берушi осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде тексеру кезiнде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессiздiктердiң жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға олардың жойылғаны туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды, содан кейiн аккредиттеу жөнiндегi орган қажет болған жағдайда оған қайта тексеру жүргiзедi. Өтiнiш берушiні немесе оның құрылымдық бөлімшесін қайта тексеру мерзiмi тексеру жөнiндегi топ өтiнiш берушiнiң тұрған жерiне келген күннен бастап есептелетiн бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.»;
12) 19-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссия аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, өтініш берушіге сәйкессіздіктерді жою үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзім беріледі. Аталған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім тоқтатыла тұрады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Терiс шешiм қабылданған кезде өтiнiш берушiге шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы дәлелдi бас тарту жіберіледі, ол тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
Құжаттар жиынтығы өтінім берушіге почта арқылы жіберіледі не оның өкіліне қолы қойғызылып, қолма-қол табыс етіледі.»;
13) 20-бапта:
4-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген негiз бойынша аккредиттеуден кейiнгi шартты тоқтату күні болып сәйкессiздiктердi жою мерзiмi өткен күннен кейiнгi күн есептеледi.»;
14) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Аккредиттеу субъектісі осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімді сақтаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган қайта аккредиттеу кезіндегі жұмыстарды аяқтау қажет болған кезде бұрын берілген аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімін аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін үш айдан аспайтындай етіп ұзарта алады.»;
15) 22-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектiсiне жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.»;
16) 23-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аккредиттеу субъектiсiнiң құжаттарында көрсетiлген нормативтiк құжатқа өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзген және (немесе) жаңа нормативтiк құжатты қолданысқа енгiзген;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аккредиттеу жөніндегі орган құжаттар түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды қарайды.
Оң шешім шығарылған жағдайда және аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу үшін негіздер болмаған кезде аккредиттеу жөніндегі орган енгізілген өзгерістерді назарға алады, қажет болған жағдайда аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді, бұл туралы аккредиттеу субъектісіне жазбаша почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы хабарлайды және ол тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ұсынылған құжаттарда және мәліметтерде анық емес ақпарат және (немесе) аккредиттеу саласын кеңейтуге қатысты ақпарат анықталған кезде аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу материалдарын өзекті етуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы аккредиттеу субъектiсiне жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.»;
17) 25-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инспекциялық тексеру аккредиттеуден кейiнгi шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Бірінші инспекциялық тексеру бастапқы аккредиттелген күннен кейін он екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Келесі инспекциялық тексерулер екi жылда бiр реттен жиi болмайтын кезеңдiлiкпен, бiрақ осының алдындағы инспекциялық тексеру жүргізілген кезден бастап жиырма төрт айдан кешiктiрiлмей жүргізіледі.
Аккредиттеу субьектісінің аккредиттеу критерийлерінің бұзылуына жол бергені туралы жеке немесе заңды тұлғадан өтініш не мемлекеттік органнан хабарлама түскен жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізуге құқылы.
2. Аккредиттеу субъектісіне немесе аккредиттеу субъектісінің өзі тұрған жерден тыс жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне инспекциялық тексеру жүргізу мерзiмi бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізу мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Құрылымдық бөлімшелері бар аккредиттеу субъектісін инспекциялық тексерудің жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
18) 26-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу критерийлерінің бұзылуына жол бергені туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішінде не мемлекеттік органның хабарламасында көрсетілген фактілер кезектен тыс инспекциялық тексеру нәтижелері бойынша расталғанда;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салыстырмалы сынақтардың және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу нәтижелерін салғастырудың анықталған теріс нәтижелері жойылмағанда;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) аккредиттеу критерийлерінің және аккредиттеуден кейінгі шарт талаптарының бұзылғаны аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша анықталған кезде қайтарып алады.»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің қызметі бөлігінде қайтарып алынуы мүмкін.
Аккредиттеу аттестатының барлық саласына қатысы жоқ, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде, аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдайды.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешiмнiң көшiрмесi шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламасы бар тапсырысты хатпен почта арқылы аккредиттеу субъектiсiне жіберіледі және өтініш беруші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына белгі соққан күннен бастап алынған деп есептеледі.
4. Аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімді алған күннен бастап, анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бір бөлігін қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі органға сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді жазбаша түрде ұсынады.
Анықталған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді растау қажет болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен инспекциялық тексеру жүргізеді.
Аккредиттеу жөнiндегi орган сәйкессiздiктердiң жойылғаны туралы мәлiметтердi аккредиттеу субъектiсi ұсынған күннен бастап есептелетiн он жұмыс күнi iшiнде, ал инспекциялық тексеру жүргiзілген жағдайларда - ол аяқталған күннен бастап аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бір бөлігін қайта жаңғырту туралы не қайта жаңғыртудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Егер аккредиттеу жөніндегі орган көрсетілген мерзімде өзінің шешімі туралы аккредиттеу субъектісін жазбаша хабардар етпесе, онда көрсетілген мерзім өткеннен кейін аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аккредиттеу субъектісінің жазбаша өтінішінің болуы;».
24. «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
6-баптың 3) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
23-баптың 3) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 12, 111-құжат):
2-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «алты» деген сөз «он екі» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат):
9-баптың 1-тармағының 18) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 31), 32) және 34) тармақшаларындағы, 22-баптың 5-тармағының 1) тармақшасындағы және 25-баптың 6-тармағындағы «Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері мен мемлекеттiк стандарттарының» деген сөздер «техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат):
1-бапта:
4) тармақша «iске асыруға» деген сөздерден кейін «не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжытуға» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «iске асыратын» деген сөздерден кейін «не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын.
30. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат):
4-баптың 6) тармақшасындағы, 7-баптың 9) және 12) тармақшаларындағы, 23-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы және 24-баптың 2-тармағының үшінші абзацындағы «мемлекеттік стандарттар», «мемлекеттiк стандарттарының», «мемлекеттік стандарттарды» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарттар», «ұлттық стандарттарының», «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 21-тармағы 19) тармақшасының бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы шілденің 10-ы.
№ 31-V